1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылықтың мәні, негізгі міндеттері мен функциялары


Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына Қазынашылық бақылаудың қазіргі жүйесін талдау



бет4/9
Дата24.03.2022
өлшемі182,5 Kb.
#28615
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
kur -bjudzhettin-oryndaluyndagy-qazynashylyqtyn-roli-35

2 Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына Қазынашылық бақылаудың қазіргі жүйесін талдау
2.1 Түсімдер бойынша ҚР-ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің кассалық орындалуы
Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына бақылау мен ұйымдастыруды анықтайтын тәртіп ретіндегі №484 «ҚР мемлекеттік бюджетінің кассалық орындалуы бойынша нұсқаулық» 1999 жылы 7 қыркүйекте қабылданды. Осы нұсқаулықтың негізінде кез-келген облысты Қазынашылық басқармашылығы республикалық және жергілікті бюджеттің кассалық орындалуын қамтамасыз етеді.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің операуияларының кассалық орындалуының есебін облыстық Қазынашылық басқарушылығында кассалық әдіс негізінде келесі баланстық шотттарда жүзеге асырылады: № 080 «Бюджеттер арасындағы бөлінетін табыстар», № 100 «ҚР республикалық бюджетінің табыстары», № 120 « ҚР республикалық бюджетінің шығыстары», № 130 «Аудандық және қала бюджеттерінің құралдары», 132 «Облыстық бюджеттердің құралдары», 141 «ҚР республикалық бюджетінің есебінен қаржыландырылатын мекемелердің ағымдық шоттары», № 142 «ҚР жергілікті бюджеттерінің есебінен қаржыландырылатын мекемелердің ағымдық шоттары», № 144 «Депозиттер», № 070 «Қатаң валютадағы валюталық шот», № 160 «Жұмсақ валютадағы валюталық шот», № 724 «Тағайындалған және төленбеген айналымдардың ағымдық шоттары».

Қазынашылықтың территориялық органдарымен бюджетке төлемдер мен ұйымдастырулар есептеледі. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер республикалық және жергілікті бюджетттердің табысына түсетін бюджетке төлемдерді жүргізбейді және бюджетке алынған төлемдер сол күні бірден банкаралық есептесулер арқылы қазынашылықтың облыстық басқармашылығына жібереді.

1995 жылғы 24 сәуірдегі ҚР қабылданған « Салықтар және басқа да бюджетке төлемдер туралы» Заңына сәйкес клиенттердің банктік шоттарынан шығарылған салық төлемдерінің бюджетке дер уақытында түсімін салықтық қызмет органдары қадағалып отырады.

Бюджетке деген қолма-қолсыз төлемдер барлық территориялық қазынашылық органдармен қабылданады және облыстық қазынашылық басқарушылығында бюджетке төлемдерді есептеу бойынша бірлік шот арқылы есептеледі. Қолма-қолсыз салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер келесі құжаттар негізінде қабылданады:


  1. нұсқаулықта көрсетілген реквизиттер көрсетілетін төлем тапсырмасы;

  2. салықтық органдардың бюджетке қайтарымға беретін төлем тапсырмасы;

  3. кәсіпорындардың төлем тапсырмасы;

  4. бюджет құралдарын алуға мәжбүр ету негізіндегі территориялық қазынашылық органдар мен терриориялық кеден органдарыныңы бұйрықтары болуы керек.

Территориялық қазынашылық органдарға төлемдер немесе аударымдар жүзеге асырған кезде егер ҚР заңнамасына сәйкес құжаттарға қосымша реквизиттер көрсету керек болса оны талап етуге құқықтары бар.

Қолма-қол төлемдерді қабылдаған кезде келесі құжаттар болуы керек:



  1. қолма-қол төлеуге хабарлама;

  2. ф.4-ПД квитанциясы;

  3. жеке азаматтармен бюджетке төлем қайтарудағы салық оргадарының төлем тапсырмасы;

Бюджетке жұмыскерлердің жалақысынан ұсталған салықтарды және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдарын аудару үшін Қазынашылық органдарға мемлекеттік мекемелер келесі құжаттарды көрсетуге міндетті:

  • бюджетке жеке тұлғалардан табыс салығын төлеуге шоттар,

  • бюджетке әлеуметтік салықтық аударымдарын төлеуге шоттар;

  • жинақтаушы зейнетақы қорларына жеке тұлғалардан міндетті зейнетақы қорларын аудару бойынша төлеуге шоттар.

Жеке тұлғалардан бюджетке табыс салығының аударымы жалақы алған уақытта түседі, басқа жағдайларда – төлем жүргізілген айдың аяғындағы бес банктік күннің ішінде төленеді.Әлеуметтік салық төлемі әр ай сайын айдың екінші жартысына жалақы төлеуге тағайындалған мерзімде төленеді, бірақ келесі айдың 15 күнінен кеш болмауы керек. Міндетті зейнетақы салымдарын мемлекеттік мекемелер жинақтаушы зейнетақы қорларына жалпы табыстың он пайыздық көлемінде аударады.

Қазынашылықтың территориялық органдарына келіп түсетін мемлекеттік мекемелермен алынатын әкімшілік айыппұлдар мен санкциялар сәйкес бюджетке «Салықтық емес түсімдер» категориясы, «Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсімдер» сыныбы бойынша алынады. Заңға сәйкес мемлекеттік баж сот ісінде қарастырылады және жергілікті бюджеттерге «Салықтық емес түсімдер» категориясы мен «Коммерциялық емес табыстардан түсімдер мен әкімшілік алымдар» сыныбы, «Баж» под класы , «Мемлекеттік баж» ерекшелігі бойынша алынады.

Келіп түскен сомалардың есебін салықтық органдар жүргізеді. Желтоқсан айында келіп түскен төлемдер 31-ші желтоқсанға есептеледі. Егер уақыт біткеннен кейін келіп түскен сомалар болатын болса, оларды «Басқа да салықтық емес түсімдер» ерекшелігі бойынша бюджет жіктемесіне алынады. Бюджетке дұрыс есептелмей немесе артық келіп түскен сомаларды қайтару салықтық органдармен жүзеге асырылады және ол салық төлеушінің есептесу шотына аударылау жолымен немесе бюджетке басқа салықтық қарыздарын өтеу жолымен жабылады. Салықтарды есептеу үш нұсқада жүзеге асырылады.


  1. бір салық органынан екіншісіне;

  2. бір бюджеттік жіктемеден екіншісіне;

  3. бюджет жіктемесінің табыс коды бойынша;

  4. қате есептелге бөліністе бір бюджеттік жіктеме кодында.

Әр түрлі бюджет арасында табыстарды бөлгеннен кейін әр түрлі бюджет деңгейлерінде қалдықтар №080 «Бюджет арасында бөлінетін табыстар» баланстық шоты бойынша қалдық қалмауы керек.

Мемлекеттік бюджеттік табыс бөлігін құрауда Қазынашылыққа республикалық және жергілікті бюджеттер арасында мемлекеттік салықтарды бөлу мен қамтамасыз ету қызметі бекітіледі. 80200 шотына күнде келіп түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді Қазынашылық орган жергілікті және республикалық бюджеттер арасында бөледі. Ол ҚР бюджеттік заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.



Кесте 1. 2005 жылға мемлекеттік бюджетке табыстар түсімінің орындалуы

Түсімдер түрлері

Жоспардың орындалуы%

Барлығы

100,8

Оның ішінде:




- заңды тұлғалардан табыс салығы;

81,2

- бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеуден алымдар;

188,6

- акциздер;

74,0

- ҚҚС;

40,3

- табиғи ресурстарды қолданғаны үшін төлемдер;

107,4

- кедендік баж

80,6

- кедендік бақылау бойынша алымдар

121,4

Жоғарыда көрсетілген қаржылық көрсеткіштерден көріп отырғанымыздай республикалық бюджеттің негізгі көзі болып салықтық түсімдер және облыстық бюджеттерден алымдар табылады. Табыстар бойынша жоспардың толығымен орындалғанына қарамастан республикалық бюджеттің ресурстарын ұлғайту мүмкіншіліктері толығымен орындалмаған.

Өндірісте салыстырлмалы тұрақтылық байқалады. Өндірістегі өнім көлемі нақты бағада 199,2 млрд. Теңгені құрады. Өндірілген өнімнің физикалық көлемінің индексі өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 111 пайызға өскен. Өнеркәсіптік өнім өндірісінің өсімі 2004 жыл мен салыстырғанда металл рудаларынының өсімі -16 пайыз, қара және түсті металдар өндірісі – 22,5 пайыз, электр энергиясын өндіру мен бөлу – 1,3 пайызды құрады.

Бюджеттің жағдайы көбінесе салық төлеушінің қаржылық жағдайымен анықталады. Табыс төлеушілерінің нашар қаржылық жағдайының барысында бюджет гүлденбейді. Кәсіпорындармен қатар бюджеттегі тұрғылықты халықтың төлем қабілеттілігі, дәлірек айтсақ салықтық әлеуеті де алатын орны мол.

Өткен үш жыл ішінде республикамыздағы тұрақсы экономикалық жағдайларға қарамастан барлық өндіріс саласында өрлеу байқалады. 2005 жылы жиынтық табыс 55103304 мың теңгені құрады. Республикалық бюджет құралдарына түсімдер -18422576 мың теңге. Салықтық түсімдер – 12602674 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 317731 мың теңге, капиталмен операциялардан табыстар – 2714692 мың теңге.

Ағымдағы жылға жоспар 118,9 пайызға орындалған. Салықтар бойынша: заңды тұлғалардан жеке табыс салығы 143,3 пайыз, бағалы қағаздар эмиссиясы үшін алымдар – 636,4 пайыз, акциздер – 85,8 пайыз, қосылған құнға салық – 124,2 пайыз, кедендік баждар – 85,4 пайыз, кедендік бақылаулар мен кедендік процедуралар – 124,9 пайыз, бонустар – 118,5 пайыз, роялти – 102,0 пайыз.

Статистика көрсеткіштері бойынша 0,.12.2005 жылға Қарағанды облысы үлесінің жалпы республикалық өнеркәсіптік өндірісте 16,1 пайызы, оның ішінде 100 пайыз темір мен болат, қара металдар, 96,9 пайыз – карбид кальциі, 61,5 пайыз күміс өндірген.

2005 жылы облыстың өнеркәсіптік өндірісі 280626,6 млн. теңгеге өнім өндірген, өткен жылмен салыстырғанда физикалық көлем индексі 114,6 пайыз. өсім көмір өндірудің жоғарылауы 18,8 пайызға, және түсті металдар өндіруден 15,8 пайыз болды деп есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет