1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылықтың мәні, негізгі міндеттері мен функциялары


Шығындар бойынша ҚР-ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің кассалық орындалуы



бет5/9
Дата24.03.2022
өлшемі182,5 Kb.
#28615
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2.2 Шығындар бойынша ҚР-ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің кассалық орындалуы
Бюджеттік шығындарды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктері бюджеттік белгілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінен қазынашылық рұқсат алады. Сәйкесінше, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкішіліктері өз қоластындағы ведомстволық мемлекеттік мекемелерге қазынашылықтың территориялық органдары арқылы №2 форма бойынша лимиттерді бөледі.

Қазынашылықтың территориялық органдарындағы мемлекеттік мекемелермен Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бюджеттік шот ашылады.

Республикалық бюджеттің орындалуы 1-ші қаңтардан басталып, қаржылық жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Республикалық бюджеттің орындалуы өзгертулер мен толықтыруларды ескергендегі бюджеттің кірістері мен шығыстарының жылдық сомасының айлық бөлінісімен сәйкес бекітіледі.

Қазынашылықтың облыстық басқармашылығы Қазынашылық Комитетінен республикалық бюджеттен бөлінген мемлекеттік мекемелерге бөлінген лимиттер алады. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелерге анықтама жүргізеді.

Республикалық бюджеттің құралдарының шығындалуын алдын-ала бақылау үшін Қазынашылықтың территориялық органдарында қазынашының автоматталған жұмыс орны болады. Оның көмегімен қазынашылықтың жауапты атқарушысы келесі қызметтерді орындайды:


  • бюджеттік жіктеменің шығындар коды бойынша кассалық шығындарды орныны келтіру мен алғашқы құжаттар бойынша визуалды бақылау жасайды;

  • №32-А «Алынған міндеттемелерді есептегендегі кассалық шығындар мен бөлінген лимиттер қозғалысының ведомості» формасы бойынша бос қалған лмиттерді тексеріп, құралдарды шығындауға рұқсат береді;

  • республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілік шығындары мен рұқсат ету бойынша шығу ведомостерінің қозғалысын жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттің шығындары күн сайын облыстық Қазынашылық басқармашылықпен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Бірлік қазынашылық шотына жіберіледі.

Бюджеттік қаражаттардың жыл аяғына дейін қолданылмаған қалдығын мемлекеттік мекемелер олардың өздерінің ағымдық шоттарынан сәйкес лимит басқарушыларына 31 желтоқсаннан қалдырмай жіберуі керек.

Қазынашылық жүйенің құрылуының бастапқы кезеңінде жүргізілген ұйымдастырушылық шараларға байланысты республикалық бюджетті қаржыландыру бойынша шаралар салалық басқарылымынан Қаржы Министрлігінің Бас Қазынашылық басқарылымының қаржыландыру бөліміне көшкенін атап кету керек. Бұл бөлім есеп жүргізіп, күнде қолданылмаған бюджет қалдықтарын шоттарда бақылап отырды, бюджетпен қаржылндырылатын министрліктермен бөлінетін ақша құралдарын нақты есептеп, қатаң бақылауда ұстап отырды.

ҚР ҚМ Бас Қазынашылық басқарушылығы Облыстық Қазынашылық Басқарушылықпен және ХВҚ кеңесшілерімен бірігіп семинар-жиналысын өткізіп, онда Қазынашылықты жаңашылдандыру туралы жоба қарастырылды. Осы кездегі Қазынашылық жүйенің жаңалану үрдісіндегі маңызды сәт ретінде онда бухгалтерлік тіркеу шоттарының құрылымдық жүйесі немесе барлық бюджет операциялары көрсетілетін мемлекеттік шоттар жоспарын жасауды атап көрсетуге болады. Табыстар, шығыстар, бюджеттен тыс және бақылау шоттарынан тұратын стандартты шоттар жоспары үкіметтің қаржылық операцияларын талдап, бақылау және жазба жүргізу үшін қолданылды. Жаңа шоттар жоспарын жасаумен қатар жаңа бюджеттік жіктеме енгізу бойынша және бюджет құралдарының бөліну лимиттері функциясын Қазынашылыққа беру бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізіліп жатты. Бюджеттік жіктемеге байланысты айта кететін жайт, осы жұмысты орындау бойынша негізгі жұмыстың жартысынан көбін Қазынашылық органы атқарып шықты.

Қазынашылық органдардың есептік кассалық қызмет етуіндегі мемлекеттік мекемелер саны 163, оның ішінде республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатыны 52, оларда 163 бюджеттік шоттар ашылған, 1 шот ақылы қызмет көрсету бойынша, 6 шот демеушілі бойынша, 61 шот уәкілетті тұлғалар бойынша.

Қазынашылықтың негізгі функциясы мемлекеттік мекемелермен бөлінетін бюджет құралдарының рационалды қолданылуын қадағалу болып табылады. Осы мақсатта 1999 жылғы 25 желтоқсанындағы ҚР Үкіметінің №1336 «Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық қарызының өсуін ескерту мөлшерлері жөніндегі» Ережесі қабылданған. Осы бойынша Қазынашылықтың облыстық басқармашылығында кредиторлық қарыз туралы ескерту жұмыстары жүріп жатыр.

2004 жылы 123 бюджеттік мекемелерге ревизия жүргізіліп, 58-де республикалық бюджеттің22416,3 мың теңге сомасындағы құралдарын мақсатсыз қолданғаны анықталған. Жетіспеушіліктер анықталып, 906,5 мың теңге сомасына ақша қаражаттарымен таурлық –материалдық құндылықтар жоғалғаны анықталған.

Барлық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер өздеріне белгіленген құқықтар бойынша : әкімшілік жергілікті бюджеттік бағдарламарға – атқарушы органдар, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламаның орындалуына жауаптыларға, мемлекеттік мекемелер – лимит бөлушілерге бөлінеді.

Қазынашылықтың территориялық органдары жергілікті бюджеттердің кіріс-шығыстарын, облыстық бюджеттердің, арнайын экономикалық қаржылық қорлардың, аудандар мен қалалар бюджеттерінің қамтамасыз етілуін қарастырады.

Жергілікті бюджеттердің орындалуы жергілікті бюджеттердің барлық деңгейлерінің кірістері мен шығыстары бойынша жазбалар бойынша өзгертулер мен толықтыруларды есептегендегі бекітілген бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша жұмсалады. Алынған жазбалардың негізінде есептемелерге сәйкес жергілікті бюджеттердің шығындарын әкімшіліктеріжеке шығын сметалары бекітілген мемлекеттік мекемелерге жібереді.

Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары жергілікті қаржылық органның басшылығымен бекітіледі. Жергілікті бюджеттің кірістер мен шығыстары бойынша бір дана сәйкес территориялық электрондық түрде, қағаз түрінде бюджет жіктемесінің коды бойынша қазынашылық органдарына көрсетіледі. Жергілікті қаржылық органдарынан сәйкес жергілікті бюджет кіріс шығысының жазбасын алған Қазынашылықтың территориялық органдары қаржыгердің автоматталған жұмыс орнындағы базаға енгізеді.

Бюджет шоттарының шығын операцияларының жүргізілуі бюджеттік құралдардың шығындалу бойынша мемлекеттік мекемелер бекіткен лимит шегінде жүзеге асырылады. Шығын операцияларын жүзеге асырк барысында бюджеттік шоттағы дебеттік қалдық бөлінген лимиттерден аспауы керек.

Мемлекеттік мекемелермен жасалған шығындар шоттың дебеті бойынша есептелсе, олардың қайта құрылуы –кредит бойынша есептеледі.

Жергілікті бюджеттің шығындарына бақылау жасау үшін Қазынашылықтың территориялық органдарында қаржыгердің автоматталған жұмыс орны болады. Соның көмегімен қазынашылықтың жауапты тұдғасы келесі қызметтердің орындайды:



  • бюджеттік жіктеменің шығындар коды бойынша кассалық шығындарды орныны келтіру мен алғашқы құжаттар бойынша бақылау жасайды;

  • №132-А «Алынған міндеттемелерді есептегендегі кассалық шығындар мен бөлінген лимиттер қозғалысының ведомості» формасы бойынша бос қалған лмиттерді тексеріп, құралдарды шығындауға рұқсат береді;

Жергілікті бюджеттер бойынша шығындар операциясын жүргізуді автоматталған жұмыс орнында отырған жауапты тұлға шығыннығ экономикалық ерекшеліктерін көрсете отырып, төлем құжатының реквизиттерін енгізуі керек. Құжатты енгізу кезінде нұсқаулықпен қарастырылған барлық реквизиттердің бақылау бағдарламасы шығады.

Әр жергілікті бюджет бойынша жергілікті қаржылық органға қызмет ететін Қазынашылықтың териториялық органысәйкес баланстық шотта бюджеттік шот ашады. Осы шотқа жергілікті бюджеттің кірістері оны шығындау құықығынсыз есептеледі және кассалық шығындарға жатықызылады. Осы шотпен басқа операцияларды жүргізуге болмайды. Егер мемлекеттік мекемелер бірнеше бюджеттерден қаржыландырылса оған әр бюджет үшін жеке шығын есептеуге шоттар ашылады.

Мемлекеттік мекемемен жасалған шығындарды есептеу үшін территориялық Қазынашылық органдарда жергілікті бюджеттердің шығын шоттары бойынша бақылау шоттары ашылады: №132 «Облыс бюджеттерінің құралдары» - облыстық бюджеттің мемлекеттік мекемесі үшін , № 130 «Аудандық және қалалық бюджеттер құралдары» - аудандық бюджеттің мемлекеттік мекемелері үшін.

Бақылау шоттары пассивті болып табылады және мемлекеттік мекемелермен жасалған шығындарды орналастыру сомалары есептеледі

Әр операциялық күннің соңында жалпы жасалған шығындардың жалпы сомасы қаржылық органның шотынан қаржыландырылады да шығындардың бақылау шотында есептеледі.

Қазынашылық территориялық органдар келесілерді атқарады:


  • қаржылық бюджеттік рұқсаттарды есептеу;

  • мемлекеттік мекемелермен көрсетілген лимиттер бойынша шығындардың есептік-төлемдік құжаттарын тексеру;

  • қаржылық бюджеттік рұқсаттарда шешілген лимиттер шегінде кассалық шығындарды бюджеттік кодтар бойынша есептеу;

Шығындық операцияларды жүзеге асыру Қазынашылықтың территориялық органдары мен тапсырыс берушінің төлеуге шоттары негізінде, жасалған жұмыстардың актісі негізінде жасалады.

Қазынашылық органдарында есептік – кассалық қызмет көрсетілуде жергілікті бюджеттен қаржыланатын 523 мемлекеттік мекеме бар, оның ішінде147 мекеме облыстық басқарма мекемесімен қамтамасыз етіледі, ал аудан мен қала бөлімдері бойынша Қазынашылық – 376.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет