1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Тарих


Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы



бет85/127
Дата29.12.2023
өлшемі2,06 Mb.
#144796
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   127
Байланысты:
МЕ сұрақтары

87.Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы.
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бергі кезеңде өзінің ішкі, сыртқы саясатында ынтымақтастық, бейбітсүйгіш бағытын ұстанып келеді. Бүгінгі таңдағы əлемнің бірқатар елдерінде саяси, əскери келіспеушіліктер мен қақтығыстардың орын алуы кез келген елде қауіпсіздік, елдің біртұтастығы мəселесін алдыңғы қатарға шығарады. Бұл үшін өскелең ұрпақтың, жалпы ел азаматтарының отан қорғау қабілетін, патриоттық сезімдерін дамыту бүгінгі қоғамның басты міндеті болып табылады.
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы аталып өткен кезеңде Қазақстан тарих ғылымында соғыс жылдарындағы республика тарихына қатысты мəселелердің зерттелуі маңызды болып отыр. Ұлы Жеңістің кеңес халқына қаншама адам шығынымен, материалдық-техникалық зардаптарымен келгені анық. Күші басым жауға қарсы күрес тек қан майданда ғана емес, сонымен қатар фашистер уақытша басып алған жерлерде де жүргені белгілі. Жау тылындағы партизандардың астыртын қызметі, кеңес əскерімен бірлесе жүргізген əрекеті фашизмді жеңудегі маңызды фактордың бірі болып табылады. Қазақстандық жауынгерлердің партизандар қозғалысына қатысуы мəселесі əлі де талай тың зерттеулерді қажет етеді.
Тақырыптың тарихи əдебиеттерде қарастырылуына, дерек көздеріне тоқталсақ, партизандық қозғалыстың мəнін, рөлін терең бағалау Коммунистік партияның құжаттарында, КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің құжаттары, баяндамаларында берілген. Партизандар туралы Кеңес Ақпараттық Бюросының хабарламаларында, мерзімдік басылымдарда айтылды. Соғыс жылдарының өзінде-ақ кеңестік партизандардың əскери əрекеттеріне қысқаша шолуларды Б. Волин, П.К. Пономаренко, Р. Сидельский жасаған. «Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының тарихы» атты көлемді ғылыми еңбектің алтыншы томында жау тылындағы кеңес халқының ерлігі, коммунистік партияның ұйымдастырушылық рөлі көрсетіледі. Партизандық қозғалыстың маңызды қорытындылары Л.Н. Бычковтың «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы партизандар қозғалысы», «Советские партизаны (из истории партизанского движения в годы Великой Отечественной войны)» атты еңбектерінде берілген [1; 10]. Қазақстандықтардың партизандар қозғалысына қатысуы туралы Қазақ КСР кеңестік дəуірдегі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы дамуы туралы жазылған бірқатар ұжымдық еңбектерде қысқаша сипаттамалар келтірілген. Бұл бағытта маңызды жұмысты партизандық қозғалысқа қатысушылардың өздері жасаған. Олар партизандар туралы естеліктер мен əңгімелер, күнделіктер, деректік повестер жазған. Мəселен, Т. Жангелдиннің «Партизан күнделігі», «Жолданбаған хаттар», «Партизандық жорық», Қ.Қайсеновтың «Партизан соқпақтары», «Жау тылында», тағы басқа да еңбектерді айтуға болады.
1941 жылы 18 шілдеде БКП (б) ОК «Неміс əскерінің тылында күресті ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулыда ерекше айтылатын міндет герман жаулаушылары үшін адам төзгісіз жағдай жасау, олардың байланыстарын үзіп, əскери техникаларын істен шығару, барлық іс- шараларын жүзеге асыруға жол бермеу, басқыншылар мен оларды қолдаушылардың көзін жою, атты жəне жаяу əскер партизандық бөлімдерді, диверсиондық жəне атқыштар топтарын құруға барынша көмектесу, басып алынған территорияларда жауға қарсы барлық жұмыстарды басқару үшін большевиктік астыртын ұйымдардың желісін құру болды. Сонымен қатар онда жау тылындағы күресті барынша белсендендіру туралы айтылды, бұл істі ұйымдастыруды республикалық, облыстық, аудандық, партиялық жəне кеңестік ұйымдардың жетекшілеріне жүктеді. 1941 жылы 28 шілдеде кеңес халқын жау уақытша басып алған аудандарда, жекелеген жау əскері бөліктерімен күресу үшін партизандық отрядтар мен диверсиондық топтарды құруға шақырды [2; 63].
Кеңес адамдарының асқан патриотизмінің көрінісі болып неміс-фашист басқыншыларының тылындағы бүкілхалықтық күресі болды. Тіптен басып алынған территориялардағы көпшілік кеңес азаматтары өлім қауіпін сепкен қатаң террор жағдайында да басқыншыларға мойынсұнбады, неміс билігінің экономикалық жəне саяси шараларын бұзу мен бүліктер ұйымдастыруға қатысты, олардың полицайларын жазалады. 1941 жылдың жаз-күзінде уақытша басып алынған аудандарда жасырын партизандық астыртын жұмыс жүргізушілер, комсомолдық ұйымдар жұмыс жасады. 1943 жылдың аяғында миллионнан астам кеңес халқы партизандық қозғалысқа белсенді қатысты.
А.М. Синицынның «Всенародная помощь фронту» деген еңбегінде құжаттық мəліметтер негізінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы фашист басқыншыларды талқандауда үлкен үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің жаппай патриоттық қозғалысы, ерікті ұлттық құрамалардың майдандағы ерліктері жəне басқа да мəселелерді көтерген. Мұндағы «Ұлттық құрамалар» деген тарауында партизандық бөлімдердің құрылу тарихы, соғыс уақытындағы атқарған қызметі баяндалады. Партизандар бөлімдерінің Қызыл Əскердің қуаты мен күшінің өсуінің маңызды қайнар көздерінің бірі болғандығын атап өтеді. Автордың көрсетуінше, 1941 жылдың басында жау тылында 250 мыңдай партизандар əрекет етсе, 1943 жылдың басында Белоруссия, Украина, Латвия, Литва, Эстония, Карелия жəне РКФСР жекелеген облыстарында 120 мыңнан астам партизандар соғысқанын көрсетеді. Толық емес деректер бойынша, партизан бөлімдерінде барлығы миллионнан астам адам соғысқан. 1943 жылы партизандар барлығы 11 мың поездарды аударуды, 6 мыңдай паровоздар мен шамамен 40 мыңдай вагондарды, цистерналар мен платформалардың көзін жойған немесе зардап келтірген, ал бұл уақытта халық кекшілдері 6400 темір жол жəне тас жол көпірлерін жойып, 22 мыңнан астам көлігін жарған [2; 65].
З.А. Швыдконың құрастыруымен жарық көрген «Шла война народная. Партизаны Великой Отечественной — казахстанцы» атты еңбекте соғыс жылдарындағы партизандық қозғалыстың тарихы, қазақстандық партизандар туралы біршама қызықты мəліметтер беріледі. Партизандардың жұмысын координациялау мақсатында Қызыл Əскермен 1942 жылдың мамырында Партизандық қозғалыстың орталық штабы (ПҚОШ), ал кейіннен республикандық жəне облыстық штабтары құрылды. Қызыл Əскердің кеңестік партизандармен өзара əрекетінің жарқын үлгісі болып жаудың темір жол желісі бойынша жаппай соққы беруі «Рельстік соғыс» болды. Бұл кеңес əскерінің 1943 жылдың жазғы шабуылы кезінде болды. ПҚОШ тапсырмасы бойынша жау тылына ауыр соққыны берген С.А. Ковпак, А.Ф. Федоров, А.Н. Сабуров, П.П. Вершигор, М.И. Наумов, С.В. Гришин, И.З. Коляд, А.В. Герман, В.З. Корж, М.Ф. Шмырев жəне басқаларының басшылығымен партизандық бөлімдер болды. Соғыс жылдарында партизандар жалпы 1,5 миллионнан астам неміс офицерлері, солдаттары, қызметкерлерінің көзін жойған. 21376 поездардың аударылуы, 116 бронепоездарды жарды, 16869 паровоз бен 170812 вагондарды қатардан шығарды немесе жойды, 4538 танк пен бронемашиналарды, 2500 түрлі калибрлі қару, 253 темір жол желілері мен стансаларын, 2900 ірі қоймалары мен материалдық-техникалық базаларын жарған [3]. Сонымен қатар партизандық бөлімдердің ұлттық құрамы туралы да айтып өтеді, мəселен, Украина партизандық бірлестігінде 1536 украин, 452 орыс, 263 белорус, 31 өзбек, 79 қазақ, 20 татар, тағы басқа ұлт өкілдері болғандығын көрсетеді. Ал екі рет «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған С.А. Ковпактың партизандық бірлестігінде 70-тен астам қазақ болған.
Н. Едігенов «Участие казахстанцев в партизанском движении в Белоруссии в годы Великой Отечественной войны» атты еңбегінде Белоруссияның 65 түрлі бригадалық бөлімдерінде бір жарым мыңдай қазақстандықтардың болғанын көрсетеді, олардың кейбірі партизандық қозғалысқа БКП(б) ОК, сондай-ақ Қазақ КП(б) ОК тапсырмасымен соғыстың алғашқы күнінен бастап қатысса, кейбірі еріктілер түрінде, жау тұтқынынан құтылып келіп қосылғандар болғанын да көрсетеді. Жау тұтқынынан, қоршауынан шығып партизандарға қосылғандардың қатарында қостанайлық И.А. Ерошенко, К. Темірханов, А. Данияров, М. Павлов, Е. Балатенов, И. Булаевты жəне басқаларын атап өтеді [1; 25]. Сонымен қатар Белоруссияның түрлі аудандарындағы партизандық бөлімдердегі қазақстандықтарды да атап көрсетеді. Малорит ауданында Ленин атындағы бригадада қазақстандық жауынгерлерден А.С. Королев, Ж. Даутов, Х. Қайсагин, П. Волошин, А. Дедов, П. Горбачевті көрсетсе, Коссовский, Телеханск, Картуз-Березовский аудандарында соғыс қимылдарын жүргізген Дзержинский атындағы партизандық бригадада сегіз қазақстандықтың болғанын жазады. Олар В.Л. Верещагин, И. Новаченко, К. Ержанов, П.И. Осипова, Т. Дүйсенов, П. Синицкий, И. Пашин, И.В. Бартов болған, басым көпшілігі көрсеткен батылдығы, ерліктері үшін II дəрежелі «Отан соғысының партизаны», «Əскери қызметі үшін», «Батылдығы үшін» медальдарымен марапатталған [1; 32].
«Великая Отечественная война, 1941–1945. События. Люди. Документы: Краткий исторический справочник» атты көлемді еңбекте соғыс жылдарындағы Жоғары командованиенің құжаттары, жалпы соғыс тарихына қатысты мұрағат құжаттары жүйелі түрде келтіріліп, шайқастардың тарихы, кеңес елінің соғыс жылдарындағы дамуы баяндалған. Онда барлығы соғыс жылдарында жау тылында Ресей, Украина, Белоруссия, Литва, Латвия, Эстония мен Молдавия жерінде 6200 партизандық бөлімдер, астыртын жұмыс жүргізушілер топтар əрекет еткенін, оларда миллионнан астам партизандар қызмет еткенін жазады. Əлеуметтік құрылымына байланысты мəліметтер береді: 1944 жылдың басында партизандардың 30% — жұмысшылар, 41 — колхозшылар, 29% қызметкерлер болған. Партизандардың оныншы бөлігін дерлік əйелдер құраған [4]. Партизандық құрамаларда Кеңес Одағының барлық ұлт өкілдері күресті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет