1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих


Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі



бет19/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   127
Байланысты:
МЕ сұрақтары

14. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі.
Ертедегі оғыз тобының орныға бастауы Батыс Жетісумен байланысты. Оғыздардың тарихи аңыздары да осы пікірді қуаттайды, оларда оғыздардың алғашқы ата-бабаларының бірінін Ыстықкөл маңында болғаны айтылады. Бұл арада жетісулық (ежелгі оғыз- дық) рулық-тайпалық бөліністер еске алынып отырса керек, олар кейін қалыптасқан оғыз тайпалар одағына кірген болатын. Атақты Оғыз ханның Таластан Еділге дейінгі аралықтағы жерлерді жаулап алғаны туралы тарихи аңыздарда, онын әскерлерінде өздерін «октуғра-оғызбыз» деп атайтын бірнеше мың үйдің болғаны айтылады. Бұл атаудағы «оқ» деген термин назар аудартады, ол «жебе», «ру», «тайпа» деген ұғымдарды білдірген. Айтарлықтай бір жай сол, неғұрлым кейінгі кезде жебе белгісі ұшұқтардық — огыз әскерінің сол қанатына жататын бір фратрияның эмблемасы болды.Печенегтермен ұзақ уақыт шайқасу тайпалардың оғыз одағының саяси топтасуына себепші болды. Оғыз конфедерациясы кірме элементтердің Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы тұрғындарымен араласуының нәтижесінде құрылды. Оның құрамына қанғар-печенегтердің біразы және Сырдария аңғарының, Арал маңының және Каспийдің солтүстік төңірегінің, басқа да далалық тайпаларының біразы енді. Бұлар арғы тегі үнді-еуропалық және фин-угорлық болғанымен, бара-бара түріктенген тайпалар еді. Олардың бірсыпырасы Арал теңізінен Каспийдің шығыс жағалауына дейінгі даланы мекендеген аландар, астар болды. Тегінде, Батыс Арал өңірінің дала халқы да осындай аралас халық болса керек, онда оғыздарға дейін VIII — IX ғасырларда бажғарлар, нұқардалар және бажналар мекендеген. Осы топтардың арасындағы тығыз қарым-қатынастың арқасында этникалық және мәдени жақындасу жүзеге асты. Қалаларда басқа жақтан келіп қоныстанушылар саны оғыздардың отырықшы топтарынан көп болса керек. Мәселен, X ғасырда Жанкент, Жент, Хора тұрғындары негізінен алғанда «мұсылмандар» болған, ал ол кезде оғыздардың негізгі бұқарасы, соның ішінде олардың билеушілері де әлі ислам дініне кірмеген еді.X ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Оғыз державасының саяси орталығы ретінде Янгикенттің тандап алынуына көптеген жағдайлар себеп болады. Бұлардың ішіндегі ең бастысы оның Азияның ірі егіншілік өңірлерімен, Хорезммен және Мауараннахрмен түйісіп жатқан жердегі географиялық орны болды. Янгикент кимек даласы арқылы Сарысу, Қаракеңгір, Есіл және Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде болды, Сығанақ пен Оңтүстік Оралға баратын сауда жолы осы қаланың үстінен өтетін еді. Басқа да ертедегі феодалдық саяси бірлестіктер сияқты оғыздар мемлекеті де тұтас топтасқан мемлекет болған жоқ. Әл-Идриси оғыздарда, хандар болар, бірнеше «патшалардың» болғаны туралы айтады. Ірі бірлестіктерді басқарған бұл көсемдердін ордалары бекіністі орындар болды, оларда қазына және азық-түлік сақталды. Оғыз хандары өздерінің иеліктерін қорғау үшін арнайы әскери отрядтар құрды, ал соғыс шыққан және шапқыншылық жасалған кезде балашағасы мен мал-мүлкін алып, қамалдарға тығылды.Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік табиғаты жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. Онда әскери-демократиялық құрылыстың қойнауынан өсіп шыққан ел билеу институттары сақталды, ал жабғудың билігін ірі әскери-тайпалық ақсүйектердің кеңесі шектеп отырды. Ескі рулық-тайпалық институттардын тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. Басқару аппараты қалыптасты. X ғасырдың аяғында-ақ уақытылы алынып тұратын алым-салық жүйесі болды. Ханның салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы атты отряд болып құрылды, ал алым-салық төлеуден бас тартқан «бүлікшілерге» жазалау отрядтары жіберіліп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет