1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата28.01.2017
өлшемі1,72 Mb.
#2928
  1   2   3   4

 

 

1 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ 

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ 

 

 

 

 

КОНЦЕПЦИЯ 

ВОСПИТАНИЯ  В СИСТЕМЕ НЕПРЕРЫВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ  

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

                                                            Астана 



 

 

 

 

 

 

2 

 

 

 



 

 

 



 

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие   тұжырымдамасы 

Концепция воспитания  в системе непрерывного образования Республики Казахстан 

 

 



 

 

 



  

Қазақстан  Республикасы  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие      тұжырым-

дамасы    Білім  және  ғылым  Министрінің  2009  жылғы  16  қарашадағы  №  521 

бұйрығымен  бекітіліп, Республиканың  үздіксіз білім беру  ұйымдарына ұсынылады. 

 

Концепция  воспитания    в  системе  непрерывного  образования  Республики 



Казахстан утверждена приказом Министра образования  и науки   № 521 от 16 ноября 

2009  года  и  рекомендовано  организациям  непрерывного  образования  Республики 

Казахстан. 

 

  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

3 



 

 

КІРІСПЕ 

 

Қазіргі заманғы     қоғамда  адамнан тек  политехникалық  білімді болуын талап 



етіп  қана  қоймай,  жоғары  деңгейдегі  мәдениет  пен    ғылым  мен  техниканың  түрлі 

салаларында  терең  мамандануын  ғана  емес    қоғамда    өмір  сүріп  тіршілік      ете  білуді 

талап  етеді.      Баланың    тұлғалық  дамуының  негізгі  параметрлері  оның    жалпы 

адамзаттық  құндылықтарға  бағытталуы,  ізгілік,  зиялылық,    креативтілік,белсенділік, 

жеке  басының  намыс  сезімі,  ой-пікірдегі    тәуелсіздік  болып  табылады.  Осы 

қасиеттердің    даму  деңгейі      тұлғаның    әлеуметтік  қалыптасу  мен  әлеуметтік 

біліктілігінің көрсеткіштері  деп қарастыруға болады. 

  Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті      –  жеке  тұлғаның  ұлттық  және  жалпы 

адамзат-тық құндылықтар негізінде  қалыптасуы  мен дамуы және оның кәсіби жетілуі 

үшін  қажетті  жағдайлар  жасау;  баланың  тәрбиелену,  білім  алу  және  жан-жақты 

қалыптасу,  ана  тілін,  ұлттық  салт      дәстүрлерді  сақтау,  ақпараттану,  ден-саулығын 

нығайту    сияқты  құқықтарын  іске  асыру      болып  табылады.  Осы  сияқты  қасиеттерді 

білім алушылардың бойында  қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім 

беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады. 

 Қазақстан  Республикасының  азаматы  ретінде  білім  алушыларды  тәрбилеудің 

тұтастығы  жөніндегі  мемлекет  саясатының  бағыты  Қазақстан  Республикасында 

этномәдени  білім  беру  тұжырымдамасында,  Қазақстан  Республикасында  оқушыларға   

құқықтық  білім  беру    тұжырымдамасында,  Қазақстан  Республикасында  білім  беру 

саласындағы  мемлекеттік  жастар  саясаты  тұжырымдамасында,  Қазақстан  Республика-

сында адамгершілік-жыныстық тәрбие беру   тұжырымдамасында, Қазақстан  Республи 

касында  гуманитарлық  білім  беру  тұжырымдамасында,  Қазақстан  Республикасының 

білім  беру  үйымдарындағы  тәрбиенің  кешенді  бағдарламасында,  Қазақстан 

Республикасы азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.  

Қазақстан Республикасы  үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы 

(бұдан  былай  Тұжырымдама)  тәрбие  саласындағы  мемлекеттік  жалпы  стратегиялық  

саясаттың мақсаты мен міндетін, тәрбие мазмұнының негізгі бағыттарын және оларды 

іске асыру  шарттарын айқындайтын құжат болып табылады.  

  

ТӘРБИЕНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ: АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ 

Білім  беру  ұйымдарындағы  тәрбиелік  іс  әрекетке    осы  заманғы    көзқарастың 

ерекшелігі  тәрбие  үрдісіндегі  жүйелілік  және    сол  жұмыстың  тиімділігін  қамтамасыз 

ететін  факторлар мен шарттардың  біртұтас жиынтығы болып табылады. 

 Нормативті-құқықтық  базаға  жасалған  талдау  «жеке  тұлғаның  еркін  дамуы», 

«адам  құқы»,    «жеке  тұлғаның  мүддесі»    және  т.б.  ұғымдардың  жан-жақты 

қолданылатындығын  көрсетті.  Осылайша  тұжырымдап  айту  алдымен  білім  беру 

ұйымдарының  бастапқы  деңгейін    демократия-ландыруға  мүмкіндік  береді.    Басым 

құндылықтар  ретінде  дербес  даму,  өзін-өзі  табысты  көрсету  және  өзін-өзі  анықтау 

ерекшеленеді.Білім  берудің  жаңа  үлгісінде  іскерлік  сипат    байқалып,  өз  бетінше 

үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыруға және шығармашыық қабілетті дамытуға 

бағытталған. Соның негізінде  балаларды және жастарды мектеп жасына дейінгі,   орта 

білім  беретін,  орта  кәсіби,  жоғары  кәсіби  білім,  қосымша  білім  берудің    түрлі 

деңгейлерін қамтитын тәрбие  жүйесі құрылуда.  

Тәрбие    үдерісі  ғылыми-әдістемелермен  қамтамасыз  етіліп,  Қазақстан 

Республика-сының 

білім 


беру 

ұйымдарында 

2006-2011жылдарға 

арналған 

республикалық  тәрбиенің кешенді  бағдарламасы,  сондай-ақ, білім беру  ұйымдарының 

аймақтық  деңгейінде  тәрбие  беру  бағдарламасы  жасалып,  енгізілді;  авторлық 



 

 

4 

бағдарламалар дайындалуда;  тәрбие үдерісінің тиімділігін бағалу мен  жеке тұлғаның 

тәрбиелік деңгейінің өлшемдері жасалды. 

Тәрбие үдерісін кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүргізіліп келеді. 

Мектептердің,  кәсіптік  мектептер    пен  колледждің  директордың  тәрбие  жұмысы 

жөніндегі  орынбасарлары,  жоғары  оқу  орындарының  тәрбие  ісі  жөніндегі 

проректорлары,  сынып  жетекшілері,  педагогтар-ұйымдастырушылар,  аға  вожатыйлар, 

әлеуметтік  педагогтар,  педагог-психологтар,  еңбек  ақылы  сынып  тәрбиешілері, 

қосымша білім беру педагогтары мен әдіскерлер штат  бірліктеріне енгізілді.   

Қазақстан  Республикасының  бірқатар  білім  беру  ұйымдарында  нақты 

әлеуметтік-педагогикалық  жағдайларды  ескеретін    педагогтар  мен  ата-аналардың, 

оқушылардың  сұрыныстарына  бағытталған  тәрбие  беру  жүйесі  құрылды  және  ол 

табысты  қызмет  көрсетіп  келеді.  Соның  нәтижесінде  жеке  тұлғаға  тәрбиелік  ықпал 

жасаудың  диапозоны  кеңейді.  Алайда,  Республика  аймақтарында  тәрбие  беру  ісінде 

шешімі табылмаған көптеген проблемалар бар, оларға    мыналар кіреді: 

●   тұлғаға қоғамдағы   әлеуметтік жағдайлардан  жаңа талаптар жүйесі    

      туындауы;    

 

тәрбиенің   мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін 



нақты идеологиялық бағдар жеткіліксіздігі.   

●  қоғамның  әлеуметтік  жіктелуі,  қоғамның  кірістер  бойынша  күрт  қарама-

қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған  молшылықты 

дәріптеуі зияндық, әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы;  

 

оқыту    рөлінің    жоғары  бағаланып    және  қазақстандық  жаңа  ұрпақтың  



қалыптасуындағы тәрбие рөлінің  толық бағаланбауы;   

 

педагогтардың жалпы  адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға 



жауапкершілікпен  қарауды  қалыпқа  келтіру  әрекеттері  үнемі  тиімді  бола 

бермеуі; 

 

әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі; 



 

адам  өмірін  аса  маңызды  құндылық  ретінде    бағаламау,  салауатты  өмір 

салтын қалыптастыру  дағдыларының толық қалыптаспауы;    

 

бұқаралық  ақпараттар  құралдарының  жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы  кері 



ықпал етуі; 

 

тәрбиенің  жаңа  парадигмасын    ғылыми-әдістемелік  жағынан    жеткіліксіз 



қамтамасыз етілуі; 

 

педагогтардың осы заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі; 



 

балалар  мен  жастардың    қоғамдық  ұйымдарының  тәрбиелік  потенциалы 

тиімділігінің төмендігі; 

 

еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы; 



 

балалар мен  жастар  қызығушылықтары бірлестіктер жүйесінің шектеулілігі 

(клубтар,үйірмелер,  секциялар  т.б.)  және    олардың  іс-әрекеттерінің 

жеткіліксіздігі. 

           Жоғарыда  көрсетілген  проблемаларға  сүйеніп,  жас  ұрпақтың    тәрбиесі    осы 

заманғы      қоғамды  дамытудың      және    еліміз  қауіпсіздігінің  негізін  мен  мемлекеттік 

саясатын  құрай-тын басты стратегиялық міндеттер ретінде қаралуы тиіс.  

Бүгінгі күні   үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің   жағдайына сай 

келетін  білім  алушыларды  тәрбиелеудің  жаңа  тұжырымдамасын  жасау    қажеттілігі 

туып 


отыр. 

Тұжырымдама 

Қазақстандағы 

тәрбие 


саясатының 

Қазақстан 

Республикасының  Конституциясы,  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы, 

«Қазақстан  Республикасындағы  балалар  құқықтары»,  Қазақстан  Республикасының  

«Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни 

бірлестіктер  туралы»,  Қазақстан  Республикасының    «Неке  және  отбасы»  Заңы, 

Қазақстан  Республикасының  «Кәмелетке  толмағандар  арасында  құқық  бұзушылықтың 


 

 

5 

алдын  алу  және  бақылаусыздық  пен  панасыздықтың  алдын  алу»  Заңы,  Қазақстан 

Республикасының  «Отбасы  үлгiсiндегi  балалар  ауылы  және  жасөспiрiмдер      үйлерi» 

туралы      Заңы,      Қазақстан  Республикасының  Азаматтардың  денсаулығын  сақтау 

туралы  Заңы,  Қазақстан  Республикасының        «АҚТҚ  ЖҚТБ  -  ның  алдын  алу  »  туралы 

Заңы,    Қазақстан  Республикасының  Темекi  шегушiлiктiң  алдын  алу  және  оны  шектеу 

туралы   Заңы,  Қазақстан Республикасының Заңы Азаматтардың денсаулығын сақтау 

туралы  ,  Қазақстан  Республикасы  дамуының  2010      жылға  арналған  Стратегиялық 

жоспары,  2015  жылға  арналған  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамыту 

Тұжырымдамасы  анықтаған    негізгі    қағидаларын  дамытады  және  т.б.  Тұжырымдама 

тәрбиенің  жалпыұлттық  басымдылық  екендігін  айқындайды.  Ұсынылып  отырған 

тәрбие  Тұжырымдамасы    білім  беру  ұйымдарын  біріңғай  жүйелі  басқарудың 

құрамдыжүйесінің элементі болады.Осы дайындалған Тұжырымдамаға сәйкес оны іске 

асыру жоспары әзірленеді. 

 

 Тұжырымдама құрылымы: 



1.

 

Кіріспе. 



2

 

Тәрбиенің қазіргі жағдайы: Аналитикалық шолу. 



            3.   Тәрбие құндылықтары. 

4.   Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері. 

5.   Тәрбие үдерісін ұйымдастыру ұстанымдары және методологиялық негізі 

6.   Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны. 

7.   Тұжырымдаманы іске асыру шарттары. 

8.   Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер. 

9.   Сөздік. 

         



ТӘРБИЕ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ 

Құндылық  –  көпшілік  адамдар  мақұлдайтын  және  ортақтасатын  жақсылық, 

әділетттілік,  патриотизм  деп  бағалайтын  жеке  тұлға  үшін  қоғамдық-мәнді  әлеуметтік 

бірлік, қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік  объектілер. Ол барлық адамдарға эталон, 

идеал болып қызмет етеді, оларды құруға педгогикалық үдеріс бағытталған.  



Адам  –  абсолютті  құндылық,  жоғары  субстанция,  «барлық  танымның  өлшемі». 

Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы  – адам, оның өмірі, құқығы және бостан-

дығы. Қазргі  жағдайда адам дамуы зерттеу объектісі  ретінде ғана емес, алдымен, аса 

маңызды  мәдени  үлгілер  жасаушы  және  өзінің  ынтасымен  шығармашылыққа 

ұмтылушы,  шығармашылық және таным субъектісі ретінде ұсынылады. 

Отбасы  –      болашақ  жеке  тұлғаның  негізі  қаланатын  қоғамның  бастауыш 

құрылым  бірлігі,  баланың  алғашқы  ұжымы,  оның  табиғи  даму  ортасы.  Екі  адамның 

некелесуіне қарап отбасы құрылды деп қарау қате пікір,    бала дүниеге келген күннен 

бастап отбасы  құрылады.   



Отан, туған ӛлке – тағдыр берген, ата-бабасынан қалған, өз халқының мәдени, 

рухани  мұрасымен,  оның  өткен  тарихымен  байланыстыратын  әр  адамның  теңдесіз, 

бірегей туған жері. 

Денсаулық,  салауатты  ӛмір  салты  –  бақытты,  үбірлі  өмірдің  міндетті  шарты; 

өзінің  денсаулығына  жауапкершілікпен  қарау  адамның  ішкі  табиғи  қажеттілігі  болуы 

тиіс.  Елбасының  «Қазақстан  –  2030»  Қазақстан  халқына  Жолдауында  –  денсаулық 

республиканың  стратегиялық  дамуының  ұзақ  мерзімді  басымдықтарының  бірі  болып 

танылады.  

 Еңбек  –    адам  болмысының  негізі,  «адам  өмірінің  мәңгілік  табиғи  шарты».   

Рухтанған,  саналы,  шығармашылық  еңбек  –  адамның  табиғи  қасиетінің  анағұрлым 

табиғи көрінісі. 



 

 

6 



Білім – әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік прогрестің дамуына қажетті шарт. 

Оқудың нәтижесі – білім. Білімнің тәрбиелік мәні жеке бастың қамында емес, мақсатқа 

жетудің құралы. 

Мәдени мұра – барлық адамзаттың және әр халықтың рухани және материалдық 

өмір  саласындағы  орасан  зор  байлығы.  Нағыз  мәдениет  өзіне  мәңгі  бақи  шындықты, 

мейрімділікті және әсемдікті біріктіреді.  

Тіл    –  адамдардың  негізгі  қарым-қатынас  құралы,  аса  маңызды  әлеуметтік-

мәдени құндылықтардың бірі. 



Достық  –  өзара сыйластық қарым-қатынастағы дербес, еркін  таңдау. Достық 

адалдық және өзара көмек беруді ғана емес, сонымен қатар, ішкі үйлесімділікті, ашық-

жарқындықты,  сенімді  және  махаббатты    айғақтайды.  Біз    досымызды  alter  ego 

(басқаша Мен) деп атауымыздың мәні бекер емес. 

  

 ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 



            Мақсат  –  жас  ұрпақтың  тәрбиесіне  біріңғайкөзқарас  қалыптастыру,  Қазақстан 

Республикасында  балалар  мен  жастарға  тәрбие  беру  міндеттерін  шешудегі  тәрбие 

үдерістеріне  барлық  субъектілердің  іс-қимылдарын  келістіру  және  сабақтастықты 

қамтамасыз ету.   



         Міндеттер: 

 

жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын  қоғамның 



түсінуін  актуалдандыру;   

 

тәрбие  міндеттерін  жүзеге  асыруда  интеллектуалдық,  ұйымдастыру-



шылық-педагогикалық,  кадрлық,  экономикалық,  әдісте-мелік  және  т.б. 

ресурстарды шоғырландыру; 

 

балалар  мен  жас  өспірімдердің  және  жастардың        түрлі  әлеуметтік 



топтармен  өзара  қарым-қатынасты  реттеуінде  жауапты  шешім  қабылдай  

алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде  

ашық  ақпараттық,  білікті,  іскерлік  және  коммуникативтік  әлеуметтік 

кеңістік құруды  ұйымдастыру;   

 

жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі  мен 



өз  денсаулықтары    мен  аман-есендігі  үшін  әлеуметтік  құзыреттілік  пен 

жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;  

 

жас  қазақстандықтарды  толераттылық  құндылықтар,  келісімділік  пен 



ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу

 

балалар  мен  жастардың  қоршаған  ортаға,  қоғамға,  табиғатқа    оң  көз-



қарасын      қалыптастыруға  мүмкіндік  туғызу,  әлеуметтік-педагогикалық 

жағдай жасау; 

 

өмір  бойы    білімін  арттыруына,  кәсіби  қалыптасуына    және      өзін-өзі 



табысты көрсетуіне   қажетті  жағдай жасау. 

  

 



 

ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ   

            Көзқарас  – ол білім беретін мекемелер ұстазының немесе басшысының педаго-

гикалық  қызметтеріндегі  белігілі  бір  өзара  байланысты  түсіну,  идеялар  мен  тәсілдер 

жиынтығын қолдануға ниеттенген  іс-әрекеттерін жүзеге асыруда алатын бағыты.  

Антропологиялық  көзқарас  тәрбиеленушілерді  бірегей  және  тұтас  жеке  тұлға 

ретінде қарап, адам туралы білім кешенінде кең көлемді есеп жүргізуге бағыттайды. 



Тұлғаға  бағытталған    көзқарасы  –  тәрбиеленушінің  өзара  байланыстағы 

түсініктер,  идеялар  және  іс-әрекет  тәсілдерін  қамтамасыз  ету  мен    өзін-өзі  тану, 

дербестігін  құру  және  өзін-өзі  табысты  көрсету  үдерістер          жүйесін  қолдау,  оның 

қайталанбас  жеке  тұлғалық  дамыту  арқылы  педагогикалық  қызметтегі  әдіснамалық 

байланыс.   


 

 

7 



 Тәрбиедегі әрекетшіл көзқарас – жеке тұлғаның бірлігі оның  әрекетшілдігінде 

екендігі  туралы  көріністен  туындайды.  Бұл  бірліктің  көп  үлгілі  формадағы  қызметі 

жеке  тұлғаның  құрылымына  тікелей  және  жанама  түрде  өзгеріс  жасаудан  байқалады; 

жеке тұлға өз кезегінде бір мезгілде тікелей және жанама түрде дербес даму сұранысын 

өтейтін барабар қызметтің түрлері мен формаларын жүзеге асырады.  

Кешенді  көзқарас  –  тәрбиеге  кешенді  көзқарастың  мәні  бірлікті,  әртүрлі 

кешендердің тұтастығын қамтамасыз етуді құрайды, соңғы нәтижеге себепші болатын  

-жеке тұлғаның жан-жақты даму үндестігі дәрежесіне ие болады.   

Аксиологиялық көзқарас  – санадан «беретін» және адамның әлемге, адамдарға, 

өзіне  қатысты  әмбебап  жалпы  адамзаттық  құндылықты  қамтиды;  табиғатпен, 

әлеуметпен,  мәдениетпен  барлық  өтіп  жатқан  қарым-қатынасындағы  жеке  тұлғалық 

мәндерді  тәрбиелеуде  білім  алушы    өз  білімінің,  өмірінің    мәніне  ие  болуына 

бағытталған.    

Амбивалентті  көзқараста   алғашқыда  екі  жақтың  бір-біріне  қайшылықтарын 

жоятын,  оларды  есепке  алу  негізінде  педагогикалық  құбылыстар  мен  үдерістерді 

қарастыру көзделеді.    

Жүйелі  көзқарас  объектіні  күрделі,  оны  құрайтын  бөліктерді  жинақтауға 

болмайтын  және  иерархиялық  құрылым    ретінде  қарастыруды  көздейді  және        жүйе 

жасаушы факторларды анықтауды, сыртқы байланысты талдауды мөлшерлейді.    

 Синергетикалық  көзқарас  тәрбиені  тура  себеп-салдарлық  тәуелділікке 

негіздемей,  тек,  біркелкі  емес  түрде  өтетін  үдеріс  ретінде  қарастырады;  маңызды 

дәрежеде  өзін-өзі  ұйымдастыратын,  көптеген  ішкі  және  сыртқы  ықпалдарға  себепші 

болатын:  заңдылық  пен  кездейсоқ,  болжамдық  пен  стихиялық,  реттелген  және  ұйқы-

тұйқы үдеріс.  

Орта көзқарасы  тәрбиешілерді  жеке тұлғаны дамыту үдерісін жағдайға және 

ортаның сипаттамасына тәуелді қарастыруға бағыттайды.   

 

ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ: 

        Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытру-

дың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі. 



       Табиғилылық   қағидасы тәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара 

байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық 

және  жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне негізделеді.  

Мәдени  сәйкестілік      қағидасы  тәрбие  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға 

негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға  сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени 

нормаларға және  аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады. 

Мақстаттылық      қағидасы  мақсатты  талаптың  айқындығын,  ұжымдық 

сұранысқа  нақты  есеп  жасауды,    тәрбие  қызметінің  басты  түрлерін  дұрыс  таңдауды 

қарастырады. 

Гуманистік  бағыт  қағидасы  әрбір  жеке  тұлғаға  құрметпен  қарайтын,  оның    

бостандығын  және  әлеуметтік  құқын  мойындайтын  гуманистік  идеяны  және  бағытты 

бірінші  орынға  қояды;  педагогтың  білім  алушыларға  және  тәрбиешілерге  өздерін-

өздері  дамытуға  жауапкершілікті  субъекті  ретінде  қарауын,  сондай-ақ,  субъектінің-

субъектіге көңіл бөледі. 

 Этникалық   қағида  этникалық  мәдениет     негізінде  жалпы  ұлттық  мәдениеттің 

гүлденуіне  ықпал  жасайтын  мәдниет  жасаушы  ортаны  қалыптастыруды,  азаматтық 

келісім және үйлесімдікке, қоғамдық қатынаста табысқа жетуді қарастырады.   



Бiрлiк  талабы  мен  сабақтастықты  қамтамасыз  ету  қағидасы  – 

мұғалiмдердiң мектеппен, мектептен тыс мекемелермен, отбасымен достастығын құру, 

тұлға дамуының барлық сатыларында тәрбие сапасын көтеру. 

Тәрбиенің  үздіксіздік  қағидасы  жеке  тұлға  ғұмырының  барлық  кезеңдерінде 

оның  жан-жақты  дамуын  болжайды:  оның  шығармашылық  әлеуетінің  үдемелі  баюын 



 

 

8 

және  күш-қуаты  мен  қабілетін  толық  пайдаланып,  кәсіби  шеберлігі  мен  мәдени  өсуін 

мөлшерлейді. 



Әлеуметтік  өзара  іс-әрекеттер  тиімділігі  қағидасы    түрлі    ұжымдардағы 

білім  беру  жүйесінде  тәрбие  жүргізуді  болжайды    және  білім  алушылардың  қарым-

қатынас  сферасын  кеңейтуге,    әлеуметтік-мәдени  конструкциялық  үдерістерді  дербес 

анықтауға,  барабар  коммуникация  жасауға  жағдай  туғызып,  жалпы  әлеуметтік 

бейімделуін, өзін-өзі көрсете білуін қалыптастырады.  

Әлеуметтік  барабар  қағидасы  ұйымдастырылатын  тәрбие  үдерісінің 

әлеуметтік ортаға тәрбие  мазмұны мен тәсілдерінің сәйкестігін талап етеді. Тәрбиенің 

міндеттері  нақты әлеуметтік-экономкалық  жағдайларға бағытталады және балалардың 

әртүрлі 


әлеуметтік 

міндеттерді 

жүзеге 

асыруға 


болжамдық 

дайындығын 

қалыптастыруды мөлшерлейді.     

Демократияландыру  қағидасы  тәрбиеші  мен  тәрбиеленушінің  өзара  іс-

әрекеттеріне, педагогикалық бірлестікте, ынтымақтастыққа және бірлескен авторлыққа 

негізделген  жүйені  шамалайды.  Ол  сондай-ақ,  педагогикалық  басшылық,  өзін-өзі 

басқару,  бірлесіп  басқару  және  жеке  реттеу  жүйесінің  құрылымына  кіретін  өзара 

байланысты,  өзара  келісуді  болжайды.  Бұл  қағида  оқушыларды  еркіндік,  жеке 

адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады. 



Вариативтілік  қағидасы    білім  беру    мекемелерінде  жүзеге  асырылатын  кең 

таралымды, көп үлгідегі тәрбие бағдарламаларын мөлшерлейді,  білім алушының жеке 

тұлғалық дамуының дербес траекториясын анықтауды көздейді. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет