1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі және басты мәселелерінің өзектілігін айқындаңыз



бет2/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

2. Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі және басты мәселелерінің өзектілігін айқындаңыз.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңдері:

  • XX ғасыр басындағы Қазақстан және қазақ зиялылары

  • Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылуы, Қазақстанның Одақтас Республикаға айналуы.

  • Тәуелсіз Қазақстанның өмірге келуі

  • Азаматтық қоғам құруға ұмтылыстар. Рухани жаңғыру қазақстандықтардың алға қойған ұлы мақсаттарының бірі.

Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелері:

  • Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құру идеялары;

  • 1986 жылдың желтоқсан оқиғасы ‒ тәуелсіздік жаршысы;

  • Мемлекеттік рәміздердің қабылдануы;

  • Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезіндегі қиыншылықтар;

  • Азаматтық қоғам қалыптастыруға талпыныстар. Рухани жаңғыру

1. Қазақстан тарихының басты мәселелерінің өзектілігі мынада деп білеміз. XX ғасырдың басында ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құруға ұмтылулары заңды үрдіс еді. Сол кездегі Ресейдегі қалыптасқан тарихи жағдай ‒ төңкеріс алдындағы психологиялық ахуал ұлт зиялыларына үміт отын жаққандай еді.
2. XX ғасыр басындағы ұлт зиялылары қол жеткізе алмаған тәуелсіздік қазақ халқының көкейінен кетпеуі заңды үрдіс еді. Ол XX ғасырдың II жартысында да жалғасын тапты. В.И. Лениннің өзі айтқанындай “Әр ұлтқа өз көсемі басшы болуы керек” деген пікір 1986 жылғы желтоқсан айында да күн тәртібінен түскен жоқ.
3. Мемлекеттік Рәміздерді қабылдауға да қазақстандықтар үлкен энтузиазммен атсалысты. Оның жүзеге асырылуы ғасырлар бойы мақсат еткен асқақ армандардың орындалуының айғағы еді. Ол Махамбеттің жырында , Исатайдың күйінде, Сырым батырдың әні мен хан Кенесары және өте сансыз көп батырлардың жүзеге асырылмай қалған ойларында төгілер еді.
4. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу алдын-ала ойластырылмай, асығыс жүзеге асырылды. Бұл үрдісте де қиыншылықтар кездесті. Бұл шараның әлі зерттеліп, зерделенетін тұстары бар деп ойлаймыз.
5. Бүгінгі күні азаматтық қоғам қалыптастыруға талпыныстар орын алып отыр. Бұл рухани жаңғыруға алып келуі мүмкін. Қазақ халқы рухани жаңғыру үшін алдымен ұзақ уақыт бойы отар ел болғанын мойындап ‒ отарсыздану үрдісін жүзеге асыруы қажет. Шараны жүзеге асыру үшін мемлекет арнайы қаражат бөліп, мақсатты бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылуы қажет. Міне осындай шаралар нәтижесінде рухани жаңғырған қоғам қалыптасары анық. Қазақстанның қазіргі заман тарихында мәселелер көп. Біз олардың ішінен бастыларын ғана айқындадық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет