1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері



бет20/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері

1. Сөздің атауыштық мағынасына байланысты түрлері.


2. Сөздің шығу тегіне байланысты мағына түрлері.
3. Сөздің тіркесу сипатына байланысты мағына түрлері.
4. Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты мағына түрлері.

Кеңес тіл білімінде 1950 жылдардан бастап сөз мағынасын топтастыруда В.В.Виноградов ұсынған классификация негізге алынды. В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді: 1) тура немесе номинативті мағына; 2) фразеологиялық байлаулы мағына; 3) синтаксистік шартты мағына. В.В.Виноградовтың сөз мағыналары және оларды топтастыру туралы пікірі қазақ тіл білімінде қолдау тапты.


Сөздің лексикалық мағынасының типтерін анықтауда сөз мағыналарының шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы сияқты басқа да белгілері негізге алынатындығы зерттеу тәжірибесінде көрініп жүр. Н.М.Шанский сөздің лексикалық мағынасының қалыптасуын оның ұғымды білдіру сипаты мен белгілі бір лексика-грамматикалық топтарға қатыстылығымен байланыстырып қарайды. Ал М.И.Фомина лексикалық мағыналардың типологиясын ұғымдық-заттық қатынастан басқа сөздердің бір-бірімен тіркесімділігі, сөз мағыналарының уәжділігі, қалыптасуының тарихи себептері және сөз мағыналарының атқаратын қызметі (номинативті, экспрессивті-семантикалық) тұрғысынан қарастырады.
Сөздің лексикалық мағынасының типтерін айқындауда ұстанатын ең негізгі белгілердің бірі – сөз мағыналарының шындық болмыстағы объектілерге қатыстылығы. Лексикалық мағынаға заттар мен құбылыстарды білдіретін толық мағыналы атаулар ие болады. Сөздің ең негізгі қызметі – атауыштық қызмет, яғни заттар мен құбылыстарды, іс-әрекетті және олардың белгілерін атап білдіруі. Тілдік жүйеде толық мағынаны иеленетін тілдік бірліктермен қатар, таза грамматикалық мағынаны иеленетін көмекші сөздер, модаль сөздер, одағай сөздер болады. Мұндай сөздер жүйесі шындық болмыстағы зат, құбылыстарға тікелей қатысты болмағандықтан, лексикологияның зертеу нысанына айнала алмайды.
Сөздің лексикалық мағынасының типтерін айқындауда төмендегідей төрт негізгі белгісіне назар аударамыз:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет