1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері



бет30/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88
54. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері.
Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ.) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды.Биыл қазақ зиялыларының Ресей Мемлекеттік Думасында қазақ ұлтының мүддесін көтергендеріне 100 жыл толады. Осы турасында Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институының директоры, тарих ғылымының докторы Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ әңгімелейді
ХХ ғасырдың басында Ресейде жаңа кезең басталды. Әсіресе, саяси өмірде. Қоғамды баурай бастаған революциялық қозғалысты, наразылықты тежеу, елді, жалпы, қамтыған энтузиазмды басқа арнаға бұру арқылы патшалық билік жаңа әдіс-айлаға көше бастады. Мысалы, 1905 жылғы қанды жексенбіден кейін патшалық билік елде демократиялық еркіндікті кеңейту, бұқараның пікірін білу, халыққа еркін пікір білдіру құқын беруге әрекет ете бастады. Солайша, патша Ресейде мемлекеттік Думаны, яғни Ресей парламентінің шақырылатындығын хабарлады. Империя өміріндегі осындай үрдіс қазақтың да құлағына жетті. Осы кезде Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар саяси өмірге белсене араласа бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет