1. Бақылау түрлері, формалары мен әдісін айтып беріңіз


оқу мақсаттарының деңгейін Б.Блум таксономиясы бойынша көрсету



бет47/94
Дата31.12.2021
өлшемі2,77 Mb.
#23620
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   94
Байланысты:
багалау сессия

12. оқу мақсаттарының деңгейін Б.Блум таксономиясы бойынша көрсету

Ойлау процесін сипаттайтын ең танымал модел Блум таксономиясы болып табылады. Бұл таксономия 1956 жылы америка психологі Бенджамином Блум және оның әріптестерімен әзірленіп, "Таксономия образовательных целей: сфера познания" кітабында сипатталған» деп көрсетілген.

Бірінші деңгейде оқушылардың әрекеті ақпаратты тек есте және еске түсіруге негізделеді. Осындай деңгейдегі тапсырмаларда кілттік сөздер төмендегідей болады: анықтау, суреттеу, атау, белгілеу, тану, мазмұндау, қайта іздеу.

Екінші деңгей, түсіну деңгейі мағынаны түсіну, негізгі ойды қайталау біліктілігіне негізделеді. Бұл деңгей тапсырмаларындағы кілттік сөздер: жинақтау, өзгерту, қорғау, қайта айту, қайта түсіндіру, мысал келтіру.

Үшінші деңгей, алынған білімді қолдану білім алушыдан ақпаратты пайдалану немесе концепцияны жаңа жағдаятта қолдану талап етіледі. Бұл деңгей тапсырмаларындағы кілттік сөздер: түзеу, қайтадаярлау,құрастыру, модельдеу, болжау.

Ақпаратты талдау деңгейі жоғары деңгейдегі ойлаудағдыларын мына тапсырмалар көмегімен қалыптастырады: салыстыру, қарама-қарсы қою, бөлу, белгілеу, бөліп алу, жіктеу, ақпаратты бөлімдерге бөлу.

Жинақтау деңгейі керісінше, қорытындылау және біріктіру дағдыларын қалыптастурға, жаңа бір нәрсені құру үшін топтау,пысықтау,​қайтақұрылымдауға​бағытталынған.

Бағалау деңгейі білім алушыға алған ақпараттың құндылығына қатысты тұжырымдар жасауға көмектесетін ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталынған. Бұл деңгейді қалыптастыру тапсырмалары мына сөздерден тұрады: бағалау, сынау, пікір білдіру, ақтау, дәлелдеу, қолдау.

Неғұрлым кең таралған мақсатты механизмдер, нақты заманауи білім беру парадигмасы талаптарына сәйкес, «Таксономияның» бірінші бөлімі (Когитиивтік аясы, 1956ж.), ол, Б.Блум таксономиясының танымдық ортасы болып табылады. Когнитивтік (танымдық) ая. Мұнда есте сақтаудан бастап үйренген материалдың проблемалық шешімін таба білуге дейінгі мақсаттарды айқындау кіреді, қадам барысында алынған білімді қайта ойлау қажет, олардың алдын ала меңгерген идеялармен, әдістермен, процедурамен (әрекет тәсілдерімен), жаңа үйлесімділікті құра отырып енгізу. Танымдық аяға көбінесе, бағдарламада, оқулықтарда, күнделікті мұғалім тәжірибесінде алға ілгерілеуші оқу мақсаттары қатысты болады деп дәрісте көрсетілгендей Б.Блум таксономиясының танымдық деңгейлері ақпаратты өзгерту, түрлендіру, толықтыру, дамыту, өңдеу сияқты жоғары деңгейдің шыңына шығу деп айтуға болады. Б.Блум таксономияны құрастыруды оқу үрдісінде жоспарланған мақсаттарды нақты айқындау қажеттілігімен түсіндірген. Оған дейін оқу бағдарламасының мақсаты, оқушылардың үйрену мүмкіндіктері және оқу нәтижесінде үйрену нәтижелері бір-біріне сәйкес келмеген: бағдарлама тек оқушылардың білім мазмұнын көрсетсе, оқу нәтижелері басқаша көрсеткіштер тұрғысынан құрастырылатын. Ал Блум таксономиясы оқудың нақты нәтижелерін оқушылардың әрекеттері тұрғысынан көрсетуге бағытталған: «Дидактикалық мақсаттар біздің оқытуда қандай нәтижелерді күтетіндігімізді түсіндіреді. Олар біздің оқу мақсаттарымызды оқыту нәтижесінде оқушылардың құлықтарындағы өзгерістер арқылы сипаттайды » (Н.Гренлунд). Мәселен, «сабақ нәтижесі бойынша (немесе «сабақ аяғында»)оқушылар:нені,қалай...ажыратады,...салыстырады,...негіздейді,... талдайды,...құрастырады,...бағалайды,...қолданады».

Таксономияның жоғары деңгейлері өзінен төмен деңгейлерден күрделі болып келеді және олардың барлығын қамтиды, мәселен, «Бағалау» деңгейі барлық деңгейлерді қажеттейді.

Блум таксономиясының идеялары бүкіл әлем педагогикалық жұртшылығында таным және ойлау әрекеттерінің деңгейлерін, оқу мақсаттарын айқындауда кеңінен қолданыс тапты. Когнитивтік (танымдық) салаға оқу бағдарламалары, оқулықтар, ұстаздардың күнделікті практикасында келтірілетін мақсаттар кіреді. Мұндағы мақсаттар игерілген оқу материалын есте сақтау мен оны қайта келтіруден басталып, оларды өздігінде түсініп, олардың негізінде жаңа білім құрастырып, (идеялар, әдістер,тәсілдер,әрекеттер, т.б.) сол арқылы қандай да болмасан проблемаларды шешуді қарастырады.

Когнитивтік мақсаттар сабақ барысындағы үйренушілердің әрекеттері ретінде келтіріледі, сол себепті де оларды педагогикалық диагностикада қолданған тиімді. Блум таксономиясы бойынша жоғары деңгейдегі мақсаттар төменгі деңгейлерді міндетті жасайды. Мәселен, үйренушілерге («Білу», «Түсіну», «Қолдану», «Талдау», «Жинақтау», «Бағалау») әрекеттерді меңгеруді талап етеді, яғни шәкірттер құрастырылатын мәселені өздігімен білуі, түсінуі,қолдануы, талдауы және оның негізінде жаңа мазмұн құрастыруы (синтездеу) қажет.

Кез келген басқа теориялық модельдегідей Блум таксономиясының да күшті және әлсіз тұстары бар.

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Блум таксономиясы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқытудың нәтижелілігін бағалаудың тиімді әдісі

2. Блум таксономиясының деңгейлері төмен деңгейден басталып, орта, жоғарғы деңгейге дейін көтеріледі. Бұлай оқу оқушылар үшін тиімді.

3. Себебі балалар өздері білетіндерінен бастап, бірте- бірте жаңа тақырып пен ұштастыра отырып, білімін толықтыра түседі.

4. тапсырмалар әртүрлі болғандықтан оқушылардың қызығушылығын оятады, сыни тұрғыдан ойлау белсенділігі артады.

5. Өз ойын сараптай отырып, берілген тапсырмаларды орындай алады.

6. Сабаққа ынтасы арта түседі.

7. Оқушылар арасында топтық жұмыс та, жұптық, жеке жұмыс та орындалады.

8. Әрбір оқушы өз білімінің деңгейін көре алады, сондықтан алған білімдерін одан әрі шыңдай түседі, ойларын қорытындылауға үйренеді.

9. тақырып түгел қамтылады,

10. Бір сабақта деңгейлеп бірнеше тапсырмалар орындалады,

11. Сабаққа оқушылар белсенді түрде қатысып, өз ойын, пікірін дәлелдеуге дағдыланады,

12. Әр оқушы білім деңгейін байқап, өзін- өзі бағалап отырады,жұптық бағалау, ал сабақ соңында топ көшбасшылар топты критерий мен бағалап отырады.

13. Мұғалім де оқушы да көп ізденуге машықтанады.

1. Блум таксономиясының төменгі білу, түсіну деңгейінде ақпаратты бұлжытпай, сол қалпында қайталауы;

2. Төменгі деңгейде отырған оқушының сыни ойлауы дамымайды;

3. Жоғары деңгей күрделі болып келеді, сондықтан барлық оқушылар орындай алмауы мүмкін;

4. Тапсырмалар ойлаудың жоғары дегейіне арналғандықтан, оқушылардың жас ерекшелігі ескерілмеуі;

5. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі төмен болған жағдайда таным деңгейнің жоғары деңгейлі тапсырмалар дайындау сапасы төмен болуы мүмкін;





Өз педагогикалық қызметіңізде Б.Блум таксономиясын пайдаланудың мақсаттылығы бойынша қорытынды жасаңыз деп өзіндік жұмыстың тақырыбында айтылғандай, кестеден көріп отырғанымыздай Блум таксономиясының әлсіз жағынан күшті жақтары басым екені байқалады. Сондықтан мектепте Бенджамин Блум таксономиясын пайдаланудың негізгі мақсаттары: «Оқытуды неғұрлым тұтас нысанын құру». Осы мақсат бойынша

Интербелсенді әдістеме оқу мақсаттарын екі бағытта нақтылауды талап етеді:

1. Оқушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейін (сапасын) бақылау;

2. Әр оқушының дамуын қадағалау;

Оқу мақсаттары SMART мақсатқа негізделуі тиіс. Оқу мақсаттарын құру оңай емес, өйткені дәстүрлі оқытуда мұғалім оқу мақсаттарын бірінші мезетте өзінің жоспарлауы тұрғысынан түсініп, оларды «үйрету, оқыту, түсіндіру» сияқты жалпылама етістіктерден құрастырылған. Мұ,ндай мақсаттар оқушыға, оның әрекеттері мен дамуына бағытталмаған, сондықтан да олардың тиімділігі мен нәтижелілігін айқындауда қиыншылықтар туғызады. Сол себепті бұл проблемаларды мақсаттардың нақты жүйесін, педагогикалық таксономияларды құрастыру арқылы шешу керек. Қоса мұндай жүйенің ішінде мақсаттардың ерекшеліктерін көрсететін категориялар мен деңгейлерді анықтау керек. Блум таксономиясы құрастыруды оқу үдерісінде жоспарланған мақсаттарды нақты айқындау қажеттілігімен түсіндірген. Өз педагогикалық қызметімізде оқу бағдарламалары, оқулықтар, ұстаздардың күнделікті практикасында келтірілетін мақсаттар кіреді. Мұндағы мақсаттар игерілген оқу материалын есте сақтау мен оны қайта келтіруден басталып, оларды өздігінде түсініп, олардың негізінде жаңа білім құрастырып, (идеялар, әдістер,тәсілдер,әрекеттер, т.б.) сол арқылы қандай да болмасын проблемаларды шешуде пайдалану тиімді.

Когнитивтік мақсаттар сабақ барысындағы үйренушілердің әрекеттері ретінде келтіріледі, сол себепті де оларды педагогикалық диагностикада қолданған тиімді. Педагогикалық қызметте:

1. Блум таксономиясының таным деңгейлері негізінде тапсырмалар осы деңгейлерді қамтитын тапсырмалар жиыны болуы тиімді;

2. Дәлелде, жинақта, біріктір, сипатта, бағала, анықта... сияқты етістіктер арқылы оқушыны сыни ойлауға, өз ойын ашық айтып, пікірін білдіруге жетелейді;

3. Білу, түсіну төмен деңгейден өтіп, жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындай отырып, нәтижеге жетеді;

4. Таным деңгейлерінің тағы тиімділігі оқушы күманданады, ойланады, келіседі, тұла бойынан үдерісті өткізеді, шешім шығарады;

5. Мақсат оқушыға бағытталады;



Қорыта келгенде, «Маған айтып берсең –ұмытып қаламын,Көрсетсең – есте сақтармын,Ал өзіме жасатсаң-үйренемін!» деген Конфуцийдің сөзін сілтеме ретінде алу себебім, осы Блум таксономиясының тағы бір мақсаты оқушының өзі жасауы, өздігінен орындауы, өздігінен шешім шығару болып табылады.

«Қойылған мәселелер оқушылар үшін мәнді болу керек, ол оқушылар қызығушылығынантуған жағдайда ғана мүмкін» (Дж.Дьюи,2000) деп көрсеткендей мақсаттарды қорытындылай келе күтілетін нәтижемді анықтадым:

1.Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың белсенділігі, өзіндік

сана сезімі мен пайымы дамиды; мұғалімнің кәсіби білімі артады.

2.Сын тұрғысынан ойлаудағдыларын дамытудағы маңызды әдіс және оның деңгейлері негізінде балаға терең білімберіледі, жеті модульде қамтылады, әрі оқушыны бағалауда мұғалім олардың деңгейінтаниды,шынайы бағалау болады.

3.Блум таксономиясының таным деңгей арқылы оқушылардың ойлауы дамиды

4.Сыныпта осындай сұрақтар қою арқылы оқушылар үйреніп қана қоймайды, сондай ортақалыптастырады.

5. Оқушылар шығармашылық деңгейге қөтеріледі.

Америка педагогикасында адамның ақылой қабілеттерінің құрылысын , танымдық үрдістіңбір деңгейінен екінші деңгейіне яғни,қарапайымнан күрделіге біртіндеп өтеді деп саналадыекен. Блум жүйесінің 6 деңгейі негізінде оқушыға сапалы білім мен шығармашылығындамыту маңызды деп санаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет