1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»



бет60/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
110 – билет «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру тұжырымдамасы. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнатудағы шаралар. ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-ның даму үрдістері.
Қоғамда билік пен халық арасында ашық диалог орнауы қажет. Бұл ел дамуының өзегі болмақ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының түйіні осы: «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығымен өркендеуінің негізі» деп аталған құжатта Президент заман талабына сай мемлекет құру үшін алдымен азаматтардың барлық өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажеттігін алға тартты. Бұл — «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» құрудың алғышарты. Саяси жүйенің бұл формуласын Қ.Тоқаев қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет құрудың және оның тұрақтылығының негізі деп атады. Ал заман талабына сай тиімді мемлекет құру үшін қоғамға бірнеше талап қойылды. Оның біріншісі — партия құрылысы үдерісін жалғастыру болса, екіншісі — халықпен тиімді кері байланыс орнату. Ал қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, ең алдымен, мемлекеттік органдардың міндеті екендігі айқын.
БАҚ – бұл мемлекеттік иделогия құралы. Әрбір аймақтың, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет. Бұл Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзекті мәселе болып табылады
Қазақстандағы БАҚ-тың дамуы. Қазақстан халқы Ассамблеясының үшінші сессиясы 1996 жылдың 29 сəуірінде өтті жəне ондағы елбасының баяндамасы «Қоғамдық келісім – Қазақстанның демократиялық дамуының негізі» деп аталды. Онда «Қазақстанның азаматтары елдің мемлекеттік тілін құрметтеуі керек жəне оны оқып-білуге дайын болуы керек, өйткені бұл – ел тұрғындарының көпшілігінің ана тілі əрі ол болашақта мемлекеттік тіл ретінде үстемдік ететін болады». Одан əрі келесі, төртінші сессиядағы баяндама «Тарихи жады, ұлттық келісім жəне демократиялық реформалар – Қазақстан халқының азаматтық таңдауы» деп аталды да, Президент мынаны атап өтті: «Ең алдымен мемлекетқұраушы этнос ретіндегі қазақтардың рөлі туралы айту керек. Қазақстанның тəуелсіздігі – қазақтарға сыйланған тағдырдың тартуы емес, күреспен келген өз ата-бабасынан қалған жерінде өз мемлекеттілігін құруға деген лайықты құқығы. Бұл кесімді тарихи жəне саяси айғаққа ешкім де күдік келтіре алмайды»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет