1 Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде! Нұрсұлтан Назарбаев 2



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата22.12.2016
өлшемі3,55 Mb.
#27
1   2   3   4   5   6

84

85

«Қазақстан – ата жұртым

қасиетім – ана тілім»

 

олимпиадасы

Шетелде  тұратын  қазақ  диаспорасының  ерекше  дарынды 

балаларын  анықтау  және  оларға  қолдау  көрсету  мақсатында, 

Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігі 

«Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы  ТРК 

«Қазақстан» және Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен 

2013  жылғы  24-28  маусым  аралығында  Астана  қаласында 

оныншы рет алыс – жақын шет елдердегі қазақ диаспорасының 

дарынды  балалары  үшін  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәндерінен 

оқушылардың  «Қазақстан  –  ата  жұртым,  қасиетім  –  ана  тілім» 

атты X Халықаралық олимпиадасын өткізді.  

Дәстүрге  айналған  олимпиадаға  тұңғыш  рет  Германия, 

Австрия,  Голландия,  Венгрия,  Түркия  мемлекеттерімен  қатар 

Өзбекстан,  Қырғызстан,  Моңғолия,  Түркіменстан,  Қытай,  Ресей 

Федерациясының  Мәскеу,  Омск,  Самара  және  Алтай  өлкесінен 

құрама командалары қатысты. 

Олимпиаданың  жабылуы  рәсімі  кезінде  қазылар  алқасының 

шешімі бойынша жоғарғы 10-11-12 сынып оқушылары арасынан 

15 оқушы жеңімпаз атанды.

«Qazaqsha-online» интернет-

порталын жасау қолға алынды

2013  жылғы  шілде  айында  Астанада  мемлекеттік  тілді  тегін 

оқытатын  «Qazaqsha-online»  Интернет-порталының  жасалуына 

арналған  баспасөз  конференциясы  өтті.    Жоба  Мемлекеттік 

тілді  дамыту  Қорының  бастамасы  бойынша  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясында айтылған міндеттерді орындау мақсатында ҚР 

Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен «Samsung Electronics 

Kazakhstan and Central Asia» Компаниясының қолдауымен жүзеге 

асырылды.

Онлайн  курс  тәулік  бойы  жұмыс  істейді.  Оқу  бағдарламасы 

қазақ тілін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жедел меңгеруге және тіл 

үйренушілерге  алынған  білік-дағдыларын  күнделікті  өмірде  еркін 

пайдалана алуға мүмкіндік берді. Бағдарламада тілдік құзыреттің 

барлық  түрі:  сөйлесім,  айтылым,  оқылым,  жазылым  әрекеттері 

толық  қамтылған.  Жобада  үйренуге  тиімді  оқу  материалдары 

мен  ақпараттық  жүйедегі  жаңаша  мультимедиялық  мүмкіндіктер 

(графикалық  суреттер  мен  анимация  түрлері,  аудио  және  бейне 

материалдар) үйлестіре берілген.

Баспасөз-конференциясы  барысында  «Мемлекеттік  тілді 

дамыту» Қоры және «Samsung Electronics Kazakhstan and Central 

Asia»  Компаниясы  өзара  ынтымақтастық  туралы  Меморандумға 

қол қойды.



86

87

«Жаңа патриотизм – бүгінгі 

жастардың тұрақты болашағының 

негізі»

2013  жылғы  23  тамызда  Мемлекеттік  тілді  дамыту  қоры 

Қарағанды қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 

тапсырысы бойынша Конституция күніне орайластырып, «Жаңа 

патриотизм  –  бүгінгі  жастардың  тұрақты  болашағының  негізі» 

тақырыбында жастар арасында дөңгелек үстел өткізді. 

Дөңгелек  үстелге  жастардың  қазіргі  адамгершілік  ахуалын, 

Отанға  деген  сүйіспеншілігі  мен  патриоттық  көңіл-күйін 

талқылауға  ықылас  білдірген  қазақстандық  және  шетел  жоғары 

оқу орындарының студенттері мен түлектері жиналды.



Қор Конституция Күніне  

кітаптар сыйға тартты

«Қазақстан  –  2050»  стратегиясында  Қазақстанның  ұзақ 

мерзімді  дамуының  бірнеше  басым  бағыттары  айқындалған. 

Соның бірі – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз 

табысының  негізі  ретіндегі  жаңа  қазақстандық  потриотизмді 

қалыптастыру болып табылады. Конституция Күні қарсаңында 

Қор  «Кәмелетке  толмағандарды  бейімдеу  орталығы»  мен 

«Балақай» балабақшасында кездесулер өткізді. 

Кездесу  кезінде  Қор  «Кәмелетке  толмағандарды  бейімдеу 

орталығы» мен «Балақай» балабақшасының тәрбиеленушілеріне 

мемлекеттік тілдегі 120 кітап пен дискілерді сыйға тартты. 


88

89

«Ұлттық мәдениетіміздің мәйегі – 

халық аспаптары мұражайы»

2013  жылғы  29  тамызда  ҚР 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің 

тапсырысы 

бойынша 

Ықылас 


Дүкенұлы атындағы халық аспаптары 

мұражайында 

Мемлекеттік 

тілді 


дамыту  қорының  ұйымдастыруымен 

мазмұнды  басқосу  болып  өтті. 

Дөңгелек  үстел  басына  жиналған 

зиялы  қауым  өкілдері,  мұражай 

мамандары  мен  Қор  сарапшылары 

құнды  тарихи  жәдігерлер  сақталған 

осы  мұражайдың  қоғамның  барша 

мүшелерінің, әсіресе өскелең ұрпақтың 

мәдениетіміз  бен  тарихымызға  деген 

қызығушылығын, олардың патриоттық 

сезімін  арттырудағы,  тарихи-мәдени 

мұраларды  білуге  әрі  құрметтеуге 

үйретудегі алатын орны мен маңызына 

ерекше тоқталды. 



Қазақ тілі – 

біздің рухани қазығымыз

2013  жылғы  12  қыркүйекте  Мемлекеттік  тілді  дамыту  қоры 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша 

Ақмола  облысындағы  саяси  қуғын-сүргін  және  тоталитаризм 

құрбандарының  «АЛЖИР»  мемориалды-мұражай  кешенінде 

алқалы жиын өткізді. 

Жаңа  қазақстандық  патриотизм  тақырыбына  арналған  бұл 

шара  алдағы  Қазақстан  халықтарының  тілдері  күні  мерекесіне 

орай  өткізілді.  Жиынға  Қор  жанындағы  сарапшылар  тобының 

мүшелері, зиялы қауым өкілдері, Ақмол ауылындағы № 5 орта 

мектепің  жоғарғы  сынып  оқушылары  мен  ұстаздары,  мұражай 

қызметкерлері қатысты. 

Бұл  басқосуды  өткізудегі  мақсат  жас  ұрпақтың  рухани-

білімі  мен  интеллектуалды-мәдени  деңгейін  көтеру,  оларды 

қазақстандық  патриотизм  рухында  тәрбиелеуге  ықпал  ету 

болды.  Жиын  соңында  қор  қызметкерлері  мектеп  оқушылары 

мен  ұстаздарына  қазақстандық  және  әлемдік  классиктердің 

көркем шығармаларын тарту етті.



90

91

 

«Жаңа патриотизм – көпұлтты және 



көпконфессиялы қоғамымыз 

табысының негізі»

2013  жылғы  26  қыркүйекте  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  министр-

лігінің  тапсырысы  бойынша  Мемлекеттік  тілді  дамыту  қорының 

ұйымдастыруымен  «Жаңа  патриотизм  –  біздің  көпұлтты  және 

көпконфессиялы  қоғамымыз  табысының  негізі»  атты  республикалық 

конференциясы өтті. 

Конференцияға  қоғамдық  және  жастар  ұйымдарының  өкілдері, 

ғалымдар,  қазақстандық  жоғары  оқу  орындарының  оқытушылары 

мен  студенттері,  Қор  Камқоршылық  және  Сараптамалық  кеңесінің 

мүшелері  қатысты.  Конференция  соңында  мемлекеттік  тілдің  рөлін 

арттыру  арқылы  жаңа  қазақстандық  патриотизімді  қалыптастыру, 

жастарға патриоттық тәрбие беру жүйесін жетілдіру бойынша іс-қимыл 

жоспарының жобасына ұсынымдар жинақталды. 

«Мемлекеттік тіл – менің тілім»

2013  жылғы  12  қазан  күні  Астана  қаласы  Ғ.Орманов 

атындағы  №7  мектеп-гимназиясында  Мемлекеттік  тілді 

дамыту  қоры  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің 

тапсырысы бойынша «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында 

жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында 

«Мемлекеттік  тіл  –  менің  тілім»  тақырыбында  оқушылар 

арасында  өткен  республикалық  шығарма  жазу  байқауының 

жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді. 

Байқаудың  мақсаты  оқушылардың  Отанына,  туған 

жеріне  деген  сүйіспеншілігін  арттыру,  оларды  қазақстандық 

патриотизмге тәрбиелеу, мемлекеттік тілге, қазақ мәдениетіне, 

көп ұлтты Отанымызға деген мақтаныш қалыптастыру және 

өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін арттыру. Байқау 

жеңімпаздары  дипломдар  мен  арнайы  сыйлықтарға  ие 

болды.


92

93

«Қазақтілді сайттардың ұлттық 

сыйлығы» байқауы

2013  жылғы  10  желтоқсанда  Қор  Тәуелсіздік  күні  мерекесі 

қарсаңында  Астана  қаласының  Ұлттық  баспасөз-клубында 

байқаудың қорытындысына арналған баспасөз-конференциясын 

өткізді.  Байқауға  қатысуға  барлығы  12  өтінім  түсті.  Байқау 

комиссиясы жеңімпаздарды 5 аталым бойынша анықтады. 

«Өткір  тіл»  аталымы  бойынша  мемлекеттік  тіл  мен  ұлттық 

құндылықтарды  насихаттаушы  үздік  интернет-сайт  болып 



www.

ult.kz  ақпараттық порталы таңдалды. 

«Рухани  азық»  аталымы  бойынша  үздік  болып  әдебиет  пен 

мәдениетті насихаттаушы 

www.massagan.com интернет-сайты 

дараланды. 

«Терең 

ізденіс» 



аталымы 

бойынша 


тарихымызды 

насихаттаушы 



www.abay.kz сайты үздіктер қатарына шықты. 

Ал  «Шынайы  өмір»  аталымы  бойынша  қоғамдағы  өзекті 

мәселелерді көтеретін 

www.minber.kz  және «Спорт тынысы» 

номинациясында спорт және салауатты өмір салтын насихат-

таушы 

www.alasharena.kz сайты үздік деп танылды.

Байқау жеңімпаздарының әрқайсысы бас демеуші «Самұрық-

Қазына» АҚ-ның 150 000 (жүз елу мың) теңге көлеміндегі ақшалай 

сыйлығымен,  әрбір  аталым  бойынша  әзірленген  статуэткамен 

және  Мемлекеттік  тілді  дамыту  қорының  арнайы  дипломымен 

марапатталды.



«Патриотизм менің өзімнен 

басталады»

2013  жылдың  7  қарашасында  Мемлекеттік  тілді  дамыту  қоры 

ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің  тапсырмасы  бойынша 

жоғары  сынып  оқушыларымен  «Патриотизм  менің  өзімнен 

басталады» тақырыбында кездесу өткізді. 

Шараның  мақсаты  –  жастарды  отансүйгіштікке,танымдық 

белсенділігін  дамытуға,  жеке  тұлғаның  жан-жақты  дамып 

қалыптасуына  ықпал  ету,  патриоттық  құндылықтар  ұғымын  – 

мемлекетіміздің  тәуелсiздiгi  мен  бейбiтшiлiгiн  сақтау,  мемлекеттік 

тілді, еліміздің тарихы мен мәдениетін бүгінгі заман талабына сай 

ұлттық мүдде негізінде жетілдіруді насихаттау, патриоттық тәрбиеге 

деген жаңаша ұстанымды қалыптастыру. 

Барлық  жиналғандар  қазіргі  жастар  өз  елінің  патриоты  деген 

мақтан  тұтарлық  атқа  ие  болуға  лайықты  және  бұл  жерде  қазақ 

тілінің рөлінің маңызы жоғары деген ортақ ойға келді. Жиын соңында 

оқушылар Қордың арнайы сыйлықтарына ие болды.



94

95

Мемлекеттік тіл – мемлекет тірегі

2013 жылғы 25 қараша күні Алматы қаласында ҚР Мәдениет 

және  ақпарат  министрлігінің  қолдауымен  Қор  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясы  аясында  жаңа  қазақстандық  патриотизмді 

қалыптастыру, мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын 

арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – мемлекет тірегі» тақыры-

бында жастармен кездесу өткізді. 

Басқосуда еліміз үшін аса маңызды мәселе – мемлекеттік тілдің 

келешегі  төңірегінде  ой  бөлісіп,  пікірлер  айтылды.  Елбасымыз 

Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» екенін 

халыққа жеткізе отырып, мемлекеттік тілді өркендетуді ел саяса-

тының ең маңызды бағыттарының біріне айналдырғаны туралы 

айтылды.  Жиын  соңында  жастар  мемлекеттік  тіл  рөлінің,  оның 

елдің  қоғамдық  өмірінің  барлық  салаларында  қажеттілігінің 

артуы және Елбасының қазақ тілінің мәртебесін дамытуда және 

арттыруда ерекше бірізділілігін ерекше атап өтті.



Менің Қазақстаным – 

менің болашағым

2013  жылғы  29  қарашада  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат 

министрлігінің  қолдауымен  Қор  ҚР  Тұңғыш  Президенті  күніне 

орайластырып  «Менің  Қазақстаным  –  менің  болашағым» 

атты  республикалық  конференцияны  өткізді.  Конференцияға 

қоғамдық  және  жастар  ұйымдарының  өкілдері,  ғалымдар, 

мектеп  мұғалімдері,  қазақстандық  жоғары  оқу  орындарының 

оқытушылары, Қор Сараптамалық кеңесінің мүшелері, студенттер 

мен оқушылар қатысты. Жиын соңында Мемлекеттік тілді дамыту 

қоры мектеп оқушылары мен ұстаздарына қазақ тіліндегі отандық 

және  әлемдік  классиктердің  көркем  шығармаларын  тарту  етіп, 

конференция  қатысушылары  Астана  қаласының  №1  Музыкалық 

мектебі оқушыларының концерттік бағдарламасын тамашалады.


96

97

“Батырлардан өнеге”

2013  жылғы  6  желтоқсан  күні  Астана  қаласында  ҚР  Мәдениет 

және  ақпарат  министрлігінің  қолдауымен  №52  мектеп-гимназиясында 

Мемлекеттік  тілді  дамыту  қоры  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы 

аясында  жаңа  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру  мақсатында 

«Батырлардан  өнеге»  тақырыбында  бастауыш  сынып  оқушылары 

арасында  өткен  батырлар  жырларын  мәнерлеп  оқу  сайысының 

жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді. 

Байқаудың мақсаты жас ұрпақтың бойына батыр бабаларымыздың, 

аға  ұрпақтың  ерлік  дәстүрлерін,  рухани-парасаттылық,  патриоттық 

құндылықтарды қалыптастыру және өскелең ұрпақтың шығармашылық 

қабілетін арттыру. Байқау талабы бойынша сайысқа Астана қаласының 

әр мектебінен бір оқушыдан қатысты.

Оқушылар  батыр  бабаларымыздың  ерлік  істерін  баяндайтын 

батырлар жырынан үзіндіні жатқа айтты. Сайысқа қатысушы оқушылар-

дан сөйлеу мәнері (мәнерлеп оқуы, дауыс ырғағы), актерлік шеберлігі 

(сахнада  өзін-өзі  ұстауы,  іс-әрекеттің  ұтымдылығы),  сахна  мәдениеті 

(сыртқы  көрінісі,  киімі)  талап  етілді.  Байқау  жеңімпаздары  Қордың 

дипломдары мен арнайы сыйлықтарына ие болды.

Қазақ тілі енді online режимінде

«www.soyle.kz» – Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік 

тілді онлайн режимінде тегін оқытатын Интернет-портал 

іске қосылды.

2013 жылдың желтоқсан айында Астанада Қор мемлекеттік 

тілді  тегін  оқытатын 

«www.soyle.kz»  Интернет-порталының 

ашылу  рәсімін  өткізді.  Бұл  жоба  «Қазақстан-2050»  Страте-

гиясында  айтылған  міндеттерді  орындау  мақсатында  ҚР 

Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының Қоры мен «Samsung 

Electronics  Kazakhstan  and  Central  Asia»  Компаниясының 

қолдауымен жүзеге асырылды. 

Жобаны  әзірлеу  барысында  филология  ғылымдарының 

докторы,  профессор  Айман  Алдаш  жетекшілік  еткен  шығар-

машылық  топ  (тілші  ғалымдар,  әдіскерлер  мен  оқытушылар) 

жұмыс істеді.

Мемлекеттік  тілді  дамыту  қорының  директоры,  онлайн 

курс  идеясы  мен  концепциясының  авторы  Азат  Шауеев  өз 

сөзінде:  «Soyle.kz»  порталында  орналастырылған  барлық 

сабақ  материалдары,  танымдық-ақпараттық  материалдар  тіл 

үйренушілердің  қазақша  сөйлеп  үйренуі  үшін  ұсынылып  отыр. 

Біздің  түпкі  мақсатымыз  –  қазақ  тілін  үйренем  деушілерге 

барынша  көмектесіп,  сабақтарды  мейлінше  қарапайым, 

мейлінше  түсінікті  түрде  тегін  үйрету.  Қазіргі  таңда  интернет 

жүйесінде қолжетімді (тегін) онлайн курс жоқ. Сондықтан да біз 

тілдерді оқытудың халықаралық және отандық іс-тәжірибесінің 

тиімді  тұстарын  зерттеп-зерделеп,  сараптай  келе,  қазақ  тілін 

оқытудың  онлайн  курсын  әзірлеуді  қолға  алдық.  Бұл,  әрине, 

мемлекеттік  тілді  оқыту  мәселесінде  айтулы  қадам.  Қазіргі 

заманда  тек  ақпараттық  технологиялар  ғана  мемлекеттік  тілді 

жалпыға бірдей оқытуды қамтамасыз ете алады» – деді. 


98

99

Ашылған  күннен  бергі  аз  уақыт  ішінде  порталға  еліміздің 

барлық  аймақтарынан  және  РФ,  ҚХР,  АҚШ  сияқты  шет 

мемлекеттерден 40 мыңнан астам пайдаланушы кірген болса, 

тіркеліп оқып жатқандардың саны 6 мыңнан асты.

Қордың 2014 жылы атқарған

іс-шаралары


100

101

«Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің 

символы»

Қаңтар  айында  ақыл-ой  және  рухани  дамудың,  қарым-

қатынастың  құралы  ретінде  қазақ  тілін  меңгеруге  деген 

қызығушылық  танытқан  дарынды  оқушыларды  қолдау  және 

анықтау  мақсатында  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрлігінің  «Дарын»  республикалық  ғылыми-

практикалық  орталығы  Мемлекеттік  тілді  дамыту  қорының 

қолдауымен  өзге  ұлттың  5-10  сынып  оқушылары  арасында 

қазақ  тілінен  «Тіл  –  мемлекет  тәуелсіздігінің  символы» 

VIII 


республикалық 

қашықтық 

олимпиадасын 

өткізді.  

Олимпиадаға  5-10  сыныптарда  оқитын  өзге  ұлт  өкілдерінің 

оқушылары қатысты. 



 

«Батырлардан өнеге»

 

Сәуір айында Астана 

қаласының № 2 Қосшы 

орта  мектебінде  Мемле-

кеттік  тілді  дамыту  қоры 

«Алдаспан» 

қоғамдық 

қорымен  бірлесіп,  Отан 

қорғаушы 

күні 


мен 

Жеңіс  күніне  арналған 

«Батырлардан 

өнеге» 


атты 

5-10 


сынып 

оқушылары арасында батырлар жырларын мәнерлеп оқу сайысын 

өткізді. 

Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақтың бойына батыр бабала-

рымыздың  ерлік  дәстүрлерін,  рухани-парасаттылық,  патриоттық 

құндылықтарын  қалыптастыру,  мемлекеттік  тіліміз  бен  төл 

тарихымызды  құрметтеуге  баулу,  оқушылардың  көркем  сөйлеу 

шеберлігін арттыруға ықпал ету және отансүйгіштікке тәрбиелеу. 



Балаларды қорғау күні

Балаларды қорғау күні қарсаңында  Мемлекеттік тілді  дамыту 

қоры Астана қаласында жаңадан ашылған № 76 балабақшасының 

тәрбиеленушілеріне  қазақ  тіліндегі  кітаптар  пен  дискілер  сыйға 

тартты. Бұл әлемдік және қазақ классиктерінің еңбектері, мектепке 

дейінгі  оқушыларға  арналған  энциклопедиялар,  танымдық 

балалар әдебиеті және қазақ ертегілерінің аудиодискілері.

Шараның  мақсаты  өскелең  ұрпақтың  мемлекеттік  тілді 

үйренуге  деген  қызығушылығын  арттыру,  оларды  қазақстандық 

отансүйгіштікке  тәрбиелеу,  Отанымызға  деген  мақтанышын 

арттыру,  қазақ  әдеби  тілін  үйренуге  баулу  және  балалардың 

шығармашылық қабілетін арттыру.



102

103

Қазақстандық жастардың 70 

пайыздан астамы мемлекеттік 

тілде еркін сөйлейді

Мемлекеттік тілді дамыту қоры жастар арасында мемлекеттік 

тілді  меңгеру  деңгейін  анықтау  мақсатында  «www.soyle.kz» 

интернет-порталының  парақшасында  әлеуметтік  сауалнама 

өткізді.

Сауалнамаға  қатысушыларға  мемлекеттік  тілді  меңгеру 

деңгейіне қатысты бірнеше жауап нұсқалары ұсынылды. Сауал-

нама нәтижесі жастардың 77.7% қазақ тілінде еркін сөйлейтінін, 

10.3 % ауызекі сөйлеу деңгейінде білетінін көрсетті, 5 % «түсінемін, 

бірақ  сөйлей  алмаймын»  –  деп  жауап  берсе,  3.7  %  «бірнеше 

сөздерді ғана білемін, жәй сөйлемдерді түсінемін» – деген, ал 

1.6 % қазақ тілін мүлдем білмеймін десе, 1.7 % «білмеймін, бірақ 

үйренуді бастаймын» – деген нұсқасын таңдаған.

Әлеуметтік  сауалнаманың  қорытындысы  қазақстандық 

жастардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік тілді жетік меңгер-

генін көрсетеді.

Сауалнамаға еліміздің барлық аймақтарынан 5 мыңға жуық 18 

ден 30 жасқа дейінгі жастар қатысты.

Биыл елімізде қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін берген 

«Тіл туралы» Заңның қабылданғанына жиырма бес жыл толады. 

Мемлекеттігіміздің  нышаны  саналатын  қазақ  тілінің  қолданыс 

аясын  кеңейту  мәселесі  тәуелсіздігіміздің  алғашқы  күндерінен 

күн  тәртібінен  түспей  келеді.  Бүгінгі  таңда  қазақ  тілі  жастар 

арасында күнделікті қарым-қатынас тіліне айналды. Еліміздің 60 

пайыздан астам оқушылары мемлекеттік тілде білім алуда.

Естеріңізде  болса,  www.soyle.kz  порталы  қазақ  тілін  тегін 

үйрету  мақсатында  өткен  жылдың  аяғында  ашылған  болатын. 

Ашылғалы бері бес айдың ішінде осы порталда тіркелген қазақ 

тілін  үйренушілер  саны  9  мыңға  жетіп,  порталмен  еліміздің 

барлық аймақтары мен мен шет елдерден 80 мыңға жуық адам 

кіріп танысты.

«Soyle.kz» порталы туралы үздік 

мақалаға байқау

Мамыр айында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстандағы 

ең  алғашқы  қазақ  тілін  тегін  үйрететін  www.soyle.kz  онлайн 

курсының жұмысы туралы үздік мақалаға байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты оқырмандарды мемлекеттік тілді үйренуге 

тарту және осы порталмен көпшілікті таныстыру.

Байқауға кәсіпқой журналистермен қатар www.soyle.kz ресурсы 

арқылы мемлекеттік тілді үйреніп жүрген кез келген пайдаланушы 

қатыса  алады.  Авторлар  өз  мақалаларында  осы  порталмен 

қазақ тілін үйреніп жүрген өз тәжірибелері туралы бөлісуі керек. 

Байқауға  жіберілген  жұмыстар  2014  жылдың  1  шілдесінен  20 

қыркүйегі арасында баспасөз беттерінде жариялануы керек.

Байқау  жеңімпаздары  2014  жылдың  22  қыркүйегі,  Қазақстан 

халқының тілдері мерекесі күні қарсаңында анықталады.



104

105

«Қазақ тілін 

бір айда меңгеру»

«Vласть»  интернет-журналының  ұйымдастыруымен  өткен 

«Қазақ  тілін  бір  айда  меңгеру»  жобасы  өз  мәресіне  жетті. 

Қазақ  тілін  бір  айда  үйренуге  ықылас  білдірген  еріктілер  жоба 

басталмас бұрын тілді білу деңгейін анықтау тестілеуінен өтті. 

Олардың  әрқайсысы  тіл  үйрену  әдісін  өз  қалауынша  таңдап 

алған  болатын.  Математик  Ибрагим  Ибатуллин  қазақ  тілін 

бір ай бойы ауылда болып, тілдік ортаға ену арқылы үйренуді 

қаласа,  журналист  Ольга  Малышева  «Қобыланды  жырын 

жаттау»  этнолингвистикалық  әдісін  таңдаған  еді.  IT-маман 

Ольга Капитова қазақ тілін оқытушыдан жеке сабақ алу арқылы 

үйренген болса, PR саласының маманы Юлия Кузнецова қазақ 

тілін  өз  бетімен,  оқулықтар  арқылы  үйренуді  жөн  көріпті.  Ал 

инженер Сергей Горбунов қазақ тілін онлайн режимінде тегін 

оқытатын «www.soyle.kz» интернет порталы арқылы үйренемін 

деп шешкен.

Тестілеу  қорытындысы  бойынша  Сергей  Горбунов  ең  үздік 

нәтижеге жетті деуге болады. Бастапқы тестілеуде 42 ұпай алған 

Сергей  жоба  соңындағы  тест  қорытындысы  бойынша  76  ұпай 

жинап, қазақ тілін аз уақыт ішінде нәтижелі игергенін көрсетті.

Жобаға  қатысушылар  бұл  межеде  тоқтап  қалмай,  алдағы 

уақытта да мемлекеттік тілді үйренуді жалғастыра беретіндерін 

айтты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет