58
творчествосы, ерекшелігі мен айырмашылығы қалыптасады. Адам табиғатын
осылай бағалай отыра прагматистер (Э.Келли, А. Комбс, Т. Брамельд)
тәрбиені дәрменсіз- қасиетті процесс деп есептеген.
Прагматистер сонымен бірге ашық түрде санаға қарсы шығады және
иррациональдық пен санасыздықты дәріптейді. Осыған байланысты осы
кездегі прагматистер оқудың мазмұны жөніндегі Дьюи көзқарастарын қолдай
келе, оқушыларға жүйелі ғылым, білім беруге қарсы шыққан. Олардың
ойынша оқу – жеке «өзім» дегеннің тілегінен туатын мейлінше
индивидуалдық процесс, сондықтан оқудың мазмұнын анықтаушы да жеке
оқушының өзі деді.
Прагматист Т. Брамельд физика, химия, биология пәндерінің жүйелі
курстарының оқытылуына қарсы шықты.
Прагматистердің мектеп білімі жөніндегі тұжырымдарының әлеуметтік
мәні – еңбекшілердің балаларына берілетін ғылыми білімдердің дәрежесін
төмендету, өйткені ғылыми білімдер капитализмге қарсы күресте
еңбекшілерге мықты құрал болды.
Прагматистер адамгершілік тәрбиесі жөніндегі теорияны да идеалистік
тұрғыдан түсіндірді. Адам мінезі «өзім »дегеннің терең тамырынан туатын
жағдайлармен белгіленуі тиіс. К.Роджерстің айтуынша, сол жағдайлар ғана
әрқашанда дұрыс және адам үшін ыңғайлы. Бұл теория жекешілдікті,
жастардың адамгершілік жағынан азғындалуын жақтайды.
Сонымен, осы кездегі Дьюидің жолын ұстаушылар(Теодор Брамельд, Эрл
Келли, Карл Роджерс, Артур Комбс және басқалар ) Дьюидің педагогикалық
жүйесінің ең реакцияшыл жақтарын ілгері дамытуда. Халыққа берілетін
теориялық білімге қарсы шыға отыра, утилитаризм мен индивидуализмді
дәріптеуде, прагматизм педагогикасы реакцияшыл күштерге адал қызмет
етуде. Дүние жүзінің рпогрессившіл күтері прагматизм философиясына
қарсы, атап айтқанда, прагматизм педагогикасына қарсы үзбестен күрес
жүргізуде.
Достарыңызбен бөлісу: