1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі



бет2/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
2.Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі.
Приматтар эволюциясы сүтқоректі жануарлардан басқа отрядтары сияқты, шамамен, бұдан 60 млн жыл бұрын басталған үштік кезеңде өтті. Үштік кезеңнің екекінші жартысында кең таралған жоғары сатыдағы маймылдардың қазбалық тобы - дриопитектер екі эволюциялық бағытқа: понгидтер мен гоминидтерге бастама берді. Понгидтер ұрпағы - гориллалар мен шимпанзелер қазіргі кезде де тіршілік етеді. Гоминидтерге қазіргі уақытта бір ғана түр - Саналы адам жатады.
Адамның арғы тегі эволюция жолымен бірте-бірте қалай дамығанын зерделеу қиын: қазба қалдықтар өте аз және оладың өзі толық емес. Сондықтан гоминидтер эволюциясының әр түрлі нұсқалары бар.Епті адам» Африкадағы Танзания жеріндегі Олдувэй шатқалында табылған. Ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталады. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891-інші жылы табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 миллион жыл бұрын өмір сүрген.

Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Синантроптар шамамен 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ғалымдар питекантроп пен синантропты «тік жүретін адам» деп атайды.



Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Ол Германия жерінен табылды. Оның бойы орташа, денесі мығым, белі еңкіштеу, маңдайы тайқы, қабақ сүйегі шығыңқы келді. Неандерталь баланың сүйегі Өзбекстан аумағындағы Тесіктас үңгірінен де табылған. Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Олар тастан, сүйектен, ағаштан құрал жасай білген. Отты өз керегіне пайдаланған. Негізгі кәсібі аңшылық және терімшілік болды.
3.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
.Археологиялық ескерткіштер – халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады. Алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстың дамуында тұтас дәуір бола отырып, аналық рулық қауым тарихи дамудың ұзақ колынан өтті. Осы дәуірде алғашқы тұрмыстық адамзат жеңіп шыққан ең маңызды меже, табиғаттың дайын өнімдерін иемденуден, оларды өндіруге, яғни иемденетін шаруашылықтан өндіретін шаруашылыққа көшу болды. Бұл аңшылар мен балық аулаушылардың ертедегі аналық-рулық қауымы мен диқаншы-малшылардың дамыған аналық-рулық қауымын ажыратуға негіз береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет