14) Бағалаудың білім беру үрдісіндегі орнын суреттеңіз?
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылаусатысы. Бағалау бір нәрсенің деңгейін, сапасын, нәтижесінбелгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетіндеқарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардыңқандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтынқұрал. Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушыларжаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерінтолықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді. Тәрбиелік қызметі оқушылардың жүйелі түрде жұмысістеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделіктісабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілік сезімдеріартады.
Баға - білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққасалынуға болмайды. Оқушылардың білімін, дағдыларын бағалаудан бұрын, сол берілген білімніңқабылдануын, дағдының қалыптасуын тексерген жөн. Білімді тексеру арқылы мұғалім "Балаға не берді, бала дағдыны қалай қалыптастырды, білімді қалай қабылдады, кемшілік неде және кімнен?" деген сияқты сұрақтарға жауаптабады.