1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу



бет74/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
қ. тарих сессия 100 балл бұйыртса

104Сұрақ. Қазақстан қоғамы өміріндегі діннің рөлі жұртшылық, ғылыми орта және мемлекеттік органдар үлкен қызығушылық танытып отырған нысан болып саналады. Біздің қоғамымыздың дін саласында не болып жатыр, дін әлеумет санасына қалай әсер етеді, бұл бағытта мемлекет қандай саясат жүргізіп отыр? Осы және өзге де сұрақтарға бізге Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шариф жауап береді. Кез келген ел үшін дін саласындағы мәселелер – өзекті және маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы бүгінгі діни жағдай қандай деп ойлайсыз? Қазақстандағы діни жағдай, басқа елдердегі сияқты көбіне елдің ішіндегі және одан тыс саяси, экономикалық және құқықтық жағдайға тікелей байланысты. Сонымен қатар, ол мемлекеттің ішіндегі этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасқа да тәуелді. Бұл тұрғыдан біздің республикамыз тәуелсіздік алған уақыттан бері қоғамдық-саяси және экономикалық тұрақтылығымен, әр түрлі ұлт пен ұлыс, конфессиялар арасындағы сенім және өзара түсіністікпен ерекшеленетіндігі белгілі. Бұл үшін мемлекет тарапынан конфессияаралық сенім мен қоғамда қалыптасқан толеранттылық ахуалына, сындарлы сұхбатқа қолдау көрсету және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстанның көпшілік мойындаған жетістігі болып, халықтың барлық топтары өкілдеріне экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани даму мүмкіндігі бірдей қамтамасыз етілген демократиялық және зайырлы мемлекет түзе алуы болып саналады. Этносаралық және конфессияаралық келісім қағидаттары орталық мемлекеттік органдармен қатар, аймақтарда да жүзеге асырылып отырады. Діни келісім саласындағы Қазақстан тәжірибесі бірегей екендігін атап өткен абзал. Республикада діни бірлестіктердің біршама түрлері жұмыс істеуде: мәселен, дәстүрлі діндерден (ислам және христиан) бастап, бұған дейін елімізде болмаған жаңа, дәстүрлі емес діни қауымдастықтарды кездестіруге болады. Діни ұйымдар емін-еркін қайрымдылық, ағартушылық және гуманитарлық істермен айналыса алады.
105. ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы.
Президент өз мақаласында Тәуелсіздік алғанымызға биыл отыз толатынын, осы жылдар ішінде мемлекетіміздің дағдарысы мен дамуы алмасқан мезгіл болғанын, Тарих атты шежіре атамызға бұл отыз жыл қас-қағым сәт болғанымен, біздің еліміз үшін тәуелсіздік тұғырын тұрақтандырған, ұлттық құндылықтарымызды саралап қалыптастырған қиыншылықты қуанышпен алмастырған кезең екендігіне тоқтала, азаттықтың отыз жылын тұтас дәуір ретінде қарастырып, үш үлкен кезеңге бөледі.
Әрбір онжылдықтың мемлекетіміз үшін өзіндік орны бар екенін парасатты түрде пайымдап, алғашқы онжылдықты жас мемлекетіміздің Тәуелсіздік туын тіккен, мемлекеттің іргетасын қалаған белесі деп, Ата заңымыз қабылданып, ұлттық валютамыз – теңгенің қаржы айналымына енгенін, еліміздің қорғаны Қарулы Күштеріміз құрылған, саяси-экономикалық аренада алыс және таяу шетелдік елдермен, тіпті АҚШ, Түркия, Жапония, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы алпауыт мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатып, әлемдегі беделді халықаралық ұйымдарға мүше болғанын атап өтіп, алғашқы онжылдықта Қазақстан өзінің Азия барысы ретінде таныла бастағаны туралы және бұндай ізгілікті қадамдардың еліміз үшін өте маңызды болғанын талдап көрсетеді.
«Қазақстан-2030» стратегиясы еліміздің Нарықтық экономикаға көшуіне, тағдырдың тәлкегімен, тоталитарлық жүйенің теперешінен әлемге тарыдай шашылған қазақ халқының атамекеніне қайта оралуына кеңінен жол ашқан Ұлы көштің бастауы болғанын және бұл Ұлы көш жоғалтқанымызды тауып, жоғымызды қайта тапқан ұлттық рухымызды көтеріп ел еңсенін тіктеген маңызды белес екенін баяндады. Келесі онжылдықтың тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін нақты да маңызды шара – құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, халқымыздың асыл қазынасы, ата-баба мұратын, аманатын, тарихымызды қастерлейтін «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, еліміздің басты экологоиялық мәселелеріне басты назар аударылып, кепкен Арал теңізін қалпына келтіру шарасы қолға алынып, еліміздің экономикасы нығайғанын атап өтті.
Үшінші онжылдықтағы «Қазақстан-2050» стратегиясы, әр бағыт бойынша «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол» «100 нақты қадам» секілді көлемді игі шаралардың жүзеге асырылып, рухани жаңғырудың жаңа кезеңі басталған маңызды кезең екендігіне тоқталып, басты бағдарламалар мен жобаларды «мақаланың «бағда мен белес» атты тарауды нақты атап көрсетті. Президентіміздің бұл мақаласы халқымыздың өткені мен бүгініне нақты баға берген, болашағына бағдар беріп, «Жоңғар шапқыншылығы кезінде «Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» басынан кешкен, патшалық Ресейдің боданы болған, коммунисттік тоталитарлық жүйенің де «ашаршылық» пен репрессиясын, Ұлы Отан соғысын басынан кешкен біздің ел үшін Тәуелсіздіктің маңызы зор екенін, Тәуелсіздік тұғырының берік болуы Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы мен береке-бірлігінде атап көрсеткен, болашақ ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін еңбек етуге шақырған әлеуметтік-тәрбиелік, тарихи-саяси мәні зор мақала болды.

106. «Қаңтар оқиғасы». ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі Референдум.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған геосаяси жағдайдың күрт шиеленісуімен байланысты қазіргі заманғы тарихта бұрын-соңды болмаған қаржылық-экономикалық қиындықтармен байланысты жағдаймен тұспа-тұс келіп отыр.
Ел Президенті «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауында тәуелсіздікті сақтау керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы: «Осы күндерде жұртымыз тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық», – деді. Президент өз жолдауында халқына салмақты ой тастап, дәлелді тұжырым жасай отырып, нақты бағыт ұсынды. Сондай-ақ «Конституцияның 30-дан астам бабына өзгерістер енгізу қажет», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл аса күрделі өзгеріс. Мемлекеттік аппарат цифрлық құралдарды жаппай енгізу кезінде ғана іске асырылады. Осыдан кейін шенеуніктер бюрократиялық өкілеттіктерді қалпына келтіруге тырысып, жаппай реакция жасай бастайды. Осыған жол берілмей, Қ.Тоқаевтың тапсырмалары діттеген жеріне жетсе, алдағы уақытта қағазбастылықтан құтыламыз деп сенемін. Жолдау соңында Президент: «Еліміздің азаматтары ертең емес, бүгін бақытты болғанын қалаймын. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан артық ештеңе жоқ», – деді. Мемлекет басшысы айтқандай, ел-жұрт болып жаңа Қазақстанды құру жолында аянбай еңбек етейік. Сондықтан білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін оқытушылар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Біздің бүгінгі студенттеріміз – Қазақстанның жарқын болашағы.
Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі Референдум. Қазақстандағы республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтті. Референдумның құрамын, аумақтық және учаскелік комиссияларын жариялау мерзімдері, комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтер референдум тағайындалғаннан кейін 10 күннен кешіктірілмей, ал нақты айтқанда, 15 мамырдан кешіктірілмей БАҚ-та жариялануы тиіс. Дәл осындай мерзімде әкімдер БАҚ-та референдум учаскелерінің шекаралары туралы ақпараттарды жариялауы тиіс.
Жалпы алғанда, референдумда заңның 33 бабына 56 өзгеріс енгізілмекші. Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын белгілі заңгер-құқықтанушылар және конституциялық құқық саласының мамандары әзірледі.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы республикалық баспасөзде 6 мамыр күні ресми түрде жарияланды.
Конституцияның қазіргі және жаңа нұсқалары арасындағы айырмашылығын түсіну, ұсынылып отырған көптеген түзетудің байыбына бару мұндай істен хабары аз адам үшін қиындық туғызатыны анық.
Сондықтан жұртқа ұғынықты болу үшін бұл түзетулер Ата Заңның нақты баптары мен тармақтары көрсетілген бірнеше бөлікке бөлінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет