1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні және курстың мақсаты


«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы



бет5/5
Дата12.04.2022
өлшемі342,06 Kb.
#30826
1   2   3   4   5
Байланысты:
тарих дайын сурак

128 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты:

1.Мәдени – әдеби мұраларды сақтау 2.Сирек кездесетін және құнды әдебиеттерді насихаттау; 3.Заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін дамыту; 4.Тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері туралы әдебиеттерді насихаттау; 5.Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасын оқып-үйрену;6.жастарды мәдени құндылықтарды білуге және оны дамытуға баулу;

«Мәдени мұра» Н.Назарбаевтың бастауымен 2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында бұйырылды. Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.

«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу. Бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: 1.ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру. 2.археологиялық зерттеулер. 3.қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;4. ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру.

Зерттеу жұмыстары

2004 жылдан бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған. Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.).

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объектов) және жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.

Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.

Орта ғасырлардағы әуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, тарихи өлеңдер.Қазақтың дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды. Бұл масштабы мен қайталанбастығы бойынша ұлттық мәдениетт тарихындағы қазақ халық әндерінің түпнұсқалық орындауларын жинау, даярлау, өңдеу, реставрациялау, цифрлундіру мен CD-дискілерді шығару бойынша орасан зор еңбек.

Сәтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің, реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық және кесенесін салу.

“Қазақтың байырғы мәдениетіне қатысты сирек кездесетін деректерге талдау”, “Ғ. Мүсірепов және архив” атты еңбектер дайындалып, баспадан шығарылды. Профессор Ж.М. Төлеубаева Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Шығыстану институтының қолжазба қоры бөлімінде болып, Қазақстан мен Орталық Азияның саяси тарихы мен мәдениетінен мол мәлімет беретін түркі, араб, парсы және қытай тілдеріндегі қолжазбаларды анықтап, аудармасына жан-жақты талдау жасады. Нәтижесінде «Материалы по истории Казахстана и Центральной Азии» зерттеу монографиясының бірінші шығарылымы дайындалды. «Академик Б.А. Ахмедов. Избранные труды» жинағына өңдеу жұмысы жүргізілу үстінде. «Хрестоматия по истории межгосударственных отношений и дипломатии в Центральной Азии в XIII-XV века» атты жинағы баспадан шығарылды. Ұлттық орталықта «Қазақстанның тарихи мұрағаты» - «Исторический архив Казахстана» альманахы сериясын шығару қолға алынды. Алманах «Дайк-Пресс» баспасына берілді. Оның ІІ және ІІІ шығарылымын жоспарлап, онда Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатынан, Өзбекстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатынан, Омбы, Орынбор облыстарының мемлекеттік мұрағаттарынан, сондай-ақ Ресей мұрағаттарынан Қазақстан тарихына қатысты алынған құжаттар енгізілді. Осыған сәйкес альманахқа біраз өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Альманахқа жаңа ұсыныс бойынша Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих институтының қызметкерлерінің қатысуымен Н.Г. Малицкийдің «Казахи» атты бұрын жарияланбаған этнографиялық очеркі енгізілді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жауапты редактормен бірінші шығарылымды төңкеріске дейінгі Жетісу облысындағы археология туралы материалдармен толықтыру шешілді.

«Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсірген. Бұл «Мәдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер.«Мәдени мұра» бағдарламасында саяхаттық кластерді дамытатын бағыттағы шаралар іске асырылады. Туристік маршруттарды құрғанда археологтардың кеңестері қолданылады.

Жыл сайын елімізде және шет елдерде тарихи-мәдени мұрамызды дәріптеу бағытында шамамен 200 шара ұйымдастырылады.

Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: «Бабалар сөзі», құрамына Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің әдеби шығармашылығы кіретін «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар», «Экономикалық классика», «Әлемдік философиялық мұра» сериялары кездеседі.

129. Тәуелсіз Қазақстанның даму стратегиясы: басымдықтары мен нәтижесі.

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі. Стратегия кәсіпорынның (фирманың, компанияның, партияның, т.б.) ұзақ кезең бойына алдына қойылған міндеттерін шешуді мақсат еткен ірі ауқымды ұзақ мерзімді жоспарлауға қатысты қолданылады. Әлеуметтік басқаруға қатысты стратегия дегеніміз макроэкономика мен микроэкономика мүдделерін ұштастыру негізінде міндеттер мен тетіктерді және оларды іске асыру шарттарын белгілеу. Стратегияның аса маңызды сипаттамалары — баламалы көзқарас және түзету жасау мүмкіндігі [1]

Қазақстан 2020

Шығу тарихы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылдың қазан айында Республиканың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. Бұл құжат Қазақстанда тұрақты, динамикалы экономикасы бар мемлекет құрудың ұзақ жылдарға бағытталған даму жолын көрсетіп берді. «Қазақстан – 2030» Стратегиясын іске асырудағы алғашқы кезең 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы болды. Бағдарлама бәсекелестікке лайықты экономикасы мен өндірісі және ауыл шаруашылығы дамыған, әлеуметтік саланың қызмет көрсету деңгейін қолжетерліктей дәрежеге жеткізу міндеттерін анықтап берді. Стратегияны жүзеге асыру кезеңінде көптеген басты салаларда ілгері дамуға қол жеткізілді. Бүгінгі жеткен орасан жетістіктеріміз, Қазақстан азаматтарының алға қарай жасаған ұмтылыстарының бірізділігін сақтаудың, экономиканы жетілдірудің, заманауи азаматтық қоғам құрудың негізін анықтап берді деп мықты сеніммен айта аламыз. Дегенмен, 2010 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде алдыңғы қатарлы салалар айтарлықтай дамығанымен, көпшілігінің жоспарлары аяғына дейін жеткізілмей отыр. Қазақстанның даму жағдайында да елеулі өзгерістер болды. Әлемнің көптеген мемлекеттері сияқты 2007 жылғы әлемдік дағдарыс Қазақстанға да өз әсерін тигізді. Экономикамызды әлемдік дағдарыстың көлеңкелі тұстарынан сақтандыратын шаралар қабылдау қажеттілігі туды. Осыған орай «Қазақстан – 2030» Стратегиясының келесі кезеңі – 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды. Ол дағдарыс кезеңінде бәсекелесуге қабілетті экономиканы қалпына келтірудің негізін салуға бағытталған. ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында мемлекеттік қызметте бес басты бағыт болады.

Бірінші бағыт

Елдің қаржы секторына деген сенімін қалпына келтіру және оның қызмет көрсету ауқымын кеңейту бағытында жұмыстар жасалады.

Екінші бағыт

Экономикалық диверсификация мұнай өңдеу мен мұнай-газ секторы инфрақұрылымдары; металлургия мен дайын металл бұйымдарын шығару; химия, фармацевтика және қорғаныс өндірісі; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу; құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарын шығару, сонымен бірге энергетика, көлік және коммуникациялардың озық дамуы сияқты басым бағыттар есебінен қамтамасыз етіледі.

Үшінші бағыт

білім беру саласын модернизациялау, денсаулық саласын реформациялау мен еңбек ресурстарына ықпалды саясат жүргізу.

Төртінші бағыт

Мұндағы басты мақсат, тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелерін күшейту және тиімді тұрғын үй мен коммуналдық қызмет көрсету. Ондаған жылдар бойы тиімділікке негізделген атаулы әлеуметтік көмек жүйесі қалыптаса береді.

Бесінші бағыт

Ғасырдың екінші онжылдығында негізгі күш мемлекетіміздің алға қарай нығайып дамуына, қауіпті сейілту мен оған қарсылық көрсету, сыртқы ортаның қолайлылығының қалыптастыруға шоғырландырылады. 2020 жылға дейінгі кезеңдегі ішкі саяси саладағы басты мақсат Қазақстан қоғамының дамуындағы бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылықпен пен орнықтылықты сақтау.

XXI ғасырдың екінші онжылдығының басы күрделі болады. Қазақстан әртүрлі үлгілерге дайын болуға тиіс.

Ағымдағы жаһандық дағдарысты еңсеру барысында ауқымды өзгерістер орын алады, жаңа әлемдік тәртіпті құру басталады. Осындай жағдайларда қажетті әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру үшін дағдарыс берген мүмкіндіктерді пайдалана білген елдер барынша табысты болады.

Стратегиялық жоспар-2020 уақыттың сын-тегеуіріндеріне Қазақстанның жауабы болып табылады. Оны іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан дамушы нарықтық экономикасы бар елдердің бірінші қатарында болып қалады.

Стратегиялық жоспар-2020 мемлекеттің жарқын болашаққа қол жеткізу жөніндегі Қазақстан азаматтарының алдындағы міндеттемесі болып табылады. Оны орындау үшін мемлекеттің барлық деңгейлері мен құрылымдарының белсенді қатысуы, сондай-ақ азаматтардың қолдауы талап етіледі.

Стратегиялық жоспар-2020-ның табысты іске асырылуы Қазақстанды "Қазақстан-2030" стратегиясында айқындалған елдің жарқын болашағына қол жеткізудің жолын бекем қамтамасыз етеді.

"Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысы

«АҚПАРАТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН - 2020» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

«Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты ақпараттық қоғамға ауысуға жағдай жасау.

Бағдарламаның басты міндеттері мыналар:

• Мемлекеттік басқару жүйесінің тиiмділігін қамтамасыз етуі.

• Ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету.

• АКТ-ны енгізу арқылы тіршілік ету сапасын және шарттарын арттыру.

• Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

«Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтиженсінде еліміз мына көрсеткіштерге қол жеткізуді мақсат етіп отыр:

1. Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;

2. «Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;

3. Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;

4. Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;

5. Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;

6. Eлдің ЖІӨ-гі АКТ саласының үлесі – 4%;

7. Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;

8. Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;

9. Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;

10. Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.

11. Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.

12. Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.

13. Жалпы қызмет көрсетулердің 80 пайызын - электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі құрайды.

Қазақстан 2030 (117, 142 жауабы cұрақтарда), Қазақстан 2050 (131, 132, 133, 146, 147) бағдарламалары да осы сұрақтың жалғасты жауаптары. Бірақ бұл сұрақтардың жауабы басқа сұрақтарда берілгендіктен жазбадым. Сілтемеден қараңдар.

130 Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершіліктіреттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

Жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің құрт асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады.

Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет (қысқаша Сыбайлас жемқорлық). 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заң қабылдады.[1]

Қазақстан әлі сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары елдер қатарында. Бұл әлем елдеріндегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін анықтайтын Transparency Іnternatіonal ұйымының 2008 жылғы қорытынды есебінде көрсетілген.

Қазақстан 2008 жылғы рейтинг бойынша 151-орыннан 145-орынға шықты (Бұрынғы кеңес елдері арасынан парақорлықтан тазалығы жағынан Грузия (67-орын), Армения(108) мен Украина (134) ғана Қазақстанның алдында тұр)

Қазақстанда зерттеулер 1999 жылдан бастап жүргізіле бастады. Егер сол кездегі елдегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін (кестені қараңыз) алсаңыз, 2008 жылғы көрсеткіштен айырмашылығы аз. Қазақстанда сәл ілгерілеу болғанымен, индекс (2,2-2,8 балл) әлі төмен. Сыбайласқан жемқорлықтан арылған мемлекетте индекс 10 балды көрсетеді. Сол себептен, Қазақстан ең құрығанда 5 балл алуға ұмтылуы керек. Ал индексі 3 балға дейінгі кез келген елде сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары болып есептеледі.

Қазақстанда жемқорлық деңгейі өте жоғары салалар

• Білім беру саласы. Бұл бағытта ешкімді жауапқа тартпайды.

• Денсаулық сақтау саласында да заңнама реттелмеген. Сыбайласқан жемқорлық болмаса да, өз қызметін пайдалану фактілері көп.

• Пәтер иелері кооперативтеріне қатысты да шағым жиі түседі.

• Соттардағы және кедендегі сыбайласқан жемқорлық деңгейі де әлі жоғары.

131 «Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабылетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан даму қарқыны жағынан жаңа белестер табалдырығында» деп аталатын ҚР Президентінің жолдауындағы әлемнің бәсекеге қабылетті және тұрақты дамушы елдер қатарына қосылуындағы басым бағыттары.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі, 2006 жылғы 18 қаңтар

Бұл стратегияның негізіне ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған.

Ұсынылып отырған бағыт Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту қағидаттарына негізделеді, оларды бүгінгі күннің нақтылығын ескере отырып тереңдетеді. Жаңа Үкімет үшін басымдықтар мен міндеттер мынадай.

І басымдық: Қазақстан экономикасын жаңарту және оған серпінді сипат беру, олар өзара байланысты міндеттер кешенін шешуді көздейді

Бірінші. Фискалдық саясат.

Салық және тариф саясатын реформалау сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюға және кәсіпкерлікті, бизнес пен халықаралық сауданы дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.

Біз салықтардың жиналуын ұлғайтуға, салық салу құрылымын жеңілдетуге және салықтар санын шектеуге тиіспіз. Бизнес мүддесі тұрғысынан жеке тұлғалар үшін табыс салығының белгіленген ставкасын енгізу және Салық кодексін жеңілдету мүмкіндігін зерттеу керек.

Екінші. Несие-ақша саясаты.

Үшінші. Экономиканың отын-энергетика және өндіруші секторлары тиімділігінің жаңа деңгейін ұйымдастыру.

Төртінші. Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру.

Бесінші. Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекетті қолдау.

Алтыншы. Әлеуметтік даму мен кәсіпкерліктің өңірлік корпорациялары.

Жетінші. Нарықтық қағидаттар негізінде экономикалық өзара ықпалдастықты дамыту.

Сегізінші. Рентабельді емес кәсіпорындарды нәрлендіру және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру.

Тоғызыншы. Аумақтық даму.

ІІ басымдық: Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету

Бірінші. Халықаралық маңыздағы серпінді секіріс жобалары.

Екінші. Түсімдердің баламалы көздерін дамыту.

Үшінші. Жаһандық экономиканың толыққанды субъектісі ретінде елдің бәсекеге қабілеттілігін дамыту.

Төртінші. Қазақстан жаңа технологияларды дамытатын компаниялардың құрылтайшысы және акционері болып, жаңа технологияларды олардың талдап жасалу кезеңінде игеруі тиіс.

Бесінші. Экспорттық-импорттық сектордың артықшылықтарына қолдау білдіру.

Алтыншы. "Инкубациялық жобаларды" іске асыру.

Жетінші. Энергетикалық емес және өндіруші емес секторларда жаңа рыноктарды дамыту.

Сегізінші. Қорғаныштық сауда маркасы және зияткерлік меншік құқығы бар тауарлар өндіру үшін қолайлы жағдайлар туғызу.

Тоғызыншы. Индустрияның басым секторларының тиімділігін арттыру үшін Мемлекеттік холдинг компаниясын құру.

Оныншы. Алматыны қаржы және іскерлік белсенділіктің ірі өңірлік орталығы ретінде дамыту.

Он бірінші. Көлік инфрақұрылымын және қызметін дамыту.

Он екінші. Экономикалық өсудің нақты тетігі ретіндегі БСҰ-ға кіру.

Он үшінші. Халықаралық экономикалық одақтар мен қауымдастықтарға қатысу арқылы жаһандық экономикаға кірігу..

ІІІ басымдық: Әлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын осы заманғы әлеуметтік саясат

Бірінші. Тұрғын халықтың анағұрлым "осал" топтарын атаулы әлеуметтік қолдауды дамыту.

Екінші. Әлеуметтік көмек жүйесін нарық жағдайларына сәйкес келтіру.

Үшінші. Әлеуметтік саладағы жаңа қызмет түрлеріне сұраныс қалыптастыру.

Төртінші. Осы заманғы білім беру және білікті кадрларды дайындау жүйесін дамыту.

Бесінші. Кадрларды қайта даярлау.

Алтыншы. Тұрғын үй құрылысы мен жылжымайтын мүлік рыногын дамыту мәселелері.

Жетінші. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті ұйымдастыруда осы заманғы қағидаттар мен үлгі-қалыптарға көшу.

Сегізінші. Қоршаған ортаны қорғау.

Тоғызыншы. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін басқарудың халықаралық үлгі-қалыптарын енгізу.

ІV басымдық: Демократия және қоғамды саяси тұрғыдан жаңғырту мәселелері

V басымдық: Ұлттық қауіпсіздіктің бүгінгі қатерлер мен жаһандық ауқымдағы сынақтарға сай стратегиясы

VІ басымдық: Әлемдік дамудың серпінділігін ескеретін сыртқы саяси міндеттер

2007 жылы Қазақстан бәсекеге қабілетілік рейтингісінде 61-ші орында болды. Алайда, жаһандық дағдарыстың салдарына байланысты 2008 жылғы рейтингте 66-шы, ал 2009 жылы 67-ші орынға дейін төмендеп кетті. 2010–2011 жылдары Қазақстан БЭФ-тің баяндамаларында 72-ші орын алды. 2012 жылдың 5 қыркүйегінде Бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) Әлем елдерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігі туралы (The Global Competitiveness Index 2012–2013) есебі жарияланған болатын. Жаңартылған рейтингке сәйкес, Қазақстан өзінің позициясын 21 пунктке жақсартып, 72-ші орыннан 51-ші орынға көтерілді. Қазақстанның мұндай жоғары көрсеткіші — Стратегиялық жобаларды жүзеге асырудың нәтижесі екені күмәнсіз. Қазақстан позицияларының жақсаруы іс жүзінде бәсекеге қабі¬леттіліктің барлық факторларында байқалды. 2012 жылы Қазақстан 2-ші өтпелі кезең экономикасынан (тиімді даму кезеңі) дамудың 3-ші кезеңіне (инновациялық даму кезеңіне) өтуші ел ретінде аталған рейтингке алғаш рет қатысты. Бұған дейін Қазақстан экономикасы 1-ші кезеңнен (факторлы даму кезеңі) 2-ші кезеңге өтуші елдер тобына жатқызылған болатын[10]. Дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді жүйесінің әзірленіп, оны дәйектілікпен іске асыру, ішкі және сыртқы конъюнктура жіті қадағаланып, табанды шаралар жүзеге асырылғандықтан жаһандық азық-түлік дағдарысы ұлттық апатқа айналған жоқ. Қазақстанның беріктігін сынаққа салған «дағдарыс сырттан келген еді және оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде болды»[11].



132 ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстанның – 2050 стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» XXI- ғасырға басты талабы және 2050 жылдарға жаңа саяси бағыт.

132 ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстанның – 2050 стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» XXI- ғасырға басты талабы және 2050 жылдарға жаңа саяси бағыт.

2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.

Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру» [1].

Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды [2].

«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.

2. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканыңжетекшікүші.

Осы стратегиялық бағытты шешу аясында Н.Ә. Назарбаев елімізде бизнесті дамытудың аса мол мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Осыған орай, кәсіпкерлікті қолдаудың тетіктері жетілдірілді, бизнестің өсуіне кедергі жасайтын қателіктер жойылды. Сол себептен отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғайтын күші болу керек, ал экономикадағы кіші және ірі бизнестің үлесі 2030 жылға дейін кем дегенде екі есеге өсуі керек. Н.А. Назарбаевтың ойы бойынша тапсырма кешенін шешкен жағдайда орындалуы мүмкін болады.

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.

4. Білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.

5. Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.

6. Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.

