1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Кеңестік биліктің орнауы. Ресей халықтарының құқықтық декларациясы



бет9/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
Байланысты:
110 тарих отв.docx

12.Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Кеңестік биліктің орнауы. Ресей халықтарының құқықтық декларациясы

1917 ж. Жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті.


Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. Жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды.


Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. Соңынан 1918 ж. Наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.


Ресей халықтарының құқықтық декларациясы – ұлттық мәселелер бойынша кеңестік үкіметтің бірінші заңды актісі. Кеңестік тоталитарлық қалыптастыру әмбебап әлеуметтік босату ұранымен өтті. Солдаттар, капиталистер - - жұмысшылар өздерінің шеберлерінің бастап генералдар бос шаруалар болды. Бұл қызметке Ресей халықтарының құқықтары декларациясы, көп кешікпей құрады негіз болды табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет