1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет21/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНА ТҮРЛЕРІ



  1. С
    Атауыш (тура) мағына
    өздердің шындық Ауыс мағына


болмысқа Абстрактілі мағына
қатыстылығы Меңзеу мағына



  1. С
    Түпкі (алғашқы) мағына
    өздердің


шығу тегі Туынды мағына
Омонимдік мағына
Синонимдік мағына
Антонимдік мағына



Еркін (атауыш) мағына



  1. Сөздердің

тіркесімділігі Фразеологиялық байлаулы
мағына
Синтаксистік шартты
мағына

С


Бейтарап мағына
өздердің Бейнелі мағына
стилистикалық Кәсіби-терминдік мағына
қызметі


Кесте 1. Лексикалық мағынаның түрлері.


Сөздің шындық болмысқа қатыстылығына қарай пайда болған мағыналары. Сөздің атауыш мағынасы зат, құбылыс, іс-әрекет және олардың белгілеріне қатыстылығымен пайда болған. Сөздің затты не құбылысты атап білдіретін мағынасы атауыш мағына деп аталады. Атауыш мағына әр заттың дербес мағынасы болып келеді, сол арқылы біз заттарды бір-бірінен айыра білеміз. Мысалы: қалам, сары, оқу т.б. Көрсетілген сөздердің әрқайсысы өзіне тән ұғымдық мағынаны иеленіп, затты, заттың түсін, іс-әрекетті жеке-жеке атап тұр. Атауыштық мағына зат пен құбылысқа тікелей бағытталғандықтан, оны тура мағына деп те атайды. Тура мағына зат пен құбылыстың қазіргі кездегі тұрақты, негізгі мағынасы саналады.
Есімдік сөздердің мағынасы меңзеу мағына деп танылады. Өйткені ол тек атауыштық мәнді иеленетін сөздердің орнына жұмсалып, олардың орнын алмастырып меңзеп тұрады.
Сөз мағынасына талдау жасағанда әрдайым оның тура мағынасынан бастаймыз. Мәселен, түсіндірме сөздікте мін сөзінің кем-кетік, кінәрат, ақау; тұрақты тіркес құрамындағы «мін жоқ», «мін тағу», «мінін бетіне басу» сияқты мағыналары беріледі.
Сөз мағынасы – үнемі даму үстінде болатын құбылыс. Сөз әрқашан тура мағынада қолданыла бермейді, сөздің атауыштық мағынасының негізінде туып өрбіген, бір тілде сөйлейтін адамдарға түсінікті ауыс мағыналары болады.
Тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей бір ғана лексикалық мағынаны білдіріп қоймайды. Олардың ішінде бірнеше атауыштық мағынаға ие болатын сөздер де бар. Мәселен, адамның құлағы, домбыраның құлағы, қазанның құлағы; адамның аяғы, үстелдің аяғы, кереуеттің аяғы т.б. Сөздің ауыс мағынасы өз кезігінде көпмағыналы сөздердің тууына әсер етеді.
Сөздің ауыс мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын басқа бір затқа атау етіп ауыстырып қолданудан туады. Бұған зат, нәрсе, құбылыс не оның белгілерін басқа бір затпен салыстыру, ұқсату себеп болады. Сөздің ауыс мағынасында оның тура мағынасы әрдайым сезіліп тұрады. Мәселен, бу сөзін алсақ, «сұйық заттың жылып, қызуынан пайда болатын тұман тәрізденген зат», «бір нәрсені қатты қысып байлау» деген әрі есім, әрі етістік ретінде өзіндік тура мағыналарды иеленсе, ауыспалы мағынада бір нәрсенің желігі, әсері, тыныш таптырмау деген мағынаны білдіруде ақшаның буы, ыза буды түрінде қолданылады.
Сөздің шығу тегіне байланысты лексикалық мағыналары. Мұндай мағыналар қатарына сөздің түпкі мағынасы, туынды мағынасы және синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналар жатады. Түпкі мағына – тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарағанда ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір ретінде танылатын дербес сөздердің мағынасы. Сөздің түпкі мағынасын айқындау көп жағдайда белгісіз болып келеді. Мысалы: күн, таң, жаңбыр, өзен, бару, келу. Сөздің түпкі мағынасын айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулер жүргізіп, сол арқылы сөздің ішкі формасын табу керек. Мәселен, ақ жауып арулау фразеологиялық тіркес құрамындағы арулау сөзіне назар аударайық. Бұл сөз алтай, сары ұйғыр, хакас, татар тілдерінде тұлғалық жақтан арула//арығла түрінде кездесіп «тазалау, жуыну, жуу» мағынасында қолданылады. В.Радловтың «Опыт словаря тюркских наречии» еңбегінде ару (арыг, арік, ерік, ары) тұлғасы «таза, жақсы, кіршіксіз», «әулие» мағынасында қолданылғандығы көрсетіледі. Олай болса, арулау сөзінің түбірі ару//арығ түрінде дыбысталып, түпкі мағынасы «таза, жақсы» деген мәнді иеленген екен. Ш.Сарыбаев мынадай пікір білдіреді: «Осындағы арығ сөзінің қазақ тілінде ару болуы ғ дыбысының түсіп қалуымен байланысты (салыстыр: сары – сарығ, кіші – кішік, тірі ‒ тірік», ‒ дейді [2, 43]. Егер бұл сөздің түпкі мағынасына (таза, жақсы) назар аударатын болсақ, тазалық бар жерде әдемілік, жақсылық бар жерде сый-құрмет бар екендігі белгілі. Осылайша семантикалық тұрғыдан дами келе, қазіргі қазақ тілінде ару қыз ( әдемі, сұлу), ару ана (ардақты, аяулы, құрметті) деген мағынада жұмсалады. Олай болса, сөздің ішкі формасы бір‐бірінен алшақ кетпейді, сөз семантикасындағы қандай да бір семалық бөліктің тарылып, екіншісінің кеңеюі арқылы бұл сөз әдемі, сұлу, ардақты мағыналарда жұмсалатын болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет