16.Білім беру мен білім нәтижесі мақсатын салыстырыңыз.
Білім беру[1] — тиісті оқу орны арқылы ғылымимағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгішарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардыңденесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғарыдеңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілгенбілім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемінмеңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің бастыөлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігімен логикалылығы.[2]
Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттықжәне жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдықалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретугебағытталған біліммен қамтамасыз ету болыптабылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше ізденунегізінде жүзеге асырылады.
Білім беру — процесс және іс-әрекет ретінде. Білімберудің мәні — мақсаттан нәтижеге карай жылжупроцесі. Процесс деген сөздің өзі латын тіліненаударғанда (processus — қозғалу, жылжу) — бірнәрсенің дамуындағы құбылыстардың, жағдайлардың біртіндеп ауысуы; қандай болмасыннәтижеге қол жеткізудегі іс-кимыдар жиынтығыдеген мағынаны білдіреді.
Білім беру — педагог пен оқушы, студент арасындағы қарым-қатынас процесі. Бұл процесс барысында оқушы немесе студент оқу, тәбие, даму процестеріне жан-жақты белсенді қатысыппедагогикалық қарым-қатынастың субъектісінеайналады. Білім беру барысында педагог пен оқушы арасында ғана емес, оқушылардың, студенттердің өзара біріккен әрекеттері де нығаятүседі. Аталып отырған педагогикалық процесс көптеген білім беру құралдары (оқу, әдістемелікмәтіндер, көрнекілік құралдар, компьютерлер, аудио-видео кұралдар, қашықтықтан оқытуаппараттары т.б.) арқылы арнайыұйымдастырылған (жеке, топтық, ұжымдық) түрдежүргізіледі.
Білім беру процесі үнемі мақсатқа бағытталғанжәне күтілетін нәтижелерге байланысты. Осы тұрғыдан білім беру процесінтехнологияландырылған процесс деп те сипаттауғаболады, себебі педагогикалық технологиялардаөзара сабақтасқан шағын және жалпы мақсаттарғажетудің нақты кезеңдері, сатылары анықталады.
Білім беру процессі — мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке ақпаратты жеткізуарнасы. Сондықтан казіргі кезде білім беру саласында ақпараттық технологиялар кең таралуда.
Достарыңызбен бөлісу: |