Дамудың Жаңа Стратегиясы еліміздің озық партиясы «Нұр Отанның» жаңа саяси бағытын жүзеге асырудағы маңызды тетіктердің біріне айналды. Партияны төрағалық ететін Көшбасшы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан – Нұрлы болашақ жолында» жаңа саяси доктринасын әзірледі – бұл негізгі қағидаттары, құндылықтары және ұзақ мерзімді болашаққа арналған қызметтің негізгі басымдылықтары нақты көрсетілген құжат болып табылады [3]. Құжат 2013 жылы 18 қазан күні Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV құрылтайында баяндалды.

2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен сөз сөйледі. Ол «Қазақстан – 2050» ауқымды Стратегиясының нәтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен әлеуметтік-саяси жобалар арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті [4].

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды.

Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады [5]. Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады

140. «ҚазССР-нің тіл жөніндегі» Заңы

Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі болып табылады.

«Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Ата-бабамыз мұраға қалдырған ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілу жолын сөз еткенде, тарихты айналып өтуге болмайды.

Ғалым Н. Жанақованың тарихи зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, Кеңестік кезеңде қазақ тілінің өркендеуіне кері ықпал еткен мынадай ішкі және сыртқы әлеуметтік-демографиялық процестерді атап көрсетуге болады:

- ұжымдастыру немесе қолдан жасалған ашаршылық зардаптары;

- Кеңес Одағы бойынша, әсіресе Қазақстандағы жаппай индустрияландыру;

- Ұлы Отан соғысы жылдарында Ресей мен Украинадан ірі өнеркәсіп орындарының Қазақстанға көшірілуі;

- Кеңес Одағын басқарған Н.С. Хрущевтің тың игеру саясаты.

Ұжымдастыру жылдарында жіберілген қателіктер мен ашаршылық салдары Қазақстандағы демографиялық процестердің қалыпты арнасын бұзып, республиканың ұлттық құрамына ықпал етті, сайып келгенде, мұның өзі қазақ тілінің дамуына орасан зор зиян келтірді.

Қазақ тілінің индустриясы дамыған республикада жетекші тіл бола алмауына кедергі жасаған объективті және субъективті факторлар болды. Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қынжыла жазғандай: «қазақтар ірі кәсіпорындарына бармағандықтан тіліміз өндіріс тілі бола алмады».

Сондықтан, Қазақстанның өнеркәсіп саласында орыс тілділердің үстемдігі орнықты. Ұлы Отан соғысы жылдарында да қазақ тілі мен басқа аз ұлттар тілдерінің қолданылу аясы тарылып, орыс тілінің ықпалы күшейе түсті. Бұлай болуы елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси, этнодемографиялық жағдайларға байланысты заңды құбылыс еді (әкімшіл-әміршіл билік жүйесі соғыс өрті шарпыған өңірлердегі көптеген ірі кәсіпорындарды жері байтақ, елі жомарт Қазақстанға көшірді).

Тың игеру саясаты Қазақстандағы жергілікті ұлт – қазақтарды өз туған жерінде аз ұлтқа айналдырып, қазақ тілінің өрісін тарылтты.

1989 жылы 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. Ол заңда сол кездегі Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі- қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілді.

Осылайша, халықтың көптен күткен арманы орындалды. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бұл заң 1990 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгізілді.

Заң 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды . 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. Ол

6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4-ші бабында Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі делінген.

Қазақ тілінің мәртебесін жүзеге асыруға елеулі ықпал еткен фактор оның мемлекеттік мәртебесінің Қазақстан Республикасының 1993 жылғы қаңтарда қабылданған Негізгі Заңы – Конституциясында нақтылануы болды. Онда «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп танылды. Бұл бап Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған 1995 жылғы Конституциясында да қайталанды.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты бүгінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы

№ 110 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып келеді.

141. Орталық Азия елдері басшыларының Ашхабад келісімі

2014 жылғы 8-9 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Иран Ислам Республикасы Президентімен кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан «Иран Ислам Республикасы, Оман Сұлтандығы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы Үкіметтері арасындағы халықаралық көлік және транзит дәлізін құру туралы» Келісімге (бұдан әрі – Ашхабад келісімі) қосылу мүмкіндігін қарастыру тапсырмасы берілді.

«Ашхабад келісімі» 2011 жылғы 25 сәуірде аталмыш елдердің сыртқы саясы ведомстволарының басшылармен қол қойылған. Келісім Орта Азия елдерімен, Парсы шығанағы мен Оман теңізінің порттары арасында жолаушылар және транзитті жүктердің үздіксіз тасымалдануы үшін сенімді көлік дәлізін құруды, Халықаралық көлік және транзит дәлізі бойынша экпорт/импорт тауарларын тасымалдауды көздейді.

Қазақстанның Келісімге қосылуы көлік логистика саласындағы қатынастардың дамуына, физикалық және физикалық емес тосқауылдарды алып тастауға, Келісімге қатысушы-елдер арасындағы транзиттік тасымалдардың жылдамдығын ұлғайтуға және қазақстандық экспортты жылжытуға мүмкіндік туғызады, сондай-ақ Қазақстанның аумағы арқылы қосымша транзиттік жүк ағын тартуға және Парсы шығанағы мен Оман теңізінің порттарына шығуға жаңа серпін береді.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ашхабад келісіміне қосылу бойынша ұстанымында қалады және қазіргі уақытта қосылу бойынша барлық қажетті мемлекеттікішілік рәсімдер өткізілуде.

142. ҚР «Қазақстан‒2030» даму стратегиялық бағыты

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

• Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады.

• Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

• Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

• Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

• Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.

• Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.

• Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

________________________________________

Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.

Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.

143. ҚР өндірістік-инновациялық даму стратегиясы

Өнеркәсіп саясатының кезең-кезеңімен дамуы мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің №874 Жарлығына сәйкес 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама бекітілді.

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама) ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдығына, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі «Экономиканы әртараптандыруды жеделдету» Стратегиялық даму жоспарының маңызды бағыттарын жүзеге асыруға, Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру Концепциясына, сондай-ақ шетелдік инвесторлар Кеңесінің Қазақстан Республикасының Президентімен өткен XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасы және Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының даму шеңберінде жасалған.

Бағдарлама 2010 -2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылады және оның жүзеге асу тәжірибесін ескереді.

Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі және өңдеуші өнеркәсіптің дамуына күш біріктіру мен шектеулі секторлар қатары, аймақтық мамандандыруда кластерлі тәсілді қолдану және нәтижелі саланы реттеуге тоғыстырылған.

Бағдарламаның негізгі мақсаты диверсификацияны ынталандыру және өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер белгіленген:

1) өңдеуші өнеркәсіптің озық дамуы;

2) нәтиженің жоғарылығы және басымдық секторына қосылған құнның көтерілуі;

3) шикізаттық емес экспорттың жоғарылауы;

4) өніммен қамтылуды сақтау;

5) өңдеуші өнеркәсіптің технологиялық басымдық секторына жаңа деңгей берілу және алдағы жасалатын инновациялық кластерлердің қалыптасу негізі мен дамуы;

6) өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта бизнесті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау.

Бағдарламаның іске асуы 2019 жылы 2012 жылғы экономикалық көрсеткіштер деңгейіне жетуге мүмкіндік береді:

- өңдеуші өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемінің нақты 43% ға өсуі.

- өңдеуші өнеркәсіпте тұтас қосылған құнның өсуі нақты көрінісінен 1,4 еседен кем емес;

- өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің өсуі нақты көрінісінен 1,4 еседен кем емес;

- шикізаттық емес (өңдеуші) экспорттың көлемдік өсуі 1,1 есе;

- өңдеуші өнеркәсіп энергиясының жұмсалуының төмендеуі 15 % дан кем емес;

- өңдеуші өнеркәсіпті жұмыспен қамтудың өсуі 29,2 мың адам.

Талдау қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің металлургия, химия, мұнай-химия, машина жасау, материалдар құрылысы, тамақ өнеркәсібі секілді 14 сектордан тұратын 6 басымдығы таңдалынды:

1) қара металлургия;

2) түрлі түсті металлургия;

3) мұнай өңдеу;

4) мұнай-газ химия;

5) азық түлік өнімдерінің өндірісі;

6) агрохимия;

7) өнеркәсіптік химиялық заттар өндірісі;

8) қозғалтқыш және жабдықтар бөлшектерінен тұратын автокөліктік құралдар өндірісі;

9) электрлі машиналар және электр жабдықтарының өндірісі;

10)ауылшаруашылық техникаларының өндірісі;

11)теміржол техникаларының өндірісі;

12) кен өнеркәсібі жабдықтары жән машиналарының өндірісі;

13) мұнай өңдеу және мұнай шығарушы өнеркәсібіне арналған машиналар өндірісі;

14)құрылыс заттарының өндірісі.

Инновациялық секторлар концептуалды және бағдарламалық құжаттарда, Мемлекет басшысының жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде, 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында көрсетілген басымдықтарға сәйкес белгіленді.

Мұндай секторларға мобильді және мультимедиялық технологиялар, нано және ғарыштық технологиялар, робототехникалар, гендік инженерия, келешек энергиялардың ашылуы және ізденісі кіреді.

Сондай-ақ, Бағдарламада өнімді жасау құны мен дәрежесі және қызметіндегі өндірістік жоғары өсімнің қалыптасуында ел экономикасының технологиялық платформаға аударылуына бағытталған кластерлі саясат белгіленген.

Бағдарламаның жүзеге асу кезеңінде мемлекет:

- мұнай және газ өңдеу, мұнай-газ-химия, мұнай-газ-химиялық машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібінің сервистік қызметтерімен байланысты базалық ресурстар секторының ұлттық кластерінің бірі:

-өңдеуші өнеркәсіптің нарықтық нысаналық секторының конкурстық рәсім нәтижесі бойынша анықталатын үш аймақтық кластері;

-«жаңа экономиканың» секторларындағы екі инновациялық кластерлер, Астана қаласында («Назарбаев университет» кластері), Алматы қаласында («Инновациялық технологиялар Паркі» кластері) теңдестірілген қуаттау және дамуға шоғырландырады.

144. Н.Назарбаев. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам»

2012 жылдың 10 шілдесінде «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласы жарияланды.

Елбасы әр қазақстандыққа қамқорлық көр¬сетудің маңыздылығын атап өтіп, әлеуметтік мәселелерді кейінге қалдыруға болмайтының айтты. Бүгінде өзекті болып саналатын әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын нақты көрсетті.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті практикалық, прагматикалық жаңа идея болып табылатын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ұсынып, әлеуметтік жаңғыртудың басты мақсаттары, міндеттері мен қағидаттарын белгілеп берді.

Осы жобаның тезірек жүзеге асыру мақсатында Елбасы Үкімет алдына заңнама, еңбек, мәдениет, білім, спорт және ақпарат салаларын дамыту бойынша бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

3 күннен кейін - ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Үкімет «Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулы жобасын бекітті.

Іс-шаралар жоспарында 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік дамуының Жалпыұлттық тұжырымдамасын әзірлеу, әлеуметтік заңнаманы жаңарту, әлеуметтік еңбек қатынастарының тиімді модулін қалыптастыру, еңбек шиеленістерінің алдын алу және оларды реттеу, қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру бойынша шаралар қарастырылған. Жоспар 49 тармақтан тұрады, соның ішінде 3 тармағы Әділет министрлігіне бекітілген.

2012 жылдың 10 шілдесінде еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақала жариялады, онда қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың негізгі бағыттары анықталған, сонымен бірге жаңғырту үрдісінің басты қатерлері талданған.

Мақалада Н.Ә. Назарбаев тұтынушы қоғам идеологиясының жемісі ретіндегі әлеуметтік инфантилизм мен әлеуметтік асыраудың әлеуметтік жаңғырту жолындағы қауіпті кедергілер екендігіне баса назар аударады. Тұтыну идеологиясының баламасы ретінде ол еңбек пен еңбек адамына басқа көзқарастан қарау принципінен Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынады. Бұл идеяны жүзеге асыру, Президенттің ойынша, жаңа қазақстандық қоғамның қалыптасуына апаратын жол болады.Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «тек жасампаз тіршілік әрекеті адам, отбасы, қоғам мен мемлекет өмірін жақсы жаққа қарай өзгерте алады. Толық қайтарыммен жұмыс істейтін азаматтар ғана табысқа жетеді және өркендейді».

Осы Стратегияныңтағы бір ерекшелігі – ҚР Президентінің қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы негізгі бес артықшылығын көрсетіп қана қоймай, Үкіметке соған сәйкес 20 тапсырма беруі, бұл тапсырмалардың жүзеге асырылуы Қазақстанды Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына әкелу керек.

Осылайша, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында халықаралық маңызы бар республиканың әлеуметтік жаңғырту моделін жасау ұсынылады, ол біздің қоғамды макроэкономикалық даму көрсеткіштеріне, әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасының өзгеруіне, жаңа жалпыға ортақ еңбек уәждемесіне әкелетін жаңа ортаны қалыптастыруға және әлеуметтік даму жүйесін жаңғыртуға әкеледі. Және осыған сәйкес ел Президентіне Қазақстанның 2050 жылға дейін әлеуметтік жаңғыртылуының табысты жолын былайша елестетеді:

«Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылудағы ұмтылысымызды екі кезең арқылы жүзеге асыру қажет. Бірінші кезең 2030 ж. дейінгі кезеңді қамтиды, онда xxi ғ. «мүмкіндіктер көзін» пайдаланып, жаңғырту серпілісін жасау керек. Қазақстан осы уақыт ішінде дамыған елдердің өткен жүзжылдықтағы индустриялық дүмпу кезінде жасағанын жүзеге асыруы қажет. Мұны іске асыруға әбден болады. Оңтүстік Корея, Сингапур осындай жолдан өтті. Бұл кезеңде біз экономикамыздың дәстүрлі салаларының қарқынды өсімін қамтамасыз етіп, қуатты индустриялық өңдеуші сектор құрамыз.Екінші кезеңде 2030 – 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет. Біз қуатты өңдеуші өнеркәсіп қалыптастырамыз.Дәстүрлі салаларда жоғары өңделген өнімдер шығаруға көшу жүзеге асырылып, ғылыми қамтымды экономиканың базасы ретінде инжинирингтік қызметтер дамиды.»

145. ҚР-ның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы

Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды. 2009 жылы желтоқсанның 1-2-сі күндері Афиныда өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 17-ші отырысында осы ұйымға төрағалық етіп келген грек тарапы Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағалығын ресми түрде тапсырды.

Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ төрағалығына бірден бел шешіп кірісіп кетті. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету міндеті - ТМД елдерінен және мұсылман жұртының арасынан алғаш рет бізге сеніп тапсырылды. Мұның өзі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, сарабдал басшылығымен тәуелсіздіктің 18 жылында Қазақстанның халықаралық саясат сахнасында беделі арта түскендігінің, еліміздегі тұрақтылық пен өркендеудің зор айғағы.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 жылдан бері тұрақты мүше болып келеді. Әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның Қазақстанның саяси және экономикалық дамуына кезінде зор қолдау көрсеткенін айтпай кетуге болмайды.

ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ту¬ра¬лы ниетін Қазақстан 2003 жылы білдірген болатын.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр¬ағалық етуіне 2005 жылы Қазан қаласында ТМД басшыларының саммитінде қолдау көрсетілді. Қазақстан осынау халықаралық ұйымға төрағалық ету ниетін білдіре отырып, оған әзірлік барысында көптеген саяси шешімдерді қабылдады, өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында көптеген белестерден өтті.

Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет. Мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатын және «Ванкуверден Владивостостокке дейінгі ортақ кеңістік» доктринасының пәрменділігін ЕҚЫҰ-ның сақтағанын көрсеткен бұл тарихи шешім республикамыздың халықаралық саясаттағы барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалуының айғағына айналды.

Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс. Елдер арасындағы өзара сенімге құрылған қарым-қатынас пен ұдайы үнқатысып отыру ұжымдық қауіпсіздіктің заманауи жүйесінің негізін құрайды. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың барған сайын артып отырған маңызын түйсіну.

Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын.

Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Cильвио Берлускони, т.б бар.

Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының халықаралық саясатта алдын ала байқалған поляризация нышандарын еңсерудегі және Ұйымға қатысушы елдерінің өзара алыстау бағытына қатысты саяси жігерінің айқын көрінісі болды.

Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғаныстан түйткілі, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды.

Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді.

Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. Сонымен қатар, қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға, ұйымның жауапкершілігі аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді артыруға, адам құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, жаңа қатерлерге лайықты түрде қарсы тұру мүддесі жолында Ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді.

Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Мәселен, Ұйымның Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдер ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасауға ықпал ететінін атап өтті. БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екікүндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді.

146) ҚР президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары "Қазақстан 2050-стратегиясы"

Қазақстан - 2050 стратегиясының негізгі бағыттары

Болашақты алыстан болжайтын стратег саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетіміздің 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты белгілеп берді.

Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм.

Жаңа бағыт экономикалық саясатының мәні – түгел қамтитын экономикалық прагматизм, шын мәнінде бұл біздің бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту. 2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс.

«Алдымен экономика, cодан соң саясат», деген Қазақстандық даму формуласы өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Тәуелсіздік алған жылдары басталған экономикалық модернизация бүгінде қолтығы сөгілген жабығыдай жұлқынып тұр. Дүркін-дүркін бағдарламалар қабылданды. Қадау-қадау жоспар, жобалар жүзеге асты. Соның нәтижесінде, экономиканың екпіні артты, бойға қуат бітті. Тәуекелшіл экономиканың басты жауы саналатын қаржылық дағдарыстың екі толқынына төтеп бердік. Іркес-тіркес келіп соқтықтан бұл дағдарыстар қазақ экономикасының қамалын алып, діңгегін шайқай алмады. Тек банк секторы, құрылыс индустриясы секілді бұтақтарын теңселтіп кетіп еді, қазір Үкімет қамқорлығының арқасында, олар да есін жинап, ел қатарына қосылып қалды. «Жаһандық дағдарыстың әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз - егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында. «Қазақстан-2050» стратегиясында Ұлттық экономиканың жетекші күші саналатын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға баса мән берілді. Бизнестің тынысын тарылтып тұрған әкімшілік кедергілер тағы да азайтылады, кәсіпорындардың өсіп-өркендеуіне жасанды бөгет жасайтын мемлекеттік қызметкерлерді жазалау механизмі қатаңдатылады. Осындай қамқорлықтың арқасында, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуі тиіс.

«Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек». Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан.

Еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы шеңберінде Үкіметтің алдында Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасын әзірлеу, ел инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік салалар бойынша бірқатар маңызды құжаттарды қабылдау міндеті тұр. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың Жалпыұлттық жоспарының жобасы қаралып, мақұлданған үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов: «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен барша қазақстандықтардың арқасында бұған дейінгі стратегиялық құжаттың көптеген көрсеткіштер бойынша орындалғандығын іс жүзінде көрсете алдық. Осыны негізге ала отырып, енді назарымызды болашаққа – 2050 жылға дейінгі стратегиялық дамуға салуымыз керек» – деп атап көрсетті. Мақсат-межелерге қол жеткізу үшін Елбасы айқындап берген нақты да маңызды міндеттерді орындау бағытында Үкімет пен Президент Әкімшілігі бірлесіп Жалпыұлттық жоспарды бекіту туралы Жарлық жобасын әзірледі. Бұл мәселе бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, құжат Жолдауда айтылған жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіптік машық, мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту, дәйекті де болжамды сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм бағыттары бойынша құрылды.

Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиясы мемлекетімізді қазіргі заман сипаты мен сынына сай жаһандық және тұжырымдамалық міндеттерді шешуге, соның қатарында қуатты да бәсекеге қабілетті экономика, сенімді әлеуметтік саясат, жоғары технологиялы индустриалдық сектор құрудың алғышарттарын жасауға бағыттайды. Бұл міндеттер ел өңірлерінің тікелей әрі белсенді қатысуымен жүзеге асырылып, өңірлер инвестиция тарту, инфрақұрылымдарды кеңейту мен жаңғырту, жаңа өндіріс орындарын ашу орталықтары болып бекиді. Осыған орай ең алдымен мемлекеттік органдардың өңірлік даму саласындағы жұмыстарын үйлестіруді күшейту қажеттілігі баса айтылды. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын өңірлерді дамытудың басымдыққа ие міндеттерін шешумен үйлестіру – басты міндет. «Үкімет өңірлердегі қажетті және келешегі зор жобалардың тізбесін анықтауды және тарифтендіруді 2013 жылдың бірінші тоқсанында-ақ жүргізуі тиіс» делінген стратегияда. Осы орайда жуық арада Үкімет әкімдіктерімен бірлесе отырып мақсатты бағдарламалардың стратегиялық даму шарттарына сәйкестігіне баса назар аударатын болады. Ел аумағында шағын және орта бизнесті өркендету үшін кәсіпкерлік шарттарын оңтайландыруды жаңа мақсат-міндеттермен сабақтастыру арқылы жүргізу маңызды. Даму бағыты өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруды, инвесторларды елімізге ең озық өндіру және қайта өңдеу технологияларын беру, жаңа өндірістер құру шартымен қатыстыруды көздейді. Сонымен қатар шикізат беруден энергия ресурстарын қайта өңдеу мен жаңа технологиялармен алмасу саласындағы ынтымақтастыққа көшіруге, инновациялық құрылымның негізін қалауға жағдай жасайды.

Кәсіби мемлекеттік қызметшілерді даярлау мәселесі мемлекеттік басқару саласында барлық реформалардың дәл ортасында болуы тиіс. Себебі елдің орта мерзімді даму бағдарламалары мен ұзақ мерзімді стратегиясын ойдағыдай іске асыру мемлекеттік аппараттың құзыреттігіне байланысты. «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жоғарғы партия мектебі кәсіптік басқарушыларды даярлау саласында тиімді тәжірибесі бар, оның көптеген түлектері жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқарып отыр. Біздерге алдағы уақытта тек қана халықаралық тәжірибеге иек арта бермей, отандық тәжірибені де басшылыққа алудың мәні зор. Сонда ғана «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асыруда табысқа қол жеткіземіз. Себебі, өзге елдік модельді қанша барлап, өзімізге әкелгенімізбен, оның сәйкеспейтін тұстары да болады. Үнемі жаңа бағдарламалар, жаңа жұмыс істеу тәртібін енгізе беру ұзаққа апармайды, қажытады, халықтың мемлекеттік жұмысқа, заңға көңілі толмайтын ахуал қалыптасады. Біз, жоғарыда айтқанымдай, өзіміздің басқару үлгілерін пайдалана бастадық, енді соны одан әрі дамыту маңызды. Отандық тәжірибе әр салада жинақталды, 20 жылдық жұмыстың оң өзгерістерін байқап отырмыз, соны сараптан өткізе отырып, ары қарай жетілдірмелі жұмыс жасау ауадай қажет.Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақ елі әлеуметтік-экономикалық жаңғыру кезеңін бастан кешіруде. Бұл бағытта қоғамдық-саяси өмірімізде әлеуметтік саяси тұрақтылыққа, ұлтаралық келісімге толықтай қол жеткізіп, Қазақстанның орнықты дамуын үдете түсуіміз керек. Болашақта ДСҰ-ға мүше болып, бәсекеге қабілетті мемлекет құру міндеті тұр. Әлемдік іс-тәжірибеге назар салсақ, жасыл экономикаға көшу зияткерлік экономиканы қалыптастырудың мәні зор екенін байқаймыз. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша, «Жасыл стратегияны» әзірлеген Германия, Норвегия, Оңтүстік Корея және басқа да көптеген дамыған елдердің клубына еліміздің қосылғаны белгілі. Бұл елдерде жоспарлау, салық салу, инвестициялаудағы «жасыл» механизмдер арқылы ресурстық экономикадан зияткерлік білім экономикасына эволюциялық көшу жүзеге асырылады. Зияткерлік экономиканы дамыту жағына жүйелі қозғалыс қазақстандықтарға болашақ ұрпақ үшін ұлттық әл-ауқатты дамытуға серпін береді. Көштен қалмау бір басқа да, өзіміздің сән-салтанатымызбен, елдің алдына түсу бір басқа. Қазір экономикалық реформаларда Қазақстан көшке ілесуші емес, ілестіруші мәнге ие ел болып отыр. Осы қадамды жетілдіре түсу, жаңа экономикалық бағыттарға қол созу Жолдауда нақты көрсетілген. ЭКСПО-ны жеңіп алудың бір мәні, біздің жасыл энергияны үйлесімді пайдалану ұсынысымыз екені анық. Оның арғы тінінде осы жасыл экономика жатыр. «Болашақтың энергиясы» – болашақ капиталы. Табиғи ресурстармен қоса, заманауи жетістіктерді бірдей пайдалану бүгінгі күннің талабы.

Сыртқы саясат туралы. Біздің басымдықтарымыз өзгермейді – көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ АҚШ-пен, Еуроодақпен, Азия елдерімен серіктестікті дамыту мәселесі болып табылады. Біз Кеден одағын және Біртұтас экономикалық кеңістікті нығайтатын боламыз.Біздің таяудағы мақсатымыз – Еуразиялық экономикалық одақ құру. Осыған орай біз мәселелердің консенсус арқылы шешілетінін нақты мәлімдейміз. Саяси егемендікке қысым көрсетілмейді.

Сыртқы саясатымызды теңдестіру әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және Қазақстан үшін практикалық қызығушылық туғызатын барлық мемлекеттермен достық және болжамды қарым-қатынастарды дамыту дегенді білдіреді.

Әлеуметтік саясат туралы.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз және әмбебап үлгісі жоқ. Өтіп бара жатқан жылда біз моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды бастадық. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, кәсіпорындар жұмысын жетілдіруге айтарлықтай ресурстар бағытталды.

Бізге көші-қон мәселелерін кешенді түрде шешу бойынша ел өңірлеріндегі еңбек нарығына ықпал ететін шаралар қабылдау қажет. Шектес елдерден келіп жатқан көші-қон ағынына бақылауды күшейту керек. Ерекше назарды шекарамен шектес аумақтарға аударған жөн.

Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене тартқан жөн, әсіресе, жергілікті деңгейдегі өңірлерде. Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес.Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту қажет. Медициналық жоғары оқу орындары жүйесі мамандандырылған орта деңгейдегі білім беру мекемелері желісі арқылы нығайтылуы тиіс. Қазірге дейін ауылдағы медициналық қызметтердің сапасы жөнінде көп сын айтылады. Ал ауыл тұрғындары бізде бүкіл халықтың 43%-ын құрайды.Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады.

Қазақстандағы дін туралы. Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл – факт. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз – хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс.Әркімнің таңдау құқығы бар. Діни таңдауға өте үлкен жауапкершілікпен қарау керек, өйткені, адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда бүкіл өмірі соған байланысты.Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген.Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек. Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек. Біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарымызды жетілдіруіміз керек. Біз терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіруге тиіспіз. Мемлекет қайдан бой көтерсе де, радикализм мен экстремизмнің жолын кесу керек.

Қазақстандық патриотизм туралы. Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі. Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де осы.Азаматтар мемлекетке болашақ бар болса, даму үшін, жеке және кәсіби тұрғыдан өсу үшін мүмкіндіктер болса ғана сенім артады.

Мемлекет және халық мұны сезініп, бірлесіп жұмыс істеуге тиіс.

Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек.Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс. Жаңа қазақстандық патриотизм барлық қоғамды, барлық этностық әркелкіліктерді біріктіреді.Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады.Қазақ тілін дамыту саясаты одан жерінуге, тіпті қазақтардың өздерінің бойды аулағырақ ұстауына ықпал етпеуі керек. Керісінше, тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер. Бұл үшін қазір барлық жағдай жасалған. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.

Тәуелсіздігін алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65 %-дан асты. Қазақтың саны 4 миллионға артты. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.

Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз.

147) ҚР президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі басымдықтары "Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"

Бүгін біз шын мәнінде тарихи оқиғаның куәсі болдық. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандық жол 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.

Жолдау «Қазақстан 2050» стратегиясында» айқындалған ерекше ауқымды міндеттерді іске асыру жолдарын ашып, дамыта түседі. Біз Жолдау тақырыбы мен «Қазақстан 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы сөзінің саяси бірізділігін көреміз.

Бұл заңдылық және біздің Ұлттық Көшбасшымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрақты және гүлденген Қазақстанды қалыптастыру, қуатты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктерін пайдалана отырып берекелі қоғам құру жолындағы саяси бағытының бірізділігімен негізделеді.

Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді.

Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!

Бір болашақ – бұл Мәңгілік елдің біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының гүлденуі!

Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады.

«Мәңгілік елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың базалық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды.

Біз бұның Елбасы анықтаған міндеттерді орындаудағы күшті жұмылдырушы бастауға айналатынына сенімдіміз.

Жолдауда Президент Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жоспары ену жөнінде айтты.

Осы мақсатта Мемлекет басшысы ІЖӨ-ні 4,5 есеге, жан басына шаққанда 13 мың АҚШ долларынан 60 мыңға дейін көбейтуді тапсырды. Сол кезде Қазақстан орта таптың үлесі көп елге айналады.

Ол үшін Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұжымының стандарттарын енгізуді қолға алып, ішкі жалпыөнімнің жылсайынғы өсуін 4%-дан кем емес пайызға, инвестициялар көлемін жалпы ІЖӨ көлеміне шаққанда 18%-ден 30 %-ға дейін өсіруді қамтамасыз ету керек. 2050 жылы шикізаттық емес экспорт Қазақстан экспортының жалпы құрылымында 70%-ға жету керек.

Ассамблея ауыл шаруашылығы, геобарлау, мұнай өңдеу салаларындағы инновациялық бастамаларды ерекше атап өтеді.

Ассамблея ғылым бағытын қаржыландыруды 3 %-ден кем емес пайызға өсіру, Мәдени саясатты дамыту мәселелерінің көтерілгенін қолдайды.

Басқа елдерде экономикалық дағдарыстың арқасында әлеуметтік көрсеткіштердің төмендеп бара жатқан кезеңінде Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің еңбек ақысын көтеру халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың жаңа кезеңі болып отыр.

Біз, бұл міндеттердің нақты іске асырылатынына сенеміз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, Елбасының бұдан бұрын берген барлық тапсырмаларының Қазақстан халқы тарапынан толыққанды орындалғанын айта отырып, осының барлығы еліміздің жарасымды бірлігі, Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдесі жоқ қоғамдық келісім моделі арқасында жеткен жетістік деп бағалайды.

Президенттің бүгінгі қойып отырған міндеттері елімізде жүргізіліп жатқан индустриалды-инновациялық даму, әлеуметтік реформалар, білім мен мәдениетті қолдау жұмыстарының тиімділігін айқындайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, еліміздің әр азаматына және баршамызға арналған, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын толығымен қолдайды.

Бүгінгі Жолдаудың міндеттерін іске асыру еліміздің дамуындағы биік жеңістерге жеткізетініне біз сенімдіміз.

Қазақстан -2050 Стратегиясын орындау – Отанымыздың әрбір патриотының азаматтық парызы мен борышы деп білеміз.

Біз Қазақстан халқын Елбасы алдымызға қойған ұлы міндеттерді іске асыру, қасиетті қазақ жерінде парасатты қоғам құру мақсаттары айналасында ұйысуға, жұдырықтай жұмылуға шақырамыз!

148) ҚР президентінің Қазақстан халқына жолдауының басты мақсаты "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан"

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығы еліміз үшін ерекше сынақ жылдары болды. «...Әлем тарихында капитализмнен социализге өткен елдердің тәжрибесі бар, ал кері қайтқан, яғни социализмнен капитализге көшкен бірде-бір ел, оның тәжірибесі болған жоқ. Осы бағыттағы алғашқы қадамды біздер, Кеңес Одағының құрамында болып, оны таратып егемендік алған республикаларға жасауға тура келді [1, 163 б].

«Алдымен экономика» деп ұран тастады тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы реформалардың алғашқы басталар шағында. Егемендік алғаннан кейінгі іс-қимылдың ең басты бағыты, шешуші басымдылығы осы экономика саласы деп атап көрсетті. Бұл дұрыс пікір еді. Өйткені, жеке басты ғана емес, әр елді, әр халықты тұрмыс билейді. Ал, тұрмыстың негізі, оның жақсылық-жамандығы экономикада, оның тиімділігі немесе тиімсіздігінде. Сондықтан қоғам алдына қоятын үлкенді-кішілі мақсаттың, оның орындалуы ел экономикасының мүмкіндігіне байланысты. Саясат та экономиканың шоғырланған келбеті [2, 579-580 бб].

Сол алғашқы онжылдықта бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде шетел инвестициялары молынан келген бірінші ел Қазақстан екенін біз мақтанышпен айтамыз. Жалпы тәуелсіздік жылдары елемізге 120 млрд. доллардан астам инвестициякелген [1, 167 б]. ТМД елдерінде бұл ең жоғары көрсеткіш. Ал қазіргі кезде оның көлемі 136-140 млрд. долларға өсіп отыр.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында белгілі бір дәрежеде ТМД елдеріне бағдарланған сыртқы сауданы әртараптандыру байқалды.

Қазіргі кезде Қазақстан әлемнің 175-185 елдерімен сауда – саттық жасайды, оның ішінде 118 ел тауарларын экспортқа шығарады, ал 164 елден тауарларды импортқа шығарды. Соңғы жылдары Қазқстанның географиялық тауар айналымында алдыңғы кезекке Еуроодақ елдері, Ресей мен Қытай шықты [3, 11 б].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деген атаумен белгілі. Ол «Біз бүгін қай жерде тұрмыз?», «Қазақстан мұраты», «Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары» және «Ұлттық қауіпсіздік»; Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы»; Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары, ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; Энергетика ресурстары; Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; Кәсіби мемлекет деп аталатын жеті басымдық бойынша ұзақ мерзімді даму бағдарламасына негіз болды.

Сондай-ақ, еліміздің негізгі үш мүмкіндігіне тоқталды. Олар: Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайдан туындайды. Еуразия идеясын дамыту; мемлекет құрылысы мен реформаларды жүргізудің ауыр процестерін шетелдік мемлекеттер мен донорлық ұйымдар тарапынан қолдау; ауқымдану және ғылыми-техникалық прогресс үдерісі.

Бірінші мүмкіндікке орай «Таяу жатқан сыйымдылығы 2 млрд. адамға жуық нарықтардың бірен-сарандары болмаса, қалған кез келгені Қазақстан өнімін, әлбетте оның бәсекелестік қабілеттілігі болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда жұтып қоюға қабілетті. Бұл көршілер – Ресей, Қытай және ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы. Таяу және Орта Шығыс елдері тарихи тұрғыдан маңызды әлемдік орталықтар екені» айтылып, Қазақстан үшін зор мүмкіндіктерді пайдалану мақсаты көзделді [4, 43-49 бб].

Осы ретте Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғаны, алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, ал қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылғаны (Қытай, Үндістан мен Бразилия, Ресей де аталды) тілге тиек етілді.

Экономикалық табыстарының нәтижесінде «бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отырғанын» жеткізіп, 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болатынына» сенім білдірді.

Жануарлар әлемінде жолбарыс туыстас болғанымен, Барыстың өзіндік ерекшеліктері бар (тектілік, алғырлық, тәкаппарлық, батылдық, айлалық). Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатыны айтылып, [4, 50-51 бб] елімізді 30 жылда Азия барысына айналдыру мақсаты қойылды.

«Бүгінде оқшауланушылық саясаты, әсіресе Қазақстан үшін жеңіліспен тең. Ұлт пен мемлекеттің аман қалуының жалғыз жолы – экономиканы ашық ұстау, әлемдегі қуатты экономикалық аймақтармен ықпалдаса араласып-құраласу [4, 107 б].

...Біздің экономикамызға тіке салқынын тигізген 1997-1998 жылдардағы бірқатар аймақтық дағдарыстарға қарамастан, стратегиямызда өрілген барлық экономикалық өлшемдеріміз іске асырылды... Бүгінгі таңда Қазақстан 32 млн. тонна мұнай өндірсе, енді он жылдан кейін 100 млн. тонна мұнай шығаруға жетеміз.

...Ұзақ мерзімді стратегиямызда белгіленген реформалардың бірінші кезеңі аяқталды, ал алғашқы үш жылға алдымызға қойылған басты міндеттер орындалды [4, 112-114 бб].

Мамандардың айтуынша, дүние жүзінде 220-дан астам мемлекет болса, соның 20-ы ғана экономикалық дамыған елдер қатарына кіреді [5, 211 б]. Сондықтан, экономикалық жағынан әлем елдері бір-бірінен ажырағысыз, Қазақстан да әлем экономикасының құрамдас бір бөлігі. Соңғы мәліметтер бойынша АҚШ әлемдік экономиканың 30 пайызға жуығын иемденіп отыр. Ал, Қазақстан әлемдік мұнай қорының 2,9 пайызын иемденіп, бұл көрсеткіш бойынша 9-орынды иемденеді [6].

1993-2002 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестициясынан 18 млрд.- қа жуық АҚШ доллары тартылған, бұл қолайлы инвестициялық климатты қалыптастырды және инвесторлар тарапынан жоғары сенімділік тудырды [7, 75 п].

1993-2002 (1 - тоқсан) жылдар аралығында ҚР Төлем теңгерімінің мәліметтері бойынша 17 716,8 млн. АҚШ долларын, оның ішінде Корея Республикасынан 1 628,3 млн. АҚШ долларын (9,2%) құрады.

Оңтүстік Корея үкіметі KOTRA KOICA – KISC (Korea Inbestment Service Center) сияқты мемлекеттік және жартылай мемлекеттік мекемелер арқылы инвестициялық қызметке үлкен мән беред.

Тікелей инвестицияның салалық негізгі бағыттары телекоммуникациялық инфрақұрылымдар, металлургия және электронды жабдықтау өндірісі болып табылады.

Оңтүстік Корея үкіметі және Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар корейлік компаниялар Каспий теңіз асты жобаларына қызығушылық танытты. Осы ретте Оңтүстік Корея күкіртті сутегін тұтынушы ел, бұл көрсеткіш бойынша әлемде 6-орында және мұнай импорты көлемі бойынша 4-орында тұрды. Оңтүстік Корея Парсы шығанағында өндірілетін мұнайға тәуелділіктен құтылуға және қауіп-қатерді барынша әртараптандыруға тырысты [8, 56 п].

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде республикадағы макроэкономикалық жағдай 1997 жылдың 1 - тоқсанында салыстырмалы түрде тұрақты, ал кейбір көрсеткіштер бойынша бірқатар жақсару бағыттары болды.

1996 жыл сияқты 1997 жылы ЖІӨ мен өнеркәсіптік өндіріс өсті. Кәсіпорын жұмысының қалыпқа келуінің негізгі факторлары: тікелей инвестиция үшін жағымды инвестициялық климатты жасау, жекешелендіру қарқынын жеделдетті, соның ішінде шетел капиталының қатысуымен, Ресей, Беларусь және Қырғызстанмен Кеден Одағын құру, кіші кәсіпорын мен үй шаруашылығының дамуы.

1997 жылдың ақпанында инфляцияның деңгейі 2,1 %-дан 1,7 %-ға, наурызда 0,8 %-ға төмендеді. Нәтижесінде, егер 1996 жылдың 1 тоқсанында инфляция 8,5%-ды құраса, сол жылдың осыған ұқсас кезеңінде оның өсімі 4,6 %-ды көрсетті [9, 50 п].

ҚР Ұлттық мұрағат қорларында облыстардың онжылдық экономикалық даму тарихынан мынадай мәліметтер кездеседі: «1996 жылы еліміздің аймақтарындағы экономикалық реформалардың барысын бақылау (мониторинг) негізінде, Алматы қ. мен облыс әкімдері қызметінің рейтингілік жүйесі енгізілді. Бұл республиканың орталығы мен аймағын өзара байланыстыратын жаңа құралдардың бірі болды.

Нәтижесінде рейтингілік кестеде алдыңғы орынды Алматы қаласы мен Атырау және Маңғыстау облыстары иеленді. Жалпы бұл аймақтар еліміздің экономикасының дамуына айтарлықтай үлесін қосты.

Рейтінгілік кестеде тұйықталып қалған Торғай, Талдықорған және Семей облыстары, ал ең төменгі көрсеткіштер Торғай облысында болды. Өнімнің нақты көлемінің өсу қарқыны, тұтыну бағаларының көрсеткіші, табысты жинау деңгейі мен бюджетке міндетті төлемдер, зейнетақыны төлеу қарыздарының өсуі жағынан артта қалды.

Талдықорған облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі төмендеді, 1995 жылмен салыстырғанда 10,6 %-ды құрады, әлеуметтік сала ауыр жағдайда қалды, зейнетақыны төлеу қарызы бір жылда 3,7, есеге өсті және 1735.2 млн. теңгені құрады және желтоқсанда бюджет саласындағы жалақыны төлеу бойынша -1,8, есеге өсті.

1996 жылдың қорытындысы бойынша Семей облысында ауыл шаруашылығында терең құлдырауға жол берілді (1995 жылмен салыстырғанда 65,3 %) [10, 18-19 пп].

Облыстардың ішінде жұмыссыздар саны, орташа республикалық деңгейден 2 есе жоғары болды.

Зейнетақыны төлеу қарызы 6,6, есе бюджет саласында жалақыны төлеу 3,8 есеге артты. Ескеретін жағдай, Семей облысында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты реформалау және оны дотациясыз негізде жедел аударуда жағымды тәжірибесі болды, сондай-ақ меншік түрлерін өзгерту бөлімінде аграрлық секторды реформалау жұмыстары жақсы жүрді. Алайда, бұл көріністер өндірістік саласында аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда ілгерушілік рөл атқармады.

Рейтингілік кесте бойынша артта қалған үш облыстағы жағдайды түзету мақсатында ұсыныстар жасалды.

Қазақстан Республикасының Президентінің 1996 жылғы 26 қаңтардағы №2823 «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Жарлығына сәйкес аймақтардағы реформалау процесін жеделдету үшін капитал тарту мақсатында 4 Арнайы экономикалық аймақ (СЭЗ): Лисаковск, Жәйрем-Атасу, Қызылорда және Ақмола. Қызылорда АЭА қолайсыз экологиялық жағдайдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемаларын шешу мақсатында және Ақмола АЭА инвестицияны тарту жолымен жаңа астананы жедел дамыту мақсатында қайта құрылды.

Ескеретін жағдай, 1991 жылы елімізде құрылған 9 Арнайы экономикалық аймақтың (СЭЗ) ішінде, тек Лисаковск Арнайы экономикалық аймақты оң бағалауға болады.

Осы жылы орталық пен аймақтардың өзара байланыс әркеттерін жетілдіру жұмыстары жалғасын табады, ортақ стратегиялық міндеттер шеңберінде нарықтық реформаларды бірлесе жүргізу мақсатында №1600 24.12.1996 жылғы Қаулы қабылданды, соған сәйкес 1997 жылдан бастап Үкімет төрт облыс мысалында (Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда) тәжірибе жүргізіледі [10, 20-21 пп].

Бұл келісім аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуда әкімдердің жауапкершілігін көтеру мақсатында қабылданды. Бұл эксперименттің оң нәтижелері болған жағдайда, еліміздің барлық аймақтарына таратылады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «1996 жылғы 6 қазанда Ақмола қаласының аумақтық шекарасы ішінде Ақмола арнайы экономикалық аймағын құру туралы тиісті Жарлыққа қол қойды және осы Жарлықпен Аманжол Бөлекбаев оның тұңғыш төрағасы болып тағайындалды... Ақмола ЕЭА жемісті қызметінің нәтижесінде қала экономикалық аймақ қызметінен түсетін пайданың 60 пайызын алатын болды. Облыс бюджеті де сырт қалған жоқ, оған ЕЭА қаржы түсімдерінің 40 пайызын бөлінді... Мұндай еркін экономикалық аймақ құрылмағанда 1997 жылдан бастап орындалған құрылыс жұмыстарының осыншама орасан зор көлемін атқару мүмкін болмас еді. Осы қорға 70 млн. доллардай қаржы жиналды» [11, 192 б].

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Астанана салуға инвестициялар көлемі 2 млрд.-тай долларды құрайды. Бір атап өтерлігі, соның 70 пайызы біздің өз инвестициямыз» - деп атап көрсетті [11, 99 б]. Астананы ауыстыру да жаңа тарихымыздағы күрделі кезең, бұл бөлек мәселе. Ең маңыздысы – жаңа әлемдегі жаңа Астана бой көтерді. Астана – елдік символы. Астана – Еуразия жүрегіндегі мегаполис.

Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауында нақты атап көрсеткендей, «...Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі [12]. Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты болып қала бермек.

149) ҚР президентінің Жолдауларындағы баяндалған негізгі идеялар мен бастамалар "Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру - Қазақстан дамуының басты бағыты"



Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ** Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар! Қазақстан тәуелсіздіктің үшін¬ші онжылдығына батыл қадам басты. Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұ¬мысына кірісті. Өткен 2011 жылы ел эко¬номикасы 7,5 пайызға өсті. Ішкі жалпы өнім жан басына шақ¬қанда 11 мың доллардан асты. Бұрын сатылып кеткен ак¬тивтердің бірқатар маңызды бө¬лігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді «Богатырь», Қарашы¬ғанақ, Қашаған кен орындары мен Е NRC , «Қазақмыс» ком¬па¬ния¬ларының басым активтері мемлекет иелігінде болады. Кезінде мен мынадай жағ¬дайларға байланысты сатып жа¬тыр-мыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз деп айтып едім. Міне, енді бәрі қайтарылуда. Барлық акциялар пакеті Қазақ¬станда. Енді өзі¬міз барлығына ықпал жасайтын бо¬ламыз. Қазақстан халқы біртұтас, бір¬лігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қай¬шы¬лығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Болжанған жаһандық дағда¬рыс қау¬пі шындыққа айналып келе жатқа¬нын көріп отырсыздар. Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін. Біздің міндетіміз – эконо¬миканы осы сынаққа дайындау, оны әртарап¬тан¬дыруды жалғас¬тыру болып та¬былады. Біз 2015 жылға қарай табысы жоға¬ры елдердің қатарына қо-сылуды көздеп отырған елміз. Бірлігімізді сақтап, осылай еңбек ететін болсақ, ол мақсатқа да жететін боламыз. Құрметті отандастар! Қазақстан жолының жаңа ке¬зеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы тең¬ге-рімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеу¬мет¬тік-эко¬номикалық жаңғырту¬дың түбе¬гейлі мәселесі. Бұл таяу онжылдықтардағы Қବзақ¬стан дамуының басты ба¬ғыты. Мен ел халқына өзімнің жаңа Жол¬дауымды осы көкейкесті та¬қырыпқа арнаймын. Біз он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыруға тиістіміз. Бірінші. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы. Менің тапсырмам бойынша Үкі¬мет қағидатты түрде жаңа Жұ¬мысқа тар¬туды қамтамасыз ету¬дің бағдарлама¬сын бекітті. Онда үш маңызды міндет қойылған. Біріншіден, оқыту мен жұ¬мыс¬қа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау. Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіп¬керлікті дамытуға септесу. Үшіншіден, еңбек ресурс¬та¬ры¬¬ның жинақылығы, Қазақ¬стан¬ның эко¬но¬ми¬калық тұрғыдан белсенді орталық¬та¬рын¬да жұ¬мыс¬қа орналастыруға ба¬сым¬дық беру. 2011 жылы бұл Бағдарлама қа-нат¬қақ¬ты режімде 60 мыңға жуық адам¬ның қатысуымен сы¬нақтан өтті. Бүкіл дайындық жұмыстары, заң¬на¬ма¬лық база бойынша жұ¬мыс¬тар аяқ¬талды. Енді бағдарламаны жүзеге асы¬руға көшу керек. Үкіметке және әкімдерге би¬ылғы жылдан бастап бағдарла¬ма¬ны кең ау¬қымда жүзеге асыруды бастауды тапсырамын. Әңгіме сондай-ақ ауылда жұмыс істейтіндерді шағын несиелермен қамта¬масыз ету жөнінде болып отыр. Қалада жұмыс істегісі келетіндерді мемлекет есебінен оқытып, жұмысқа орналас¬тыру қа¬жет. Бағдарламаның со¬ңына қа¬рай, 2020 жылға қарасты біз осы¬лайша 1,5 миллион адам¬ды сапалы жұмыстарға еңбекке орналас¬тыруы¬мыз қажет. Екінші. Қолжетімді баспана. Біз жаңа тұрғын үй құрылысы бағ¬дарламасын іске асыруға кірісіп кеттік. Елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пай¬далануға берілуде. Алайда біз жарты мил¬ли¬он¬¬нан ас¬там жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл үшін жалға берілетін тұр¬ғын үй алаңын 1 миллион шар¬шы метрге жеткізу қажет. Ұзақ мерзімді жалға беруде са¬тып алы¬натын және сатуға жат¬пайтын екі түрлі жолды қарас¬тыру қажет. Оған қоса жалға алғаны үшін жа¬са¬латын төлем әл-ауқаты ор¬та¬ша от¬ба¬сы мүмкіндігіне сай болуы тиіс. Мұнымен бірге отандық құ¬ры¬лыс саласы үшін жаңа мүмкін¬діктер туады. Соның бәрін жаңа «Қол¬же¬тім¬ді баспана-2020» бағдар¬лама¬сында анық көрсету керек. Мемлекет бұл бағдарламаны тиісті қаражатпен қамтамасыз етеді. Аталған құжатты Үкіметке осы жыл¬дың 1 шілдесінен ке¬шік¬тір¬мей жасап, қабылдауды тап¬сырамын. Үшінші. Өңірлерді дамыту. Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуатты¬лы¬ғы. Елдің болашағы экономика¬да¬ғы ке¬лешегі зор салалардың дବмуы¬мен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыт¬тар көп салынып, жаңа жұ¬мыс орын¬дары ашылып, әлеумет¬тік ин¬фрақұрылым қарқынды дамуы қажет. Бүгінде әлемнің көп елдерінде осылай жасалуда. Мемлекет өз азаматтарының сон¬¬дай қуатты өңірлерге қоныс ауда¬руына кө¬мек қолын созуы тиіс. Қазақстанда келешегі зор қа¬лалар шоғырына Астана, Алма¬ты, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент шаһар¬лары жатады. Үкімет елді мекендер шоғы¬рын (агломерация) дамыту жө¬нін¬де бағдарлама қабылдауы тиіс. Ірі кәсіпорынды немесе бір саланы тірек еткен шағын қа¬ла-лардың дамуы – өз алдына бөлек мәселе. Жаңаөзендегі жағдай бір са¬ла¬лы шағын қалалардың әлеумет¬тік қатерге жақын екенін көрсетті. Мемлекет Жаңаөзенде төтен¬ше жағдай жариялап, қаладағы ахуал¬ды қалпына келтіру бой¬ынша ке¬шен¬ді шаралар жасауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта ондағы ахуал қа¬лып¬ты арнасына түсті. Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұр¬¬ғын¬дарының басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясына дауыс берді. Бұл олардың мемлекет сая¬са¬тын толық қолдайтынын көрсетті. Сондықтан мен Жаңаөзендегі төтенше жағдай режімін бұдан әрі созбау жөнінде шешім қа¬былдадым. Алайда, бұл оқиғадан тиісті түйін жасалып, одан алынған са¬бақ ұдайы ескерілуі керек. Үкіметке бір салалы шағын қବла¬лар¬ды дамыту туралы ар¬найы бағ¬дарлама жасауды тапсырамын. Онда қаланың экономика¬сын¬дағы әрбір нақты бағытты әрта¬рап¬тандыру, әлеуметтік са¬ла¬ны дамыту ескерілуі қажет. Сонымен қатар, жергілікті ша¬ғын және орта бизнеске қолдау көр¬сету шараларын қаперде ұс¬таған жөн. Жергілікті өзін-өзі басқаруды же¬тіл¬діріп, барша жергілікті даму мәселе¬лерін шешуге азамат¬тардың қатысуын кеңейту аса маңызды. Биылғы 1 шілдеге дейін Үкі¬мет Жергілікті өзін-өзі бас¬қа¬руды дамыту тұжырымдамасы жобасын жасап бі¬тіруі тиіс. Төртінші. Тұрғындарға мем¬ле¬кеттік қызмет көрсетудің сапа¬сын арттыру. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қар¬сы тұру мен азаматтардың мем¬лекеттік органдардың қыз¬меті¬не се¬німін арт¬тырудың маңызды қыры. Біріншіден, Электронды үкі¬метті дамыту керек. 2012 жылдың аяғына дейін әлеу¬меттік маңызы бар мемлекеттік қызмет¬тердің 60 пайызы, соның ішінде лицензиялардың барлық түрлері, тек қана элек¬тронды түрде болуға тиіс. 2013 жылдан бастап мемлекеттен барлық рұқсат етушілік құжаттарды да қазақстандықтар электронды түрде немесе Халыққа қызмет көрсету орта¬лық¬тары арқылы алуға тиіс. Халыққа қызмет көрсету орта¬лық¬тарының қарауына авто¬көлікті тір¬кеу және жүргізуші куәліктерін тапсыру мәселе¬лерін де беру керек. Екіншіден, жаңғыртудың ма¬ңызды мәселесі – әкімшілік ресімдерін оңай¬лату. Менің тапсырмам бойынша рұқ¬сат ету құжаттарының тізімі қа¬зірдің өзінде 30 пайызға қыс-қартылды. Үкімет лицензиялар мен рұқ¬сат ету қағаздарының барлық түр¬лерінің үш¬тен бірін қысқар¬татын заң жобасын дайындады. Келесі қадам – рұқсат ету заң¬нବмасының жаңа қағидаттарын енгізу. Үшіншіден, тұрғындардың ком¬пью¬терлік сауаттылығын, со-ның ішінде әр түрлі ынта¬лан¬дырушы бағдарлама¬лардың есебінен де көтеру қажет. Мен қазақстандықтарды ақ¬па¬раттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын. Бесінші. ХХІ ғасыр барған сай¬ын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті бас-қаруға жоғары талаптар қояды. Біздің маңызды міндетіміз – бас¬қару¬шылардың білікті саяси табын дайындау. Үкіметке, Президент Әкімші¬лі¬гіне 2012 жылдың алғашқы жар¬ты-жыл¬ды¬ғының соңына дейін Пре¬зиденттік кадр жаса¬ғы¬на кандидатуралар жө¬нінде ұсы-ныстар дайындауды тап¬сы¬рамын. Арнаулы комиссия кандидату¬рବлар¬ды білімі мен кәсібилігі, жоғары мо¬раль¬дық сипаты, бас¬тамашылдығы мен тапсырылған учаскедегі жұмысының табыс¬тылығы өлшемдері бойынша іріктейді. Олар елдің экономикалық даму серпінділігіне байластырыл¬ған, бизнес-құ¬рылымдармен қа¬райлас жалақы алатын болады. Олар біздің Қазақстанымызды ХХІ ғасырда лайықты түрде алға апаруға тиісті жаңа басқарушы элитаның негізін құрайды. Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту. Судьялар сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып шығаруға тиіс. Судьялар жасағын қалып¬тас¬тыру¬дың тәртібін түбегейлі түр¬де қайта қарау қажет. Апелляциялық инс¬тан¬ция¬лар¬дың істерді қайта қарауға төменгі соттарға қайтару жөніндегі негізсіз шешімдерінің мүмкіндігін заң жүзінде шектеу керек. Жоғарғы Соттан бастап, бүкіл сот жүйесіне өздерінің жауапкершілігі мен біліктілігін арт¬тыру, сөйтіп өз жұмысын жетілдіруді өздері бастау талабы қойы¬ла¬ды. Судьялардың заңды бұзуы жұрттың бәріне жария етілетіндей төтенше оқиға болуға тиіс. Арбитраждық және аралық сот¬тар жүйесін нығайту керек. Биыл жаңа Қылмыстық іс жүр¬гізу кодексін, жеке детективтік қызмет ту¬ралы заң жо¬басын дайындауды аяқ¬тау қажет. Маңызды мәселе – құқық қорғау және арнаулы органдарды сапалы кадрлық жаңарту. 2012 жылдың 1 шілдесіне дейін олардың бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу міндетін қоямын. Одан кейін құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің ақшалай ризығын арттыру мен қолдаудың әлеуметтік дестесін кеңейту, сон¬дай-ақ олардың тех¬никалық жа¬рақ¬тандырылуы мәселелері қа¬ралуға тиіс. Біртұтас экономикалық кеңіс¬тік¬те трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту үшін Интерпол үлгі¬сімен Еуразпол – Еуразия полициясын құру жөніндегі мәселе пісіп-жетілді деп санаймын. Үкіметке тиісті ұсыныстарды әзір¬¬леп, БЭК бойынша біздің әріп¬тестері¬мізге жіберуді тап¬сырамын. Жаңғыртудың ең маңызды мәселе¬лерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес. Біздің бұл бағыттағы іс-әре-кеттеріміз мемлекеттік аппаратта¬ғы сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендетті. Мұны халық¬аралық сарапшылар атап айтуда. Алайда бізге сыбайлас жем¬қорлық¬пен күрестің жаңа стра¬тегиясын жасау қажет. Парақорларды анықтау және сотқа тарту жеткіліксіз. Жаңа құқықтық тетіктерді, ақ¬параттық мүмкіндіктерді пай¬далану, жұртшылықты жем¬қорлық тәртіп бұзушылықты ескерту мен алдын алуға кеңінен тарту керек. Басқа елдердің тәжірибесін зерттеп, пайдалану қажет. Мемлекеттік қызмет¬шілердің кірістерін ғана емес, шығыс¬тарын да мағ¬лұмдауға көшу қажет. Осы мәселе бойынша заң қабылдау керек. Үкіметке үш айдың ішінде Сы¬бай¬лас жемқорлыққа қарсы кешенді бағ-дарлама дайындап, ұсы¬нуды тап¬сырамын. Жетінші. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-ша¬раларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен техноло¬гияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Уни¬верситеті мен Зияткерлік мек-тептер табысты жұмыс істеуде. Кәсіптік-техникалық білім бе¬ру¬дің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақ¬стандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солар¬дың деңгейіне тарту қажет. Екіншіден, педагогтар құ¬рамы¬ның сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушы¬лары¬ның біліктілігін арт-тыруға талап¬тарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын инте¬гра¬цияланған орталықтар жұ¬мыс істеуі тиіс. Үшіншіден, біліктілікті бекі¬ту¬дің тәуелсіз жүйесін құру қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес. Медицина институтын бітірген тү¬лек бірден дәрігер болып шыға алмай¬ды. Политехникалық жоо-ны тәмам¬даған түлек әлі де болса инженер емес. Оған өзінің маман екенін дәлелдеуге тура келеді. Бүкіл әлемдегі тәртіп осын¬дай. Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақ¬ты режімде салалық ассоциациялар ар¬қауында 1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бекіту ор¬талықтарын құруды тап¬сы¬ра¬мын. Төртіншіден, мемлекет-жеке меншік әріптестігі, ауылдық жерлерден және аз қамтамасыз етілген отбасылар¬дан шыққан жас¬тар¬дың жол жүруі мен өмір сүруін субсидиялау, жатақханалар желісін дамыту тетіктері арқылы білім берудің қолжетімділігін кеңейту қажет. Жұмыс істейтін жастар үшін жұ¬мыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету – маңызды мәселе. Бүгінде көптеген адамдар ауыл¬дан қалаға қоныс аударуда. Олардың жұ-мыс¬қа орналасуы қиын. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек. Білім және ғылым министрлігі бұл мәселені ойластыруы тиіс. Бесіншіден, оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс. Үкіметке мектеп оқушылары¬ның функ¬циялық сауаттылығын дамыту жөнінен бесжылдық Ұлт¬тық іс-қимылдар жоспарын қабылдауды тапсырамын. Алтыншыдан, оқыту үдері¬сі¬нің тәр¬биелік құрамдасын кү¬шейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлт¬аралық келісім мен толерант¬тылық, тәннің де, жанның да да¬муы, заңға мойынұсыну¬шылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қар¬а¬мас¬тан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс. Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты ар¬тық¬шылығы болып табылады. Қазақ тілі, біздің Консти-туция¬мызға сәй¬кес, мемлекеттік тіл бо¬лып табылады. Онымен бірдей мемлекеттік органдарда ресми түрде орыс тілі пайдаланылады. Бұл біздің Конституцияның норма¬сы, оны бұзуға ешкімге жол берілмейді. Қазақ тілінің жоспарлы түрде дамуы орыс тіліне нұқсан келмей¬тіндей жағдайда жүзеге асады. Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ да¬муы не үшін керек? Ол үшін мемле¬кеттің ең негізгі сырт¬қы саясаты – көршілермен тату бо-луымыз керек. Онсыз мем¬ле¬кеттің болашағы бұлыңғыр бо¬лады. Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады. Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәріне депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер өз үлес¬терін қосулары керек. Мә¬селені осылай шешу қажет. Үкіметке барлық білім беру мекемелерінде жастардың осы құн¬дылық¬тарды білуін қамта¬ма¬сыз ету жөнінен типтік кешенді жоспар әзірлеуді тапсырамын. Бізде тіпті ондай оқулықтар, жас¬тармен дәл осы мәселелер бо鬬ынша жұмыс жүргізетін оқы¬тушылар жоқ. Біздің жас¬та¬ры¬мыз үшін бұл өмірлік қажетті¬лік. Медицина¬лық қызмет көр¬се¬ту¬дің қолжетім¬ді¬лі¬гі мен сапасын арттыру, саламат¬ты өмір салтын алға бастыру адами әлеуеттің дең¬гейін арттырудың келесі бір ма¬ңыз¬ды бағыты болып табылады. Бүгінде «Са¬ла¬матты Қазақ¬стан-2015» мемлекеттік бағ¬дар¬ламасы жү¬зеге асы¬рылуда. Денсаулық сақтау жүйесі са¬палы дамып келеді. Халық ден¬саулығы көр¬сет¬кіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізілді. Бала туу өсіп, өмір сүру ұзақ¬тығы ұлғайды. Қан айналу жүйесі аурулары¬нан бо¬латын өлім көрсеткіші 1,7 есеге тө¬мендеді. Біз онымен жүйелі түрде ай¬на¬лысып келеміз. Бүгінде жүрек-қан тамырлары жүйесіне операциялар тек Астанада ғана емес, сонымен бірге іс жүзінде Қа¬зақ¬станның бар¬лық облыстарында да жа¬са¬лады. Елде озық ем¬деу-диагностика¬лық ке¬шендер, ме¬дицинаның негізгі бағыт¬тары, оның ішінде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар құ¬рылды, көліктік ме¬дицина дамы¬тылуда. Бізде ме¬дициналық пой¬ыз¬дар, автокөлік, медициналық авиация пайдала¬ны¬лады. Астанадағы Болашақ госпиталі қа¬зақ¬стандық денсаулық сақ¬тауды жаң¬ғыртудың локомотивіне ай-налмақ. Ендігі жерде онкологиядан бо¬ла¬тын ауру мен өлімді төмен¬дету мәселесі бірінші кезекке шықпақ. Үкіметке екі ай мерзім ішінде Қа¬зақ¬станда, біз жүрек-қан та¬мырлары аурулары мәселесі бой¬ынша жаса¬ған¬дай, Онкология¬лық жәрдемді дамыту бағдар¬ламасын әзірлеуді тапсырамын. Сол сияқты Ұлттық медицина¬лық холдинг арқауында Астанада қуатты Ұлттық ғылыми он¬коло¬гиялық орталық құру мә¬се¬лесін де қарастыру қажет. Үкімет үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақтасты¬ғы тетігін енгізуді ескере отырып, ден¬саулық сақтау жүйесін да¬мы¬ту жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс. Адам науқастану оның өзіне тиімсіз екенін түсінуі керек. Бізде денсаулық сақтау ісі тегін, бірақ, бүгінде зейнетақы қорларында жа¬салып жатқандай, болашақ – ме¬дицинадағы сақтандыруда. Адам¬ның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте бо¬ла¬ды. Адамның денсаулығы не¬ғұр¬лым нашар болса, ол со¬ғұрлым аз сақтандырылады, не¬ғұр¬лым жақ¬сы болса, сақтандыру сомасы да соғұрлым көп болмақ. Қазір адамдар жақсы медици¬налық қызмет көрсетілетін емдеу мекемелерін таңдайды. Олар бұл мәселені анық¬тап алды, енді одан әрі қозғалу қажет. Әкімдерге халықтың дене шы¬нықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорт¬тық инфрақұрылымдардың қол¬же¬тім¬ділігін кеңейту туралы мәселені шешуді тапсырамын. Соңғы жылдары Астанада да, облыстарда да көптеген спорттық нысандар салынды. Оларға балалар да, үлкендер де бара алмайды деген шағым көп. Осы спорттық ғимараттардың бәрін де қолжетім¬ді ету керек. Адамдар спортпен айналысатын болсын. Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру. Қазақстан посткеңестік кеңіс¬тікте бірінші болып жинақтау жүйесін табысты енгізді. Салымшылар саны 8 миллион адамды құрайды. Жиналымдар көлемі 17 миллиард доллардан асады. Сонымен бірге, бүгінде са¬лым¬шылардың зейнетақы қорла¬рының инвестициялық саясатына ықпал ету мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан да зейнетақы ауда-рымдарына алымға қарағандай қа¬рау қалыптасқан. Ал жекелеген зейнетақы қор¬ларының басшылығы оларды өзі¬нікіндей көріп, көбіне-көп шы¬ғын¬дарын жабу арқылы акцио¬нер-лер¬дің мүдделеріне қызмет істейді. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бірінші жартыжылдықтың со¬ңы¬на дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыруы керек. Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар. Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары бо¬лып қала береді. Барлық мемлекеттік органдар бұл жұмысты өздерінің негізгі қызметі деп есептеуі тиіс. Тек өткен жылы ғана сомасы 970 миллиард теңгеден асатын 288 жоба пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде 30 мың¬нан астам тұрақты сапалы жұ¬мыс орындары ашылды. Біз экономикамыздың озық кластерлерін құруды және да¬мы¬туды одан әрі жалғастырудамыз. Бұл жұмыстың қарқыны төмен¬демеуге тиіс. Үкіметке инновациялық клас¬терлердің инфрақұрылы¬мын да¬мыту үшін қажетті қаржы қа¬растыруды тапсырамын. Құрметті қазақстандықтар! Мен бүгін біздің шикізат ре¬сурстарымыз бен инфра¬құ¬ры¬лым-дарымыздың жоғарғы бөлі¬ніс¬тері саласында, осы бөлі¬ніс¬терге қызмет көрсететін жаңа ға-ламат жобалардың бастау ала¬тындығы туралы хабарламақпын. Бірінші. Оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін Үкіметке үстіміздегі жылы қуаты 1320 мегаватт, құны 2,3 миллиард доллар тұра¬тын Бал¬қаш ЖЭС-інің бірінші мо-дулінің құрылысын бастауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл өте ма¬ңыз¬ды. Қарқынды да¬мып келе жатқан оңтүстік өңірде электр энергиясы бойынша тап¬шылық бар. Біз ешкімге тәуелді болмауға тиіспіз. Бұл мәселе өте көптеген жәйт¬тер¬ді шешеді. Балқаш ЖЭС-і бой¬ын¬ша барлық мәселелер шешілді. Істі жеделдетіп, осы жұмысты бастау қажет. «Батыс Еуропа – Батыс Қы¬тай» халықаралық автомобиль дәлізінің қазақстандық учас¬ке¬сі-нің құрылысын аяқтаудың маңы¬зы зор. Бұл шынымен де ғасыр¬дың халықтық құрылысы. Бұрын қай жерде 3 жыл ішінде 2700 ша¬қы¬рым сапалы автомобиль жолы са¬лы¬нып еді? Біз алдағы жылы бұл жұмысты аяқтауға тиіспіз. 1200 шақырымға созылатын Жез¬қазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл екі темір жол желілері құрылысына кірісу¬дің де маңызы үлкен. Бұл жобалар Жезқазған-Арқа¬лық өңірінің дамуына қуатты серпін беретін болады. Екінші. Үкіметке Жамбыл об¬лысында құны шамамен 2 миллиард доллар тұратын кешенді ми¬нералды тыңайт¬қыш¬тар өндірісін құру жөніндегі жобаны жал¬ғас¬ты¬ру¬ды тапсыра¬мын. Бұл тыңайт¬қыш¬тар ауыл шаруашылығы үшін қажет. Жоба Жамбыл облысының және бү¬тіндей оңтүстіктің эконо¬ми¬касын көтеруге мүмкіндік береді. Үшінші. Атырау мұнай өңдеу зауытында құны 1,7 миллиард доллар тұратын мұнайды терең өңдеу кешенін құруды қамта¬ма¬сыз ету қажет. Ол бензин өндіруді үш есе дерлік – 1,7 миллион тоннаға дейін, ал дизель отынын 1,4 миллион тоннаға дейін ұл¬ғай¬тып, Қа¬зақстанды отынның осы түрлері¬мен қамтамасыз етеді. Төртінші. Құны 6,3 миллиард доллар тұратын Атырау газ-химия кешенінің жобалық қуа¬тына шығуын қамтамасыз ету қажет, ол жыл сайын 500 мың тон¬на пропилен мен 800 мың тонна полиэти¬лен шығаруды қам¬тамасыз етеді. Мұндай өнімді біз Қазақстанда әлі шығарған емеспіз. Бесінші. Жобалауды аяқтап, Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 5 миллиард текше метр газ өңдеуге жететін зауыт құры¬лысына кірісу қажет. Алтыншы. Үкіметке елдің, ас¬тананы қоса алғанда, орта-лық өңі¬рін газдандыруды қам¬та¬масыз ететін құбырлы өткізгіш жүйесін жоспарлап, жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын. Бұл көп қаржыны қажет ететін, маңызды жұмыс. Газға тәу-ел¬ді¬ліктен арылу үшін біз оны жа¬сауы¬¬мыз керек. Қазақстан – мұнай мен газ өндіретін ел. Біз елі¬мізді газ¬дандыруға міндеттіміз. Бұл жобалардың көпшілігі бой¬ынша инвестициялау мәселе¬лері шешілген, ал қалғандары бойынша шешу қажет. Үкімет пен Парламентке жо-ға¬рыда аталған жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаржы бөлу үшін бюджетті қайта қарау жө¬нінде ұсыныс енгіземін. Бізге жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан несие алуға тура келеді. Мен оны дұрыс деп есептеймін. Ол ақшаларды өз экономикамызға салайық. Бұл жобалардың бәрі біздің эко¬номикамыздың, біздің еліміз¬дің бейнесін бүтіндей өзгертетін болады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі әлемдегі ықтимал деген дағ¬дарыстарға қайтаратын біздің жауабымыз болмақ. Біз бүкіл Қазақстанды алып құрылыс алаңына айналдырып, мыңдаған жұмыс орнын құрамыз. Тұрғын үй, ірі кәсіпорындар құрылысы төңірегінде құрылыс индустриясы, металлургия, өңдеу өнеркәсібі дамитын болады. Жаңа, жас кәсіпкерлердің пайда болуына көптеген мүмкіндіктер туады. Олар мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауға тиіс. Қаржы шығындарын бақылау үшін 2008-2009 дағдарыс жыл¬дары кезеңінде нақты және тиімді жұмыс істеген және өзінің тиімділігін дәлелдеген комиссия се¬кілді арнайы комиссия құру¬ды тап¬сырамын. Бұл жобалардың барлығын біз осы жылдың өзінде бастай¬тынымызды атап көрсетемін. Үкіметке қазақстандық ин¬но-вациялық жүйені нығайту қажет. Перспективалы ғылыми-зерт¬теулерді қаржыландырудың бюджеттік шығындарын инновация¬лық гранттарды бөлу арқылы ұл-ғайту маңызды. «Ғылым туралы» жаңа заң ғылымды жүйелі мемлекеттік қол¬дау үшін негіз қалайды. Отандық ғалымдарды қолдау қажет. Назарбаев Университеті төңі¬ре¬гінде трансферт пен жаңа технологиялар құруға ықпал ететін инновациялық-интеллектуал¬дық кластер қалыптасуы тиіс. Астанада жоғары технология¬лы кәсіпорындар құра отырып, біз бұл тәжірибені Қазақстанның бас¬қа да ғылыми-білім беру ор¬та¬лықтарына тарататын боламыз. Бізде заңнамалық негіз бар. Бұл менің тапсырмам бойын¬ша қабылданған «Индустрия¬лық-ин¬но¬вациялық қызметті мем¬лекеттік қолдау туралы» жаңа заң. Соның негізінде мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара іс-қимылының инновациялық әлеуе-тін өрістету қажет. Үкіметке мемлекет-жекеменшік әріптестігінің жаңа пішіндерін енгізуді қарастыратын заң жобасын дайындауды тап¬сы¬рамын. Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан эко¬номикасына тікелей шетел ин¬вес¬тицияларының ағынын әр¬та¬рап¬тандыру болып табылады. Оларды перспективалы са¬ла¬ларға, мысалы, туризм сала¬сына бағыттау қажет. Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің 10 пайызына дейіні тиесілі. Бізде 1 пайызға да жетпейді. Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қа¬жет, олар аз емес. Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын да¬мы¬ту маңызды жоба болуы тиіс. Сарапшылар тау шаңғысы ку¬рортына келген бір турист теңізге барған сапарына қарағанда 6 есе көп шығынданады деп есептейді. Бұл мемлекет үшін өте тиімді. Үкіметке осы ғажайып ай¬мақ¬ты, сондай-ақ Ақмола облы¬сын¬дағы Бурабай курортты ай¬ма¬ғын дамытудың Жүйелі жос¬парын жасауды тапсырамын. Өздеріңіз білетіндей, менің қам-қорлығымдағы ерекше шаруа – іскерлік және инвестиция¬лық ахуалды нығайту. Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» табысты жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде көптеген қа¬зақстандықтар оның тиімділігіне көз жеткізіп үлгерді. Үкіметке бағдарламаға инновациялар енгізу үстіндегі бас¬тау¬шы және жас бизнесмендерді қолдау¬дың қосымша шараларына қатыс¬ты өзгерістер енгізуді тап¬сырамын. Бүгінде қаржы-экономикалық, оның ішінде салықтық құқық бұ¬зушылықтарды қылмыссыздан¬ды¬ру бойынша жұмыстарды жал¬ғастыру керек. Кеден және салық комитеттеріне, қаржы полициясына құқық¬тық нормаларды, оның ішінде қосар¬лан¬ған салық салу бойынша құ¬қықтық нормаларды қолдануда бірізді болу қажет. Отандық және шетелдік ин¬вес¬торлардың құқықтарын қорғау мен қолдау, заңнамалардың бол¬жам¬дылығы мен транспаренттілігі Қа-зақстандағы іскерлік ин¬вес¬тиция¬лық ахуалдың негізі бо¬луы тиіс. Біздің шенеуніктер инвестор¬ларға тосқауыл қоюға емес, қай жағынан да оңды жәрдемдесуге тиіс деп табанды талап етемін. Біз отандық және шетелдік инвесторлармен нормативтік-құ¬қықтық актілер жбаларын жасау үде¬рісінде тұрақты консультациялар өт¬кізу¬дің тетігін нығай¬туға тиіспіз. Кәсіпорындар¬дың бизнесті жауапкершілікпен жүр¬гі¬зу¬дің қа¬ғидаттарын сақ¬тауын ынта-лан¬ды¬рудың страте¬гия¬сын жасап, жү¬зеге асы¬ру бой¬ын¬ша ұлт¬тық бай¬ланыс орта¬лық¬тарын құру қажет. 2012 жылы Қа¬зақ¬станның БСҰ-ға өтуі туралы келіс¬сөздер аяқталуы тиіс. Бұл біздің эко¬номикамыздың ин¬вес¬¬тициялық тар¬тым¬дылығын айтар¬лықтай жоғарыла¬та¬ды. Оныншы. Ауыл шаруашылығын да¬мы¬ту. Қазақстанның аг¬рар¬лық сек¬торы үл¬кен экспорттық мүмкін¬діктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды. Мемлекет ауыл шаруашылы¬ғына орасан көмек көрсетіп отыр. Бізге жеке инвестициялардың аграрлық өндіріске тәуекелін тө¬мен¬дету үшін заемдарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесін жасап енгізу керек. Фермерлердің қаржыландыру¬ға қолжетімді¬лі¬гін кеңейту үшін балама жолдар табу қажет. Үкіметке бөлшек сауданы делдалдарсыз жүргізуді мемлекеттік қолдаудың тетігін жасап, енгізуді тапсырамын. Мемлекетке астық саласын ұй¬ымдастыру және құрылымдау, бір¬тұтас астық холдингін құру қажет. Ет өндірудің экспорттық әлеуе¬тін дамыту жөніндегі жо¬ба¬ны жүзеге асыруды белсендірек ету қажет. Үкіметке мал шаруашылығы¬ның басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөнін¬дегі бағдарламалар¬ды жасауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде бүкіл әлемге және әр мемлекетке қуатты жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап табу маңызды. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағыты бой¬ын¬ша міндеттерді орындап, біз эко¬но¬миканы нығайтамыз, қоға¬мы¬мызды тұрақты етеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз. Сонымен бірге, Қазақстан әлемдік саясаттың лайықты қаты¬сушысы ретінде бейбітшілікті нығайту мен қауіпсіздік жолдарын айқындауға белсенді қатысуын жалғастырады. Біз ядролық қауіпсіздік, Яд¬ро¬сыз әлемнің жалпыға бірдей дек¬ларациясын қабылдау жөнін¬дегі бастамаларды ілгерілеттік. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Сеулде өтетін Ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаһандық саммитте олар нақ¬ты¬ланатын және толықтырылатын болады. Осы жылы біздің әлемдік дағдарыстан шығу жөніндегі «G global» идеясы талқыланады деп үміттенетін Астана экономикалық форумы үлкен маңызға ие болады. Сондай-ақ осы жылы Астанада халықаралық конфессияаралық үн-қатысудың маңызды алаңына айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезі өтеді. Біз Қазақстан жариялаған Жа¬һандық энергиялық-экологиялық стра¬те¬гияны жүзеге асыру үшін бар¬лық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Біз «жасыл» технология¬лар-дың трансфертіне бағытталған Ас¬та¬наның «Жасыл көпір» бас¬тамасын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Қазақстанның сыртқы саяси ұсы¬ныстары әлемдік қоғам¬дас¬тықтан қолдау тапты. Оларда біздің алдағы ондаған жылдардағы сыртқы саяси стра¬тегиямыздың мәні кестеленген. Біз теңдестірілген сыртқы саясатымызды тек Батыспен ғана емес, сондай-ақ Азия мемлекеттерімен де өзара іс-қимыл таныта отырып жалғастыратын боламыз. Осы жылы менің Азиядағы өз¬ара іс-қимыл және сенім ша¬ралары жөніндегі кеңес шақыру жөніндегі бастамама 20 жыл толады. Үстіміздегі жылы біз Ислам Ынтымақтастығы Ұйымында¬ғы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы төрағалығы¬мыз¬ды лайықты аяқтауға тиіспіз. 2012 жылы Астана ТМД мен түркі әлемінің мәдени астанасы болып табылады. Осы шараларды лайықты өт¬кізу керек. Біз ХХІ ғасырдағы жаһандық сын-қатерлерге еуразиялық ин¬теграцияны тереңдетумен жауап берудеміз. Біз Ресеймен және Беларусьпен бірге Бір¬тұтас экономи¬калық кеңістік қалыптастырдық, Еур¬азия¬лық экономикалық одақ құ¬руға келе жатырмыз. Бұл – жалпыөңірлік тұрақ¬тылықтың, біздің экономи¬ка¬лар¬дың бәсекеге қабілеттілігін жо-ғарылатудың маңызды факторы. Біз ТМД-ның басқа мем¬лекеттерінің еуразиялық инте-грацияға қосылуға ұмтылысын қолдауға дайынбыз. Құрметті отандастар! Әлеуметтік жаңғырту – бұл жаңа Парламент пен Үкіметтің, Қазақстанның барлық жауапты күштерінің – партиялардың, қо¬ғамдық бірлестіктердің, шығар¬ма¬шылық және кәсіби одақтар¬дың, бұқаралық ақпарат құрал¬дары¬ның, Қазақстанның бар¬лық патриот¬тары қызметінің темірқазық мә¬селесі. Оның үстіне мен соңғы Мәжі¬ліс сайлауына қатысқан барлық партиялардың сындарлы ұсы¬ныстарын ескеруге ұмтылдым. Біз барлық күштерді Отаны¬мыз¬дың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз. Біздің алдымызда үлкен жұ¬мыс күтіп тұр. Барша қазақстандықтарды бел¬гіленген барлық міндеттерге қол жеткізу жөніндегі жұмыстарға аса белсенді қатысуға ша¬қырамын! Қымбатты достар! Бізді орасан зор, күрделі және қиын, бірақ баршамыз үшін, қа¬ра¬пайым адамдар үшін де, Үкімет пен Парламент үшін де, бүтіндей алғанда мемлекет үшін де қы¬зықты жұмыс күтіп тұр. Осындай үлкен мақсаттар қой¬майынша біз дами алмаймыз. Біз әрқашанда айт¬қа¬нымызды жасап келдік. Біз өзіміздің барлық жос¬пар¬лары¬мыз¬ды, бағдар¬лама¬лары¬мызды орын¬дадық. Алда қызу жұмыс күтіп тұр. Әлем сондай, жағдай сондай. Бүгінгі күннің сынағы сондай. Ендеше, бүкіл қазақстан¬дық¬тарға үн тастап, өзімізді бүкіл қазақстандықтардың өмірін жақ¬сартатын осынау ғаламат міндеттерді орындауға жұмылдырайық! Қадірлі отандастар! Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз. Біз бұдан бұрын да биік белестерді бағындырдық. Оны біз 20 жылдықта айттық. Сондықтан, мақсатқа жету біздің қолымыздан келеді. Біз оған жетудің жолдарын жақсы білеміз. Ол үшін қажетті ресурстар бүгін мемлекетте жеткілікті. Біздің міндетіміз – айқын, алған бағытымыз – дұрыс. Бұл жолда біз үшін ең бастысы – тәуелсіз Қазақстанның тұтасты¬ғы мен тұрақтылығы. Дана халқымызда «Игілік ба¬сы – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Ендеше, тәуелсіздігіміз баян¬ды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын, ағайын! Осы мерейлі белесте барша¬ңызға мол табыс тілеймін! Назарларыңызға рахмет!

150) Н.Назарбаевтың "Тарих толқынында", "Ғасырлар тоғысында", "Тәуелсіздік белестері" еңбектеріне сипаттама.

Н.Назарбаев Тарих толқынында

Қоғамдағы болып жатқан терең өзгерістерге байланысты бізді қайтадан тарихқа үңіліп, сол уақыттан бүгінгі күннің мәселесінен шығу жолын іздеп және болашаққа сабақ алуға итермелейді. Либералдық-демократиялық идеялар қоғамдық-саяси өмірде елеулі орынға ие болып отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда тарихтағы отандық либерализмге және парламентаризмге деген қызығушылық өте жоғары. Қазақ халқының демократия идеясының, либерализмнің айнасы ретінде Қазақстанда ұлттық саяси элитасын һәм зиялы қауымды танимыз. Бірақ тағдырдың қаталдығына байланысты бұл адамдар өз елінің азат болу және бақытты өмір сүру қалауы, тілегі немесе үміті үзіліп қалды. «Халық жауы» деп айыпталып 70 жылға тарих қойнауына кетті.

Еліміз алдымен егемендігін жариялап,одан кейін тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрынғы идеялық шырмаулардан толықтай арылғаннан соң тарихымыздың «ақтандақ беттерін» қайтадан қарастыру мүмкіндігі туды. Бұл мәселені зерттеу біздің ойымызша өзіне белгілі бір жүелікті және жан-жақтылықты талап етеді.

Ресей монархиясы ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап елде орын алған үздіксіз саяси дағдарыстың нәтижесінде құлады. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүенің жоғары сатысы- республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызып, ұлттық езгінің күш-қуатын әлсіретуге мүмкіндіктер берді. Осы кезде жаңа бір билік жүйесі қалыптасып келе жатқанын сезінді. Билік басына бірінен соң бірі ауысып, түрлі ұйымдар ашылып жатты. Әр біруі өзіндік даму жолын ұсынды. Күрделі саяси жағдайда немесе саяси орманда адасып қалмау басты міндетке айналды. Осындай арпалыс уақытында саяси күрес аренасына шыққан зиялы топтардың іс-әрекеттеріне тоқталуды жөн көрдік, өйткені олардың жасаған жұмыстарына қарап сол кездің толық тарихи суретін жасауға мүмкіндік бар. Әрине зиялы қауып болып аталуына белгілі себептер бар; көкірегі ояу, көзі ашық, жоғары-орта білімдері бар, саяси көз-қарастары қалыптасқан азаматтар болды. Бұл төңіректе Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында келесідей көрсетеді: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясые жасау міндетін өз мойынына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақттар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал. Ол тұста ой еңбегімен кәнігі түрде шұғылдану атадан балаға жұғысты болып отырған.

Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Әлихан Бөкейханов (оқымысты-ғалым, Ресей Конституциялық демокатиялық партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, І және ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты), Ахмет Байтұрсынов ( ақын, аудармашы, лингвист, «Қазақ» газетінің редакторы), Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Бахытжан Қаратаев, Халел және Жанша Досмухамедовтер және басқалары – негізінен Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор жоғары оқу орындары, училищелерінің түлектері»[1. 156 б.].

Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санаған[1. 157 б.].Басқа сөзбен айтқанда қазақтың тұңғыш интелегенттері сол кезеңнің ұлттық сұраныстарына жауап беруге тырысты.

Ә.Бөкейхановтың төңірегіне жиналған азаматтар патша үкіметіне оппазицияда болған кадеттерді үлгі тұтқан. Бұл екі топтың саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық көз қарастары бастапқы уақытта бір-біріне сәйкес келіп отырды.

Сонымен 1917 жылғы ақпанда Ресейде жеңіске жеткен буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде ұлттың өзі-өзі билеу проблемасын шешу мәселесін қоюға, қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге мүмкіндіктер туды. Бірден қазақ зиялылары Уақытша Үкіметімен тығыз байланыс жасап, сол арқылы түп мақсаттарын жүзеге асырмақшы болды. Бұл үкіметке тиген сенімдерінің негізінде, оның демократиялық бағытта жасаған қадамдары болды. Мәселен, сөз бостандығы саяси партиялар құру, бапасөз бостандығы, халықтың өз еркін білдіру құқұқтары т.с.с.[2. 25 б.]. Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының әр түрлі дәрежедегі басқару жүйесінің чиновниктері болып Ғалиасқар Қуанышев, Балға Құрметов, Біләл Молдыбаев, Айдархан Тұрлыбаев, Мұхтар Саматов және басқалары тағайындалды. Әлихан Бөкейханов, Мұхаметжан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқайұлы қазақ халғқының либералдық-демократиялық оптарының өкілдері ретінде танылды.[3. 89 б.]. Айта кететін бір жәйт, дәл осы үш қайраткер Ақпан революциясы жеңіске жетісімен қазақ интелегенциясы өкілдерінен кімдерді, қай орындарға тағайындауды ұсынып отырды.

1917 жылғы 7 сәуірде кадет Н.Щепкин басқарған Уақытша Үкіметтің Түркістан комитеті құрылды. Оның құрамына басқалармен бірге Ә.Бөкейханов пен Мұхаметжан Тынышбаев енді. Көп кешікпей Ә.Бөкейханов Торғай облысындағы, ал халықшыл О.Шкапский мен М.Тынышбаев Жетісу облысындағы Уақытша Үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Ал М.Шоқаев, А.Бірімжанов, А.Кенесарин сияқты қазақ зиялылары Түркістан мен Қазақстандағы Уқытша Үкіметтің органдарында жауапты қызметтерге ие болды[4]. Ә.Бөкейханов өзі басқарған Торғай өңірінде Уақытша Үкіметтің шығарған заңдарының орындалуын талап етті. М.Тыншбаев пен Мұстафа Шоқайұлы бүкіл Түркістан өлкесіндегі барлық басқару жүйесінің жұмысын жолға қойып, оны үйлестіру ісімен тікелей шұғылданды[4]. Барлық жұмыстар бір сарынды, ешбір кедергісіз өтті деп айтсақ қателесерміз. Өйткені жергілікті болыстар мен ауылнайлар орнығып алған жағдайдан айырылғысы келмеді (бұл заңды құбылыс), сол себепті қалыптасып келе жатқан жаңа билік жүйесіне өздерінің қарсылықтарын білдірді. Соған қарамастан Уақытша Үкіметтің әкімшілік органдары 1917 жылдың көктем мен жаз айларында қалыптасу фазасынан өтіп, қалыпты жұмысын жасау жалғастырды.

Қазақстанда Уақытша үкіметтің әкімшілік-мемлекеттік құрылымдары және алғашқы ұлттық қоғамдық-саяси ұйым қазақ комитеттері құрыла бастады. Қазақ комитеттерінің құрылуы қазақ қоғамындағы үлкен жаңалық болды. Аталған үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі болған. Түпкі мақсаты – ұлттық мақстат-мүддені қорғайтын, автономиялық мемлекеттік құрылымға жету жолында қазақ халқының ұлттық ұйымы ретінде қарастыру еді[2. 23 б.]. Бұл комитет болашақ Алаш қозғалысының қайраткерлерінің, соның ішінде тікелей ұсыныс жасаған, ұлттық интелегенциясының көпшілік тыныған жетекшісі Ә.Бөкейханов және қазақ қоғамының белсенді азаматтарының бірлескен еңбектерінің нәтижесінде құрылған. Қазақ комитеттері 1917 жылдың наурыз айының екінші жартысынан бастап облыстық, уездік және болыстық деңгейде құрыла бастады. Қазақ комитеттері барлық дерлік аймақтарында құрылған[5]. Қазақ комитеттерінің пайда болуын ғалым М.Қойгелдиев орынды түсіндіреді: «...Қазақ комитеттері ұлт-азаттық қозғалыстың ақпан революциясынан кейінгі кезеңдегі даму нәтижесі, оның өзінің түпкі, негізгі мақсаты- мемлекеттік еркіндікке ұмтылысының табиғи көрінісі, ұлттық мемлекет болуға жасалған алғашқы қадамдары.»[6. 219 б.] Түртіп, айта кетсек, барлық облыстарда Қазақ комитеттері жоғарыдан төмен қарай құрыла бастайды. Құрылу процесін туралы хабарларды «Қазақ» газеті таратты. 1917 ж. 17 наурызда Орал қаласында облыстық комитет құрылды. Алғашқы төрағасы Ғ.Әлібеков болды. Мүшелері ретінде Д.Көсемғалиев пен Б.Қаратаевтар аталды[2. 24 б.]. Сол секілді Семей облыстық Қазақ комитеті 7 наурызда өлкеде қалыптасқан саяси хал-ахуалға байланысты шұғыл түрде құрылды. Комитеттің төрағасына Р.Мәрсеков, төраға серіктері болып Х.Ғабасов пен И.Тарабаев, қазынашылыққа Ә.Молдабаев және хатшылыққа Ә.Ермеков тұрды.[2. 24 б]. Бұдан басқа Ақмола облыстық Қазақ комитеті (төрағасы алғашқы да Е.Итбаев, кейін А.Тұрлыбаев), Жетісу облыстық Қазақ комитеті (төрағасы И.Жайнақов), Сырдария облыстық Қазақ комитеті (төрағасы Ә.Көтібаров). 1917 жылдың көктем айынан бастап Қазақ комитеттері араласпаған істер болмады десек артық айтпаймыз. Бұл жағдай, саналы түрде саяси элита қалыптасып, нақты іс-шараларға көшкенін аңғартады.

Жаңа билік жүйесін жергілікте жерлерде орындау, оның даму перспективаларымен таныстыру тағы да, қазақ зиялы қауымының мойынына түсті. Ең басты іс-шара съездер ұйымдастыру. Ә.Бөкейхановтың тікелей бастамасымен 1917 жылғы көктемде шақырылған ауылдық, селолық, болыстық және уездік азаматтық комитеттер өкілдерінің съезі Торғай облысындағы аса маңызды оқиға болды. Съезд аяқталғаннан кейін ауылдық азаматтық комитеттерді құру ісіне жетекшілік жасау үшін облыстық басқарма құрған комиссия Ә.Бөкейхановпен келісе отырып Ахмет Қадырғалиевты белгіледі[3. 91 б.]. Сонымен қатар, Оралда, Орынборда, Ақтөбеде, Ташкентте өткен өазақ съездерінде аграрлық және ұлттық мәселелер баса назар аударылса, А.Тұрлыбаев, Е.Итбаев және М.Дулатовтың басшылығымен Омбыда өткен қазақ ұйымдарының облыстық съезінде оқу-ағарту, қаражат (финанс), дін, әйелдер теңдігі мен земство қызметі жөніндегі кеңінен талқыланды. Ж.Ақпаев, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов жетекшілік еткен Семей облыстық қазақ съезінде әлеуметтік-саяси мәселелер сөзге тиек етілді[3. 92 б.]. Аталған съездер қабылдаған қаралардың барлығында дерлік Уақытша Үкіметке сенім білдіріп, оның «соғысты толық жеңіске жеткенше» жүргізу жөнінде саясаты қолдау тапты. Ерекше аталып, қарастырған мәселелер ауқымды болған съезд- Орынбор қаласында 1917 сәуірдің 2-8 аралығында өткен съезд. Бұл съезді дайындап, оны басқаруға сол жылғы шілдеде құрылған «Алаш» партиясының жетекшілерінің бірі болған Ахмет Байтұрсынов белсенді түрде араласты; съездің жұмысы А.Байтұрсынов, Сейітәзім Қадырбаев, Уәлихан Танашев, Омар Алмасов сияқты Алашорда қозғалысының белсенді қайраткерлерінің ықпалымен өтті және онда келешектегі «Алаш» партиясының кейбір бағдарнамалық тұжырымдары оған қатынасушылардың талқысына түсті, бұл біріншіден. Екіншіден, бұл съезд қабылдаған қарарлардың бір ған Торғай облысына қатысты болған жоқ, олар бүкіл Қазақстандық мәнге ие болды. Съезге жалпы алғанда 300-ден астам адам қатысты[3. 93 б.]. Сондықтан да Торғай оьлыстық қазақтар съезі қабылдаған қарарлар басқа өңірлеріндегі осындай бас қосулар үшін белгілі дәрежеде үлгі болды.

Халықты тыныштандырып, белгілі бір саяси тұрақтылыққа жұмыс істеген қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшілері 1917 жылдың жазына қарай Уақытша Үкіметке деген сенімі әлсіреді Өйткені сайып келгенде Уақытша Үкімет Қазақстандағы жүргізген әлеуметтік-саяси мәселелер шешу саясаты, патша үкіметі кезіндегі саясатымен пара-пар болды.Мысал келтіре кетсек, басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-территориялық автомия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтеру деген үмітті Уақыттша Үкімет аяқ асты етті[3. 115 б.].

Осы жағдайды ұлт элитасы дер кезінде түсініп, жаңа әрекеттер жасауға көшті. Ә.Бөкейхановтың Кадет корпусына деген көз-қарасы күрт өзгеріп, партиядан шығып кетеді. Себептерін Ә.Бөкейханов өзі «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 23 желтоқсанындағы 256 нөмірінде жарияланған «Мен кадет партиясынын неге шықтым» атты мақаласында көрсетеді. Нәтижесінде, Бірінші Бүкілқазақтық съезді ұйымдастырып, оны 1917 жылы 26 шілдеде Орынбор қаласында өткізді. Халел Досмұхамбетовтың төрағалымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Әлмұхамбет Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен съезде 14 мәселе қарастырылды[4]. Осы мәселелердің ішінен ең маңызды деп ұлттық автономия, жер, құрылтай съезіне дайындық және қазақтың саяси партиясын құры деп санады. Сонымен толық элитамыз қалыптасып тәуелсіздік жолына түсіп, азаттық үшін күресін бастады. Тарих беттерінде Алаш арыстары деп аталып, Алаш һәм Алаш орда қозғалысын құрды. Өзгермелі қоғамдық-саяси өмірде Алашорда қайраткерлері саяси тарих сахнасына бірінен соң бірі көтерілген Сібір облыстық советі(Сібір автономиясы, желтоқсан 1917 ж.-қаңтар 1918ж.), Самара құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті (колуч, маучым-тамыз 1918 ж.), Уфа дерикториясы (қыркүйек-қараша 1918 ж.), Колчак үкіметі(қараша 1918 ж.-желтоқсан 1919 ж.), Кеңес үкіметі(наурыз-сәуір 1918 ж. және 1919 ж.- наурыз 1920) сияқты ресейлік саяси күштермен байланыстарында Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін ресми мойындатуға алдыңғы кезектегі міндет етіп қойды.

Осы кезде қазақ зиялылары басқа да партиялар мен ұйымдарға бірігіп жатты. 1917 ж. қараша айында Омбыда «Үш жүз» атты социалистік партия ашылды. Сонымен қатар жалпы жергілікті жерде мәдени ағарту жұмыстарымен (сауық кештерін қою, жазба газет шығару, т.с.) айналысқан ұйымдарды атап кетсек: Омбыда «Бірлік», Қызылжарда «Талап», Ақтөбеде «Жас тілек», Павлодарда «Ғылым», Орынборда «Еркін дала» тағы басқа.

Уақыт призмасынан қарасақ шынында да ақпан революциясы Ресей империясының құрамында болған қазақтар, титульды ұлтпен тең терезе принципін заңдастырды, олардың ресми үкімет органдарында қызмет қылуына мүмкіндіктер тудырды. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары динамикалық түрде дамыды бірақ, империялистік құрсаудан босанған Ресейлік саяси күштердің 1918-1919 жылдардағы қызметі алғашқы кезеңде демократиялық сипатта өрбігенмен бірте-бірте әскери-саяси сипаттағы диктатураға қарай бет бұрып кетуі ұлттық аймақтардағы, соның ішінде қазақ өлкесіндегі саяси күштердің ұлттық-демократиялық бағытты дамуына жасаған қызметтерің баянды етуге кедергі болды.

Бүкіләлемдік саяси жүйеге өзгеріс әкелген осынау кезеңде зиялы қауым халқының болашағы үшін қарулы күрес жолында да батыл қадамдарымен көзге түсті. Елі мен жері үшін күрескен қиын саяси жағдайда таңдаған жолынан тайынбай өзіндік тән қасиеті отаншылдық рухы бар – зиялы қауымын Қазақ елінің жауы мен досы мойындағаг. Бір сөзбен айтқанда, тарих беттерінде шыңдалып, елеулі орынға ие болғанына көзіміз жетіп отыр

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

КІРІСПЕ

Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ. Қазақтың халық мақалы

Қадірлі халайық! мeн сіздeргe, Қазақстан халқына, қoғамымыздың бoлашағы мeн мeмлeкeтіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жoлдап oтырмын. мeн Сіздeргe oсынау бoлашаққа қoл жeткізіп, өз мұратымызды іскe асыруға жәрдeмдeсe алады-ау дeгeн сeнім ұялататын стратeгияны ұсынғым кeлeді. мeн сіздeрмeн кeлeр ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс пeрспeктиваға eндeп бoйлайтын бoлашақ жайлы өзімнің oй-тoлғаныстарыммeн бөліскім кeлeді. біз өзіміздің бoлашағымызды жәнe балаларымыздың бoлашағын қандай күйдe көргіміз кeлeді, oсыны айқындап алатын уақыт жeтті. бұл бізгe нe үшін қажeт? мeнің oйымша, біздің әр қайсымызда eндігі жeрдe тeк бүгінгі күнмeн ғана, ағым дағы

ҚАЗАҚСТАН – 2030: БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨСІП-ӨРКEНДEУІ, ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНE ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ АРТУЫ

7

міндeттeрді тoлассыз шeшумeн ғана өмір сүругe бoл майтындығын тeрeң түсіну сeзімі пісіп-жeтілді. біз нeнің іргeсін тұрғызғымыз кeлeтінін, таңдап алған мақсатымызға алып кeлeтін өз дамуымыздың траeктoриясы, даңғылы қандай бoлуға тиіс eкeндігін анық білугe жәнe ұғынуға тиіспіз. Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратeгияларымызға таңдау жасап, oсы жoлмeн жүру үстіндe eрік-жігeр мeн төзімділік таныта oтырып, біз өзімізді бұралаңбұрылысты сeндeлістeрдeн, күш-қуатымызды, уақытымыз бeн рeсурстарымызды жөнсіз зая кeтірудeн сақтандырамыз. мықты стратeгияға иe бoлып, әрі табандылық таныта oтырып, біз жoлымызда кeздeсeр кeз кeлгeн күрдeлі кeдeргілeрді абырoймeн eңсeрe аламыз. бүгінгі таңда басымыздан кeшіп oтырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бeн үміттeн айырмауға тиіс. Пeрспeктиваларымызды айқын ұғыну, жoлымызда тұрған қиындықтар мeн қауіп-қатeрді бүкпeсіз түсіндіру біздің қoғамымыздың барша азаматтарын oсынау oртақ міндeтті шeшу үшін жұмылдыруға жәрдeмдeсeді. біз бүгінгі кeзeңнің міндeттeрінeн өзгe біздің ұрпақтың кeлeр ұрпақтар алдында oрасан зoр жауапкeршілік жүгін арқалайтынын: әкeлeр мeн аналардың, аталар мeн әжeлeрдің өз балалары мeн нeмeрeлeрі алдындағы жауапкeршілігін күндeлікті eстe ұстауға тиіспіз. біз өз балаларымыз бeн нeмeрeлeрімізді сoнау алыс бoлашақта, oлар біздің жасымызға жeткeн кeздe қандай күйдe көргіміз кeлeді? Oлар әл-ауқатты өмір сүрe мe, тoғайған, дeндeрі сау әрі білімді-білікті бoла ма? Oлар жақсы әрі азат қoғамда өмір сүрe мe? Oлар бeйбіт-татулықта өмір сүрe мe?



ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСТЕРІ

8

Oлар өз қауіпсіздігі мeн балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бoла алар ма, көшeлeрмeн eмін-eркін жүріп, өз дүниe-мүлкі үшін қауіптeнбeс бoлар ма? біз oларға қуатты мeмлeкeт пeн өзіміздің жақын жәнe алыс көршілeрімізбeн дoстық қарым-қатынасымызды мұра eтіп қалдыра аламыз ба? біз oсынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзіндe жауап бeругe тиіспіз. бір данагөй: eгeр сіз қайда бeт алып бара жатқаныңызды білмeйтін бoлсаңыз, oнда сізді oл жeргe кeз кeлгeн жoл алып баруы мүмкін дeгeн eкeн. Oсыны eстeн шығармай, бoлашақтың мoдeлін жалпыланған түрдe жәнe нақты қысқа мeрзімді мақсаттар түріндe ұдайы көз алдымызда бағдар eтіп ұстауға тиіспіз. мұның өзі қандай да бір іс-әрeкeткe кірісe oтырып – біз дұрыс бағытпeн жүріп кeлeміз бe, әлдe бағдардан ауытқыдық па, oқиғалардан ілгeрігe oздық па, әлдe шабандап қалып кeлeміз бe – ұдайы таразылап oтыру үшін қажeт. бүгінгі күнді eртeңгі күнмeн oйша салыстырған кeздe, бұл прoцeсті сан рeт қайталай oтырып, прoблeмалардың ауқымы мeн oлардың маңызын өзгeшe қабылдайсың. Өзімізді әлeм мeн бүкіл планeтаның бір бөлігі рeтіндe түйсінe oтырып, біз жаңа дәуір мeн жаңа уақыттың тынысын жәнe oлардың жуықтай түскeнін сeзінeміз. Қазақстан жаңа мeмлeкeт рeтіндe көптeгeн импeриялардың: Oттoман, Австрия-Вeнгрия, ал мүлдe таяуда – кeңeс Oдағының жан тәсілім eткeнін көргeн дәуірдe дүниeгe кeлді. біз жаңа мeмлeкeтті, жаңа нарықтық экoнoмика мeн жаңа дeмoкратияны көптeгeн өзгe дe жас тәуeлсіз мeмлeкeттeр oсы тәрізді жoлды басынан кeшіп тe үлгeргeн уақытта құру үстіндeміз. біз қуатты сыртқы күштeр кeлeшeгімізді айқындауда сөзсіз eлeулі рөл атқаратын күннeн-күнгe өсe түскeн ауқымдану мeн



ҚАЗАҚСТАН – 2030: БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨСІП-ӨРКEНДEУІ, ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНE ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ АРТУЫ

9

ұлғайып кeлe жатқан өзара тәуeлділік дәуіріндe өмір сүріп oтырмыз. Eгeр біз өз ниeтімізді байсалды ұстансақ жәнe пайымды да парасатты бoлсақ, өз дамуымыздың ішкі жәнe сыртқы фактoрларын бүкпeсіз талдап-таразылауға қабілeтті бoлсақ, oнда біздің жалпы тoптасуымыз, өз тарихымыз бeн eрeкшe жағдайларымыз нeгізіндe дұрыс жoлды таңдап алу мүмкіндігіміз дe бар. біз басқа eлдeрдің тәжірибeсін зeрдeлeй алсақ та, әрі сoлай eтугe тиісті бoлсақ та жәнe халықаралық қoғамдастықтағы қoлайлы үрдістeрді пайдалана алсақ та, біздің жасымызға жeткeндe балаларымыз бeн нeмeрeлeріміз мақтан eтe алар Қазақстанды құру жөніндeгі үмітіміз бeн арманымызды іскe асыру үшін қажeтті oсынау oрасан зoр жұмысты өзгe eшкім дe eмeс, тeк біздің өзіміз ғана игeрe аламыз. Нeліктeн нақ бүгінгі таңда біздің алдымызда oсы міндeт тұр? Өйткeні кeшe біз бұған даяр eмeс eдік, тәжірибeміз бeн білігіміз жeтіспeді, жағдай, eрeсeн тұрақсыздық пeн тұрлаусыздық мүмкіндік бeрмeді. міндeттің өзі дe басқа бoлатын. Алдыңғы кeзeңнің күллі мәні мынаған: басталып кeткeн аласапыран өтпeлі кeзeңнің буырқанған жағдайында дeрбeс мeмлeкeт рeтіндe табан тірeп қалуға кeліп сайды. көптeгeн көріпкeлдeр біз сәтсіздіккe ұшыраймыз жәнe дe мeмлeкeт құрылысының, қoғамдық жәнe экoнoмикалық қайта құрудың бұрын-сoңды бoлмаған міндeттeрін игeрe алмаймыз дeп сәуeгeйлік eткeн-ді. бірақ алғашқы сынға біздің лайықты төтeп бeрe алғанымыз – eңсeмізді тік ұстап, иілмeгeніміз бүгін-ақ айқын. барлық қиындықтарға қарамастан біз бeйбeрeкeтсіздік пeн жөнсіздік шыңырауынан шыға білдік. Қазір біз тұрақтану кeзeңінe өтудeміз. Eң өзeкті жәнe маңызды міндeттeрімізді шeшудe қoл жeткізгeн табысымыз



ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСТЕРІ

10

бізгe жан-жағымызға үңілe зeр тастауға, өткeн жoлымызды таразылауға әрі бoлашаққа батылырақ көз салуға, алдағы дамуымыз туралы oйлауға, өз жoспарларымызды түзeугe мүмкіндік бeрeді. Аса ауыр жағдайларда жинақталған мeмлeкeттілік құру, саяси жәнe экoнoмикалық рeфoрмалар жүргізу тәжірибeсі, әлeм жәнe oның дамуы туралы білім-білігіміз, қазақстандықтардың төзімділігі мeн түсінушілігі бізгe қoсымша күш-қуат пeн сeнімділік үстeйді. бұл міндeттeрді шeшуді eртeңгe қалдыруға да бoлмайды, өйткeні біз өз рeфoрмаларымызды тoлық аяқтағанша күтіп тe oтыра алмаймыз. басқаша айтқанда, кeшe әлі eртe бoлатын-ды, ал eртeң кeш бoлып қалуы мүмкін. мeмлeкeтіміз бeн қoғамымызды құрудың дұрыс стратeгиясын таңдап алудың өміршeң мәні бар. Eкшeлe талданып жасалған стратeгиялық жoспар назарды жинақтайды, тәртіпкe жұмылдырады жәнe жәрдeмдeсeді. Oл мeмлeкeт назарын басымдықтардың аса қысқа тұжырымды тізбeсінe жинақтайды, oл тәртіпкe жұмылдырады әрі Үкімeтті oсы міндeттeр мeн стратeгияларды күндeлікті шeшіп oтыруға талпындырады. Ақыр аяғында, oл біздің мақсаттарымыздың іскe асуына алып кeлeтін күн сайынғы жәнe жыл сайынғы шeшімдeрді қабылдауымызға жәрдeмдeсeді. бірақ мұның өзі жeткіліксіз. Oсы нұсқауларды өміргe eнгізудің, жoбаланған жoспарларды іскe асырудың маңызы мүлдe кeм eмeс. Сoндықтан әрбір министрлік пeн вeдoмствo өз жұмысын әрбір күн, ай мeн жыл біз қадам басқан сайын қoйылған мақсаттарымызға қарай ілгeрілeйтіндeй eтіп ұйымдастыратын жүйeні құру аса қажeт. мeмлeкeттік қызмeтшілeр күн сайын алдарындағы стратeгиялық мақсаттар мeн басымдықтарды көріп oтыруы, eкінші кeзeктeгі жәнe күндeлікті міндeттeрді шeшугe алаңдамастан oларды іскe асыруы қажeт. Қабылданатын заңдар



ҚАЗАҚСТАН – 2030: БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨСІП-ӨРКEНДEУІ, ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНE ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ АРТУЫ

11

мeн шeшімдeр, біздің стратeгиямыздың арнасында, жұмыс жинақы, жұмылған әрі үйлeсімді бoлуға тиіс. кeлeсі жылдан бастап біздің жыл сайынғы жoспарларымыз ұзақ мeрзімді басымдықтарымызға сәйкeс бoлуға тиіс. Oның үстінe, мoнитoринг жүйeсі қoйылған мақсаттарымызға қoл жeткізудe біз қаншалықты ілгeрілeдік дeгeн сұраққа жауап бeругe тиіс. Сoндықтан бізгe стратeгиялық жoспарлау мeн стратeгиялық бақылау, eсeптілік пeн жауапкeршілік жүйeсі қажeт. біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты – біздің қoғамымыздың алға қoйылған мақсаттарға қoл жeткізудeгі біртұтастығы, халықтың барлық жіктeрі мeн тoптарының oртақ міндeттeрді шeшугe бағытталған стратeгия айналасында тoптасуы. Eгeр біз қoғам мeн халықтың түрлі тoптарының қажeттіктeрін дұрыс eскeругe, басымдықтарды дәл айқындап, oлардың іскe асырылуын қамтамасыз eтугe қабілeтті бoлсақ, oнда бұл ақиқатқа айналады. мұны мeмлeкeт халықтың жeкeлeгeн тoптарымeн жәнe жeкeшe сeктoрмeн ынтымақтастығы нeгізіндe іскe асыруы қажeт. Oсы Жoлдау мeнің Қазақстан халқына ішкі жәнe сыртқы саясатымыздың нeгізгі бағыттары туралы жыл сайын Жoлдау арнап сөз сөйлeу жөніндeгі кoнституциялық міндeттeрімнің шeңбeріндe әзірлeнгeн бoлатын. бірақ, мeн жoғарыда атап өткeндeй, біздің мeмлeкeтіміз, тұтас алғанда қoғамымыз үшін дe кooрдинаттар жүйeсі бoлып табылатын, сoның шeңбeріндe жыл сайынғы іс-қимыл жoспарларымызды жасай алатын нeғұрлым ауқымды бoлжам мeн стратeгияны қажeт eтeді. Сoл сeбeпті oсы мәсeлeлeргe eрeкшe oрын бeріліп oтыр. Прeзидeнттің Қазақстан халқына ішкі жәнe сыртқы саясаттың нeгізгі бағыттары туралы бұдан кeйінгі жыл сайынғы Жoлдауы ұзақ мeрзімді стратeгияның іскe асырылуына бeрілeтін бағаны қамтиды, сoндай-ақ алдағы жылға арналған нақты міндeттeрді айқындайтын бoлады.



Халқымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырған Қазақстан тәуелсіздігіне

15 жыл! Ал сол Тәуелсіздік тұғырына жету жолында талай жыл күреспен арпалысып келдік. Иә, дана халқымыз бірлік болмаса тірлік болмайтындығын бекер айтпаған. Бірлік болмай, патшаның отарлық саясатының қыл бұрауы мойынға мықтап түскенде ғана, халық өзінің кешегі азат өмірінің көзден ұшқанын аңғарады. Тек аңғарып қоймай, кешегі даланы еркін жайлаған халық атқа қонды. Кенесарыдай батыр бабамыздың бар мақсаты ─ елінің тәуелсіздігі еді. Сол тәуелсіздік жолында өз өмірін құрбан етті .Сын сағатта өз мүддесінен ел мүддесін жоғары ұстады. Наурызбай, Ағыбай, Басығара, Жоламан батырлар да Кенесары хан қозғалысын қолдап, оны пір тұтты.Талай жылға созылған осы күрес халықтың әлі де сойыл ұстап, жауға аттанар ерлері барын танытты. Исатай мен Махамбетті де ереуіл атқа ер салдырып, егеулі найза қолға алдырған, еңку-еңку жер шалдырған, темір қазық жастанып, беркініп садақ асындырған, біртіндеп жауды қашырған да сол, ұлы жол, азаттық жолы еді ғой!

Тәуелсіздік үшін күрес бір сәт те толастаған емес, ол теңіз толқыны сияқты қат- қабат жарға соғып жатты. Кеңес тарихы болса олардың әрбір толқынын бір-бірінен айырып алып, аймақтық оқиғалардың қатарына жатқызды. 1916 жылғы ұлт-азаттық төңкерісі де осы тұрғыдан қаралып келеді. Ал шындығында 1916 жылғы оқиға империяның бүкіл шығысында болды. Ол сонау Азия, Африка, Оңтүстік Америкадағы ұлт-азаттық қозғалыстардың ешқайсысынан кем емес-ті.

Аумалы-төкпелі аласапыран заманда, арпалысып өткен адамзат ғұмырында ұйыса, қанаттаса жүрген халықтардың Жер-Анадан қоныс тауып, құт мекенге айналдырған шекаралы, шекті аймағы қалыптасқаны мәлім. Бірінікі шөлді болар, бірінікі көлді болар, бірінікі нулы болар, бірінікі сулы болар ─ әйтеуір, кіндік кесіп, кір жуған жер әр адамда болатындығы айдай анық.

Дана бабаларымыздың ең асыл армандарының бірі ─ туған жерден топырақ бұйыртса деп, тағдырына егіле, езіле тілейтін аңсарында қандай ғажап астар бар екенін есіңе еріксіз түсіресің.

Қазақ батыры Шынқожаның денесі жау қолында қалғанда жан аяспай шайқасқан жауынгерлер өздері пір тұтқан батырдың бір ғана саусағын алып шығып, оны сол Аягөзге құятын Нарын маңындағы шағын төбеге жерленгенін тебірене жазған поляк жиһанкезі Янушкевич далалықтардың бойындағы елге деген, жерге деген сезімінің, еріне деген құрметінің ересен екендігіне таңданыс білдіреді.

Қай кезден де отаншылдық сезімнің барлық халықтарға тән, жоғары екендігі белгілі. Сондықтан да болар Отанға деген ұлы махаббат, асқар сүйіспеншілік, туған жерге деген қастерлі, қасиетті сезімдер ─ үлкен ерліктердің, ғажайып батырлықтардың бастауы, қайнар көзі.

Осы ұлы планетамызда әлем халықтары арасында өзінің бүкіл болмысымен, мінез-табиғатымен, тарихымен, тілімен, ділімен, ән-жыр, әсем күйімен, тағы да басқа сан түрлі қасиеттерімен ешбір қайталанбас қазақ халқы бар. Қазақ халқының бір ғана шаңырағы, бір ғана ұлы мекені, бір ғана Отаны бар. Ол ─ Қазақ Елі, Қазақ Даласы, Қазақ Жері, барша қазақ халқының кіндік қаны тамған жері ─ Қазақстан!

1930 жылдардағы Шұбартау, Созақ көтерілістерінің қайсысын алмасаң да, олардың барлығы да отаршылдыққа қарсы бағытталды. 1986 жылғы Желтоқсан ұлттық қозғалысы да сол көтерілістердің заңды жалғасы еді.

Тоталитарлық тәртіп өз халқынан митингілерде, мерекелік шерулерде билеуші партияның саясатын қолдап, қолпаштауға бағытталған бірауыздылықты талап етті. «Тоқыраудың» соңғы жылдары халықтың тоталитарлық тәртіпке деген үнсіз қарсылығы ерекше күшті еді. Алайда, Алматыда үнсіз наразылықтың бет-пердесі аспанға бірақ ұшты. «Қайта құру» кезеңі ішінде үстемдік режим тұңғыш рет күллі жүйенің сыр бере бастағанын байқайтындай өте бір өжет қарсыласуға килікті. Оқиға салдарын жою үшін Кеңестік тәртіп аппараты барын салып бақты. Қорқытты, үркітті. Көтерісшілер қатаң жазаланды. Көпшілігінің өміріне де, көңіліне де жазылмас жара түсті. Ләззат, Сәбира, Қайраттай гүлдеріміз ерте солды. Олар желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпынған, шындық жырын жырлаған, халқымыздың жас өркені еді.

Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның желтоқсаны туралы шындық мерзімді баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Сонау қылышынан қан тамған „колбинизм заманының” өзінде-ақ «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, баспасөз бетінен алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын-жазушыларының есімін бүгінде бүкіл әлем таниды. Тіпті, шындықты айтамыз деп шырылдаған қаламгерлеріміздің кейбірі прокуратура бөлмелерінде сарылып, жауапта отырған күндері де болды. Әділдік қашан да жеңбек. 1992 жылы 21 ақпан күні Республика Жоғары сотының Пленумы болып өтіп, алты алаштың алақанына салып, ардақ тұтқан жас азаматтары – Қайрат Рысқұлбеков (марқұм), Түгелбай Тәшенов, Қайыргелді Күзембаев және басқа желтоқсан қаһармандары толық ақталды. [„Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, Алматы „Жалын”]

Желтоқсан оқиғасында шектен шыққан зұлымдықтар болды. Соның дәлелі ретінде облыстық «Дауа» газетінде жарық көрген «Қайрат қоғамының дүниежүзі ұлттар қауымдастығына жолдаған жасырын хатында» былай дейді: [93ж. желтоқсан №10] «1986 жылғы желтоқсандағы уақиғаны ТАСС дүниежүзіне «маскүнемдер мен нашақорлардың ұйымдастыруымен болған бұқара тәртіпсіздігі» деп даурықтырды. Шынында, халықтың бейбіт наразылығын тез арада басып, жаншып тастап, түк білмегендей отыра қалу мақсатымен бұл оқиғаны өкіметтің өзі ұйымдастырған еді. Көтерілісті жаншу үстінде командирлер мен олардың бұйрығын орындаушылардың қимыл-әрекетінің қабыса қалуы кімді болса да таң қалдырмай қоймайды.

Оқиғаның сырттай ілігі Колбиннің Қазақстан басшылығына келуі еді. 17 жел-тоқсан күні Брежнев атындағы алаңға наразылық білдірген 30 мың адам жиналып, өздерінің Пленум шешімдерімен келіспейтінін бейбіт түрде танытты. Жиналғандардың жартысынан астамы жас жұмысшылар да, қалғандары орта және жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары еді. Ереуілге шыққан жастардың қолдарында «Өзімізді-өзіміз билеуді талап етеміз!», «Әр халыққа ─ өз көсемі!», «1937 жыл қайталанбауы керек!», «Ұлы державалық ессіздік дереу тоқтатылсын!» деген ұрандар, транспоранттар болды. Кейін ереуілшілерді жазалау ісі заңды болуын ойлаған үкімет адамдары демонстранттар арасына бүлік түсіріп, оларды біріне-бірін айдап салуды жоспарлады. Алаңды қоршаған милиция мен КГБ шептерін құпия ниетпен бұзып машиналар кіріп, арақ пен есірткі қосылған мәнті және темекі таратылды. Жастар үкімет тарапынан жоспарланған арамдықты білмеді. Алдын-ала күтілгендей, көпшілік арасындағы жастардың кейбіреулерінің аяқ алысы өзгеріп, бір-біріне қоқан-лоқы көрсете бастады.

18-желтоқсан күнгі құрбан әсіресе мол болды. Ол күні алаңға ешкім жіберілмейтін болып жоспарланғанына қарамай, көшеге 30 мыңдай адам шығып, кешегі түнгі болған оқиғаға лағынет айтты. Ереуілшілер бұл күні кеше кешке өлгендердің мәйітін сұрады. Жендеттер жауап орнына ешбір ескертусіз шайқас ашты. Тағы да кескілеу басталды. Оқиғадан соң іле-шала алаңдағы қан күні бойы жуылды. Алтын жүзігі бар саусақты жендеттер шауып, алтын сырғаны құлақтан жырып алды. Орыс біткен жендеттер жағында болды демейміз. Бірақ жазалаушылардың дені, олардың дем берушілері негізінен орыстар болды. Бұл қазақ жастарының орыс ұлтына деген наразылығын қоздыра түсті. Осылай, бейбіт наразылық үкімет тарапынан қанмен тәмамдалды. Жендеттердің жазалаушы әрекеттерін тікелей басқарғандар – Колбин, Мирошхин, Мещеряков, Князев, Щулико, ал қазақ жағынан Қамалиденов, Мұқашев, Елемесовтер бар.

Көтерілістің шынайы себептері: Қазақстандағы барлық билікті уысынан жібермей ұстаған шовинистік жүйе, күшпен орыстандыру саясаты, интернационалистік у-шу тасасында ұлттық тіл мен мәдениетті жою әрекеті, ауру мен балалар өлімінің көбеюі, теңсіздік, саяси бостандықпен санаспау, ұлттық намыс пен ар-ұжданды табан асты ету, жергілікті халықтың қайыршы жағдайда өмір кешуі.

Мұхтар Шаханов «Рух және ыза дауылы немесе бес ғасырлық арман» еңбегінде: «1986 жылғы желтоқсан оқиғасы әлемді дүр сілкіндіргенімен әлі күнге дейін талай қандастарымыздың санасын сілкіндіре алмай келеді. Олай дейтін себебіміз қазіргі таңда желтоқсан оқиғасынан мүлдем бейхабар жастарымыздың көптеп кездесуі, ал Кеңес дәуірінің тарихын оқыған жоғары буынның 1905 жылғы қанды жексенбіні білмейтіні кемде-кем. Мүмкін бұл жағдай салыстыруға келмейтін де шығар, алайда әр халықтың өз тарихының өшпес орны бар. Біздің мақсатымыз шындықты ашу. Себебі 20 жыл өтсе де, шындықтың беті әлі күнге дейін ашылған жоқ» деген. КСРО халық депутаттарының І съезінде басын бәйгеге тігіп, желтоқсан оқиғасы жөнінде алғаш мәселе көтерген, Шыңғыс Айтматовша айтсақ: «Кремльдің қабырғасында тұп-тұра бомба жарылғандай» етіп сөз сөйлеген М.Шахановтың съезд мінберіндегі үш минуты болашақ үшін ақиқаттың бастауындай болған еді. Ақын тілімен айтсақ:

Арман ойда күмбір-күмбір күй қызып,

Арғымақтың жал- құйрығын түйгізіп,

Аңыратып, көсілттің бір жүректің

Үлкен сөзін үш минутқа сыйғызып

Үш–ақ минут шабыт нөсер мырза шақ

Көк тіреді көңіл біткен бір жасап,

Үш-ақ минут жетеді екен мәрттікке

Шығу үшін мәңгі өлмейтін жыр қашап.

«Иә, Шаханов! Сен тым алысты аңсайсың, өзіңді жоғарыдағылар жақтайды деп бекер алданып жүрсің, әлі де кеш емес, шұқылауыңды тоқтат, әйтпесе сенің де, көмекшілеріңнің де көзі жойылады, тыныш қана өлеңіңді жаз» ─ деп қорқытып, үркітулердің ешбірінен жасқанбай, желтоқсандық жастардың ақтаушысы да, жақтаушысы да бола білген аға-апаларымыз Қайрат пен Сәбира, Ербол мен Ләззаттардың тағдырына бей-жай қарай алмады. Шахановтың Мәскеу мінберінен желтоқсан туралы сөйлеген сөздері нағыз батылдықтың көрінісі болды. Оның жалынды сөздері үлкен күш берді. Шахановтың бұл ерлігін біз қаһармандық деп білеміз.

Азаттық алаңында топ жарып шыққан қазақ жастарының қайсар үні, қаршадай қазақ қыздарының қайратты қимылы тарихқа айналып, болашақта еліміздің ұл-қыздарын отансүйгіштікке шақырары анық. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ұлттық санамызды оятып қана қойған жоқ, ол сонымен қатар көптеген қандастарымыздың бойына бауырмалдық, өз халқына деген жанашырлық сезім қалыптастырды.

Мұхтар Шаханов «Бес ғасырлық арман немесе желтоқсан тағылымы» атты желтоқсан оқиғасының 10 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференцияда жасаған баяндамасында былай дейді:

─ Иә, ағайындар, кезінде Кеңестер Одағын ғана емес күллі әлемді дүр сілкінткен, Горбачевтің қасқа маңдайындағы дара даққа тағы бір қара дақ қосқан, қылышынан қан тамған Мәскеу тоталитарлық жүйе алпауыттарының қиқулата ат қосқан ғасырдың алғысы, жігіттің намысы, ананың асылдығы, әкенің жасықтығы немесе басымдығы таразыға түскен, жас келін әділдік іздеп сот пен прокуратураның арасын жас қылған, қарт әже немересін жетектеп түрменің есігін аңдыған, шашынан сүйреліп сабалып, ары тапталған ару қыз іштей тынған, сенгені сынған, өздері еңіреген, бұзауы мөңіреген қиқулы, қасіретті шаққа он жыл кейін шегініп, он жыл алыстап барып салиқалы сындарлы көзбен қарайтын мамыржай кезең де келіп жетіпті-ау ?!

Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын, өз халқымды мақтан етемін!» деп 1986 жылғы желтоқсанның 31-і күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбинмен жазушылар одағында болған кездесуде берген сұхбатында жастарды жазықсыз жазалаған өкімет адамдары екенін ашық түрде беттеріне айта келіп, «Мен сондай ұят оқиға және оның артынша не болғанын естігенде, жасырып қайтейін, осы күнге дейін өмір сүргеніме өкіндім» - дейді. Бұдан түйгеніміз: осындай ағалардың болғанына да тәубе дейміз.

Павлодарлық ақын ағамыз, желтоқсан оқиғасының куәгері Арман Қани «Қызыл түнектегі ақ бұрқақ» атты мақаласында көтеріліс күндеріндегі Ертістің Павлодар өңірінде орнаған саяси хал-ахуалды сипаттаған. Ал «Бұл қалай болған еді?» атты екінші мақаласында егемендігіміз бен тәуілсіздігімізді нығайтуға ықпал еткен облысымыздағы саяси оқиғалар жайында баяндалады.

«Атышулы бесінші Пленумның соңы Алматыда қандай да бір төтенше оқиғаға әкеп соқтырғанын павлодарлықтар сол 17-желтоқсанның күні-ақ сезді. Алматымен телефон байланысы үзілді. Жазушылар үйіндегі таныс қаламгерлермен код арқылы хабарласпақ болуымыздан еш нәтиже шықпады. Сол кездегі әдетімізше «Голос Америки» тәрізді радиостанциялардың хабарларына құлақ түргенімізбен, маңызды ақпарат ала алмадық. Қазақ тілінде хабар тарататын «Азаттық» радиостанциясы «Алматы қаласында қазақтар большевиктерге қарсы ашық күреске шықты» дегеннен басқа мардымды ештеңе айтқан жоқ. «Азат» азаматтық қозғалысының Павлодар облыстық бөлімшесін ұйымдастыруды Бикеш Орханқызы Дүрманова қолға алса, негізін қалауға ағайынды Мейрам, Мақсұт Калиевтер белсене ат салысты. Бөлімше ресми тіркеуден өтпей тұрған кездің өзінде азаттықтар түрлі саяси оқиғаларға қатысып, әрекет ете бастады» дейді.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиті кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымының .кандидаты, доцент, желтоқсанға қатысушы Зейнуллина Айман Файзоллақызы желтоқсан оқиғасы жайлы былай дейді: «Адам ғұмырындағы мәңгі есте қалар тағдыр парағы қалыңдай түскен сайын, оның мазмұны да, бағасы да тереңге түседі. Енді, міне араға 20 жылға жуық кезең өткенде сол бір желтоқсанның ызғарлы күнінде алаңға не үшін шықтық? – деген сауал қоямын өз-өзіме. Алда не күтіп тұрғанын білместен, БТР, әскери машиналар қалқанды жазалаушылар қаптап келе жатқанда да, айылымызды жимастан, бейбіт түрде «Менің Қазақстанымды» айтып тұра бердік. Сапер күрегі жігіттердің басына тиіп, қыздар бұрымынан сүйретілгенде ғана біз аңсаған тәуелсіздіктің қойған талабының бірден жүзеге аспайтынына көз жеткіздік. Жазалауға ұшыраған жастардың тартқан жан азабы мен тән азабы тәуелсіздігіміздің төлеуі ғой. Арқамды осып өткен келтектің соққысын кезінде ауырсынсам да, дәл қазір таяқ жегеніме ешқандай налымаймын. Егер біз дәл солай жазаланбасақ, жазаланудан қорқып, алаңға бармасақ, тәуелсіздік келер ме еді? Желтоқсан тек қазақтарды ғана емес, Одақтың бұғауындағы өзге ұлттарды да оятты. Мен онда Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық иститутының соңғы курсының студенті едім - дей келіп, онан әрі «Қ.Рысқұлбеков Ж.Тәшенов, Қ.Күзенбаева істерінің (Савицкийдің өлімі туралы материал) қазақ тіліне аудару жұмысын берді. Марқұм Салтанат Қожахметова, Жанар Рүстемова көзімізде жас, қолымыз дірілдеп, медициналық сөздікті аударып отырып, жазу жаздық.» ─ дейді. Бұдан әрі Айман Файзоллақызы ПаУ-дың ұстазы Шакаман Рыскүл Бектемірқызы, Жақаева Сәулелердің желтоқсанға қатысқандары туралы да айтты. Желтоқсандықтардың көпшілігі өздері туралы айтқылары келмейтіндігін аңғардық.

«Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында тек патша отаршылдары мен Кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200- ден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққан екен. Соның ең соңғысы ─ тоталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан қозғалысына да 20 жыл толды. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады»,- деді ҚР Президенті ҚР тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде..

Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында»атты кітабында:» 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар жүз жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді» ─ деп дәл бағалаған.

Желтоқсан пәлен жылдар бойына мызғымас қамал саналып келген Кеңестік империяның іргесін мүжіп, көбесін күйретіп, ақыры жер бетінен жойылып тынуына ұрындырған пәрменді соққы болып тиді. Осы орайда, Желтоқсан қозғалысын, біріншіден, ішкі ұлттық маңызы бар оқиға (ұлттың өзін-өзі тану сезімінің оянуы), екіншіден, жалпыодақтық деңгейдегі (одақтас республикалардың егемендігіне серпін берген) оқиға ретінде, үшіншіден, әлемдік маңызы бар (социалистік лагерьдің күйреуінің басталуы) аса салихалы көп сипатты әлеуметтік сілкініс ─ атышулы тарихи феномен ретінде бағаласа да артық емес,─ дейді жазушы, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев.

86-ның Желтоқсаны қазақ халқының ұлттық сезімінің өсуіне айырықша ықпал етті, қазақтың өзін-өзі тануын, ұлттық мақтаныш пен тәуелсіздік туралы ұғымын түбірімен өзгертті. Бұл күн ─ жалынды жастарымыздың тәуелсіздік көксеген рухы алаулаған күн! Бұл күн ─ азаттық үшін алысып, намыс үшін шабысып, басты бәйгеге тіккен күн! Сондықтан да, бұл күн ешқашанда ұмытылмақ емес, қандай жағдайда да болсын, атаусыз қалмақ емес. Олай болса, жарқын болашақтың беташары болған Желтоқсан еліміз бен жеріміз үшін, қабырғалы халқымыз үшін, ұлтымыз бен ұлысымыз үшін маңызы зор тарихи белес. Міне, мұның бәрі өң бе, түс пе, сенесің бе, сенбейсің бе? Біздер бұл қанды оқиғаны көрмесек те, көргендей күй кешіп жазып отырмыз. Осы ащы шындықты неге айтпасқа, не бөгет болып отыр? Біздің ойымызша, жоғарыда отырған кейбір ағаларымыз кезінде осы желтоқсандықтарды қолдамады, қарсылық білдірді, жалтақтады, енді шындық сыртқа шықса, елге масақара болудан қорқады деп ойлаймыз. Оны мен ашық айтатыным газет беттерінде еміс-еміс айтылып та, жазылып та жатыр. Тіпті облысымыздың бір кездегі басшылары да кезінде қателесіп алып, қазір жоғары лауазымда отырған жайлары бар. Жарайды 30 жыл өтсе де әйтеуір бір шындық айтылатынына біз сенеміз.



Рух туы желбіреп тұрғанда өткенге тас лақтырып қарғыс айтпай, одан сабақ алып, жіберген қателігімізді қайталамай, найзаның ұшымен, рух-намыстың күшімен қорғаған ата-баба аманатын орындау ─ бүгінгі ұрпақтың парызы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет