1. Қазақстандағы тәуелсіздік дәуіріндегі қала құрылысының негізгі тенденциялары


Қазақстандағы ХХ ғасырдағы қала құрылысының негізгі тенденциялары



бет9/23
Дата03.05.2023
өлшемі52,29 Kb.
#89408
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
77 сурак

25.Қазақстандағы ХХ ғасырдағы қала құрылысының негізгі тенденциялары
Қазақстан қалалары туралы алғашқы еңбектер ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында анықтамалар түрінде жарық көріп [3], 1950-жылдардан қолға алына басталды. Әрбір қаланың бекініс ретінде негізделуі, біртіндеп экономикалық-әлеуметтік қатынастардың дамуы, тұрғындарының саны, ұлттық және әлеуметтік құрамы, абаттандырылуы, мәдениет пен білім ошақтары т.б. белгілі ― бір құрылымдық және хронологиялық жүйе бойынша баяндала бастады. Мұрағаттық құжаттар және жарияланған еңбектердегі статистикалық мәліметтер мен деректер пайдаланылып, ғылыми түрде айналымға енді. Атап алғанда, А.А. Горячева өзінің бұл кезеңдегі еңбектерінде Верныйда капиталистік қатынастардың дамуының баяу жүруінің басты себептерінің бірі ретінде теміржол байланысының жоқтығын атаған [4] . Әрбір қаланың бекініс ретінде негізделуі, біртіндеп экономикалық-әлеуметтік қатынастардың дамуы, тұрғындарының саны, ұлттық және әлеуметтік құрамы, абаттандырылуы, мәдениет пен білім ошақтары т.б. белгілі ― бір құрылымдық және хронологиялық жүйе бойынша баяндала бастады. Мұрағаттық құжаттар және жарияланған еңбектердегі статистикалық мәліметтер мен деректер пайдаланылып, ғылыми түрде айналымға енді. ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басындағы қазақстандық қалалардың ішінен тарихы біршама жақсы зерттелгендерінің қатарына Алматы, Орал, Семей, Ақмола, Петропавл, Тараз қалаларын жатқызуға болады. Жалпы қалалар тарихына арналған еңбектердегі басты кемшілік методологиялық ұстанымдардан туындаған деп ойлаймыз. Осы мәселе қазақстандық қалалар тарихының бір сарынды, бір қаланың тарихын баяндаудың, құрылымының, кейде мазмұндық бағытының екіншілерімен ұқсастығын көрсетеді.
«Қазақстанда төңкеріске дейін қандай да бір сәулет және құрылыс өнері ескерткішінің болу мүмкіндігі мүлдем жоққа шығарылды және ғалымдар монументальды мәдениет ескерткіштері болу болжамынсыз, таза далалық көшпелі тұрмыс орын алғанына сенімді болды» [1: 5]. Бірақ Қазақстанда көне қалалардың қиранды орындары, ирригациялық жүйелер орны, көне көмбелер көшпелі, егінші, қалалық мәдениеттің қатар дамығанын дәлелдейді. Қазақстан территориясындағы қалалардың тарихы ерте сақ заманынан бастап, ортағасырлық қалалар тарихымен жалғасып жатты. Табиғи және климаттық жағдайына орай қалалық кеңістіктің қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшеліктері бар.Қазақстанның қала кеңістігінің өзіндік ерекшелігі, қайталанбайтын және өте қызықты өңірлік сипаттамалары бар. Қазақстанның оңтүстік қалалары ежелден бері дәстүрлі түрде сауда-әкімшілік, қолөнер, мәдени өзара байланыстар орталықтары болды. Елдің солтүстік қалалары кейінірек ресейдің отаршылдық пен капиталдың енуімен осындай орталықтарға айналды. Ғимараттар мен құрылыстардың жаңа түрлері тұрғызылды, қалаларды жоспарлау мен салудың соны тәсілдері белгіленді, өткен кезеңдердегі монументтік сәулет өнерінің дәстүрлері қайта жанданды, жаңа материалдар мен құралымдар, ғимараттарды көркемдеп, сәндеудің архит. пішіндері мен құралдары пайда болды.1927 – 29 ж. Респ. жоспарлау к-тінің арнаулы комиссиясы ауылға арналған тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, басқа да ш.-тұрмыстық үйлердің бірсыпыра типтік сұлбасын, бас жоспарларын жасады. Жаңа құрылыстар негізінен бос жатқан жерлерде жүргізілді. Қызылорда қаласында жеке әкімш. ғимараттары мен тұрғын үй орамдары жедел қарқынмен салынды. 30-жылдардың басында Алматы қаласында құрылыс кең өріс алды. Түркістан-Сібір т. ж-н салу және республика астанасын Алматыға көшіру қаланың қауырт өсуіне қолайлы жағдай жасады. Қаланы көркейтіп дамыту, Алматы үшін жоспарлаудың дәстүрлі тікбұрышты-орамды жүйесі бойынша, көлденең қиып өтетін көшелерді ұзарту жолымен батыс бағытқа қарай дамытылды. Қала орт. жаңа құрылыстар ауданына (қазіргі Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесінің аралығына) ауысты. 1926 – 34 ж. Үкімет үйінің ғимараты, Байланыс үйі, Түрксіб т. ж. басқармасы үйі салынғаннан кейін республиканың басты әкімш. алаңы ұйымдастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет