1. «Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері және тарихнамасы


Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз



бет2/26
Дата10.05.2023
өлшемі74,78 Kb.
#91642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
2. Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
Ежелгі адамдардың алғашқы еңбек құралдары тастан жасалды.Сондықтан аса ұзаққа созылған дәуір тас дәуірі деп аталды.Тас дәуірі 3 кезеңнен тұрды:палеолит,мезолит,неолит.1)Палеолит(б.з.б 2,6 млн жыл-б.з.б 12 мың жыл)Палеолит кезеңі бөлінген дәуірлер:ерте және кейінгі.Ерте палеолит кезеңі өзі 3-ке бөлінді:олдувэй(б.з.б 2,6 млн-800 мың жылдар),ашель(б.з.б 800-140 мың жылдар),мустье(б.з.б 140-40 мың жылдар).Палеолит дәуірінің ашель кезеңіне жататын қоныстар:Бөріқазған,Тәңірқазған,Жаман Айбат,Құдайкөл,Қозыбай.Оның ішіндегі Қаратау жотасындағы тұрақтар Бөріқазған мен Тәңірқазғанның ерекшелігі:еңбек құралдары Африкадан табылған құралдармен ұқсас болып келеді.Ал мустье дәуірінің қоныстары:Обалысай,Мұзбел,Қанай,Қызылрысбек,Шақпақата.Ежелгі адамдар бірнеше рет қоныстанған Мустье кезеңінің тұрағы Ш.Уәлиханов Арыстанды мекенінен табылды.Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас құралдардың пайдаланылған уақыты б.з.б 140-132 мыңжылдықты қамтиды.Археологтар Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан өңірінен мустье кезеңінің тұрақтарын көп тапты.Жамбыл облысындағы 5 мыңға жуық тас құралдар Бөріқазған,Шабақты тұрақтарынан табылды.Олардың бәрі қашау мен үшкір тастар.Орталық Қазақстан жеріндегі жүзі түзу,кейде қайқы тас қырғыштар табылған тұрақ:Семізбұғы.Б.з.б 30-25 мыңыншы жылды қамтитын Батпақ тұрағынан 300-ге таяу тас құралдар табылған
2)Мезолит(б.з.б 12-5 мың ж)Қазақстан аумағындағы мезолиттік тұрақтар саны 20-дан астам.Мезолит заманы тұрақтары:Атбасар маңындағы-Тельман,Қарағанды-Әкімбек,Көкшетау-Виноградовка,Торғай жері-Дүзбай,Маңғыстау-Қызылсу.Солтүстік Қазақстандағы мезолит тұрақтары-Мичурин,Боголюбово,Явленка.
3)Неолит(б.з.б 5-3 мың ж)Ең көне тұрақ-Қараүңгір(б.з.б 5 мың ж)Қазақстан аумаңынан неолитке тән 800-ге жуық тұрақ табылған.Шығыс Қазақстан-Усть-Нарым,Солтүстік Қазақстан-Пеньки,Орталық Қазақстан-Қарағанды,Зеленая Балка.150-ге жуық тұрақ,көне кен шығару және жерлеу орындары табылған өңір-Жезқазған.Қызылорда обылсы жерінде табылған тұрақ-Сексеуіл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет