7 Егемен Қазақстандағы сәндік- қолданбалы өнерінің даму ерекшелігі.
Сән және қолданбалы өнер - сән өнерінің бір саласы, тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі. Негізінен, түрлі үй жиһаздарын (жиһаз, зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т.б.) жасайды. Сән және қолданбалы өнерінің материалдары - металл, керамика, ағаш, қыш, шыны, асыл тастар, сүйек, былғары, т.б. Негізгі техникалық әдістері көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді. Сән және қолданбалы өнер келелі өндірістік, технологиялық міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен мүліктік мөдениеттің даму дөрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этникалық ұлттық ерекшеліктің негізінде дамиды.
Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз ғылыми еңбектерде осы ұғымдарға берілген анықтамаларды жүйеге келтіреміз және сәндік қолданбалы өнер, өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады, деп ой түйіндейміз. Ғалымдардың (К.Әмірғазин, Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, М.Мырзақанов, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова, Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) «сәндік-қолданбалы» өнер түрлері бойынша ұсынған жіктемелеріне де жан-жақты сипаттама беріп топтастырамыз.
Қорыта келсек, қазіргі заманда сәндік қолданбалы өнер қарқыңды дамып келе жатыр. Сәндік қолданбалы өнердің дамуы өндіріске зор пайдасын тигізуде. Қазіргі таңда еліміздің өзінен көптеген металл, керамика, шыныдан әртүрлі бұйымдар жасалуда.
Достарыңызбен бөлісу: |