Өлтірілеген вакциналар – микробтарды физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру нәтижесінде алынатын вакцина. Бұл вакциналардаң қорғаныштық қасиеті тірі вакциналарға қарағанда төмен, сондықтан осы вакциналар бірнеше рет пайдаланылады.
Химиялық вакциналар- активті антигендер алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер — улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923 — 1926) француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т.б. ауруларға қарсы қолданылады.
Бірнеше ауруларға қарсы қолданылатын вакциналар ассоциацияланған вакцина деп аталады.