1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Түркі әлемі интеграциясының бүгінгі бағыттары. (ТүркПА, Түрксой.)



бет76/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
109. Түркі әлемі интеграциясының бүгінгі бағыттары. (ТүркПА, Түрксой.)
Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы қысқартылған ТҮРКСОЙ (түр. Uluslararası Türk Kültürü TeşkilatıTÜRKSOY) — Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы.
1993 ж. 12 шілдеде Алматыда келсімге құрылтайшы елдердің өкілдері қол қойған.
Түркия Республикасы ұйымның арқаушы елі болып тағайындалды. TÜRKSOY ұйымының ресми қызмет тілі— түрік тілі. Бас кеңсесі Анкара (Түркия) қаласында орналасқан.
1994 ж. бастап Полад Бүлбүл Оғлы, Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрі, үш рет (1994, 1997, 2000 жж.) халықаралық ұйымның Бас директоры болып сайланған. ТЮРКСОЙ құрамына 14 ел кіреді, оның ішінде егеменді елдер, федеральды субъектілер мен автономды аймақтар. 2015 жылдың соңында Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский Алтай, Башқұртстан, Саха (Якутия), Татарстан, Тыва және Хакасия Республикаларының басшыларына Халықаралық түркі мәдениеті ұйымымен байланыстарды тоқтату міндеті туралы телеграмма жолдады.
Бұл Тыва, Алтай және Якутияның ұйым құрамынан шығуына әкеп соқтырды.
Түркі елдері арасындағы қызметтестік жайында сөз болғанда, Түркия, Әзірбайжан,
Қазақстан және Қырғызстан үшін қашан да еш маңызы жоқ, қайдағы бір абстрактілі
мәселелер емес, жақын болашақта аталмыш елдердің әрқайсысына айтарлықтай пайда
әкелетін мәселелерді нақты қарастыру тән екендігін айта кеткен жөн. Сонымен бірге
талқыға түсетін тақырыптар мен қызметтестік бағыттарында ешбір шектеу жоқтығы да
маңызды. Бұл бірлескен қаржы салынымдары (инвестиция), транспорт, мәдени-
гуманитарлы саладағы, туризм саласындағы қызметтестік. Бодрумдағы басқосуда туризм
мәселесімен бірге, халықаралық аренада түркітілді елдер диаспорасын күшейту
мақсатымен орталықтар құру және олардың ықпал ету салаларын кеңейту бағдарламасы,
білім беру, экономика саласындағы бірлескен қызметтестік стратегиясы қабылданды және
бірлескен түркі телевидениесін ашу туралы шешім қабылданды.
Саммитте ең алғаш рет кеңінен қарастырылған гуманитарлық саладағы қызметтестік
тақырыбы, және диаспора құрылымдары жұмысы саласындағы әрекеттестікті күшейту
туралы қабылданған шешім, түркітілді мемлекеттер қызметтестігі Кеңесіне кіретін барлық
елдердің осы аса маңызды бағытта өзара әрекеттестікте қызмет етудің ортақ ресурсын
жасау талабын анық көрсетіп берді, бұл АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде, осы елдердің
әр түрлі саяси топтары тарапынан болатын қауіп-қатерлерді болдырмау мақсатына қызмет
етуге тиіс болатын. Үші түркі елі арасындағы гуманитарлы кеңістікті айтарлықтай
интеграциялауға ықпал ететін жобаның бірі Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев
ұсынған түркі елдерінің ортақ телевидениесін құру туралы ұсыныс болғандығын да атап
өту керек. Бодрумдағы Саммитке ең алғаш рет Түрменстан президенті Бердымұхамедов
келіп қатысты, ол осы кезде түркияда мемлекеттік іс-сапарда жүрген болатын.
Түркітілді елдер арасындағы ынтымақтастық пен қызметтестік жақын болашақта
одан әрі жандана түсетіні аңғарылып отыр. Бұған барлық жақтар мүдделі екендігін 2015
жылы 11 қыркүйекте Астана қаласында өткен Түркітілді елдер қызметтестігі Кеңесінің V
Саммиті көрсетіп берді. Саммитке Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан
президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Түркияның
Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Исмет Йылмаз, Түркменстан премьер-министрінің
орынбасары Сапардұрды Тойлыев қатысты. Қазақстан президенті өз сөзінде: «Астанада
өтіп жатқан мерейтойлық Бесінші саммит түркі әлемі интеграциясы жолындағы маңызды
белес», - деп көрсетті [3].
Қазіргі таңда түркітілді елдер біріккен бастамалар мен ортақ жобаларды күннен-
күнге көбейтіп отыр. Мысалы, алғаш рет 2010 жылы Астана қаласында ашылып, 2014
жылы халықаралық статус алған Түркі академиясы табысты қызмет етуде. Қазіргі таңда
Академия тұркі әлемі тарихы бойынша ғылыми зерттеулердің қарқынды жүруіне ықпал
етіп, оларды үйлестіріп отырады. 2015 жылғы Астана Саммитінде қарастырылғаннан
кейін түркітілді елдердің ақпараттық агенттіктері арасындағы қызметтестік жолға
қойылып, қазіргі таңда бұл салада қоян-қолтық жұмыс жүргізіліп отыр. Кеңеске кіретін
елдердің Білім министрліктері тарих, география және әдебиет салалары бойынша ортақ
түркілік оқулықтар дайындау туралы мәселені талқылауда [4].
Ортақ тамырымызды жандандыруға бағытталған шаралардың тағы бірі
Азербайжанда Түркі мәдениеті мен мұрасы Қорының құрылуы болып табылады. Астана
Саммитінде Н.Назарбаев түркітілді мемлекеттердің білім беру кеңістігін қалыптастыруды
жылдамдатуға шақырып, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін
барлық тұркі әлемі халықтарына арналған оқу орнына айналдыру туралы бастама көтерді.
Дегенмен, түркітілді елдер арасындағы қызметтестік тек мәдениет пен білі беру
салаларымен шектелмейді. Түркітілді елдердің стратегиялық орналасу жағдайы олардың
территориясында Ұлы Жібек жолын қайта жандандыруға алғышарттар жасайды, бұл жол
түркі елдерінің территориясы арқылы Қытай мен Еуропаны байланыстырар еді. Осы
бағыттағы, яғни түркітілді елдердің транзиттік потенциалын іске асыру мен дамыту бағытындағы алғашқы қадамдар қазіргі таңда іс жүзіне асырылып жатыр. Атап айтқанда,
Баку-Тбилиси-Карс темір жолы мен «Батыс Еуропа – Батыс Қитай» автотранспорттық
магистралі салынып бітуге таяп қалды, Каспий теңізінде заманауи транспорттық
инфраструктура жасалуда, 2016 жылдың шілде айының аяғы мен тамыз айының басында
Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан бағыты бойынша алғашқы тестілік контейнерлік поезд
жолға шықты, ол жүк тасымалдаудыға кететін уақытты айтарлықтай қысқартады,
сондықтан да оған көп үміт артылуда. Транспорттық инфраструктураның дамуы
түркітілді елдерге өзара экономикалық қызметтестікті кеңейтуге және аймақтағы рөлін
арттыруға мүмкіндік береді.
Ал Ресей сарапшыларына келетін болсақ (тек сарапшылар ғана емес, Кремльдегі
тиісті топтар да), Түркі кеңесіне қатынас менсінбеушілік-сенімсіздіктен бастап,
қауіптену-теріс көзқарасқа дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Атап айтқанда, көпшілік
топтар мұның бәрінен Анкараның өзінің бұрыннан белгілі пантүркілік ойларын іске
асыруға ұмтылушылығын көреді. Алайда, Түркі кеңесін құрушылар оның қандай да
болмасын үшінші елдерге қарсы бағытталмағандығы және оған мүше болу басқа
халықаралық ұйымдар (ТМД, ЕурАзЭО, Кедендік Одақ) аясында қабылданған
міндеттерге қайшы келмейтіндігі жөнінде әлем мемлекеттері мен халықтарына ашық
түрде мәлімдеген болатын. Түркі интеграциясының мақсаты – бірлесіп күшейіп алып,
өзге мәдени және этностық топтарға қарсы шығу емес, керісінше, қазіргі күрделі
жаһандық жағдайда өзінің түркілік болмысын, мәдениетін, тілін сақтап қалу үшін
ортақ мәдени-ақпараттық кеңістік құру және сауда-шаруашылық байланыстарын
нығайту үшін өзара тиімді экономикалық жобаларды іске асыру. Қазіргі аумалы-
төкпелі кезеңде түркі мемлекеттерінің жекеленіп, бөлектенуі немесе оқшаулануы
келешек тұрғысынан қауіпті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет