1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Қазақ жүздерінің Ресейге қосылуы: кезеңдері, барысы, салдары



бет31/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78
45.Қазақ жүздерінің Ресейге қосылуы: кезеңдері, барысы, салдары. XVIII ғасырдың 20 жылдары қазақ халқы үшін тарихта ел басына күн туған кезең болды, көршілес елдер тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты, әсіресе жоңғарлардың шығыстан ойран салып ірі соққылар беруі, қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өміріне қиындата түсті. Сыртқы саясаттағы жағдай қазақтарды орын алған жағдайдан шығу жолын іздеуге мәжбүр қылды. 1726 жылы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, старшиндар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай және басқалары Ресейге, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы Қойбағарды жіберген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды, сонда да Әбілқайыр хан өзінің бодандығынан және пиғылынан қайтпай, 1730 жылы қыркүйекте Уфа арқылы елші жібереді. 1731 жылы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Әбілхайыр ханнан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттармен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан сақтауды да ойлады, оған Бөгенбай, Есет батырлар мен Құдайменде мырза қосылды.Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының жан-жақты негіздерін теріске шығармай, Әбілхайырдың жеке көреген саясатын естен шығармау қажет, ол ресейлік әкімшілікке сүйене отырып, барлық саяси қарсыластарының көзқарасын әлсіретуді, жекеше билікке күресуде әлеуетті қарсыластарынан жоғары тұруға үміттенді. Әбілхайырдың және оның жақын серіктестері, беделді батырлар Бөгенбайдың, Жәнібектің, Есеттің және т.б. басты мақсаты барлық қазақ руларын біріктіру және Ресейдің формальды қамқоршылары арқылы орталықтандырылған мемлекет құру болды. 1732 жылы Орта жүздің кейбір бөліктері Ресей құрамына формальды түрде кірді. Алдағы оқиға көрсеткендей, Семеке Ресей империясымен келісімшартты сақтамауға тырысты: ресей бодандығындағы башқұрттарға шабуыл жасады. Жоңғар шабуылшыларының қаупі Орта жүздің беделді феодалдарын Ресейге олады өзінің құрамына алу туралы қайта жүгінуге оятты. Анна Иоанновнаның 1734 жылғы 10 маусымдағы грамотасымен Семекенің және оның сыбайластарының өтініші қанағаттандырылды.1732 жылы 24 қарашада Тевкелев өз міндетін аяқтап, Найзакескеннен кері жолға шықты. 1733 жылы 2 қаңтарда Әбілхайырдың Петербургке жіберген елшісімен Уфаға келді. Оның құрамында Әбілхайырдың ұлы сұлтан Ералы, ханның немере інісі сұлтан Нияз, старшиналар Шандыбай, Мырза Құдай-Назар, Мырзагелді батыр және т.б. болды. Петербургтегі келіссөздің нәтижесінде Кіші Жүздің Ресей бодандығына кіруі ресми ресімделді.Сонымен бірге, 1733-1734 жылдары Оңтүстік Қазақстанның кейбір билері мен беделді сұлтандары Ресей бодандығын қабылдауға деген ықыласын білдірді Анна Иоанновна патшайымның 1734 жылғы 10 маусымдағы Жарлығы үкіметтің Ұлы Жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы келісімін куәландырды. 1735 жылы орыс-қазақ саяси және сауда өзара қарым-қатынасын дамытуда маңызды мағынаға ие Орынбор қаласының негізі қаланды. 1737 жылы И.К. Кирилловтың қайтыс болуына байланысты, Кіші және Орта жүздердің сұлтандары мен старшиндерінің елшілерін бағындыруға тырысқан В.Н. Татищев Орынбор өлкесінің жаңа бастығы болып тағайындалды. 1740 жылы Орынборда өткен Кіші және Орта жүздің старшиндері мен сұлтандары өкілдерінің съезі Ресей бодандығына кірудің алғашқы нәтижелерін бекітуге мүмкіндік берді. Оған қатысқан Әбілмәмбет хан және сұлтан Абылай, орын алған оқиғаларды ескере отырып, мүмкін болатын жоңғар шапқыншылығынан Қазақстанды қорғау үшін ұмтылып, Ресей бодандығына қабылдауын айтты. Кіші және Орта жүздердің сұлтандары мен старшиндері тобының 1740 жылғы қабылдаған анты, Ресейге тек қана Орта жүздің кейбір бөліктерін кіргізуге мүмкіндік берді, ал Қазақстанның өзге де Солтүстік-Шығыс және Орталық өңірлері тек қана XIX ғасырдың 20-40 жылдарында, патшаның әскери-саяси акциялары салдарынан империя құрамына кірді. XVIII ғасырдың 30 жылдарының басында Қазақстанды қосу тек қана XIX ғасырдың ортасында аяқталды және күрделі қарама-қайшы процесс болып табылды. Қазақ жүздерін қосу әртүрлі саясаттан тыс және ішкі жағдайларға байланысты жүргізілді. Оңтүстік Қазақстанды, содан соң Орта Азияны Ресейге қосу патшаға Британ империясымен бақталастықта жоғары тұруға мүмкіндік берді. Патша әкімшілік-саяси реформа арқылы басқарудың дәстүрлі жүйесін таратты, көшпенділерді жарамдылығы аз жерлерге ығыстыра отырып, қазақ өлкелеріне орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндік ашты. Халықтың басым бөлігіне бақылаусыз билік алып, Ресей барлық салада дерлік отарлау саясатын кеңейтті. Сонымен бірге, Қазақстанды Ресейге қосу көшпенділер мен келімсектер арасында шаруашылық өзара қарым-қатынас жасау үшін мүмкіндіктер туғызды, сауаттылықты, сауданы жандандыруды тарату, қазақ ауылдарын осы жерден шығатын барлық салдармен бірге, капиталистік-өнеркәсіптік қатынастың орбитасына енгізу үшін мүмкіндіктер орнатты.
46. XVIII ғасырдың 20 жылдары қазақ халқы үшін тарихта ел басына күн туған кезең болды, көршілес елдер тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты, әсіресе жоңғарлардың шығыстан ойран салып ірі соққылар беруі, қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өміріне қиындата түсті. Сыртқы саясаттағы жағдай қазақтарды орын алған жағдайдан шығу жолын іздеуге мәжбүр қылды.
1726 жылы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, старшиндар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай және басқалары Ресейге, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы Қойбағарды жіберген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды, сонда да Әбілқайыр хан өзінің бодандығынан және пиғылынан қайтпай, 1730 жылы қыркүйекте Уфа арқылы елші жібереді. 1731 жылы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Әбілхайыр ханнан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. Әбілқайыр 1731 жылы 10 қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттармен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды. 1732 жылы 24 қарашада Тевкелев өз міндетін аяқтап, Найзакескеннен кері жолға шықты. Сонымен бірге, 1733-1734 жылдары Оңтүстік Қазақстанның кейбір билері мен беделді сұлтандары Ресей бодандығын қабылдауға деген ықыласын білдірді Анна Иоанновна патшайымның 1734 жылғы 10 маусымдағы Жарлығы үкіметтің Ұлы Жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы келісімін куәландырды. Алайда, оның Ресейден қашық орналасуы, сондай-ақ Жоңғарлармен қызба қарым-қатынаста болуы, 1740 жылы ресейлік бағдарды ұстап тұрған Жолбарыс ханды өлтіру бұл жоспардың жүзеге асуын ұзаққа жылжытты.
1740 жылы Орынборда өткен Кіші және Орта жүздің старшиндері мен сұлтандары өкілдерінің съезі Ресей бодандығына кірудің алғашқы нәтижелерін бекітуге мүмкіндік берді. Оған қатысқан Әбілмәмбет хан және сұлтан Абылай, орын алған оқиғаларды ескере отырып, мүмкін болатын жоңғар шапқыншылығынан Қазақстанды қорғау үшін ұмтылып, Ресей бодандығына қабылдауын айтты. Кіші және Орта жүздердің сұлтандары мен старшиндері тобының 1740 жылғы қабылдаған анты, Ресейге тек қана Орта жүздің кейбір бөліктерін кіргізуге мүмкіндік берді, ал Қазақстанның өзге де Солтүстік-Шығыс және Орталық өңірлері тек қана XIX ғасырдың 20-40 жылдарында, патшаның әскери-саяси акциялары салдарынан империя құрамына кірді.
Патша әкімшілік-саяси реформа арқылы басқарудың дәстүрлі жүйесін таратты, көшпенділерді жарамдылығы аз жерлерге ығыстыра отырып, қазақ өлкелеріне орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндік ашты. Халықтың басым бөлігіне бақылаусыз билік алып, Ресей барлық салада дерлік отарлау саясатын кеңейтті.

47. Малшаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдын бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтарының жарғысы» елеулі рөл атқарды. Бұл реформаның тарихи алғышарттары Қазақстандағы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қалыптасқан әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты қалыптасты.
Ол Орта жүзді жаңа әкімшілік бөлуге әкеліп соқтырды:
• әкімшілік ауыл 50-70 түтіннен
• болыс 10-12 ауылдан
• округ 15-20 болыстықтан тұрды.

Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінің әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген қазақ хандары патша үкіметінің билеп-төстеу саясатына ойдағыдай қарсылық ұйымдастыра алмады. 1781 жылы Орта жүз ханы Абылайдың дүние салуына байланысты таққа отырған оның үлкен ұлы Уәлидің катыгездігі халықтың наразылығын туғызды. 1815 жылы патша үкіметі оған қосарлап екінші ханды – Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін кажет етті. Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанскийдің Г.С. Батеньковтың мәлімет-кеңестеріне сүйене отырып дайындаған «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету еді. Жарғы бойынша батыс шегарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді. Бұлар – Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейінгі 40-50-жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Патша үкіметі хан тұқымынан шыққан сұлтандардан және халық арасында ықпалды билерден қолдау табу үшін сұлтандардың әкімшілік қызметке сайлануын қолдап отырды. Бірақ мұндайда сұлтанның хан тұқымынан шығуы міндетті болған жоқ, ең бастысы патша үкіметіне адал қызмет көрсету болды. Осылайша қазақтың хан тұқымынан шыққан сұлтандары енді патша үкіметінің шенеуніктеріне айналды. Жалпы алғанда 1822 жылғы «Жарғы» патша үкіметі үшін Қазақстанның бай өлкесін шаруашылық жағынан игеруге қолайлы алғышарт жасады; екіншіден, патшалы Ресейдің отаршыл саясатын кеңейте түсуге жол ашты. Енді қазақ даласындағы хандық басқару жүйесі біржолата күйреп, оның орнына Ресейдің отаршылдық үкімет органдары берік орнықты.


48. “Орынбор қырғыздары туралы жарғы” – Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет