1. Бақылау түрлері, формалары мен әдісін айтып беріңіз


Оқушылардың критериалды бағалауын ұйымдастырудың кезеңдерін топтастырыңыз



бет78/94
Дата31.12.2021
өлшемі2,77 Mb.
#23620
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   94
Байланысты:
багалау сессия

17. Оқушылардың критериалды бағалауын ұйымдастырудың кезеңдерін топтастырыңыз.

Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.

Халықаралық тәжірибеде қалыптастырушы бағалау барынша маңызды рөл атқарады және жалпы білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай оқу мен оқытуды бейімдеу үшін қолданылатын бағалаудың түрі ретінде анықталады (Блэк және Уильям, 1998; Эшкрофт және ФорманПэк, 1994; Тарас, 2005). Сондай-ақ, түрлі әдебиеттерді талдау барысында қалыптастырушы бағалаудың құрылымдық элементтерінің сипаты, қолдану жағдайы мен қарастырылатын мақсаттарына қатысты бірнеше рет өзгеріп отыруы мүмкін деп те түсіндіріледі. Осылайша, ұсынылған қалыптастырушы бағалаудың құрылымынан жалпы мынадай элементтерді атап көрсетуге болады: білім алушыларды бағалау үдерісіне белсенді қатыстыру, білім алушылардың қабілеттеріне қарай оқытуды бейімдеу, сапалы және сындарлы (конструктивті) кері байланыс беру. Яғни, қалыптастырушы бағалау – көптеген өзара байланыстағы элементтер арқылы оқу мен бағалауды кіріктіруге мүмкіндік беретін мұғалімнің тәжірибесі.

Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

• қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;

• қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;

• кері байланыс беру;

• қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет