95. Қазақстанның КСРО өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі
Егіншілік және мал шаруашылық шикізаттарына бай аграрлық республика саналатын Қазақстанда алғашқы екі бесжылдықта тамақ жэне жеңіл өнеркәсіптің көптеген салалары шапшаң дамығаны айтпасада түсінікті. Бұл тек Қазақстан тұрғындарын ғана емес, сонымен қатар Орал, КСРО-ның Орталық және басқа да аймақтарын тұтыну заттарымен, әсіресе тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету талабынан туындады. Тамақ өнеркәсібінде ет, ұн, балық және қант өндірісі салаларының кәсіпорындары айрықша дамыды. Ет өнеркәсібі үш алыптың: қайта құрылған Орал еткомбинатының, жаңадан салынған Петропавл (1929-1931 жылдар) және Семей (1931-1934 жылдар) ет комбинаттарының еншісінде болды. Алматы, Карағанды мен басқа да ірі қалаларда ет комбинаттары іске қосылды. Алматы, Семей, Қарағанды және Шымкент ұн тарту комбинаттары, Қызылорда қаласындағы күріш өңдеу зауыты т.б. секілді ірі ұн-жарма кәсіпорындары бой көтерді. 1934 жылы айтарлықтай ірі Талдықорған және Мерке қант зауыттары іске қосылды. 1937 жылы айтарлықтай ірі Жамбыл қант зауыты жұмысын бастады. Гурьев балық-консерві комбинаты (1937 жыл) тамақ өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорындарының бірінен саналды.
Бұл жылдары жеңіл өнеркәсіп те біршама айтарлықтай дамыды: 1931 жылы Алматыда алғашқы тігін фабрикасы, Семей мен Алматыда жүн жуатын ірі кәсіпорындар салынды, Петропавл құрым зауыты т.б. кеңейтілді.. Әйткенмен, бұл жылдары Қарғалы шұга фабрикасы, Петропавл былғары зауыты, Петропавл мен Оралдағы пима басу зауыттары, Алматы, Семей және Оралдағы жүн жуатын кәсіпорындар т.б. тәрізді сол кезге дейін жұмыс істеп тұрған ескі кәсіпорындарды қайта құруға басты назар аударылды..
Соғыстың қарсаңында, үшінші бесжылдықтың алғашқы жылдары жеңіл және тамақ өнеркәсібі айтарлықтай табысқа жетті, кәсіпорындарды тиімді орналастыру жолға қойылды: Алматыда қуатты жаңа тігін фабрикасы салынды, ескісі қайта жөндеуден өтті, Семей былғары комбинаты жаңартылды, Семейде шұға комбинаты, Алматыда аяқ киім фабрикасы т.б. салынды. Семей, Петропавл және Орал ет комбинаттары өнім өндіруді арттырды. Нан пісірудің механикаландырылған тәсілі кеңінен таралды: Қарағанды, Алматы, Лениногорск және Балқашта автоматтандырылған нан зауыттары, ал Жамбыл мен Қызылордада механикаландырылған наубайханалар салынды. Қазақстанның ірі қалаларында сүт зауыттары іске қосылды, май шайқау зауыттарының саны өсті. Оңтүстік Қазақстанда мақта майын өндіру өнеркәсібі пайда болды, қайтадан салынған Шымкент май шайқау зауыты ірі кәсіпорынға айналды. Алматы жеміс-жидек комбинаты ірі кәсіпорын мәртебесін сақтады. 1938 жылы Алматы шарап зауыты алғаш іске қосылған кезден бастап шарап дайындау өндірісі дами бастады. Балық өнеркәсібі айтарлықтай табыстарға жетті, Каспий тенізі жағалауынан салынған Гурьев балық-консерві комбинаты мен 17 балық зауыты, Аралдағы қуатты тоңазытқыш пен 10 балық зауыты, Балқаштағы 5 балық зауыты мен тоңазытқыш осы саладағы ірі кәсіпорындар санатын құрады..
Республика өнеркәсібінің биік белеске көтерілуі соғыс қарсаңындағы жылдарда айқын аңғарылды, осы кезде 700 өндірістік және көлік-тасымал кәсіпорындары жаңадан құрылды. 1940 жылы республикада 2,5 мың жаңа және соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезеңінде қайта құрылған ірі өнеркәсіп орындары жұмыс істеді. Бұл ретте, Қазақстанның ірі өнеркәсібі өнімінің үштен екі үлесін еншілеген 268 жаңа және тұтастай қайта құрылған ірі кәсіпорындарда өндірістік қордың 80%-ынан астамы және республикадағы барлық жұмысшылардын жартысына жуығы шоғырландырылды..Сөйтіп, КСРО-ны индустрияландыруды жүзеге асыруға байланысты, Қазақстанда бұрынғы кәсіпорындарды қайта құру және әсіресе жергілікті шикізат көздері базаларында жаңа кәсіпорындар құрылысы, сондай-ақ жаңа қосымша жол қатынасы құрылыстары жоғары қарқынмен жүргізілді. Осылардың нәтижесінде Қазақстан аграрлық елден индустриялы-аграрлы республикаға айналды: 1940 жылы республика халық шаруашылығының жиынтық өніміндегі өнеркәсіптін үлес салмағы 1920 жылғы 6,3% бен 1932 жылғы 39,5%-дың орнына 60%-ға көтерілді, яғни ауыл шаруашылығының үлесі бір жарым есе (40%) асып түсті.. Соның арқасында бірінші бесжылдықтың басында белгіленген бұл негізгі міндет Екінші дүниежүзілік соғыстың басталар шағында табысты орындалды. Бұл ретте ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі құрылымындағы басым жағдайды өндіріс құралдарын өндіру саласы иеленген, оның өзіндік үлесі үшінші бесжылдықтың басында-ақ алдынғы орында болды және 1939 жылы 52%-ға жетіп, 1913 жылғы 27,2%-дан, 1927-28 жылғы 35,1% бен 1932 жылғы 49,3%-дан асып түсті. Бұл тұтастай алғанда ауыр өнеркәсіптің, атап айтқанда, металл өңдеу, түсті металлургия, көмір, химия өнеркәсібі,электр қуатын өндіру және басқа да салалардын неғұрлым шапшаң қарқынмен дамуының нәтижесі болып табылды. Дәл осы жылдары жедел түрде болмағанымен, біртіндеп, тұтыну заттарын өндірудің үлес салмағы: 1927-1928 жылдардағы 64,9% бен 1932 жылғы 50,7%-дан 1939 жылы 48,0%-ға дейін қысқарды..Сонымен қатар Қазақстанның өнеркәсіптік прогресінде республика экономикасының шикізаттық бағытын күшейткен бірқатар кемшіліктер мен олқылықтар орын алды, соның салдарынан, көптетен өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын жергілікті жағдайда өндіруді ұйымдастырудың барлық мүмкіндіктері болғанына қарамастан, олар үнемі сырттан әкелінді.
Өндіріс құралдарын өндіру мүмкіндіктеріндегі артықшылықтарға қарамастан, Қазақстан Орталықтан және елдің басқа аймақтарынан станоктар, приборлар, құрал-жабдықтар, машиналар, автокөліктер, тракторлар, комбайндар мен машина жасау өндірісі зауыттарының басқа да өнімдерін және құрылыс материалдарын ғана емес, сонымен бірге киім, аяқ киім және т.б. тұрғындар кеңінен пайдаланатын көптеген нәрселерді де алып отырды. Батыс Қазақстанның мұнайы өңдеуден өткізу үшін Ресейге жіберілді, ал жергілікті жерде мұнай өңдейтін бірде-бір зауыт болмады. Құрылыс материалдары өнеркәсібі әлсіз күйінде қалды. Кірпіш құю өндірісі жергілікті орындарда нашар ұйымдастырылмағанымен, көптеген материалдар, әсіресе әйнек пен цемент те сырттан тасылды. Жүн, мақта, былғары және басқа да шикізаттың орасан мол екеніне қарамастан, Қазақстанда бәрібір жеңіл өнеркәсіптің бірде-бір ірі комбинаты (тоқыма, мақта-мата және басқалары) салынған жоқ, ал бұрыннан бар ұсақ зауыттар мен фабрикалар жергілікті тұрғындардын киімге, аяқ киімге және басқа да жиі тұтынатын бұйымдарға деген қажеттілігін қанататтандыра алмады.
Орталықтың және КСРО-ның басқа да аймақтарының дамыған өнеркәсібі үшін Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі рөлі индустрияландыру жағдайында бұрынғыдан да күшейе түсіп, қарым-қатынас аясы ұлғайды. Бәрінен бұрын Қазақстан КСРО-ның жеңіл және тамақ өнеркәсібі үшін шикізат дайындаудың негізгі базасына айналды: 1940 жылы республика КСРО бойынша жуылған жүн мен сырт киімдерге арналған былғары тауар өндіруден төртінші, мақта-мата және жүн иіруден бесінші орынды иеленді. Тек 1936 жылы ғана Қазақстанда 104,6 мың тонна мақта, 200 мыңнан астам ірі және 900 мың ұсақ тері, ал 1939 жылы 8,1 мың тонна жүн, оның ішінде 53,6 тонна биязы және жартылай қылшықты жүн дайындалғанын айтсақ та жеткілікті. Әрине, бұл шикізатты жергілікті жағдайда өңдеу мүмкіндігінің шектеулі болуына байланысты, ол Орталықтағы және КСРО-ның неғұрлым индустриялы дамыған аймақтарындаты жеңіл өнеркәсіп орындарына жөнелтілді.[27]. Шикізат өндіру саласының қауырт дамуы мен индустрияландырудың нәтижесінде және кен орындарының бай қорының арқасында, Қазақстан түсті металл өндіруден КСРО бойынша екінші, мұнай, көмір өндіруден үшінші орынды иеленді, ятни Кеңес Одағының машина жасау, электртехникалық, химиялық және басқа да өнеркәсіп салаларының, сондай-ақ теміржолдарының негізгі жабдықтаушыларының біріне айналды.[28]. Ұлы Отан соғысы қарсаңында мұнай айыратын (Гурьев қаласында), машина жасау (Ақтөбедеті Казсельмаш), цемент шығаратын және басқа да зауыттар салу жөнінен алғашқы қадамдар жасалғанымен, бұл тұтастай алғанда Қазақстанның өнеркәсіптік дамуындағы басты бағытты – оның шикізаттық сипатын өзгерте алмады, бұл жағдай индустрияландыру кезеңінде, тіпті одан кейін де қалыптасып, жалғасын тапты.
КСРО-ны индустрияландыру барысында жасалған Қазақстан өнеркәсібі, құрылыс пен кедік қатынасы тәрізді индустрияның басқа да садаларымен бірге, ірі экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және басқа да өзгерістердің, әсіресе жаңадан салынған өнеркәсіп алыптары мен теміржолдар бойында ескі қалалардын қанат жайып, жаңаларының бой көтеруінің, сондай-ақ жергілікті жұмысшы табынын және республиканың инженерлік-техникалық интеллигенциясының қалыптасуының қуатты экономикалық негізіне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |