1 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


№6 лекция тақырыбы. Есептің семантикалық талдауы



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата15.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#123455
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
мат сауаттылық силлабус

 
№6 лекция тақырыбы. Есептің семантикалық талдауы 
 
Өзіміз қолданып жүрген сөздер арқылы беріледі. Бұл 
есептердің баяндалуында оның кейбір жеке элементтері тілдің 
қандай ерекшеліктері арқылы анықталып тұрғанын, сондай-ақ 
сөздердің құрылысына талдау жасау арқылы кейбір жеке 
шамалардың мәндерін, олардың арасындағы арақатынастарды 
және т.с.с. анықтау қажет. Мұндай талдауды көптеген 
әдебиеттерде семантикалық талдау деп атайды. 
Мазмұнды есепке жасалатын семантикалық талдаудың екі 
түрі бар.[3] 
Біріншісі әдісте есепте сөзбен берілген проблемалық 
ситуацияның іс жүзіндегі, нақтылы моделі ойша қайтадан 
жасалады.
Екінші әдісі- кейбір шамалардың дербес мәндерінің сөзбен 
берілу ерекшеліктерін, оның ішінде кейбір қатынастардың жеке 
түрлерінің сөзбен берілуінің белгілерін анықтауға бағытталған. 
Қазіргі кезде окыту процеcінде семантикалық талдаудың 
бірінші әдісі кеңінен қолданылып жүр. 
Есеп 
шығаруды 
үйретуге 
арналған 
методикалық 
әдебиеттерде есептің іс жүзіндегі мазмұнын тағайындап, осы 
есептің моделі болатын ситуацияны қайта жасау қажет деп 
саналады. Ол үшін әр түрлі методикалық әдіс-тәсілдер 
колданылады: онда баяндалған оқиғаны мұғалім мен 
оқушылардың істері арқылы қайталап, болған ситуацияның 
көрнекі құралдарды пайдалану арқылы түсіндіруге ұмтылады. 
Семантикалық талдаудың екінші әдісі көпшілік жағдайда 
біріншіге байланысты қарастырылады және тәуелді деп 
саналады. 
Есеп бөліктерінің құрылысын анықтау, жеке бір 


33 
шамаларды, олардың дербес мәндері мен арасындағы 
қатынасты тағайындау, сол есепте баяндалған өмірдегі 
ситуацияға талдау жасау негізінде болуға тиіс. 
Мазмұнды есептердің тексін әрқайсысында жеке сөз 
немесе бірнеше сөздерден кұралған сөз тіркестері болатын 
бөліктерге бөлуге болады. Олардың әрқайсысы есептің 
белгілі элементінің сөзбен берілуі болып табылады. 
Кез келген мәтіндік есептің тексінде онда берілген шамалар 
мәндерінің өзара байланысын анықтайтын қатынастардын берілуі 
келтіріледі. Қатынастардың сөзбен қалай берілетіндігін анықтау 
үшін алдымен қандай да бір қатынастан тұратын мәтіндік 
есептерді қарастырайық. 
Есеп. Болат бақтан түске дейін 23 кг, ал түстен кейін 18 
кг картоп қазып алды. Болат барлығы неше килограмм картоп 
қазып алды? 
Есепте картоп салмағы деп аталатын шаманың үш мәні 
туралы айтылып тұр. Бірінші мән мына сөз тіркестер арқылы 
берілген: «Болат бақтан түске дейін 23 кг; мұнда 
қарастырылатын шаманың (картоп салмағының) аты аталмаған, 
бірақ та шама мәнінің жанындағы атау (кг) оны толықтай 
анықтап, сөз сол шама .жөнінде екендігін білдіріп тұр. Екінші 
мәннің берілуі туралы да соны айтуға болады. Үшінші мән 
мына сөйлем арқылы берілген: «Болат барлығы қанша 
килограмм картоп қазып алды?» Мұнда шаманың мәні неге тең 
екендігі айтылмаған, бұл мән белгісіз, себебі мұнда «қанша» 
деген сұрақ бар. 
Сонымен қатар мұндағы бір ерекшелік «...барлығы қанша?» 
деген сөзбен анықталса, екінші ерекшелік «килограмм» деген 
сөзбен анықталып тұр. Сонда «барлығы қанша» деген сөз тіркесі 
«барлық қазылған картоп» туралы да, ал «килограмм» сөзі оның 
салмағы туралы болып тұр. Енді түске дейін және түстен кейін 
қазылған картоптардың салмағын қосып белгісізді табамыз. 
Бұл арақатынастың қалай берілгендігін анықтау үшін осы 
есептегі арақатынас түрін езгертпей тек қана есеп сюжетін 
өзгертейік. 
Есеп. Мамасы Бекжанға 35 тиын, ал Айбасқа 25 тиын берді. 
Мамасы екеуіне барлығы қанша ақша берді?


34 
Есеп. Турист бірінші күні 24 км, ал екінші күні 17 км жол 
жүрді. Турист екі күнде барлығы қанша километр жол жүрді? 
Жоғарыда келтірілген үш есепті салыстырсақ, онда олардың 
әрқайсысында қандай да бір шаманың үш мәні берілген. Ол 
мәндердің екеуі белгілі де; біреуі белгісіз. Бұл үш мәндер қосу 
операциясының қатынасы аркылы байланыста болады. Оны 
қандай сөз анықтап түр? Осы сұраққа жауап беру үшін бұл үш 
есепке де ортақ болып, әрқайсысына қатынасып тұрған сөзді 
табайық. Ондай сөздер «қанша» және «барлығы». Есеп тексіндегі 
«қанша» деген сөз белгісіз болып тұрған мәннің белгісі, ал 
«барлығы» деген сөз осы арақатынастың сөздік белгісі болып 
табылады. 
Бұл сөз тіркесіп тұрған шаманың мәні ол шаманьщ басқа 
мәндерінің қосындысы болады. Соңғы есептегі арақатынастың 
сөздік белгісі «барлығы» деген сөз белгісізге тіркесіп тұр. Олай 
болса белгісіз— берілген мәндердің 24 км мен 
17 
км-дің 
қосындысы болып табылады. 
Мына есепті қарастырайық: 
Есеп. Қой мен қозының барлық салмағы 55 кг. Қойдың
салмагы 40 кг екендігі белгілі. Қозының салмағы қанша? 
Бұл есепте де белгілі бір шаманың, яғни салмақтың үш мәні 
берілген. Оның екеуі (55 кг және 40 кг) белгілі де, біреуі белгісіз. 
Мұнда «барлығы» деген сөздік белгі бірінші берілген мәнге (55 
кг) тіркесіп тұр. Сондықтан бұл есепте мынадай арақатынас бар: 
55 кг берілген 40 кг мен белгісіз салмақтың қосындысы болады. 
Есеп. Жаяу адам екі күнде 45 км жол жүрді және оның 
бірінші күні 25 км жол жүргені белгілі. Ол екінші күнде қанша 
километр жол жүрді? 
Мұнда белгілі бір шама, ара қашықтықтың (жолдың) үш 
мәні берілген. Оның екеуі белгілі де, үшіншісі белгісіз. Есеп 
тексінде «барлығы» деген сөз жоқ, бірақ оны бірінші мәннің 
берілуіне тіркестіріп енгізуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет