Бұл стильдің сол кезеңде болғанының басты мысалы жеке тұлғалардың бір-біріне жазысқан хаттарынан аңғаруға болады. Ол хаттардың кейбірі жеке отбасылық мазмұнда болса, кейбірі ресми мәселелерге арналған. Мәселен Ильминский жалғыз Ыбырай Алтынсаринмен ғана емес, сол кездегі оқыған қазақ азаматтарының көпшілігімен хат арқылы байланыс жасағаны белгілі.
Публицистикалық стиль
"
Бұл стильдің қалыптасуы 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап ескі қазақ жазба тілінде басылып шыққан «Түркістан уалаяты» мен 1888 жылдан бастап жарық көрген «Дала уалаяты»газеттерінің халыққа таралуымен байланысты.
Аталмыш кезеңдегі көркем әдебиет нұсқаларының басым бөлігінде дәстүрлі жазу нормалары қатаң сақталып, ескі тіл бірліктері молынан қолданыс тауып отырады. Бұл дәуірдегі көркем әдебиет үлгілерінің үлкен бір бөлігін қиссалар құрайды. Ескі тілдегі қиссалар екі түрлі мазмұнда, діни және шығыс үлгілеріне негізделіп жазылды.