1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


ҚР жаһандық қауіп-қатерлер, халықтаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі сыртқысаяси бастамалары



бет77/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
қ. тарих сессия 100 балл бұйыртса

110. ҚР жаһандық қауіп-қатерлер, халықтаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі сыртқысаяси бастамалары. Бүкіл әлемнің саяси, мәдени, рухани, әлеуметтік және экономикалық жағдайына ықпал етіп отырған экстремизм мен терроризм XXI ғасырдың ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін қайшылықтар уақыт өткен сайын өсе түсуде және де бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси- экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда.
Экстремизм мен терроризмкеше мен бүгінғана пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамыры терең. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Өйткені ол, осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі.
Терроризм және экстремизм өздерінің қылмыстық мақсаттарын орындау үшін барлық объектілерді пайдаланады, соның ішінде әлемде ең қымбат - адам өмірін, оның денсаулығын жәнеқоғамдағы күнделікті іс-қимылды жою болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президент! - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында басым міндеттердің бірі ретінде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылды айқындап, мәселенің өткірлігіне назар аударылған: «Біз әлемдік қауымдастықтың ядролық терроризм қатеріне қарсы тұрудағы күш- жігеріне қолдау жасаймыз. Біз жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісінде маңызды роль атқарамыз, халықаралық терроризмге, экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте әлемдік қауымдастықты қолдаймыз. Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс. Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар.
Бұл - біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шабуыл. Бұл - біздің мемлекеттігіміз бен азаматтық кемелдігіміздің мықтылығының сынға түсуі. Біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарымызды жетілдіруіміз керек. Біз терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіруге тиіспіз. Мемлекет қайдан бой көтерсе де, радикализм мен экстремизмнің жолын кесу керек. Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек.
Үкіметке менің Әкімшілігіммен бірлесіп, Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындауды тапсырамын. Сөйте тұрып, мен ұлтты да сақтандырғым келеді. Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс»
Бірқатар жағдайларда әдебиеттерде «экстремизм» және «терроризм» ұғымдарының араласуына жол беріледі. Бұл әлі күнге дейін әлемдік тәжірибеде «терроризм» және «экстремизм» ұғымдарына бірыңғай түсіндірмесі жоқтығын айғақтайды, ол осы екі диалектикалы өзара байланысты, қауіптілігі бірдей, бірақ даму құрылымы және салдары бойынша айырмашылықтары бар, әлеуметтік құбылысқа қарсы тұру мәселесін шешуге қандай да бір жалпы тәсілдерді әзірлеуді аса қиындатады.
БҰҮ-ның сарапшылары әдетте террористік актілер алдында қарсылық пен қақтығыстың кіші күш көрсету формалары көрініс табатындығы жөнінде ойға келеді. Алайда, осы уақытқа дейін оны ертерек алдын-алу жүйесі жоқ. Бұның басты себебі «экстремизм» және «терроризм» ұғымдарының халықаралық және ұлттық дәрежеде де бір-бірінен айырмашылығының айқындалмауы болып табылады.
Сонымен қатар, тәжірибеде экстремистердің басқаша ойлаушыларға қатысты зорлық әрекеттерін едәуір жиі көп жағдайларда саяси экстремизмнің шарасыз серігі ретінде шығатын терроризм деп атайды. «Терроризм» ұғымына тоқталып өту қажет. Өйткені бұл термин «экстремизм» ұғымына қарағанда, бірқатар құқықтық, оның ішінде халықаралық құжаттарда көрініс тапқан.
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды езгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.
Саяси козғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: 1) жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан озі сияқтылармен топтасады; 2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы, Жаңа Өзендегі (1989) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда "Бірлік" деген ұйым құрылды, ал Шевченко (казіргі Ақтау) қаласында сол уакытта "Парасат" деген ұйым дүниеге келді; 3) ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда "Азат", "Желтоқсан" партиялары солай туған болатын.Мәселен, Қазақстанның азаматтық "Азат" козғалысы қоғамдық-саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 шілдесінде құрылды. Басты мақсатын "Халықаралық, Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа коғамдастық шеңберінде Казақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу" деп біледі. Бұл қозғалыс Қазақстанды, қазақ халқын отаршылдық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту үшін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке осы жонінде өз ұсыныстарын жасады, "Желтоқсан",
"Алаш" партияларымен бірге сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға (славяндык "Лад", "Русская община", казактар бірлестіктері) олардын осы тұрғыдағы іс-әрекеттеріне бірнеше рет тойтарыс беруге белсене кірісті.
Саяси қозғалыстар көпшілік партияны кұру жолында алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттын жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаны корғау т.с.с. жалпы халықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылыктары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.
Қоғамдык құрылысқа катынасына карай саяси қозғалыстар консервативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып бөлінеді. Олардың ұстанатын принциптері саяси партиялардағы сияқты. (Олар жөнінде біз партиялардың жіктелуінде айтқан болатынбыз, сондықтан қазір тоқталмаймыз).
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: козғалысқа қажеттілік және онын пайда болуы; үгіт-насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы.
Қоғамдық ұйымдарга халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына койған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.

Адамдар тарихында терроризм жүздеген, мыңдаған жылдар бойы орын алып келеді. Өздерінің саяси мақсатына жетудің ең жаңа түрлері мен қаруланып жасақталған қазіргі терроризмді негізгі үш топқа белуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет