1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет243/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

тар мағынада:
инженерлік 
қызмет әдістерімен жасалынатын және қолданылатын артефактар (жасанды) 
жиынтығы. Техника - 
кең мағынада:
адам қызметінің кез келген 
саласындағы ерекше техникалық үрдіс түрі. Техниканы кейде әйтеуір бір 
механизмдердің жиынтығы ретіндегі инструменталдық (құрал ретінде) 
түсінуде кездеседі. 
ТЕХНИКА 
ФИЛОСОФИЯСЫ 

 
техника, 
жасанды 
обьектер, 
артефакттармен 
байланысты 
мәселелерді 
зерттейтін, 
қарастыратын 
философия саласы. «Техника философиясы» терминінің шығуы Э.Капптың 
«Техника философиясының негіздері» (1877ж, Алмания) деген еңбегіне 
байланысты. Оның алдында И.Бекманның «Технология туралы басшылық 
жасау немесе фабрика мен манфактура істерін тану» (1777ж) деген кітабы 


386 
шыққан. 1912-1913ж.ж. П.К.Энгельмейер де «Техника философиясы» деген 
кітап жазды. XXғ. орта шенінде техника философиясы мәселесімен көрнекті 
философтар: 
М.Хайдеггер, О.Тоффлер, Хосе Ортега-и-Гассет
айналысты, 
шұғылданды. 
ТЕХНИЦИЗМ 
— техниканы қоғам тағдырын анықтауыш күш деп 
түсіндіретін әлеуметтік–психологиялық нұсқау және саяси-қоғамдық ой 
бағыты. Яғни, қоғамдағы өзгерістер техниканың әсерімен жүзеге асады деп 
түсіндіріледі. 
ТЕХНИКАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТ ТЕОРИЯСЫ 
— өркениеттің негізгі өлшемі, 
критерийі 
– 
техниканың даму деңгейі (Д.Белл, З.Бжезинский, Р.Арон). 
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДЕТЕРМЕНИЗМ 
қоғамдық-экономикалық 
құрылымдардың дамуындағы шешуші фактор – өндірістің техникалық және 
технологиялық жақтарын өзгерту деп тұжырымдайтын методологиялық 
ұстаным. 
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ 
(ағылш. – төзімділік, көнбістік) — басқа ойға
көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға 
төзімділік, түсіністік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Мысалы, исламдық 
төзімділік – басқа монотеистік діндерге 
сеніммен төзу
деген мағынаны 
береді. Исламдағы толеранттылық ұстанымы басқа діни сенімді насихаттауға 
мүмкіндік беретін ұстаным ретінде қалыптасқан. Исламдық толеранттылық 
діни толеранттылық ретінде діни еркіндікке негізделеді. Толеранттылық 
конфессияаралық сұхбат арқылы іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет