37
Оқыту.
Гербарттың бүкіл педагогикалық жүйесінің орталығы оқыту
теориясы болды. Тәрбиенің мақсаты — ізгілік, жақсылық, ал оның маңызды
құралы — оқу, ол оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясын ұсынды.
Өзінің оқыту теориясының негізінде Гербарт адамның алуан салалы
қызығушылықтарын алды. Адамдағы қызығушылықтар айналасын коршаған
дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады.
Біріншісіне жататын қызығушылықтар: э
мпирикалық:
бұл — айналасын
қоршаған дүниенің кейбір
оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға
негізделген
ақыл-ой қызығушылығы: эстетикалық қызығушылық
—
оқиғаларды
көркемдік
жағынан
бағалай
білушілікті
көрсетеді.
Қызығушылықтың екінші тобына жататындар:
симпатикалық
қызығу,
бұл
жеке адамдар арасында қатынас туғызады;
әлеуметтік қызығу
әр
түрлі
қоғамдық ұйымдардың ара катынасын анықтайды;
дінге қызығу —
діни
ұғымды күшейтеді.
Осы алты түрлі қызығушылықтар оқушылардың меңгеретін білім
мазмұнын анықтайды деді.
Гербарт анықтаған қызығушылықтар жүйесі оның идеалистік
көзқарастарынан
туған
логикалық
тұжырымдар
еді.
Жоғардағы
кызығушылықтар ақыл-ой түріндегі топшылаулар сипатында болды да,
практикалық өмірмен байланыспады. Сөйткенмен де оқушылардың әр
салалы қызығушылықтарын дамыту тұрғысынан және оқуды соларға
негізден жүргізу жөнінен Гербарт топшылауының кұптарлық пікірі де болды.
Гербарт баланың қызығушылықтарына сәйкес оқылатын білімнің
шеңберін белгілей отыра оқу — оқушылардың акыл-ой әрекетін дамытуы
тиіс деді. Оқу материалдарын орналастыру мәселесінде білімнің жуйелі
берілу принципін негіз етті.
Гербарт оқудың мазмұны жөніндегі проблеманы окытудың сатысы
жөніндегі теориямен тығыз байланыстыра зерттеді.
Оның ойынша, оқу процесі немесе
сабақ төрт сатыдан тұрады, мұны
әдетте оқытудың формальды сатылары деп те атайды. Олар: 1) анықтық-
айқындық, 2) ассоциация, 3) жүйе, (4) әдіс.
Бірінші —
анықтық-айқындық
сатысында оқылатын материалды
оқушылар басқалардан бөліп алып, тереңірек оқиды. Дидактикалық тұрғыдан
алғанда, бұл сатыда оқытушы жаңа материалды хабарлап, көрнекілікті
қолданады.
Екінші саты —
ассоциацияда
— жаңа материал оқушылардың мұнан
бұрынғы өткен сабақтарда алған мәліметтері өмірден алған елестеулерімен
ұштасады. Дидактикалық жағынан бұл кезде
оқытушының окушылармен
әнгіме жүргізуі тым сәтті болады. Үшінші саты —жүйe. Мұнда оқушылар
оқытушының басшылығымен өткен сабақта алған мәліметтерімен
байланыстырып, жаңаның негізінде тұжырымдар мен қорытындыларды,
анықтамаларды және заңдарды іздестіреді. Дидактика саласында бұл сатыда
әр түрлі оқу жаттығулары жүргізіледі, оқытушылар окушылардың бұрынғы
меңгерген білімдерін талап етеді, олардың
логикалық және шығармашылық
ойлауын бақылайды.
38
Міне, осы оқыту сатылары, Гербарттың ойынша, оқудың бірізлілігі мен
жүйелілігін анықтайды. Бірақ бұл сатылар формальдьі болды, себебі бұлар
оқу материалының нақты мазмұнына да, оқушылардың жасына да, сабақтың
дидактикалык міндеттеріне де байланысты болмады.
Оқуды мұндай оқшау универсальдық схемаға ғана салу ғылыми
педагогикаға кайшы келді, себебі оқудың әдістері мен кұралдарын таңдау оқу
материалының нақты ерекшеліктеріне байланысты болады.
Сабақты
жоғарыдағыдай жеке-жеке тұратын төрт сатыға міндетті түрде бөліп
тастаудың өзі де теріс, себебі күнделікті оқу процесінде бұл сатылар
араласып келіп отырады. Ақырында, Гербарттың ұсынған сатылары
оқушыларға жеке-жеке, дара қатынас орнатуға қажетті жағдай туғызбады.
Гербарттың дәлелдеуінше,
Достарыңызбен бөлісу: