1. «Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері және тарихнамасы


Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз



бет15/26
Дата10.05.2023
өлшемі74,78 Kb.
#91642
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
16. Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.Найман мемлекеті 11 – 13 ғасырларда Қазақстанның шығысында өмір сүрген. Негізгі аумағы Ертістен Орхонға дейінгі Алтай мен Хинган таулы өлкесін қамтыды. Батысында Ертіс өзеніІ бойындағы қаңлылар, солтүстігінде қырғыздар, шығысында Орхон, Селенга бойын алып жатқан керей, меркіттермен және оңт-нде Ұйғыр, Ся жұртымен іргелес тұрды. Жазба деректер бойынша алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инаныш Білге Бұқа хан тұсында нығайды. Ұлы Жібек жолында орналасқан. Найман мемлекетінің көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды. Рашид әд-Дин “Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды” деп жазды. Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары “Бұйрық”, “Күшлік” деп аталды. Инаныш Білге өлген соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғыс хан әскери күшінің артуымен тұстас келді. Шыңғыс хан және керейлер ханы Тоғрыл (Уаң хан) бастаған қол 1199 жылы Бұйрық ханның, 1204 жылы Таян ханның ұлысын басып алды. Олардың Жамұқа бастаған тайпалар одағының күшімен бірігіп, моңғолдарға қарсы тұрмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Жетісу жеріне келіп, Найман мемлекетін саяси-әлеум. жағынан қайта күшейтуге тырысқан Таян ханның ұлы Күшлік ханды Шыңғыс ханның Жебе бастаған қолы өлтірді.
Керейлер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер Х ғасырдың бас кезіне жатады. Керейлер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті болмаған. Олар түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейлердің батысында – наймандар, солтүстігінде -меркіттер, шығысында -татарлар, оңтүстігінде -таңғұттар тұрады.Керей тайпаларының екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында, ал оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде тұрған. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несториандық тармағын қабылдайды. Керейттер белгілі дәрежеде ұйғыр мәдениетінің ықпалында болған.ХІІ ғасырдың 50 – ші жылдарында керейлердің Қытаймен арадағы қатынасы шиеленісті. Қытайларға қарсы керейлердің күресін бастаған Маргуз – хан тұтқынға түсіп, азаптап өлтірілді. Одан кейін елді Худжар Бұйрық – хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті. Тоғырыл хан тұсында Керейлер ұлысы солтүстікте – Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте - Хуанхеге дейінгі; Батыста – Хангай тауынан, Шығыста Халкин Голге дейінгі жерлерді жайлаған. Керейлер найман, қаңлы, ұйғыр, меркіт, моңғол, қарақытай, таңғұттармен тығыз саяси және этникалық – мәдени байланыс жасап тұрған.Тоғырыл ханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері – Темучин (Шыңғыс хан) мен Жамуха – тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болған. Керей билеушісі Тоғырыл хан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан. 1180 жылдары Тоғырыл Тимучинге қолдау көрсетіп, 1183 жылы керейлер мен моңғолдар Қытаймен одақтаса отырып, татар әскерін талқандады, сол үшін Тоғырыл хан Қытайдың Ван титулын иеленді. Бұл егеменді құқығы ресми мойындалған патша дегенді білдіреді. Сондықтан Тоғырылды тарихта Ван – хан деп те атайды. 1203 жылы керейлер мен бұрынғы одақтасы моңғолдар арасында соғыс өрті бұрқ ете түсіп, ол керейлердің жеңілісімен аяқталды. Тоғырыл мен оның ұлы Сангум қаза тапты. Керейлердің бір бөлігі қолбасшы Қайранбайдың бастауымен Солтүстік–Батысқа, яғни Ертіс өзенінің орта ағысына қарай қашты. Ал басым бөлігі Моңғол мемлекетінің құрамына енді.Жалпы алғанда, моңғол шапқыншылығы Орталық Азияның этникалық процесіне үлкен әсер етті, соның салдарынан көшпелі халық орасан зор аймаққа көшіп–қонды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет