Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң).
Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.
Блум, Бенджамин (ағыл. Benjamin Bloom) (1913-1999) –америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген, «Блум таксономиясы» атауын алған жүйені құрушы.
1942 жылы Чикаго университетінде доктор дәрежесін қорғаған. 1965-66 жылдары Ағарту ісін зерттеушілер бірлестігінің президенті болған. 1960 жылдары Б.Блум кейіннен «Блум таксономиясы» деп аталып кеткен тұжырымдаманың негізін құраған екі монография басып шығарды: «Адами мінездемелер тұрақтылығы мен өзгеруі» және «Білім мақсаттарын жіктеу».

ХХ ғасырдың 60-70 жылдары АҚШ-тың көптеген білім беру мекемелері Блум тұжырымдамасын қабылдаған, алайда ол жөнінде ғалымдар мен практиктердің тарапынан көптеген сын айтылуына байланысты оларды мектепте қолдану деңгейі едәуір төмендеді.