389
ең көнесі б.д.б.VІІғ. жатады. Онда пайғамбарлардың Құдай, рух және космос
туралы түсініктемелері берілген. Барша заттардың қайдан пайда болғандығы,
қалай өмір сүретіндігі және олардың жойылып біткеннен кейін қайда
кететіндігі, рухтың мазмұны, рухтың туып-өлу тамұғынан (сансара)
арылу
жолы, карма және т.б. мәселелер. Упанишадтардың негізгі мазмұнын
құрастырады. Упанишадтардың барлық саны – 108. Оның 16-ға жуығы
«негізгі», «ұлы» Упанишадтар деп аталады. Ол – санскрит тілінде жазылған.
УТИЛИТАРИЗМ
(лат. – пайда) — этикалық,
мәдениеттанулық,
дүниетанымдық принцип, әрбір феномен әкелер пайдасы тұрғысынан
бағалануы және қарастырылуы тиіс. Оның негізін қалаған – ағылшын
моралисі –
И.Бентам
болды. Оның пікірінше, әрбір
іс-әрекет өнегелі болу
үшін, адамның жеке мүдделерін қанағаттандыруы тиіс. Тек сонда ғана іс-
әрекетпен «көп адамға үлкен бақыт» сыйлайсың.
ҰҒЫМ
— заттар мен құбылыстардың жалпы заңдылықты байланыстарын,
елеулі жақтарын, белгілері мен қасиеттерін
олардың анықтамаларында
(дефенициясында) бейнелейтін
ойлау формасы
. Не болмаса, белгілі бір
құбылыстар кешенінде жалпыны немесе жалпыға бірдей нәрсені белгілейтін
ойлаудың негізгі түрі. Г.Гегельдің философиясында ұғым – түсінік пен
сезімталдыққа қарама-қарсы қойылатын
ойлаудың ең жоғарғы формасы,
зерделі ұғым пайымдық ұғыммен салыстырғанда абсолютті идеяның мәні
болады.
Достарыңызбен бөлісу: