1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


 Балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы Н.И.Пироговтың ойлары



Pdf көрінісі
бет73/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

2. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы Н.И.Пироговтың ойлары. 
Николай Иванович Пирогов (1810-1881), атақты хирург-дәрігер, Крым 
соғысындағы 
Севастопль 
қорғанысының 
бекінісіндегі 
батырларға 
медициналық көмек көрсетудің ұйымдастырушысы. Оның «Морской 
сборник» атты журналындағы «Вопросы жизни» мақаласы 1856 жылы 
шықты, онда ол балаларды жалпы және отбасында тәрбиелеудің өте қажетті 
сұрақтарын талқылады. Бұл мақаласы жалпының көңілін аулап, осы 
сұрақтарды ата-аналар, педагогтар, оқу мекемелерінде, баспада кең 
талқылады.
Бұл мақаласында Пирогов өзінің дұрыс адамды идеалын негізге алып, 
ортақ білім беруді қорғады. Ол ата-аналардың балаларнының жеке 
ерекшеліктерімен санаспай, туғаннан бастап оларды анау не мынау қоғамның 
кастасына өздерінше тағайындайтын, олардың алдымен өзіндік дамуына 
көңіл бөлмей, жалпы өздерінің жұмыстарына кірістіруге мұқтаж болды. Ол 
алдын-ала профессионалдау, білім берудің арнайы оқытудың тек жеке адамға 
емес, қоғамға да зиянды екенін ескерді. Пирогов жалпы оқыту барлық 
адамдарға қажет екенін айтты, себебі ол арнайы білімнің құрылуының негізі 
болып табылады. Өз уақытында Пироговтың адам дамуындағы жалпылай 
оқыту туралы ойлары тарихи прогрессті болды.
Бірақ Пироговтың педагогикалық ойларында оның таптық шектеулері 
көрініс табады. Ол христиан дінін адамды тәрбиелеудің негізі деп санап, 
баланы ерте жастайынан тәрбиелеуде діннің қажеттілігін көрсеткен. Ресей 
өмірінің жалпылай өзгеруінде ол бір ғана жолды көрді, ол – тәрбие: «Егер де 
біз тамырынан қоғамның әдет-ғұрпы, әестендіру, сенімін өзгеруін қаласақ, 
тәрбиені бесіктен бастау керек» 
Пирогов дұрыс адам қалыптаса бастайтын мектеп жасына дейінгі 
балалардың алғашқы отбасылық тәрбиесі, келесі мектеп білімінің 
құрылуының негізіндегі баспалдақтан басталады деп есептеген.
Пироговтың адамның ерте жастайынан тәрбиеленуі, балалардың алғашқы 
отбасылық тәрбиесіндегі ананың ролі, ана-тәрбиешінің идеалы туралы 
ойлары «Вопросы жизни» мақаласынан бұрын туындаған еді. Олар 1850 
жылы болашақ әйеліне жазған хаттарында онымен айтылған болатын. 
Пироговтың айтуынша, ананың негізгі міндеті «өзін толығымен отбасына, 
бала тәрбиесіне арнау», және де әйел балаларды тәрбиелеуге дайын болуы 
керек. Ол былай деп жазды: «Балалық шағының алғашқы күндерінде өзінің 
міндетін, барлық биіктікті білетін және түсінетін, білімі бар анадан тәрбие 
алған – үлкен бақыт». 
Пироговтың «Вопросы жизни» атты мақаласында Ресейдегі әйел 
тәрбиесінің құрылуына үлкен сындар алды, себебі ғалымның ойынша не 
өзіндік ұмтылушылыққа, не әйелдің ортақ қойылуына жауап берген жоқ. Ол 
қоғамның алдында әйелді көтеруге тырысты. Н.И.Пирогов қоғам тарапынан 
әйел ерекше көңілге ие болуын тіледі.


127 
Пирогов «адамзат болашағы» ананың қолында екенін ескертіп, балаларға 
ұқыпты және жақсы қатынастың қажетін көрсеткен, себебі оқыту мен 
тәрбиелеудің ықпалымен олардың миі мен жүректері нәзік болғандықтан әр 
түрлі форманы алуы мүмкін. Баланың жалпы дамуы мен тәртібін басқару 
үшін әрдайым көңіл бөлу мен ананың еңбегі керек: «Ол баланы өзінің 
бақылағыштық көзімен, олардың табиғат берген талпынушылықтарын, 
табиғатынан туып, бітісіп қалған темпераментін байқауы керек.»
Отбасындағы 
тәрбиеде 
мектептегіге 
қарағанда 
баланың 
жеке 
ерекшеліктерін ескере отырып, индивидуалды дамуын басқаруына өте көп 
мүмкіндіктер бар.
Пирогов тәрбиешілер мен ата-аналарды баланың ішкі жан дүниесін 
толық танып, балаларды оқыту мен тәрбиелеуді дұрыс бағыттауға шақырды.
Н.И.Пирогов педагогтардың талқылауына мектепке дейінгі педагогикаға 
аса қажет сұрақты қойды: отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалармен 
тәрбиелік жұмыстың бағыты қандай болуы керек? Осы сұраққа өзі мынандай 
дұрыс шешім берді: мектеп жасына дейінгі балалардың отбасындағы тәрбие 
процесінде ана ойындарды кең пайдаланып, білімнің негізін беруі керек. 
«...балада, - жазды Пирогов, - білімге деген көптеген түрлі құлшыныстары 
өте ерте дамиды».
Баланы ойындарға құлшынысын дамыту үшін балалық қиялы мен 
танымын құртатын мағынасыз ойыншықтармен ойнатудың орнына, олардың 
дамуына көптеген жаңа және керекті мәліметтерді дамытатын саналы 
ойындармен ойнатқан дұрыс. Пироговтың бұл ойлары мектепке дейінгі орыс 
педагогикаға өте қажет болды. ХІХ ғасырдың 2-жартысындағы атақты 
педагогтары өздерінің физикалық тәжірибелерін жүргізуде, табиғатты 
бақылауда, ойындардың бағдарламасы мен әдістемесін құруда мектеп 
жасына дейінгі балаларды оқыту идеясын пайдаланды.
Өз Отанының ыстық патриоты Н.И.Пирогов тәрбиелеу мен оқыту өзінің 
ана тілінде жүргізілуі керек деп санаған. Ол баланы тәрбиелеу мен оқыту 
ісінде космополитизмге қарсы тұрды, себебі бонндар мен гувернерлар 
баланың ерте жастайынан ана тіліне деген жек көрініш пен шетелдікіне 
сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелейді. 
Пирогов баланы оқытуға (тек дамуында кемістігі бар балаларды 
санамаса) баланың алты жасын қолайлы деп есептеген. Ата-аналар мен 
тәрбиешілер жүйелік оқытуды бастау үшін баланың ой-өрісінің дамуын 
бақылап және оқуға деген қызығушылығы басталған кезінде бастау керек.
Пирогов баланың көңіл психологиясының, оның ерте жастан дамуы
туралы құнды ойлар айтты. Ол «Әсерлер сезім органдарымен келетін мидың 
қысылатын бөліктерінің ерекше жағдайы сияқты» материалистік көзқараспен 
көңілді қарастырып, баладағы көңілді жекешелендіру тәсілдері мен 
тәрбиелеу әдістерін ерекше атап көрсетті.
Пирогов ойлаудың дамуы үшін сезім мүшелеріне әсер ететін көрнекілік 
қана емес, сөз де керек деп санады. «Сөз – сыртқы сезімдерге қарағанда, ішкі 
сезімге өте терең кірудің жалғыз және құнсыз амалы», - деп жазды Пирогов. 


128 
Оның көрнекілік пен сөз тығыз байланыста болу қажет екенін айтқаны: 
«Не көрнекілік, не сөз жекелеп ештеңе мәнді бере алмайды». Баланың 
түсінігіне тартымды сөз көрнекілікті алмастыра алады; ал көрнекілік сөзді 
ешқашан алмастыра алмайды.
Н.И.Пироговтың есімі дүние жүзілік хирургиялық ғылымның даму 
тарихына, орыс ғылымы тарихының дамуына және кең жаюына кірді. Одесса 
және Киев оқыту округінің болашақ қамқоршысы болып, Н.И.Пирогов 
жастарды ұйымдастырушы ретінде, гимназияның педагогикалық советінің 
жандануына ат салысуда, әдеби кештерді ұйымдастыру арқылы оқушыларда 
шығармашылық инициативаның дамуында көрсете білді, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет