55. Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы Таптық бөліністің болмауы қоғамның әлеуметтік біртекті болғанын білдірген жоқ. Қазақ қоғамы қатаң түрде иреархияланды және шығу тегі мен құқықтық мәртебесі бойынша ерекшеленетін бірқатар таптарға бөлінді. Үш негізгі топтар ажыратылды – ақ сүйектер, қара сүйектер және құлдар. Қазақ даласындағы ең жоғарғы мәртебеге ақ сүйек өкілдері, төрелер мен қожалар ие болды. Төрелер — Шыңғысханның ұрпақтары, туылған сәттен бастап құқық бойынша сұлтан атағын және хан тағына отыру құқығын алды. Қожалар Ислам дінін алғашқы таратушылар деп саналды және қазақтар арасында өте зор беделді пайдаланды, бірақ олардың құқықтары төрелерге қарағанда тар болды.
Ақ сүйектер тобы артықшылықтары бар жабық топ болатын, олардың арасында эндогамия, яғни топ ішінде некеге отыру басымдылығы, кең тарады. Бұл қазақтардағы экзогамияның, яғни 7 атаға дейінгі туыстар арасында некелесуге тыйым түрінде көрінетін, үстем болуына байланысты өте қызық болып көрінетін. Сұлтан мен қара сүйек әйелдің арасында туылған бала толық құқықты сұлтан болып саналған жоқ. Осы себептерге байланысты ақ сүйектер әйелге қалмақ, башқұрт және басқа тайпалардан қыздарды алды, олар қара сүйектермен патронимиялық байланыста болған жоқ.
Сұлтандардың туған сәттен бастап алатын құқықтары айтарлықтай кең болды. Шыңғысханның ұрпақтары ретінде олар қазақ қоғамында басқару функцияларын жүзеге асыруға басым құқықтарға ие болды. Бұл хан лауазымына сайлана алу құқығынан және ұлысты басқару құқығынан көрінді. ХҮІ ғ. аяғында — ХҮІІ ғ. басында сұлтандардың соңғы құқықтары ұлыстық жүйені іс жүзінде жоюға байланысты айтарлықтай тарылады. Соған қарамастан сұлтандар өндірістік қызметтермен тікелей айналысқан жоқ, тек қоғамдық қатынастарды реттеумен және әскери іспен айналысты. Олардың экономикалық жағдайларының негізі төлеңгіттер — тәуелді әлеуметтік топ, қауымы болды. Зерттеуші А.И.Левшин өзінің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларына сипаттама» атты еңбегінде, Қожа әлеуметтік топтары өз қолдарына қоғамның рухани өмірін реттеу функцияларын шоғырландырды, мұнда дәстүрлі мұсылмандық руханияттан айырмашылық бұл функцияларды орындау білімге байланысты болған жоқ, шығу тегіне байланысты болды. Қазақ қоғамының негізгі әлеуметтік тобын қара сүйектер- жеке шаруашылық жүргізуші отбасылар, құрады. Олар барлық деңгейлердегі бірлестіктердің негізгі күштері болды, олардың тәуелсіздігі мен бостандығын сақтады, өндірістік қызметтің барлық циклін қамтамасыз етті. Әскери-саяси ұйымдастыруды сақтау және қоғамдық құрылымға негізделген экономиканың қалыпты қызмет ету қажеттілігі элитаның негізгі көпшілікті эксплуатациялауын шектеуге алып келді.
Ең төменгі әлеуметтік топты құлдар құрады. Құлдыққа негізінен өзге халықтардың әскери тұтқындары түсті. Қауымдық қатынастардың үстемдігі жағдайында және өзара көмектесудің дамыған жүйесінде қазақтарды құл қылу іс жүзінде мүмкін болған жоқ. Құлдардың балалары құл болды, бірақ жаңа әскери тұтқындардың көбеюіне байланысты құлдық күйі тарайтын ұрпақтар саны азайтыла алатын. Сәтті жорықтар жасағанда тұтқындар санының көптігіне байланысты бұрынғы құлдар бостандық ала алатын. Бұл жағдайларда олар тең құқықсыз мүше ретінде қауымның құрамына қосылды. Құлдар өз қожайындарының толық меншігі деп саналды, ең ауыр, мамандықты талап етпейтін қара жұмыстармен айналысты. Оларды сатуға, сатып алуға, ауыстыруға, айып пен қалыңның құрамына қосуға болды. Ешқандай құқықтарды иеленбегендіктен құлдар өз беттерімен сотқа жолдана алмайтын, олардың мүдделерін қожайындары білдірді. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда құлдардың саны айтарлықтай көп болды. Ол кездерде құлдар қазақ қоғамындағы материалдық өндіріс жүйесінде үлкен рөл атқарған жоқ.