90. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың зардаптары. Қазақстан полигондары. Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.
Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары aралығында атмосферада - 27, жер бетінде - 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды.
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен.
Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.
Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары.
91.И.Сталиннің жеке басқа табыну кезеңін сынау. Сталин билік еткен жылдары қандай қателіктер жасады десек, онда біріншіден, ол Ленин бастап кеткен жаңа экономиялық саясат бағдарламасын, жер – су реформаларын аяқсыз қалдырып, оның орнына бай-кулактарды, орташыларды, қазақ зиялыларын қудалау басталды. Жер – су реформасының мақсаты, қазақтарға жерлерін қайтару болатын, бірақ бұл саясат аяғына дейін орындалмады. Себебі, 1920 жылдардың аяғына қарай ұжымдастыру науқаны басталып кеткен болатын. Бұл Сталиндік социализмнің ең сауатсыз тәжірбиесінің бірі болатын. Бұл тәжірбиені Қазақстанда іске асырушы сол кездегі Қазақ өлкелік партия ұйымының басшысы, шаш ал десе бас алатын – Голощекин ( 1925 – 1933 ж. ) болатын. Билікке келген Голощекин, елімізде «Кіші Қазан» төңкерісін жасады. Мұны Сталиннің басшылығымен болған «Сталиндік социализмнің Қазақстандағы голощекиндік социализмі» деп атасақ та болады.
Ленин, ұжымдастыруды асықпай, біртіндеп, бірнеше ондаған жылдарда іске асыру қажет деп жоспарлаған, ал Сталин ұжымдастыруды 4 – 5 жылдың көлемінде орындауға тапсырма берді. Ал, Голощекин бастаған топ: «2 – 3 жылдың көлемінде орындаймыз», — деп міндеттеме қабылдаған.
Сталин, Голощекин жіберген қателіктерін басқаларға жабу арқылы «халық жауларын» іздеу науқанын жүргізіп, халықтың толқуын басуға тырысты. Ол өз нәтижесін берді де. «Оңшыл оппортунистер» деген айыпқа енді «буржуазииялық ұлтшылдар» деген айып тағылып, бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағып, олар 1928 жылы қамауға алынды. Олардың арасында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов және басқалар бар еді. Міне, осылай қазақ зиялыларының көзін жою басталып кеткен болатын.Қазақстан лагерлер өлкесіне айналып: «Карлаг», «Степлаг», «АЛЖИР» т.б. ондаған лагерлер құрылды.
1937 – 1938 жылдардағы саяси қуғын – сүргін саясатынан кеңес өкіметін орнату жолында коммунистік идеяның салтанат құру жолында аянбай күрескендер де құтыла алмады. Мысалы: 1917 жылдан партия мүшесі, Қазақстан өлкелік Партия ұйымының 1933 жылдан басшысы болған Л.И.Мирзоян да қуғын – сүргін құрбаны болды.
Сталиндік социализмнің екінші қателігі – халықтар депортациясы. Кеңестік халықтарды күштеп ата – мекенінен көшіру жоспарлы және құпия түрде іске асырылды. Сталиндік шешімдер Одақтас Республикалардың Ата заңдарындағы азаматтардың ұлтына, жеке басына қарамай, тұрғын үйлеріне ешкімнің қол сұғуына болмайтындығы туралы берілген кепілдіктерін өрескел бұзып отырды