1. «Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері және тарихнамасы


Түркі кезенінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (М.Қашқари, Ж.Баласағұни, Әл-Фараби, Қ.А. Яссауи)



бет14/26
Дата10.05.2023
өлшемі74,78 Kb.
#91642
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
15.Түркі кезенінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (М.Қашқари, Ж.Баласағұни, Әл-Фараби, Қ.А. Яссауи).Махмұд Қашқари (1029–1101) – түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-ғалым, атақты «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегінің авторы. Қашғарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғырханның немересі. Ол Қашғарда білім алып, Бұхара мен Бағдадта оқуын жалғастырған. Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика, Құран, шариат пен хадис бойынша білім алды.Араб-парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді. XI ғасырда «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегін жазып, түркі тілдерінің мәртебесін көтерді. Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, өзге тілден енген сөздерді қолданбаған. Кітапта көптеген өлеңдер, халық әндері, мақал, мәтелдер, жұмбақ, аңыздар мен ертегілер, сонымен қатар тарихи деректер келтірілген. «Диуани лұғат ат-түрк» оқырмандарға көне және ортағасырлар дәуіріндегі түркілердің өмірі, астрономия, география, медицина, математика саласындағы білімі туралы мәлімет береді.«Диуани лұғат ат-түрк» – барлық түркі тілдес халықтардың ортақ рухани мұрасы. Сөздікте бар-жоғы 6000 сөз берілген, бұл сөздер түркі тілдес халықтардың көпшілігіне түсінікті.
Жүсіп Баласағұн 1015 немесе 1016 жылы Баласағұн қаласында туды. Ол кездері Баласағұн қаласы Күз-Орда болып аталатын. Жүсіп бай, белгілі түркі отбасынан шыққан, сол уақыт өлшемі бойынша өте терең білім алған, парсы-тәжік және араб поэзиясын тамаша білген, олардың әсері ақын шығармаларынан байқалып отырады. «Құтты білік» – Шығыс ақындарының көптеген буындарына үлгі болған, ерте түркі поэзиясының аса құнды маржандарының бірі. Оны ақын қартайған шағында Қашқар қаласында жазған. Жүсіп Қашқар әміршісі сарайында қызмет етсе керек, өйткені поэма-әмірші мен оның айналасындағыларға өзін-өзі қалай ұстау, тәрбиелі болуды үйретіп, өмірдің әр қилы жағдайларында не істеу керектігін насихаттайды. Бұл поэманы Қашқар мен Табғаш империясының бүкіл шығыс бөлігінің әміршісі Боғра-Қара –Хақанға сыйлаған соң Жүсіп «сарай министріне» тең «ұлық хасс-хаджиб» лауазымы мен үлкен қызметке ие болады.
Әбу Насыр Әл Фараби (870-950 жж) бүкіл әлемге «Екінші ұстаз» ретінде танылды (бірінші ұстаз болып ежелгі грек философы Аристотель саналады). Әл Фараби ғұлама ғалым, философ, математик, өнертанушы, әдебиеттенушы, ақын болатын. Ол қазақ жеріндегі Отырар қаласында дүниеге келді. Арыс өзенінің Әмударияға құятын жеріне жақын орналасқан Отырар қаласын қыпшақтар Қарашоқы деп атады.Оның негізгі трактаттары мен философиялық еңбектерінің жалпы саны екі жүзден асады. Философиялық және матемтикалық еңбектерінің ішінде әйгілері «Альмагеске түсініктемелер», «Метафизика», «Ғылымдардың пайда болуы туралы», «Әріптестер кітабы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» және басқалары. Әл Фараби алғашқылардың бірі болып поэтикалық өнер психологиясын зерттеп, поэзия туралы үлкен трактат жазды, өзі де тамаша ақын болатын.
ҚожаАхмет Ясауи 1040 жылы Сайрам қаласында дүниеге келіп Түркі әлеміндегі мұсылмандық дәстүрді орнықтырған ғұлама ұстаз. Әкесі – Ибраһим, анасы – Қарашаш ана. Ясауидің ата-анасының зияраттары Сайрамда орналасқан. Деректерде Қ.А. Ясауидің Ибраһим атты ұлы мен Гаухар атты қызы болғаны айтылады. Қ.А. Ясауи ұрпақтары осы қызынан тарайды. Кашифи «Рашахат-ул айн-ил хайат» атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабаның шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сырын үйренгендігі туралы мәлімет береді. Демек, Қожа Ахмет Ясауидің жастайынан-ақ танымал ұстаздардан білім алып, оқу-ағартуға құштар болғандығы белгілі.Қ.А. Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб», «Пақырнама» сияқты бізге жеткен мұраларынан көрінеді. Ясауи қалыптастырған хикмет дәстүрінің Ислам ақиқатының халықтың жүрегіне жол тауып сіңірудегі маңызы зор болды. Олар хикмет дәстүрін таратуда зікір тәжірибесінің үш түрін: алқа зікірі, арра зікірі, құпия зікір формаларын қатар алып жүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет