61. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.Патша үкіметі қазақ жерін өлшеусіз кесіп ала бастады. 1810 ж. Елек, Қурайлы өзендерінің бойынан 700 мың десятина жер, 1830 ж. Ор өзенінен Березовкаға дейін 7,5 млн десятина жер, Ор мен Құмақ өзендері бойындағы шабындықтарды және 1865 ж. Орал өкілдерінің оң жағалауынан қырға қарай 25 шақырым жер алынып, Орал, Орынбор казак-орыс әскерлеріне берілді. Аманқарағай, Наурызым ормандарын Орынбор әкімшілігі пайдаланды. Жер үшін күрес шиеленісіп, мал шаруашылығы күйзелді. 1851 ж. жайылымдық жерсіз қалған Кіші жүз шаруалары малының жартысы қырғынға ұшырады, Қазақтар тұзды (Елек, Тұзтөбе, ақжал), балықты (Шалқар, Қамыстысамар және т.б.) көлдер мен өзендерден (Есіл, Ор, Орал) ығыстырылды. Жем өкілдерінің төменгі бойы мен Каспий теңізінің шығыс жағалаулары Ресей кәсіпшілерінің меншігіне алынды. Жерсіз қалған көп рулар қырға қоныс аударуға мәжбүр болды. Патша үкіметі 1867-68 жылдардағы реформаны күшіне енгізе бастады. Реформа отарлық езгі мен патша чиновниктерінің үстемдігін күшейтті. Алым-салық көбейіп, қанаудың одан әрі күшейе түсуі бұқара халықтың жаппай наразылығын тудырды. 19 ғасырдың 60 жылдарында әр түтінге салынатын салықтың жалпы мөлшері 10-12 сомға жетіп, ол кедейлерден байлармен бірдей өндірілді. Заттай төлемдер тұрақты алымға айналды. Кіші жүз қазақтары мемлекет кіресін тегін тарту үшін (Наурызым орманынан Сырдария бойындағы қалаларға ағаш тасу және т.б.) түйешілермен (5 түйеге бір адамнан) қоса 4 мың түйе беруге, Орта Азия хандарына жорық жасап жатқан патша әскерлерін азық-түлікпен, баспанамен, жылы киімдермен және т.б. жабдықтауға міндетті болды. Тек 1839-40 жылдары ғана 14 мың түйе, 15 мың пұт ет, 15 мың саржан киіз, 10 мың бас киім, қолғап алынды. Жергілікті әкімдер халық есебінен көлікпен, қаражатпен қамтамасыз етілді. Күйзеліске ұшыраған кедейлер топ-тобымен казак-орыс шептеріне, ірі қалаларға жалдануға кете бастады. 50 жылдары Орал казак-орыс шептерінде 20 мыңнан астам қазақ кедейлері жалданды. Шаруалардың бұл көтерілісі нашар ұйымдастырылды, стихиялық түрде өтті, сондықтан жеңіліске ұшырады. Солай бола тұрса да, Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс қазақ шаруаларының отарлау саясатына, қанаушыларға қарсы қозғалысының ерекше бір көрінісі болды. Патшалы Ресейдің Шығыстағы басқыншалық саясаты үшін Маңғыстау түбегінің стратегиялық мәні үлкен болды, оның үстіне Шығыспен қатынас жасайтын барлық су және керуен жолдары Маңғыстау арқылы өтті. Сондықтан патша үкіметі Маңғыстау түбегін 18 ғасырдың бас кезінде-ақ өзіне бағындыруға әрекет ете бастаған еді. 18 ғасырда Каспий теңізінің шығыс жағалауына 20-ға жуық арнайы экспедиция жасақталды. Ресей империясы адай руларын 19 ғасырдың 30-жылдарынан бағындыра бастады. 1866 — 1867 жылы адай руларынан Жоғарғы адай (Баймәмбет Маяев басқарды) және Төменгі адай (Ғафур Қалбин басқарды) дистанциялары құрылды. Екі билеуші Орал облысы басқармасына шақырылып, жаңа ережелермен танысты. Жаңа реформа бойынша салықтың мөлшері 1 сом 30 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін өсті және билеушілерден үй санын дәл есепке алуды, жерді мемлекеттік меншік деп тануды, болыстар мен ауылдарға бөлінуді талап етті.
Ережені Маңғыстауға ендіру 1870 жылға дейін кейін қалдырылған болатын. Отарлық үкімет осындағы адай руы Орал және Торғайдағы көтеріліске қолдау көрсетеді деп қорықты. Тек 1870 жылы ғана орыс өкіметі Маңғыстауға реформа жүргізбек болды. 1869 жылдың қазанында реформаны ендіруге дайындық жүргізу үшін дала бекіністеріндегі гарнизондар күшейтілді.
1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын жайлап алды. Тек 1870 жылдың басында ғана орыс өкіметі Маңғышлақты (Маңғыстауда) бекініс жасауға шешім қабылдады. 1869 жылдың қазан айында реформа ережелерін ендіруге дайындық үшін дала бекіністері гарнизондары күшейтілді. Адайлардың жазғы көшу жерлерінің барлық территориялары орыс әскерлері жайлаған әскери бекеттер арасында бөлініске салынды, олар аумақты «зерттеуді» сылтау етіп, қазақтарды толық бақылауға алды.
1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына орнығып, келесі жылы олар Хиуа шекарасында пайда болды. 1870 жылдың 2 ақпанында Маңғышлақ (Маңғыстау) Орынбор генерал-губернаторлығынан бөлініп, Кавказ әскери басшысы қарамағына өткізілді. Сөйтіп, адай руының бүкіл көшпелі территориясы орыс әскерлерімен қоршалды.
Әкімшілік шекаралардың өзгеруі арқылы адай руы қазақтарына Орал облысы аумағында көшіп жүруге тыйым салынды. Жазғы жайылымдарды пайдалануға ережені қабылдаған жағдайда ғана рұқсат етілді. Сонымен қатар әкімшілік өткен жылғы салықтар мен жер салығын төлеуді талап етті. Мұның өзі әр шаруашылықтан 8 күміс рубльді құрады. Мұндай ақша кедей қазақтар түгілі ауқатты қазақтардың көпшілігінде болмады.
Көтеріліс барысыӨңдеу
Маңғыстау приставы подполковник Рукин (1870 жылы тағайындалды) Б. Маяев пен Ғ. Қалбин сияқты би-шонжарлардың көмегімен салықты 1869-1870 жылдарға бір-ақ жинамақ болды. Рукин 1870 жылы 15 наурызда 40-тан астам қазақ-орыс және 60-тай адай билері мен старшындарын алып, қару-жарақтарын 35 түйеге артты да, салық жинауға шықты. Бұл хабарды естіген халық Досан Тәжиев пен Иса Тіленбаев, Алғи Жалмамбетовтың бастауымен Рукин отрядына қарсы көтерілді. Көтерісшілер Рукин отрядымен 22 наурызда Инебуазқұмардан құдығы жанында кездесті. Көтерісшілердің тегеуірініне төтеп бере алмай отряд кейін шегінді. Көтерісшілерге «Ұсақ» құдығы маңында Бозашы көтерісшілері қосылды, Рукиннің отряды біржола талқандалды. Маяев өлтірілді, Рукин қолға түсіп, өзін-өзі атты. Көтеріліс бүкіл түбекке тарады. Көтерісшілер саны 10 мың салт атты адамға жетті. Олар патша өкіметінің Маңғыстаудағы барлық тірегін, кәсіпшілердің кәсіпорындарын, құрылыс-жайларын ойрандады. Балықшылар, жүк тиейтін жұмысшылар өздерін қанаушы кәсіпшілер мен саудагерлерге қарсы күресті. Сарытас шығанағында жұмысшылар кәсіпшілерге шабуыл жасап, олардың қайықтарын тартып алды. Бұл қайықтардан кіші флотилия құрып, оны патшаның ең мықты соғыс қамалдарының бірі – Александровский фортын (биіктігі 4 м, ені 2 м тас қорған ішінде 18 зеңбірегі, 800 пұт оқ-дәрісі бар жақсы қаруланған әскер тобы) қоршау үшін пайдаланды.
Жазалаушылар халықты «Уақытша ережеге» күшпен көндірді. Патша үкіметі адайларды әлсірету мақсатымен 6 мың үйді Маңғыстаудан бөліп алып, күшпен Орал облысына берді. Көптеген отбасы Үстіртке қашты, 1874 жылға дейін адайларды Дағыстаннан келген әскери өкімет басқарды. Содан кейін бір айдың ішінде 9 мыңдай адай үйінен екі жылғы салық бірден өндірілді. Салық төлеу қиындықтарын пайдаланған орыс саудагерлері қазақ шаруаларының жылқыларын 1 сом 60 тиыннан сатып алды. Сөйтіп, 60 мың сомнан астам салық жиналды, өкімет шығынын өтеу үшін 90 мың қой қоса алынды. Дегенмен көтеріліс нәтижесінде халық кейбір жеңілдіктерге ие болды. «Ережеге» бірсыпыра өзгерістер енгізілді (түтін салығын ақшамен емес, малмен өтеуге рұқсат етілді т.б.). 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі отаршылық езгіге қарсы, әсіресе салықтың өсуіне және жайылымдарды пайдалануға шек қоюға қарсы шыққан қысқа мерзімді жергілікті және стихиялық шаруалар көтерілісі болды