1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет249/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   260
ФЛУКТУАЦИЯ 
(лат. 
– 
тербелу, өзгерту) — қалыпты жағдайдан ауытқу, 
өзгеріске ұшырауды білдіреді. Ол үлкен екі класқа бөлінеді: сыртқы ортаның 
әсерінен және жүйенің өзінен жасалуынан. 
ФОЛЬКЛОР
(лат. – халық және ілім, ғылым) — халық арасында кең 
таралған, белгілі халықтың дүниеге әкелген шығармалары (аңыз-ертегілер, 
мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, билері, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер және 
т.б.). Ұғымды алғаш археологы 
Д.Томс
енгізді. Фольклор – деп халықтық 
мәдениеттің шығармалар жиынтығын айтады. 
ФОРМА 
және 
МАТЕРИЯ 
— Аристотель философиясының категориясы. 
Оларды кейбір философиялық бағыттар мен жүйелер қабылдаған.
ФОРМАЛИЗМ
(фр. – форма, пішінге қатысты) — шығарманың пішініне 
артық мән бергенсіп, мазмұнды мансұқ ететін ағым. 
ФОРМАЛИЗАЦИЯ 
— мазмұнды білімді таңбалық-символдық түрде, 
формализмде немесе формализацияланған тілде бейнелеу (Гильберт). 
Формализацияланған тұжырымда әрбір символ (рәміз-таңба) қатаң 
белгіленеді. Формализация есептеу құрылғыларын алгоритмизациялау мен 
бағдарламаландыру процесі үшін де және сөйтіп тек ғылыми техникалық 
емес, сонымен бірге өзге де білім формаларын компьютерлендірудің де негізі 
болып қызмет атқарады. Формализация процесіндегі 
ең бастысы – жасанды 
тілдер формуласымен операциялар жасау және одан жаңа формулалар 
мен қатынастар алу
. Сөйтіп, нәрсе туралы ойлау операциясын белгі мен 
символдармен әрекет ету үрдісімен ауыстырылады. Формализация – 
мазмұны жағынан ажыратылатын формаларды жалпылау процесі, осы 
формалардың өзінің осы мазмұнынан абстракциялануы. Ол мазмұнды оның 
формасын анықтау арқылы бітімдейді және оны әртүрлі дәлдік дәрежесінде 
жүзеге асыра алады. Австриялық логик әрі математик К.Гедельдің 
теоремалары жалпы алғанда ғылыми тұжырымдар мен ғылыми білімдердің 
толықтай формализациялануының мүлде мүмкін еместігін жеткілікті түрде 
қатаң негіздеп берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет