1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих


Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер



бет116/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   127
Байланысты:
МЕ сұрақтары

118.Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.
Бүгінгі Қазақстан үшін ең маңызды қос мәселе - Көші-қон мен демографиялық өсім екені түсінікті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты да аталған мәселені оңтйлы шешуге қарата бағытталып отырғаны жайлы жазып келеміз.
Қазақ халқы небір алмағайып күндерді бастан кешті. Десе де, халқымыз «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бүгінгідей бақытты, бейбіт күнді ешқашан көрмеген болар. Бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған байтақ даласы бізге қалай мирас болса, осы ел мен жердің тәлейіне туған Нұрсұлтан Назарбаев алыстағы ағайынды Отан құшағына оралтып, қазақ тарихында алтын парақтар ашты.
1999 жылғы санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.Әдетте қазақтардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу қарқыны жоғары.
Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады. Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам.
Қазақтардың 2000 жылдың басындағы барлық саны:Қазақстанның өзінде 8 млн 590 мың. Бұрынғы посткеңестік, қазіргі дербес республикаларда 3 млн 837 мың.Шалғай шетелдерде 2 млн 263 мың. Ал 1999 жылдың аяғы мен 2001 жылдың басындағы өтпелі Маргиналдар мен метистері қосқанда исі қазақ саны 15 млн-ға толады. Соның 12,5 млн таза қазақтар қалғандары ұлттық менталисті анықталмаған ділі шала қазақтарАлыс және жақын шетелдегі қандастарымыздың саны 6 млн 100 мың (метис пен маргиналдарымызбан бірге).Қазақстанға миграциялық ағым осы Республика мен елдер жағынан біртіндеп күшейе түсуде.
Біздің есептеуіміз бойынша соғыстан бергі соңғы жылдары Қарақалпақстандағы қазақтардың үштен бірі, Түркіменстандағылардың үштен екісі өздері шыққан атамекені Қазақстанға қайтқан. Бұл процес осылайша стихиялы түрде жүре отырып 2020-2030 жылдары қазақтың етек жеңі біршама жиналып қалады. Біздің есептеуіміз бойынша алдағы он жылдықта Қазақстанға 300 мыңдай қазақ қайтуы ықтимал, 1996 жылы Монғоиядан 130 мыңға жетерлік бауырларымыз көшіп келген екен.
Осындай миграцияның 12-17 мыңдық мөлшері жыл сайын алда сақтала бермек. Дәл бүгінгі күні жыл сайын бұрынғы Одақтас Республикалардан Қазақстанға 10-15 мыңға жық қазақтар қайтып оралуда. Ол 1992 ж 24 мыңға дейін жетті. Алда осы сияқты өз еліне береке молшылық ала келетін “Майтабандар” көші-қоны бұданда кең етек жояды. Бұл қозғалыс жақын болашақта Республикамыздағы қазақтар саны келесі ғасырдың ортасына дейін 4-5 млн қомақты үлес қоса алады.
Қазіргі таңда Президенгтіміздің жолдауы бойынша әр жыл сайын мемлекеттік квотаның көлемін кең дегенде 15 мыңның үстінде ұстап отырып, экономикамыздың дамуына орай квоталар санын бұдан 2 есеге көбейту жоспарланып отыр.
Үкіметтің жоспарлап отырған жылына 15000 квота мен біз шете елдердегі қандасатрымызды жақын арада көшіріп алу мүмкін емес. Шет елдердегі қандастарымыз жағдайы келгендері яғни өз күшімен көшіп келе алатындары квотаға қарамай өз қаражатарымен келеуде.
Оралмандар өз тарихи отанына келу үшін көптеген қиыншылықтарға кездеседі:
Тұрғылықты жерінен отанына қайту үшін рұқсат алуы керек. Ол мемлекет Қазақстан Республикасымен Көші-қон туралы келісім шарт жасасқан болса онда қандасымызға виза алу көп қиындық болмайды. Ал егер де ондай келісім-шарт жасалмаса онда виза алу да көп қиындықтар болады.
Қазақстанға келгеннен кейінгі азаматтық алу қиындықтары. Азаматтық алғаннан кейін берілмейтін жәрдем ақының тоқтатылуы. Мамандығы бойынша жұмыс табу, егерде мамандығы болмаса жұмыс табу қиындығы, әлеуметтік жағдайының нашарлауы т.б.
Көшіп келудің түрлі қиындықтарына қарамастан көшті тоқтатпау керек.Үкіметтің осы мақсатта жүргізіліп жатқан жұмыстары да оралмандарды қолдау мақсатында жүргізілуде. Шет елдердегі ұандастарымызды көшірудегі мақсаттың бірі ол өмір сүріп жатқан халыққа сіңісіп кету қауіпі. Мысалыға: Өзбекстандағы қазақтардың көпшілігінің өзбек болып жазылып кетуде. Қаржы қиынықтарына байланысты ол елдегі мектептердің жабылуы, Соңғы уақыттағы екі ел арасындағы салқындықта екі ел арасындағы көші-қон мәселесін тежеуде. Осы мәселелерді шешуде екі жақты келісөздер жүргізілуде
Көші-қоны үрдісінде көшіп жүретіндердің құқықтарын реттеу үшін ең маңыздысы болып - азаматтық институт табылады. Оның маңызы көшіп келушілердің еліміздің азаматтығын алуға ниет білдіргенінен басталады. Осыған орай азаматтықты алу мен тоқтатудың да құқықтық реттелуінің маңызы зор. 20 желтоқсан 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының Азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы бойынша азаматтықты ала алмайтындар белгіленген. Олар: қылмыстылықпен байланысты; Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен біртұтастығын бұзуға байланысты; халықтың денсаулығы мен мемлекеттік қауіпсіздікке зиян əкелетін; мемлекетаралық, халықаралық жəне діни алауыздықты жандыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің қызмет етуіне қарсылықтың болуына байланысты; басқа мемлекеттердің азаматтығында болуымен байланысты жағдайларды қамтиды. Отандастар үшін бұл заңда азаматтық алу тəртібі жеңілдетілген. Елімізде азаматтық мəселе тек ұлттық заңнамалармен ғана емес, сонымен қатар, халықаралық құжаттармен де реттелінеді. Мысалы, 19 қаңтар 1996 жылы Мəскеу қаласында ТМД мемлекеттер-қатысушылар азаматтарының азаматтық алу тəртібінің жеңілдетілуі туралы Конвенция қабылданды. Бұл құжатта ТМД мемлекеттер– қатысушылардың азаматтарының азаматтық алу тəртібінің жеңілдетілген нысанын көздейді. Егер арызданушы бұрын КСРО–ның азаматтылығында болып, сол аумақта 21 желтоқсан 1991 жылға дейін жəне Конвенцияның күшіне енуіне дейін тұрса жəне де егер арыз берушінің туған– туыстары, ері не зайыбы, баласы, əкесі не анасы, ағасы, атасы не апасы, немерелері келісіліп жатқан жақтың аумағында тұрақты тұрып, оның азаматы болса, азаматтықты жеңілдетілген түрде алады. Соның ішінде Белоруссия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикалары мен Ресей Федерациясы арасында азаматтықты алу тəртібін жеңілдету туралы келісімдері жасалған.
Еңбектің ішкі нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі республика аумағына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін енгізілетін шетелдік жұмыс күшіне квота бекітіп, оның орындалуын қамтамасыз етеді.
Қазақстанда заңды көшіп келушілермен қатар, заңсыз көшіп келушілер де бар. ТМД мемлекеттерінің шекараларында қатаң бақылау жүзеге асырылмағандығы, Қазақстан аумағының геосаясаттық орналасуы жəне заң актілерінің жетілмеуі, қолайлы экономикалық жағдайы, əлеуметтік-саяси тұрақтылық, заңсыз көші-қонының пайда болуына əсер ететін негізгі факторлар болып табылады. Заңдастыру барысында Қазақстан аумағында заңсыз еңбек етіп жүрген 164,5 мың шетел азаматтары ұсталынды.
Осы мəселені қарастыра келе, мемлекеттік көші-қон саясаты жүзеге асыру қажеттілігі байқалады, оның ішінде көші-қоны ағымдарын реттеу үлкен маңызға ие болып отыр. Қазақстан мемлекетінің санын толтыру үшін, дамып жатқан көші-қон үрдісінің теріс салдарларының алдын- алу қажет. Заңсыз көші-қонының қауіптілігі елдің демографиялық жағдайына да əсер етеді, мемлекеттің өзіне де қауіпті.
Елімізде əлі де болса шешілмеген бірқатар мəселелер бар. Қазіргі уақытта ішкі миграцияның саны өсуде. Ішкі көші-қонның негізгі бөлігі ауылдық жерлерден көшумен жалғасып отыр. Осыған орай көші-қон айырымы төмендеп отыр. Білікті мамандардың азаю қаупі бар. Оралмандарға əлеуметтік қолдау көрсету жүйесін ары қарай жетілдіру қажет. Иммигранттардың квотасына енгізілген əлеуметтік жəрдемақының негізгі бөлігі тұрғын үймен қолдауға жəне отбасыларын көшіруге кетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет