1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» саясаты: мәні мен салдары



бет49/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78
Байланысты:
қ. тарих сессия 100 балл бұйыртса

67. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» саясаты: мәні мен салдары. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің нығаюы 1925 жылдың күзінде өлкелік партия ұйымының басшысы болып сайланған Ф.И.Голощекиннің есімімен байланысты еді. Кәсіпқой революционер, патша отбасының атылуын ұйымдастырушылардың бірі болған Голощекин Қазақстанның астанасы Қызылордаға келіп түскен бойда, бірден «қазақ ауылында Кеңес өкіметінің жоқ» екенін, «ауылда Кіші Қазан» өткізу керектігін мәлімдеді. Негізгі міндет ретінде әлеуметтік саралауды жою арқылы дәстүрлі қауымдастықты бұзу жарияланды. Қазақтарды жаппай отырықшы ету келесі маңызды қадам болуға тиіс еді. Бұндай іс-шаралардың жергілікті коммунистер тарапынан наразылық туғызуы мүмкін екенін айқын түсіне отырып, Голощекин ең алдымен өзінің көзқарасын бөліспеген партия көшбасшыларымен күресуді қолға алды. Көп ұзамай-ақ, 1926 жылы С.Сәдуақасов пен С.Қожанов «ұлтшылдыққа бет бұрған» деп айыпталды. С.Сейфуллин, М.Мырзағалиев, Н.Нұрмақов, С.Меңдешев және басқалары қуғындалды. Олардың көпшілігі республикадан шеттетілді. Ж.Сұлтанов, С.Сәдуақасов және Ж.Мыңбаев қызметтерінен қуылды. Голощекин өзіне қарсы шыққандардың барлығын дерлік жазалап,түрлі айыптармен кінәлап түрмелерге қамаған болатын.Тек олар ғана емес сондайақ дінге қызмет етіп жүрген талай дінқызметкерлерінде өзге жат дінді ұстанушылар деп жазалап,халық алдында бейнелерін жаман реңде көрсеткен. Голощекиннің басқаруымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, сол ұйымда болғандар деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.Осылайша Голощекинннің идеясы қазақтың бетке ұстар аяулы азаматтарына азапты молынан әкелген болатын.Қаншама қайғы,қаншама жас! Тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы осы Голощекиннің кесірінен аса ауыр шығынға ұшыраған. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға және тағы басқада елдерге көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында Голощекин орнынан босатылып,талай қазақтың қайғысын азайтқан болатын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет