1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Қазақтардың Қытайға (Құлжа аймағы, Қашқария), Ауғанстанға үдере көшуінің бірінші толқыны



бет40/88
Дата24.07.2023
өлшемі181,36 Kb.
#104718
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   88
64.Қазақтардың Қытайға (Құлжа аймағы, Қашқария), Ауғанстанға үдере көшуінің бірінші толқыны.
Қазақтардың Қытайға (Құлжа аймағы, Қашқария), Ауғанстанға үдере көшуінің бірінші толқыны.
1929-1932 жылдары Қытай асып кетуі. Біріншіден, осы жылдары қазақтар шет елдерге негізінен Қытай арқылы кеткен, ал Орта Азия жері арқылы Ауғанстанға және Иранға кеткен қазақтар көп емес, бірнеше мың қожалық ғана.
Қытай арқылы шет ел асқан қазақтардың санын шамамен болса да ғылыми негізде анықтамайынша, осы жылдары аштан өлген қазақтар санын түгел білу қиын.
Кейбір тарихшылар мен демографтар бұл мәселеде әр түрлі өзара қайшы пікірлер айтып, тарихи шындықты айқындау ісін күрделілендіре түсуде.
Мысалы, еңбектерін орыс тілді басылымдар жаппай жариялап жатқан шетел тарихшысы Роберт Конквест Қазақстанның шекаралық аудаңдарынан аталған жылдары Синьцзянға (Батыс Қытай) 200 мың қазақ көшіп кетті десе, мәскеулік зерттеушілер Ю. А. Поляков, В. Б. Жиромская, И. Н. Киселев 1930-1932 жылдары шет елге кеткен қазақтар санын (қайтып келгендерін шығарып тастағанда) 1,3 млн адамға жеткізеді. Ал енді өзіміздің кейбір қазақстандық тарихшылар бұл пікірлердің ешқайсысына қосылмайтын санды – Қытайға кеткен 500 мыңдай адам туралы айтып жүр. Бұл пікірді теріске шығарушы қазақ демографы М. Тәтімов шет елге кеткен қазақтар санын 165 мындай деп біледі.
Бұл мәселеде осыншама әр түрлі пікірлердің орын алуының себебі де бар: қолда нақты тарихи құжаттардың болмауы зерттеушілердің түйінді де тоқ етер қорытындыға тоқталуын қиыңдатты. Жоғарыда аталған тарихшылардың мәліметтерінің Қытайға көп қазақты аман-есен көшіріп жіберуі Қазақстанда ресми құжатта берілгендей – 1930-1933 жылдарда 3 миллион 379,5 мың адамға шұғыл кеміп кеткен (босқындарды қосқанда) ауыл халықтарының нақты шығынын, яғни қазақтардың ашаршылықтан болған тікелей өлімін сан жағынан азайтып көрсететіні айтпаса да түсінікті. Аталмыш мәскеулік тарихшылардың пікірлеріне тағы бір назар аударалық. Оларға сенсек, жетіспейтін жаңағы 3 миллион 379,5 мың адамның 1 миллион 300 мыңы шетел асып кеткен, яғни ашаршылықтан қырылмаған, тірі қалған болып шығады. Дегенмен Қытайға көшкен қазақтар санын көрсетуде әр түрлі көзқарас ұстана тұрса да зерттеушілер бұл көшулердің негізінен шекаралық аудандарды қамтығанын мойындайды. Мұның мынадай-мынадай
1. басты себептері бар: 1) шекаралық аудандарда күштеп ұжымдастырудың қатал саясатын шекаралық аймаққа тән әскери ахуал, шекара әскерлерінің осы аудандардағы ішкі істерге араласуы ауырлата түсті; 2) шекаралық аймақтарда қазақтардың арғы бетте рулас, қандас туыстары орналасқан еді. Олар онда саяси-әлеуметтік ахуалдың қалыпты екенін айтып, туыстарын шекарадан аман-сау өткізіп алуға мүдделі болды; 3) 20-жылдары шекаралық аудандарда Синьцзянмен (Батыс Қытай) еркін сауда-саттық өріс алғандықтан Қытайдағы едәуір тыныш өмірден шекара қазақтары жақсы хабардар еді; 4) шекарадағы тәртіпті, одан жасырын немесе ашық түрде қалай өтіп кетуге болатынын тек шекара аймағындағы тұрғындар ғана білді; 5) шекарадан рұқсатсыз өту мемлекеттік қылмыс болып саналатындықтан шекара қазақтары мен ұйғырлары оған өте құпия даярланды, бұл іске сенімді деген өздерінің ағайын-туыстарын және ауыл-аймағын ғана тартты. Сондықтан да мұндай нар тәуекелге басқа орталық аудандардан босып келген бірлі-жарым қазақтың қатыстырылуы да екіталай болды; ең соңында, 6) шекаралық аудандар төтенше тәртіп аудандары болғандықтан бұл жерлерге басқалардың босып келуі бірден көзге түсті, олар тексеруге ұшырап, кейін қайтарылды немесе қажетті құжаттары бар болса, қатал бақылауға алынды.
Ал енді осы Қытаймен шекаралас Қазақстан аудандарына қысқаша сипаттама берелік. 1931 жылы бұлардың жалпы саны 11 болды (бұрын 16 еді). Олар: Алакөл, Лепсі, Октябрь, Жәркент, Кеген, Қатонқарағай, Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандары, сондай-ақ, Талдықорған және Ақсу аудандарының шекараға жақындау бір бөліктері еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет