113. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері, қиыншылықтары мен кемшіліктері. Қазақстанның шаруашылығы: ежелгі уақыттан егемендікке дейін. Біздің Отанымыздың қазіргі шаруашылығы бірнеше ұрпақтың еңбегімен жасалған. Оның қалыптасуына қоғам дамуының тарихи жағдайлары үлкен әсерін тигізді. Бұл ұзақ та күрделі үрдісті 4 кезеңге бөлуге болады.
Қазақстан экономикасының даму кезеңдері:1.Көшпенді – мал шаруашылығы экономикасы-5000 жыл бұрын-ХІХ ғ.ортасында2.Нарықтық экономиканың пайда болуы- ХІХ ғ. ортасы-1920 ж. Аяғы3.Жоспарлы экономика –1920 ж. Аяғы-1990 ж. Басы4нарықтық экономикаға қайта оралу –ХХ ғ. 90ж. Басынан қазіргі уақтқа дейін
Бірінші кезең өзіндік ерекшелігі бар көшпенді мал шаруашылығының ұзақ уақыт бойы қалыптасу уақытын қамтиды.
Екінші кезеңде (XIX ғ. орта-сы — 1920 жж. аяғы) Қазақстан нарықтық экономика пайда бола бастаған Ресей құрамында болды. Жаңа қалалар, кен өндіру және фабрика-зауыт өнеркәсібі пайда болды. Түсті металл, алтын, кө-мір, ас тұзын өндіру басталды. Жер астынан алғашқы мұнай фонтаны атқылады. Зырян кенішінде Ресейдің алғашқы су электр станциясы ток берді. Тамақ өнімдерін, сабын, мата, аяқ киім, құрылыс материалдарын, қарапайым еңбек құралдарын шығаратын жүздеген шағын кәсіпорындар жұмыс істей бастады.Егістік жерлер аумағы ұлғайды. Жиналған астықтың 1/3 жуығы базарда сатылды. Үй жануарларының саны көбейді.
ХІХ-ХХ ғғ. аралығында алдымен «подъездік», сонан соң Орынбор-Ташкент және Трансібір темір жолдары пайда болды.Сауда дамып, жәрмеңкелерде сауда қызды, Ресей банктерінің бөлімдері ашылды. Сарыарқаның солтүстігінде Қазақстандағы алғашқы Шортанды-Бурабай курорттық зонасы құрылды. Білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерінің негізі қаланды.Қазастанның ең кірісі мол кәсіпорындарында американ, ағылшын және француз компаниялары орныға бастады.Дегенмен, Қазақстан Ресейдің шеткі аймақтарына тән артта қалған, ауыл шаруашылықты (аграрлы.) экономикалық аудан болып қала берді. Халықтың негізгі бөлігінің тұрмыс жағдайы өте төмен болды.
Үшінші кезең (1920 жж. -1990 жж. басы) біздің тарихымыздың кеңестік кезеңімен сәйкес келеді. Кеңес Одағында нарықтық қатынастар ығыстырылып, жоспарлы экономика қалыптаса бастады. Ел индустрия-ландыру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бет бұрды. Бұл кезең 3-ке бөлінеді.
Соғысқа дейінгі кезде (1928-1940 жж.) Қазақстанда 860 зауыт салынып, одақтық маңызы бар отын базасы мен түсті металлургия қалыптасты. Қарағанды көмір алабы игеріле және көлік қатынасы жылдам дами бастады. Алғашқы тұрақты әуе жолы Қызылорда мен Мәскеу арасын байланыстырып тұрды. Қазақстандағы ең ұзақ Түркістан-Сібір темір жолы мен Гурьев-Орск мұнай құбыры іске косылды.
1940 жылы Қазақстан КСРО бойынша өндірістік өнім шығарудан 6-орынға ие болды. Оның халық шаруашылығындағы үлесі 60%-ға жетті. Экономика аграрлық сипаттан индустриалды-аграрлы сипатқа айналды.
1-мысал. Қарағанды шахтерлері өздеріне Украинаның Пархоменко атындағы кеніш-шахта құрал-жабдықтарын шығаратын зауытты орналастырды. Эвакуацияланған құрал-жабдықтар шахтамен қатар ірі электр станциялар мен Самарканд (Теміртау) елді мекеніндегі болат балқыту зауытына да қолданылды.
Қазақстан Ұлы Отан согысы кезінде тылға көшірілген 1360 за-уыттар мен фабрикалардың 140-тан астамын өзіне қабылдады. Олар республиканың индустриалдық қуатын нығайтып, оның жаңа салаларының пайда болуына негіз болды.
Тылға көшірілген кәсіпорындар темір жол қатынасы бар қалаларға (Оралда, Петропавлда, Ақтөбеде, Көкшетауда, Семейде, Алматыда, Шымкентте, т.б.) орналастырылып, жылдам іске қосылды. Республика экономикасы қалыптасқан соғыс шаруашылығына, майданның ірі арсеналдарының біріне айналды. Бүл кеңес халқының герман фашизмін талқандаудағы Ұлы Жеңісіне Қазақстанның зор үлесін қосуына себеп болды.
Қазақстанның ғылыми базасы да кеңейе түсті. Республика эва-куацияланған 13 ғылыми мекемені қабылдап алды. Жаңадан 14 ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ) ашылды. Мұның өзі академик Қаныш Имантайүлы Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын 1946 жылы құруға мүмкіндік берді.
Соғыстан кейінгі уақытта (1946-1990 жж.) экономикада орасан зор өзгерістер болды. Олар тың игерумен, өнеркәсіп алыптарын салумен, көлік қатынасы мен халыққа қызмет көрсету саласының қарқындап дамуымен байланысты болды.
25 млн га тың жердің игерілуі Қазақстанды КСРО-ның ірі астықты өлкесіне айналдырды. Бүкілодақты бидай өндіруде оның үлесі 1/5-ге жетіп, ал оның ең бағалы сорты- қатты бидай өндіруде 1/2 бөлігін құрады. Республика елдегі жан басына шаққандағы мал саны жөнінен алдыңғы орынға шықты. Қой басын 50 миллионға жеткізу көзделді.
Өзіне «алтын онжылдықтар» болып саналған 1960 жылдары өндіріс аса жоғары қарқынмен дамыды. Жүздеген өндіріс орындары іске қосылды. Олардың көпшілігіне «ерекше» (Шевченкодағы суды тұщыландыратын атом қондырғысы), «Әлемдегі бірінші» (Шевченко атом электр станциясындағы жылдам нейтронды өндірістік реактор) немесе «Әлемдегі өңірі»
(«Богатырь» көмір кесіндісі, Ермактағы ферроқорытпа зауыты, Өс-кемендегі титан-магний комбинаты) деген сияқты ерекше атақтар берілді.Дамудың үшінші кезеңінде, 1940 жылдардың аяғынан бастап Қазақстан экономикасына ғылыми-техникалық революциясының (FTP) әсері күшейе түсті.
Оның негізін мүлдем жаңа техника мен технологияга қол жеткізген ірі ғылыми ашылулар құрады. Олар қысқа мерзім ішінде өндірісті, еңбекті, мәдениетті, адамзаттың тұрмысы мен психологиясын толығымен қайта өзгертті. ҒТР-ның символы болып электронды есептегіш машиналар мен атом электр станциялары (АЭС), ғарыш кемелері мен өнеркәсіп роботы, реактивті ұшақ пен теледидар, ұлы телефон мен Интернет жүйесі саналады.
Біздің елімізде FTP тек өнеркәсіпті ғана қамтыды. Оның атомдық, титан -магнийлік және басқа да маңызды салалары пайда болды. Шығыстағы Өскемен қаласында дүние жүзіндегі ірі Үлбі металлургия зауыты, атом электр станциялары үшін отын өндіре бастады. Қорғаныс зауыттары байланыс құралдары мен зымырандар, микросызбалар және басқа да күрделі өнімдер шығарды.
Қазақстан жері күрделі инженерлік-техникалық кешендердің — әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы Байқоңыр мен аты шулы Семей атом полигонының құрылысы үшін таңдап алынды. Осы жерде адамзаттың ғарыштық дәуірі басталды. Қазақстан жерінен Кеңес Одағының азаматы Юрий Гагарин ғарышқа «аяқ басқан» тұңғыш адам болды.Семей полигонындағы сынақтар КСРО-ның «ядролық қалқанын» жасау үшін «жұмыс істеді». Алайда ол сан мың адамға қайғы мен қасірет әкелді. Аумақты жерлер радиоактивті ластануға ұшырап, соның салдарынан халықтың ауруға шалдығуы мен өлім-жітім күрт өсті. Сондықтан ел Президенті Н. Ө. Назарбаев 1991 жылдың 29 тамызында арнаулы бұйрықпен полигонды жапты. Бірақ оның ғылыми-техникалық базасы Қазақстан Республикасындағы түңғыш технопарктің — атом технологиясы паркінің ядросы болып қалады.
Үшінші кезеңде Қазақстан артта қалған аграрлык шет аймақтан елдің ірі өндірістік және ауыл шаруашылықты ауданына айналды. Ол өндірістік өнім өндіруден КСРО-да 4-орынға және ауыл шаруашылығы өнімі жөнінен 3-орынға шықты. Оның экономикасы КСРО-ның біртұтас шаруашылық кешенінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды. Қазақстанда жасалған тауарлар-дың 1/3 республика аумағынан сыртқа шығарылды. Оның кәсіп-орындарының жалпы Одақ бойынша мыңдаған серіктестері болды.Бірақ жоспарлы шаруашылық күрделі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді де тудырып отырды.
Ұлттық кірістің өсу деңгейі де төмендеді, ал 1987 жылдан бастап мүлдем азайып кетті. Республика алдыңғы қатарлы елдерден еңбек өнім-ділігі жөнінен артта қала бастады. Қазақстандық жұмысшы 1990 ж. американ жұмысшысына қарағанда өнімді 4,5 есе кем өндірді. Ауыл шаруашылығында бұл айырмашылық 11 есеге жетті. Өнім сапасы, әсіресе, халық тұтынатын тауарлар сапасы төмендеп кетті. Экономика адам қажеттілігіне қызмет етуден гөрі отын, шикізат, металл өндіруді арттыруға бағытталды. Қазақстан 5 млрд доллардың өнімін шетке шығара отырып (әлемдік бағамен алғанда) өзін-өзі дамытуға қаржы жеткізе алмады. Оның 1/5 КСРО-нын мемлекеттік бюджетінен демеуқаржы алу арқылы қамтамасыз етілді. Азық-түлік, киім, аяқ киім және басқа қажетті тауарларға тапшылық күшейді. Олардың кейбір түрлері карточка бойынша таратыла бастады. Айлар бойы еңбекақы алмау «әдетке» айналды. Экономикалық жағдай КСР Одағын ыдырата бастаған мәселелермен күрделене түсті.Сонымен бірге қоғам ел өмірінде түбірімен өзгеріс жасау қажеттілігін анық түсіне бастады.Осындай жағдайда 1990 ж. басында Қазақстанның дамуынын жаңа төртінші кезеңі — мемлекеттік егемендік пен нарықтық экономикаға қайта оралу кезеңі басталды. Оның алғашқы кезі — тығырық кезі -өте күрделі болды. Кеңес Одағы жойылғаннан кейін алып елдің біртұтас шаруашылығы ыдырады. Жекелеген республика кәсіпорындарының арасындағы байланыс әлсіреді немесе мүлдем үзілді. Көптеген зауыттар тоқтап қалды. Қазақстан өндірісі 1994 жылы 1990 жылға қарағанда өнімді 2 есе кем өндірді. Мал басының саны 3 есе азайып, астық өндірудің 1/3-і ғана қалды. Баға мен жұмыссыздық қаулап өсті. Халықтың тұрмыс деңгейі құлдырап кетті. Тығы-рық жағдайы нарықтық реформаны жылдамдата түсті. Бұл реформаның мақсаты — Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағынан қайта өрлеуін, ұлттық экономиканың гүлденуін, халықтың жағдайының жақсаруы мен қазақ мемлекеттігінің нығаюын көздеді.
Экономика «ырықтандыру», (либерализациясы), жекешелендіру, ұлттың теңгенін енуі жөне саяси тұрақтылық іскерлік белсенділік пен кәсіпкерліктің өсуіне әсер етті. Елге ұзақ уақыттан кейін «үлкен» шет елдік капитал қайта оралды. Экономикадағы жағдай біртіндеп түзеліп, 1996 жылдан бастап ол көтеріле бастады.
Қазіргі Қазақстандағы экономикалық жағдай тауар өндіру мен қызмет көрсетудің өсуімен, халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуі мен сипатталады. Он жыл көлеміндегі төмендеуден алғаш рет халық саны көбейе түсті. Жұмыссыздық азайды. Елде отандық кәсіпкерлердің сансыз көп «таптары» «өсіп шықты». Үлкен ақша қорлары жинақталды. Ондаған қазіргі заманғы зауыттар, жаңа темір жолдар мен құбыр желілері салынды. Өз теңіз сауда флоты пайда болды. Көптеген қалаларда өзгерістер жүргізілді. Тұтыну тауарларының тапшылығы мен дүкендердегі кезектер жойылды. Қоғам кедейшілік, жұмыссыздық, ауылды көтеру, тұрғын үй салу және басқа да маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге кірісті.
2004 жылы елдегі тауар өндіру, қызмет көрсету алғаш рет 1990 жылғы деңгейді басып озды. Ол экономиканың өсуін қалпына келтіру кезеңі аяқталып, келесі даму кезеңіне аяқ басқандығын білдіреді. Оның негізгі мақсаты — экономиканы қайта құру құрылымын қамтамасыз ету, Қазақстан тауарларының бәсекелесу қабілетін көтеру және елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалыптастыру.