Сталин билік еткен жылдары қандай қателіктер жасады десек, онда біріншіден, ол Ленин бастап кеткен жаңа экономиялық саясат бағдарламасын, жер – су реформаларын аяқсыз қалдырып, оның орнына бай-кулактарды, орташыларды, қазақ зиялыларын қудалау басталды. Жер – су реформасының мақсаты, қазақтарға жерлерін қайтару болатын, бірақ бұл саясат аяғына дейін орындалмады. Себебі, 1920 жылдардың аяғына қарай ұжымдастыру науқаны басталып кеткен болатын. Бұл Сталиндік социализмнің ең сауатсыз тәжірбиесінің бірі болатын. Бұл тәжірбиені Қазақстанда іске асырушы сол кездегі Қазақ өлкелік партия ұйымының басшысы, шаш ал десе бас алатын – Голощекин ( 1925 – 1933 ж. ) болатын. Билікке келген Голощекин, елімізде «Кіші Қазан» төңкерісін жасады. Мұны Сталиннің басшылығымен болған «Сталиндік социализмнің Қазақстандағы голощекиндік социализмі» деп атасақ та болады.Ленин, ұжымдастыруды асықпай, біртіндеп, бірнеше ондаған жылдарда іске асыру қажет деп жоспарлаған, ал Сталин ұжымдастыруды 4 – 5 жылдың көлемінде орындауға тапсырма берді. Ал, Голощекин бастаған топ: «2 – 3 жылдың көлемінде орындаймыз», — деп міндеттеме қабылдаған.
Сталиндік социализмнің екінші қателігі – халықтар депортациясы. Кеңестік халықтарды күштеп ата – мекенінен көшіру жоспарлы және құпия түрде іске асырылды. Сталиндік шешімдер Одақтас Республикалардың Ата заңдарындағы азаматтардың ұлтына, жеке басына қарамай, тұрғын үйлеріне ешкімнің қол сұғуына болмайтындығы туралы берілген кепілдіктерін өрескел бұзып отырдыСонымен, 1930 – 1940 жылдардағы халыққа, оның ішінде жеке ұлттарға қарсы бағытталған қуғын – сүргін, осы кезеңдегі жүргізілген сталиндік саясаттың құрамдас бөлігі болды. Мұндай заңсыздықтар адам құқығын аяққа басу, яғни халықтарды күштеп жер аудару, кейбір ұлттық мемлекеттік автономиялық құрылымдарды жою, көп жағдайда, Сталиннің субьективтік шешімімен жүзеге асырылып отырды.
Сталиндік социализмнің келесі өрескел әрекеті және қателігі – орыстандыру саясаты. 1928 жылы Қазақстанда қолданыста болған араб әрпі латын әріпімен ауыстырылды. Бұл саясатына А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары қарсы шықты. Олар, бұл саясаттың түпкі астары қандай саяси – иделогиялық мақсат көздейтінін жақсы түсінді.