1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


Кеңестік кезеңдегі партиялық принциптің – мәдениетке, ғылым мен білімге, ұлт мәселесіне тигізген зардаптарын айшықтаңыз



бет7/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
8.Кеңестік кезеңдегі партиялық принциптің – мәдениетке, ғылым мен білімге, ұлт мәселесіне тигізген зардаптарын айшықтаңыз.


Қазаң төңкерісінен кейін Қазақстанның мәдени дамуында кейбір ілгерілеушіліктің болғанын айту керек. Оны тұтастай бір мәдени төңкеріс деп атайық.Бұл төңкеріс қилы-қилы жағдайлардың барысында мүмкін болды.1921 жылды маусымда Қазақстан партия ұйымының бірінші конференциясы қазақтан шыққан сауатты қызметкерлердін көбі мүмкіндігінше саяси – ағарту жұмысына жіберілсін өйткені қазақ тілін білетін адамдар болмаса, бұл жұмыс бәрі бір істелмей тұра береді деп көрсетті. Сөйтіп, жергілікті ұлттардың өкілдерінен жергілікті халықтын тілін психологиясын білетін адамдардан мәдени – ағарту қызметкерлерін, басшы кадрларды даярлау ісіне маңыз берді. Ғасырлар бойы отарлық езгі мен кіріптарлықта болып кеген ұлттық мемлекеттігінен айырылған қазақ еліне,оны аяқ асты болған ұлттық мүддесін қорғайтын, яғни жоғын жоқтап қиюы қашқан шаруашылығымен қамқоршысы жоқ мәдениетіне сүйеніш, қорған бола алатын мүлдем жаңа сападағы мемлекет құру үшін әрине, маңызды еді. Мәдени-ағарту жұмысының ошақтары- кітапханалар, мұражайлар, театрлар, жұмысшы клубтары, халық университеттері,көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы қызыл отаулар, қызыл керуендерден тұрды. 1922 жыл көктемінде республикада 77 орталық және 90 аудандық клуб, 33 аудандық халы үйі, 221 оқу үйі жұмыс істеді. Мәдени ошақтар жалпы жұртшылыққа қызмет етумен бірге қазақ әйелдерінін еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, олардың арасында ағарту жұмысын жүргізуге, сауаттарын ашуғаназар аударды. Бұқараның көркемдік творчествосын өрістетіп, көркем өнер паздықты дамытуға ат салысты. Еңбекшілерді саяси және мәдени жағынан ағарту ісінде кітапханалардың маңызы зор болды. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98000 кітабы бар 139 кітапхана болса,1925 жылы олардың саны 300-ге жетті.1929 жылы республикада 494 оқу үйі,74 қызыл отау,11 театр,9 мұражай болды.Ал бірінші бесжылдықтың соңына қарай республикада 3569 кітапхана жұмыс істесе,1937 жылы олардың саны 2073-ке жетіп,қорында 2,5 миллион кітап болды.Ауылдық жерде 1747 кітапхана жұмыс істеді.Бірақ бұл кітапханалармен оқу үйлері жөнді басқалқасы жоқ, қарабайыр жағдайда өмір сүрді.Олардың жұмысын жүргізуші адамдардың сауаттары да, кәсіптік дәрежесі де төмен болды.Тіпті қалалардың өздерінде мәдени ошақтарда істейтін адамдардың білім деңгейі көбінесе төмен болатын.Бірақ білімге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта – тілегі мәдени ошақтарының қарапайым формада болса да көбейе түсуіне жол ашты. Республикада мерзімді баспасөз және кітап шығару ісі дамып келе жатты. Степная правда ( қазіргі Казахстанская правда)және Еңбекші қазақ,Қазақстан журналы шыға бастады.Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында газеттер мен журналдар көбінесе мемлекеттік, кәсіподақтың, кооперативтік қордың есебінен жаздырылып алыңды және мәдени – ағарту мекемелеріне желісіне,кеңестік және кооперативтік ұйымдарға келіп тұрды.Газеттер көп жұрт жиналатын жерлерге ілінді,оларды дауыстап оқып беруісі ұйымдастырылды.Қазақстанның белгілі көптеген мәдениет қайраткерлері өздерінің шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды. 1920 жылы жергілікті Халық ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды,олар сауатсыздардың есебін алуды ұйымдастырумен,педагог кадрларды даярлаумен,курстар мен мектептерді ұйымдастырумен,көмекші оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданды.Кейінірек бұл жұмысты Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының жергілікті бөлімшелері жүргізді. Жер-жердің бәрінде лекциялар оқылып, бір күндіктер, үш күндіктер айлықтар өткізілді.Өткен уақыттың бұл ауыр зардабын жоюда жастар неғұрлым күшті белсенділік көрсетті.Олардың инциативасымен 1928 ж. «Мәдени шеру» өткізілді.Кейінірек бұл сауатсыздықпен күрестің түріне айналды. Сауатсыздықты жою қиын жағдайда жүргізілді: қаржы жетпеді,мұғалімдер,оқулықтар,көмекші құралдар,жазу құрал-жабдықтары жетпеді.Ойланылмай жасалған алфавиттік реформалардың жүргізілуі де істі қиындата түсті.20-жж. Аяғында қазақ жазуы араб әріпінен көшірілді.Сөйтіп бір адамның үш рет қайта сауат ашу үшін оқуына тура келді. 30-жылдардың екінші жартысында жаппай сауатты аудандар, колхоздар мен совхоздар пайда болды.1939 жылы Қазақстан халқының сауаттылық дәрежесі 83,6 пайызға жетті. Әріп танымайтын сауатсыздықты толық жоюға Ұлы Отан соғысы кедергі жасады. 1931 -1940 жылдарда республикада мектептердің саны мейлінше зор қарқынмен дамыды. 1930 жылы 14 тамызда Жаппай міндетті бастауыш білім беру,1931 жылы 5 қыркүйекте Бастауыш және орта мектептердің оқу бағдарламасы мен тәртібі туралы сондай-ақ, 1934 жылы мамырда Бастауыш және орта мектептердің оқу бағдарламасымен құрылысы туралы қаулы-қарарлар қабылданып, олар халық ағарту ісінің және мектептердің барынша тез дамуына оң ықпалын тигізді.Мектеп жүйесін тәртіптеу жөнінде шаралар жүзеге асыру нәтижесінде бұрынан болып келген 2 және 3 жылдық оқу орындары 4 жылдық бастауыш мектеп болып қайта құрылды. 930 жылы бастауыш мектеп жасындағы баланың 22 пайызы мектепке тартылса, 1937 жылы олардың 36 пайызы оқыды. Мектеп жасындағы балаларды оқуға тартуға, әсіресе қыз балаларды оқытуға айрықша қамқорлық жасалды. Мектептің тез қарқынмен дамуы мұғалім, ұстаз кадрларды көптеп даярлауды қажет етті. 1940 жылы мұғалімдерді Қазақтың Мемлекеттік Университетімен 13 педагогикалық институттарында, 23 педагогикалық училищелерінде даярлайтын болды. Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуына кеңес өкіметі құрылғаннан бастап айрықша көңіл бөлінді.1920-1940 жылдар аралығындағы мамандар даярлау ісіндегі жетістіктер Қазақстанның мәдени бейнесін мүлде өзгертті.Қазақстанда ғылымның дамуы, қазақ мәдениетінің өркендеуі.Қазақстанда ғылымның дамуы халық өнерінің театр, музыкалық мәдениеттің өркендеуімен тағдырлас болды. Олардың қай- қайсысы да Кеңес өкіметі жылдарында кең өріс алып, халықтың ақыл – санасынан орын теуіп, бұрын көбінесе Еуропа мен Азияның халқы мол қалыптасқан қалаларында ғана болып келген бұл өнерқазақ жеріне де кеңінен жайыла бастады.


9.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан (1914-1918 жж.). 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілістің себебі, барысы негізгі кезеңдері. Көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы.


Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар): Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия). Антанта (Англия, Франция, Россия) Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.Соғыстың себептері: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери – өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті.1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс: себептері, мақсаты, міндеттері, көтеріліс ошақтары, көшбасшылары, барысы, көтеріліс қорытындылары. 10. Көтерілістің негізгі ошақтары мен көшбасшылары.1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 жылдың шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Өлкені талауға салу Бірінші дүниежүзік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіләп, ауқымды сипат алды. Қақақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді теміржол стансысына тасып жеткізуге мәжбүр болды.Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Қозғалыстың негізгі орталықтарына Жетісу, Торғай, Орал облысы мен Бөкей Ордасы, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары болды. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Қозғалыстың Жетісудағы көрінісі. 1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды. Жетісу облысының Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:



  1. Қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды. Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті.




  1. Қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады.



  1. Көтеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.

Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты.Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.Қозғалыстың Торғайдағы көрінісі. Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Торғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты. . Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Амангелді Иманов басшылық етті. 1916 жылы 22 қазанда Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді.1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Торғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды. Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Көтерілістің салдарынан 3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді,161-і каторгаға айналды, жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.


Көтерілістің тарихи маңызы:





  1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.




  1. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.



  1. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.




  1. Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.



  1. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.




  1. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.

1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:





  1. Көтеріліс бытыраңқы болып, көтерілісшілер тарапынан ынтымақтың болмауы.




  1. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.



  1. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.




  1. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.



  1. Алдын- ала белгіленген жоспардың болмады.




  1. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.



  1. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.



10.1905 жылғы қазақ зиялыларының Думадағы қызметі. 1917 ж. Шілдедегі Жалпықазақ сьезінің Алаш партиясын құру туралы шешімі. Алаш қозғалысының 100 жылдығы: ұлттық идея ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасу эволюциясы.


1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты. 1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан – Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан – Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды. Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан – Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан – Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан – Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді. II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр». Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады». Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмет етті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес. Шәймерден Қосшығұлұлы (1874—1937) І және II Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан екі рет сайланды. Ол өз жерлестерінің арасында өте беделді әрі құрметті азамат еді. Қазақ халқының шын мәніндегі біртуар ұлы болатын. Ш. Қосшығұлұлы өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғады. Сол үшін полиция тарапынан талай рет қуғын-сүргінге ұшырады.

Алаш партиясы — Ресей империясы мен Социалисттік Ресейдің қазақ партиясы болған. Партия Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Ресейдің кризисімен қолданып, 1917 жылдың сәуір айында қазақ сьезінде партия қабылданып, сол жылдың шілдесінде партия құрылды. Партияның ең маңызды тұлғалары қазақ зиялылары болып, қазақ тәуелсіздігіне жеткісі келген. Сонымен қатар, партияның саясаттық мақсаты – қазақтарды демократиямен қамтамасыз ету еді. Ресей партияның жұмысына тыйым салып, 1920 жылда таралды.Алаш партиясы тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын.Тарих бойында Партияның тек бір төрағасы – Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбаев, Бақытжан Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Жаһанша Досмұхамедов, Мағжан Жұмабай, Сәкен Сейфуллин, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.




Қазақ тілінен аударылғанда «Алаш» сөзі: 1) қазақ тайпаларының ең ескі одағы деп аталатын; 2) қазақ әскерлері; 3) халық, «қазақтар» сөзінің синонимі. 2017 жылы Алаш қозғалысына 100 жыл толды.ХХ ғасырдың басында қазақ халқының ұлттық-патриоттық қозғалысының пайда болуы тарихи және табиғи оқиға болды. «Алаш» қозғалысының пайда болуының басты себебі – қазақ ұлттының өзіндік сана-сезімнің пайда болуы мен өсуі, сол кезде қазақ халқының ең озық бөлігі – қазақтың демократиялық интеллигенциясы қалыптаса және дами бастайды және патша саясатына қарсы қазақ қоғамының прогрессивті дамуында ұлттық мүдделерді түсіну мен жүзеге асыру басталады. Кеңес үкіметі тарихи қалыптасқан қазақ халқын бөліп, өз қара басын ойлайтын қазақтарды әкімшілік органдарына қызметке алған, қазақ халқын өз ана тілі мен мәдениетін жоғалтуға әкелетін отарлау білім жүйесін енгізді. Мұның бәрі патша мен қазақ халқының арасындағы ең жақсы өкілдер – Бөкейханов пен Байтұрсынов бастаған қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенция арасында қақтығысқа алып келді. ХХ ғасырдың басында орыс патша басқару тәртібі ескірген болатын және ХХ ғасырдың талаптарына сай болған жоқ. 1905-1907 жылдардағы алғашқы орыс революциясы қазақ даласына жетті. «Алаш» қозғалысының қалыптасуы осы уақытта өтті. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Аманжолова өзінің «Алаш партиясы. Ұлттық демократияның пайда болуы» еңбегінде былай жазады: «ХХ ғасырдың басында халықтың білім және ағарту, ғылым және әдебиет саласында жұмыс істеген шағын қазақ зиялылары, әлеуметтік-құқықтық сала, әрине, жастық үміттерді шоғырландырудың критикалық ойлау орталығы болды, қазақ қоғамының рухани өмірінің мәнін құрайтын ұмтылыстар мен құндылық бағдарлары оның өмірлік белсенділігінің ең өзекті мәселелерін білдірді. Болашақ алаштықтардың білім беру бастамалары (қозғалыс жетекшілері – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Міржақып Дұлатов), мерзімді басылымдарды құру, социалистік, либералдық, мұсылман ұйымдарының, саяси партиялардың құрамында саяси күреске қатысу, көптеген қоғамдық қайраткерлермен, ғалымдар мен саясаткерлермен ынтымақтастық тәжірибесі керемет нәтиже берді. Бірінші қазақ ұлттық газетінде, қазақ парламентшілігінің қысқа тәжірибесі мен халықтың мүдделерін қорғаудың күрделі тәжірибесі арқылы тәуелсіз партияны құру арқылы 1916 жылы қорқынышты жылда қоғамның этносаяси шоғырлануының ең қолайлы құралы ретінде бүкілхалықтық партияны құру үшін жоспар құрылды және ауқымды іс-шаралар басталды». Қазақ халқының тарихында тұңғыш рет Алаш қозғалысы өз елін жаңғырту мәселесімен айналысты. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Д. Аманжолова өзінің мақаласында: «Алаш» бағдарламасын құрайтын жаңғыртудың ең маңызды міндеттерінің бірі – қазақтардың экономикалық негіздерін және олардың дәстүрлі экономикасын трансформациялау: нарықтық жағдайларға бейімделудің деңгейді, қарқынын, жағдайын, көшпелі малшаруашылық, отырықшы малшаруашылық және егіншілік ұйымдарының арасындағы баланс жағдайын анықтау. Сонымен қатар, қозғалыс көшбасшылары діни бостандық, адамның және азаматтың құқықтары мен ұлттық теңдіктің толық көлемінде ерекше қажеттіліктері мен талаптарын жүзеге асыру үшін саяси және құқықтық базаны құруға тырысты. Олардың арасында толық сауаттылыққа, ұлттық мектептің дамуға, заманауи, ортақ және әсіресе саяси-құқықтық мәдениеттің қалыптасуына назар аудару. Элиталық және кең массаларды нақты саяси үдерістерге өкілетті органдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар арқылы қосу, басқару мен өзін-өзі басқару органдары. Жаңадан қалыптасқан партияның жақсы білімді көшбасшылары сол шарттарда ең тиімді теориялық және практикалық идеяларды қолдана отырып, әлеуметтік-саяси ой-өрістің арсеналында қол жетімді болатын ең тиімді шаралар жүйесін ұсына алатындығын атап өту өте маңызды екен».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет