1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылықтың мәні, негізгі міндеттері мен функциялары


бөлім Бюджеттің орындалуындағы Қазынашылықтың ролі мен қазіргі кезеңдегі Қазынашылық жүйенің даму бағыттары



бет6/9
Дата24.03.2022
өлшемі182,5 Kb.
#28615
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3 бөлім Бюджеттің орындалуындағы Қазынашылықтың ролі мен қазіргі кезеңдегі Қазынашылық жүйенің даму бағыттары

Қазіргі танда зерттеп жатқан ғалымдардың еңбектерінде қазыналық қызметтің талдануы әр қилы көрсетіледі. Олардың еңбектерінде ортақ пікір қалыптаспады. Олардың көзқарастары бойынша қаржылық бақылау мәселелері мен қазыналық жүйенің орны, қазіргі мемлекеттік басқаруда өзінің сан-алуан тұжырымдарын тудырады.

Қазіргі жұмыс істеп тұрған Қазынашылық комитеттің атқарылар қызметтері, алдағы қойған мақсаттары, үкіметтен алынған тапсырмалары, тәсілдері, ақпараттың базасы, сол сияқты зерттеулердің нәтижелерін қолдану бағыттары осы зерттеу жұмысының алдағы қойған мақсаттары болып табылады.

Алдағы қойған мақсат, осы зертгеудегі жалпы әсер ететін факторларды ашып көрсету. Олар:

- жаңа экономикалық жағдайдағы Қазынашылық қызметтің салалық анықтамаларымен функциялары;

- қоғамдық қаржылардың қозғалысын бақылау жүйесіндегі Қазынашылықтың орнын көрсету;

- шетелдің Қазынашылық қызметтің тәжірибесін қолдану мүмкіндіктерімен бюджетаралық реттеулердің қаншалықты деңгейде екенін анықтау;

- Қазынашылық қызметтің Қазақстандағы пайда болу құрылымын қарастыру және мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу тәртіптерінің тұжырымдамалары;

- аймақтағы Қазынашылықтың дамуына талдау жасау;

- әлеуметтік дамуда, өндірісті мемлекетгік реттеу жүйсіндегі, жалпы аймақтық деңгейдегі Қазынашылықтың рөлін анықтау;

Қазынашылық, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын бақылау және қалыптасу процесіне қатысады және аймақтың бюджеттік ресурстық базасын нақты анықтайды, әртүрлі салық түрлерімен субъектілердің территорияларын бақылайды және фискальды органдарға жауапты. Қазынашылық жүйенің қатысуы, жоспарланған ресурсты базаны және белгілі бір уақытта жұмсалатын қаржының көлемін анықтайды. Бюджет қаражаттарының жағдайын алдын-ала біліп отыруы, мемлекеттік қаражаттарды белгіленген салаларға тиімді жұмсауға Қазынашылықтың рөлі маңызды.

Халық шаруашылығын мемлекеттік басқаруда ажырамайтын бір бөлігі ол мемлекеттік қаржылық бақылау. Олар мыналар: ҚР Президентінің басқару кешенінің бақылау органы, мемлекеттік қаржылық бақылау және аудит департаменті; мемлекеттік кеден комитеті; ҚР салық полициясы; ҚР банктік бақылау органы, Ұлттық Банк және де басқа мемлекеттік органдар қаржылық бақылау да Қазынашылық комитетімен тығыз байланыста еңбек етеді.

Қазақстан Республикасының Қазынашылық комитеті басқарушылық орган ретінде даму сатысында, негізінен үйымдық құрылымы қалыптасып болғаннан кейін, бюджетті басқарудағы қызметі анықталды. Дегенмен, мемлекеттік Қазынашылық жүйесі дамуының өткен кезеңінде мемлекеттік бюджет пен бюджеттік емес қорлар арасындағы қаржылық қатынастарды реттеудегі міндеттерін толығымен шеше алмады, бұл қорлардың қаржылық орындалуы: бюджеттің барлық қаражаты Қазынашылық жүйеге толығымен аударылмаған. Қазынашылық органның бақылаушылық қызметі құқық қорғаушылық, салық және қаржылық сияқты әр түрлі бақылаушылық құрылымдармен байланысы болып табылады, кейбір жағдайда солардың қызметінің қайталамасы да болуы мүмкін.

Қазынашылық жүйенің бюджеттік орындалуы өз кезегінде мемлекеттік өндірістік, инвестициялық, аграрлық, әлеуметтік санатты жүргізуде, аймақ аралық экономиканың тепе-теңдікті қалыптастыруда өзіндік әсерін тигізеді. Мұның барлығы мемлекеттік бағдармаларды қаржыландыру, мемлекеттік ұйымдармен органдарды қамтамасыз етуге бағытталған. Оларға мониторинг жүргізумен бюджеттік қаржыларды жұмсауға бағытталады.

Қазынашылық қызмет мемлекеттік қаржының барлық қүрылымдық элементтерін қамтиды: мемлекеттік бюджетті Қазынашылық жүйе іске асырады; әр түрлі деңгейдегі бюджет аралық салықтарды бөледі; мемлекеттік несиелер мен қарыздарды, соларға қайтаратын қарыздарын толық және уақытында жабылуын қадағалайды; бюджеттік қорларға түсетін мемлекеттік бюджет қаражатының мақсатының пайдаланылуын және мақсатының мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру мен бақылауын іске асырады; мемлекеттік өнеркәсіптердің шығындарын кассалық іске асырылуын және қаржыландыруын реттейді.

Қоғамдық қаржыларды басқаруда біртүтас көзқарас саласынан қарағанда мемлекеттік Қазынашылық органдары мелекеттегі бюджеттік емес қатынастарды байланыстырады:

- халық шаруашылығын басқаруда мемлекеттік жүйедегі Қазынашылық ролінің өсуінің перспективалық бағыты және мүмкіндіктері анықталатын үйымдастырушы - экономикалық пен әлеуметтік факторлары анықталған;

- Қазынашылық қызметтің салыстырмалы сараптамасы негізівде шет елдерде билік және сол Ұйымдар эволюциясының заңдылығы мен негізгі бағыттары жөнінде қорытынды жасалған, бұл өтпелі кезең экономикасы бар елдерде қоғамдық ресурстардың дұрыс қолданылмауы негізінен мемлекеттік ресурстарды бөлудегі орталықтанған бақылаудың пайда болуы және дамыған нарықтық экономиканы елдерде пайдаланылған мониторингтарды жүргізу.

ҚР қазына бөлімдерінің негізгі қызметі аймақтық дамудағы мемлекеттік экономикалық саясатын іске асыру;

- Қазынашылық қызметтің категориялық нақты анықтамасы беріліп, оны мемлекеттік қаржылық бақылау және мониторинг процесі ретінде классификациялайды;

- мемлекет бақылауындағы мемлекеттік қаржылар мен бюджеттік қаражат қозғалысына операциялык, функционалдық және субъектілі классификация жасалды;

Қазынашылық комитет арқылы шығындарды қаржыландыру көлемінің ұлғаюы бюджеттік каражаттардың қозғалысы және мақсатты пайдаланылуына күнделікті қатал бакылау, оның басқарушылығы мен қорғаушылығын жоғарылатты. Мемлекетгік Қазынашылықтың Басқармасының Ұйымдастырушылық құрылымы өз қызметі кезінде өзгертіліп және жаңартылады және осы кезде Қазынашылық комитеттің прогрессивті дамуына байланысты Қазынашылықтың қызметтері мен міндеттерінің кеңейтілуімен, оның ұйымдастырушылық құрылымының ары қарай жаңартылуына қажеттілік сақталады.

Қазынашылық органдарына криптографиялық қорғау мен электрондық жазуларды оқу бойынша сәйкес жүмыстар жүргізілуі қажет. Бірақ осы құралдармен қаржылық, салықтық, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, бюджет алушылардың қамтамасыз етілуінсіз берілген ақпараттық қорғанысы қамтамасыз етілмейді. Сұрақты бір жақты шешу-бұл міндетті толығымен шешу болмайды. Осыған байланысты, Қазынашылық органдарының бірыңғай ақпараттық-телекоммуникациялык, дамуы күш органдарын қаржыландыру үшін тек жартылай ғана дұрыс шешім, себебі бұл жерде үйренген кесте бойынша басымдылықтарды орналастыру орынды емес. Қазіргі кезде жеткілікті қорғаныста болатын әрбір жеке учаскеге деген бірыңғай қажеттілік қалыптасты, барлық органдар үшін ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе заңды және атқарушы биліктің жоғарғы компетенциясына жатады, олар берілген сфераға байланысты барлық проблемаларды шешуге қатысады.

Қазынашылық органдарының алдына қойылған маңызды міндеттерінің бірі бюджеттің табысты базасын бекіту болып табылады. Салықтық түсімдердің үлесі жалпы саладағы бюджеттің табысы басымды болып табылады, себебі қазіргі кезде негізгі маңызы салықтық заңдылығының жаңартылуы болып табылады.

Қазынашылық комитеттің жаңартылудың міндетті этаптарының бірі-бюджетте түратын, мекемелер мен үйымдарды қаржыландыру. Алайда өзі лицевой шоттар арқылы шығындарды бюджеттен қаржыландыратын алынатын қаражаттар үйымдар, кәсіпорындар және мекемелерді ауыстыру процесі, Қазынашылық органдарында ашылған неғұрлым сәтті аяқталды, жүйенің жоспарланған жағдайына жетуге мүмкіндік бермейтін бірқатар проблемелар қалады. Жалпы техникалық және жүйелік сипатта олардың шешілуі Қазынашылық жүйенің бюджеттің орындалуына "тағы бір баспалдақты өтуге" рүқсат етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет