1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих


Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері



бет23/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   127
Байланысты:
МЕ сұрақтары

19. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.
Наймандар — қазақ халқын құраған ежелгі ірі түркі тайпаларының бірі. Наймандардың тарихта ірі мемлекет және сол ғасырдың беделді тайпасы болғанын парсы тарихшысы Рашид әд-Дин жазады. Найман тайпасы көптеген хандықтар, ұлы ұлыстар мен қағанаттардың негізін көтерген соның бірі Шыңғысхан империясы. 15 ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Қазақ хандығын құрушы Керей мен Жәнібек сұлтандарды бірінші қолдаған тайпа. Наймандар Қытай деректерінде Орта Азияның көне және Алтай тауы мен Саян жотасының ең мықты тайпасы ретінде жазылады.Тарих Еділ қағанның заманынан басталады Наймандар 3 ғасырда Теле тайпасы ретінде Ғұн мемлекетінің іргетасын көтергені жайлы көнеқытай деректерінде жазылған,Найман тайпасының әр руының өз қағандығы мен хандығы болған мысалға: Шан Матай империясы (Ежелгі Қытай) сияқты мемлекеттер - біздің эрамызға дейінгі II ғасыр наймандардың әр руынан құрылды. Б.з.д Біздің эрамызға дейін, Закавказьедегі Оногор-Найман хандығы, Найман-Боарикс империясы - II ғ. Б.з.д д., Иранның солтүстігіндегі Хан Матаев-Мадия(Медиа) империясы - VI ғ. Б.з.д д., Египеттегі Найман-Гиксос империясы - шамамен 18 ғасыр. Б.з.д Б.з.б., Найман қағанаты - IX -XIII ғғ. Б.з.д Б.з.д., Садыр-наймандар Тан империясы (ерте ортағасырлық Қытай)-VX ғғ., Аттиладағы ғұн-наймандар империясы-IV-V ғғ., Қырымдағы Оногор-наймандар мемлекеті (княздігі)-VI ғ. , шығыс Қазақстандағы Юебань империясы - III -VIII ғғ., Киев қағанаты - X ғ., Қараханид қағанаты - IX -XIII ғғ., Жетісудағы Күшлік -хан империясы - XIII ғ., Найман Ақсақ Темір империясы - XIV ғ. және басқалар.Қытай тарихында сақталынған 9-12-ғасырлардағы «Қидан деректері (ляушы, 辽史) » мен «Алтын патшалығының деректерінде (жиншы 金史) » наймандардың бұрынғы аты «жанбон», «жанбақ», «жәнбагі», «жанбағ» (қытайша: 粘拔恩 немесе 粘八噶) деп жазылған. Найман атауын қидандар Алтай тауларындағы сегіз өзенді айнала орналасқан тайпаларға берген, кейін осы атпен Найман аталып кетті. [4] Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген. Көптеген зерттеушілердің пікірінше “найман” атауы моңғолша “сегіз” деген сөзді білдіреді. “Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес халық болды. Олар 8 ғ-дан бастап “сегіз оғыздар”, кейінірек “цзбу-бу” одағын құрап келді. “Найман” сөзі оларға көрші халықтардың берген атауы” деп жазды Л.Л. Викторова. Әбілғазының пікірінше: “наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық”. “Селенга тас жазуы” деп аталатын 750 ж. тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде, “Ляо ши” жазбаларында (8 ғ.) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі. Сегіз оғыз жұртын әуелі “найман аймақ” (“сегіз тайпа”) деп 10 ғ-да қидандар атай бастаған деген топшылау бар. Кейіннен моңғол империясының дәуірлеуі бұл сөздің негізгі атау орнына қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған. Зерттеушілер бұл тайпа 10 ғ-дан “найман” деп атала бастаса да, 13 ғ-ға дейін бұрынғы “сегіз” аты қосарлана айтылып келгенін алға тартады.Батысында Ертіс өзені бойындағы қаңлылар, солтүстігінде қырғыздар, шығысында Орхон, Селенга бойын алып жатқан керей, меркіттермен және оңтүстігінде Ұйғыр, Ся жұртымен іргелес тұрды. Жазба деректер бойынша алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инаныш Білге Бұқа хан тұсында нығайды. Ұлы Жібек жолында орналасқан. Найман мемлекетінің көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды. Рашид әд-Дин “Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды” деп жазды. Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары “Бұйрық”, “Күшлік” деп аталды. Инаныш Білге өлген соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғысхан әскери күшінің артуымен тұстас келді. Шыңғысхан және керейлер ханы Тоғрыл (Уаң хан) бастаған қол 1199 жылы Бұйрық ханның, 1204 жылы Таян ханның ұлысын басып алды. Олардың Жамұқа бастаған тайпалар одағының күшімен бірігіп, моңғолдарға қарсы тұрмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Жетісу жеріне келіп, Найман мемлекетін саяси-әлеум. жағынан қайта күшейтуге тырысқан Таян ханның ұлы Күшлік ханды Шыңғыс ханның Жебе бастаған қолы өлтірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет