94,1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалар С. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибе жүргізіп, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Оның шешімімен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, жаңа өлкелер құрылды. Бірнеше қала атаулары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды.
Бұл жылдарда елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін түбегейлі жақсарту қажеттігі пісіп-жетіліп келе жатты. Экономикалық мәселелерді шешуде субъективизмді, валюнтаризмді және өктемдікке әуестікті жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.
Елде қалыптасқан жағдайды түзеу және бұрын жіберілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шұғыл шаралар 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылданды. Пленум Н.С. Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Л.И. Брежнев сайланды, ал КСРО Жоғарғы Кеңесі Кеңес үкіметінің басшысы етіп А.Н. Косыгинді тағайындады.
КОКП-ның 1965 жылғы қыргүйек пленумында өнеркәсіпті аумақтық ұстаным бойынша басқарудың тиімсіз болып шыққаны сөз болды. Енді оны салалық ұстаным бойынша басқару өнеркәсіптің салалары бойынша республикалық және одақтық министрліктер құру қажет деп ұйғарылды. Сонымен қоса мұнда кәсіпорындарға көбірек дербестік беру, шаруашылық есепті дамыту, жұмысшылар мен қызметкерлерді экономикалық ынталандыру, материалдық көтермелеу ұсынылды.
95. Қазақстанның КСРО өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі Өнеркісіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдары Егер индустрияландырудың алғашқы жылдары, әсіресе алғашқы бес-жылдықтың бастапқы кезінде Қазақстан КСРО-ның жетекші индустриялық аудандарын ауыл шаруашылығы шикізатымен және азық-түлікпен қамтамасыз ететін аймақ ретінде танылса, 30-жылдары республика өнеркәсіптің өндіруші салаларының көмір, мұнай, түсті металдар, тұз т.б. өнімдерін беретін шикізат көзіне айнала бастады. Сөйтіп Қазақстан индустриясының шикізаттық бағыт-бағдары кең көлемді сипаталып, ауыл шаруашылығы ғана емес, ауыр, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің жетекші салаларын да қамтыды.
Түсті металдарды, көмірді, мұнайды және басқа да пайдалы қазбаларды шығаруға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстанның елсіз және жартылай елді мекендерінде жаңадан құрылған осы кәсіпорындардың көпшілігі бірден одақтық маңызға ие болды. Бұл Қазақстанда шығарылатын түсті металдардың, мұнайдың, көмірдің, басқа да пайдалы қазбалардың КСРО-ның индустриясы дамыған аймақтарына жіберілетініне ғана байланысты болған жоқ, сонымен бірге ол байлықтарды өндіру ісінде тұтас елді шетелдерге тәуелді болудан құтқаруға көмектесті. Мұндай жағдай ең алдымен Қазақстанда асыл, сирек және түсті металдар шығарылуының дамуына қатысты болды, оларға деген қажеттілік машина жасау құрылыстары мен осы саланың өсуіне сәйкес күрт өсе түсті.
Түсті металдардын, әсіресе мыс пен қорғасынның бай қорлары Қазақстанның оларды өндіруден КСРО бойынша жетекші орынға шығуына мүмкіндік берді. Еңбек және Қорғаныс Кеңесі 1929 жылғы 2 тамыздағы «Түсті металдар өнеркәсібін дамыту болашағы туралы» қаулыда басты назар аударатын аймақтар ішінде «даму келешегі зор негізгі нысан» ретінде Қазақ Автономиясы, Социалистік Республикасы аталды.[1]. Осы мезгіл қарсаңында Қарсақбай және Ридцер мыс балқыту зауыттары қалпына келтіріліп, жобадағы қуатқа жеткен болатын, ал екінші бесжылдықта олар техникалық жағынан түпкілікті қайта құрылды. Кенді Алтайда Ертіс (Глубокое) қорғасын зауыты, ал Қазақстанның оңтүстігінде 1934 жылы КСРО-дағы аса ірі кәсіпорын - құрамында кен орындары, Қаратаудағы байыту фабрикасы бар Шымкент қорғасын зауыты бой көтерді.